424 79 12MB
English Pages [246] Year 2016
ƏЛ-ФАРАБИ атындағы ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
М. Қ. Дауытбекова А. И. Исаева
ҚАЗАҚ ХАЛҚЫНДАҒЫ БАТЫРЛЫҚ ДӘСТҮРЛЕР Оқу құралы
Алматы «Қазақ университеті» 2016
ƏОЖ 94 (574) КБЖ 63.3 (5 қаз) Д 19 Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті жанындағы ҚР БжҒМ жоғары және жоғары білім беруден кейінгі Республикалық оқу-әдістемелік Кеңесінің гуманитарлық және жаратылыстану мамандықтары бойынша оқу-әдістемелік бірлестігі мәжілісінің шешімімен ұсынылған (№1 хаттама 7 қазан 2015 жыл) Пікір жазғандар: т.ғ.д., профессор Г.Б. Хабижанова т.ғ.д., профессор К.М. Төлеубаева т.ғ.к., доцент Б. Хинаят Жауапты редакторы А.Б. Қалыш
Д 19
Дауытбекова М.Қ. Қазақ халқындағы батырлық дәстүрлер: оқу құралы / М.Қ. Дауытбекова, А.И. Исаева; жауапты ред. А.Б. Қалыш. – Алматы: Қазақ университеті, 2016. – 246 б. ISBN 978-601-04-1557-7 Оқу құралында дәстүрлі қазақ қоғамындағы батыршылық институтының қалыптасуы мен оның негізгі қызметі тарихи тұрғыдан қарастырылған. Батырлардың жеке әлеуметтік топ ретінде институт циялануы мен оның саяси-қоғамдық, әлеуметтік-экономикалық қызме тінің сипаты талданып, дәстүрлі қазақ қоғамының рухани құндылықтар жүйесіндегі орны ашып көрсетілген. Оқу құралында қол жеткізілген тұжырымдарды ЖОО студенттеріне «Қазақ қоғамындағы саяси – потес тарлық институттар» атты элективті курсты оқытуда, жаңа замандағы Қазақстан тарихынан жалпы және арнаулы курстар оқығанда, қазақ халқының саяси-әлеуметтік құрылымы жайлы зерттеулер жүргізген де пайдалануға болады. Сондай-ақ дәстүрлі қазақ қоғамының руханимәдени дамуы мен ұлттық құндылықтар жүйесі туралы мәселелерді зерттеу мен мәдениеттану, әлеуметтану пәндерінің жалпы курстарын оқытуда көмекші оқу құралы ретінде пайдалануға, сонымен қатар қазақ халқының тарихына қызығатын оқырмандарға арналған.
ƏОЖ 94 (574) КБЖ 63.3 (5 қаз) © Дауытбекова М.Қ., Исаева А.И., 2016 ISBN 978-601-04-1557-7 © Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, 2016
КІРІСПЕ
Б
үгінгі таңда ғылыми әдебиеттерде батырлар институты ұғымы қолданылып келе жат қанымен, ол әлі күнге дейін дәстүрлі қазақ қоғамының саяси-әлеуметтік құрылымының ажыра мас бөлігі ретінде толық қарастырылып отырған жоқ. Қазақ тарихындағы жекелеген батырлардың қызметі мен өмірбаянын баяндаумен ғана шектелу әлі де бол са басым. Дегенмен бүгінгі тарих ғылымы үшін жалаң фактілерді баяндап қана қою аздық етеді. Керісінше, осы оқиғалардың туу себептерін, салдары мен нәти желерін, өзіндік ерекшеліктерін анықтауға баса назар аударылуы тиіс. Оқу құралында батыршылық инсти туты қазақ қоғамындағы өзіндік ерекшелігі бар жеке әлеуметтік институт ретінде зерттеледі. Дәстүрлі қазақ қоғамының жалпы сипатын, мәнін, маңызын, одан әрі жалпы қоғамның мәдени-рухани дамуының негіздерін түсінуге қол жеткіземіз. Жалпы тарихи – мәдени даму дың өзіндік ерекшеліктеріне байланысты ел ішіндегі қоғамдық тәртіпті сақтау қажеттілігі әскери іспен кә сіби тұрғыда айналысатын адамдардың пайда болуына және олардың осы қоғамдық қызметтерді атқаруды өз міндетіне алу барысында жеке әлеуметтік жік ретінде қалыптасуына әкелді. Дәстүрлі қазақ қоғамына тән ба тыршылық институтының қалыптасуының қайнар көз дері ежелгі замандардан бастау алады. Батыршылық институты өзінің қалыптасу кезеңдерінде көшпелілер 3
4
Қазақ халқындағы батырлық дәстүрлер
қоғамына тән басқа да әлеуметтік институттармен бірге дамыды. Дәстүрлі қазақ қоғамындағы батырлар әрі би, әрі жырау, әрі елші, әрі ру басшысы қызметін қоса атқара беруімен ерекшеленеді. Оқу құралының зерттеу нысаны – қазақ қоғамындағы батыр шылық институтының қалыптасуы мен оның саяси, әлеуметтік қызметі және рухани құндылықтар жүйесіндегі орнын, рөлін зерт теу болып табылады. Ерте заманнан белгілі батыршылық инсти тутының қазақ даласында шарықтау шыңына жеткен, аса пәрмен ді әлеуметтік – саяси күшке айналып, барлық мәнді белгілері мен қасиеті жарқырай ашылған тұсы – XVIII-XIX ғасырдың алғашқы жартысындағы дәстүрлі қазақ қоғамындағы батыршылық инсти тутының саяси- әлеуметтік және сыртқы саяси қарым-қатынастар дағы орны мен рөлі, батырлыққа тәрбиелеу мектептері қарастыры лады. Тарихи қалыптасқан жағдай олардың барлық өмірін әскери лендіруге әкеліп соқты. XVII ғасырдың аяғы мен XVIII ғасырдың басындағы қазақ қоғамының ішкі және сыртқы саясатының даму ерекшеліктері батыршылық институты ықпалының артуынтуғыз ды. Осы кезеңнен бастап батырлар жеке әлеуметтік-саяси инсти тут ретінде қалыптасты. Дәстүрлі қазақ қоғамына тән батыршы лық институтының саяси-әлеуметтік күш ретінде қалыптасуы қа зақ қоғамының әлеуметтік ұйымдасуынан келіп туындайтын саяси жүйесіндегі ерекшеліктерімен байланысты болды. ХVІІІ ғасырда қазақ халқына төрт жағынан да қауіп төніп, халық болып тарих сахнасында қалудың өзі күрделі мәселелер қатарынан саналған тұста, ел үшін басын қатерге тіккен ұлы бабалар батырлар тари хын білу студенттер мен магистранттардың Отанға деген патриоттық сезімін арттыра түсері сөзсіз. Кез келген халықты біріктіру ісінде ерекше орын алатын тұлғалар қатарынан саналатын, XVIIIXIX ғасырдың алғашқы жартысында да қазақ қоғамында саясиэкономикалық рөлі ерекше әлеуметтік топтың бірі – батырлар екендігі даусыз. Қазақ қоғамының ішкі қоғамдық-саяси ұйымдасу түрлері туралы сөз еткенде оның бірлігіне негіз болған әлеуметтік топтардың институциялануы туралы мәселе әлі күнге дейін отан дық тарих ғылымында шешімін таппай келе жатқан мәселелердің бірі екендігіне көз жеткіземіз.
Кіріспе
5
Дәстүрлі қазақ қоғамындағы батырлар тобын әлеуметтік инс титут ретінде қарастыру үшін біз біріншіден, батырлар атқаратын қызметтің және оны реттейтін ережелердің мазмұнын ашып қа растыруымыз қажет. Жоғарыда айтып кеткеніміздей, тарих ғылымында батырлар же ке тұлға ретінде ғана қарастырылып, батырлық адамның жеке басы ның қасиеті саналып, бұл ұғымдардың тарихи және әлеуметтік мәні ғылыми тұрғыдан толық зерттелмеген. Ежелгі дәуірден-ақ барлық қоғамдарда әскери адамдар тобы болғаны белгілі және олардың бас ты қызметі сол қоғамды қорғаумен тығыз байланысты болды. Бірақ сонымен бірге әрбір қоғамның даму деңгейіне байланысты әскери қызметтің өзіндік ерекшеліктері де болды. Көшпелі халықтардың тарихи-мәдени дамуының өзіндік ерекшеліктеріне байланысты ел дің қауіпсіздігін, мемлекеттің тәуелсіздігін, ел ішіндегі қоғамдық тәртіпті сақтау қажеттілігі көшпелі қоғамда да әскери іспен кәсі би тұрғыда айналысатын адамдардың пайда болуын, олардың осы қоғамдық қызметтерді атқаруды өз міндетіне алу барысында жеке әлеуметтік жік ретінде қалыптасуына әкелді. Басқа халықтарда әс кери тап өкілдерін «самурай», «рыцарь», «кшатрий» деп өзіндік атауымен атағаны сияқты дәстүрлі қазақ қоғамындағы кәсіби әске рилер әлеуметтік жігінің өкілдері «батырлар» деп аталды. Соғыс ісі батырлардың негізгі кәсібі болғанмен, бұл кәсіптің басты мақсаты Отанды жаудан қорғау, елді басқыншылардан азат ету, халықтың қонысын, жерін кеңейту, тұтқында кеткен отан дастарын азат ету, жау қолынан қаза тапқан ата кегін қайтару мен ерекшеленеді. Бірақ, тарих ғылымында көшпелі халықтар дың тарихына деген еуропацентристік көзқарастың үстем болып келуіне байланысты, олар «адамзаттың арамтамақтары» ретінде тек отырықшы-егінші өркениет ошақтарын қиратушылар ретінде ғана бағаланды. Ұзақ уақыттар бойы көшпелі халықтардың қо ғамдық-саяси және әлеуметтік институттарының дамуына байла нысты қарама-қайшылықты пікірлер басым болып келді. Тіпті, дәстүрлі қоғамға тән билер, батырлар институттарының көшпелі және жартылай көшпелі қоғамның өзіне ғана тән мәдени-әлеу меттік тарихи тамырлары мен оның ерекшелігі ескерусіз қалды.
6
Қазақ халқындағы батырлық дәстүрлер
Мәселен дәстүрлі қазақ қоғамындағы «батыр» атауы тек құрметті атақ ретінде ғана қарастырылды. Дәстүрлі қазақ қоғамындағы батырлардың ерекше әлеуметтік топ ретінде өзіндік идеологиясы, қоғамдық қызметіне байланысты тек өздеріне тән өмір сүру салты, жауынгерлік салт-дәстүрі, басқа әлеуметтік жіктермен ара қатынасын реттейтін әлеуметтік ереже лері, этикасы және т.б. «сословиелік» ерекшеліктері қалыптасты. Батырлардың ерекше әлеуметтік жік ретіндегі басты ерекшелігі – олардың тек қана әскери кәсіппен айналысуынан көрінеді. Бұл туралы құнды мәліметтер қазақ ауыз әдебиетінде – эпостарда, та рихи жырларда, жыраулар поэзиясында, батырлық ертегілерінде және т.б ауыз әдебиеті деректерінде тамаша көрініс тапқан. Батыр лар жырында елін сыртқы жаудан қорғау идеясы бейнеленіп қой майды, сонымен бірге халықтың дүниетанымы, өзі туралы ұғымтүсінігі, моральдық-этикалық ұстанымдары, қаһармандық идеалы, салт-санасы, өмірді өзіндік қабылдау ерекшелігі т.б. этникалық сипаттары бейнеленеді. Сондықтан дәстүрлі қазақ қоғамындағы батырлар институтын халықтың рухани құндылықтар жүйесіндегі өзіндік алар орнымен бірге қарастыру қажет. Осы орайда «батыр» сөзінің этимологиясы мен қазақ қоға мындағы батырлар институтының генезисінен қалыптасуына дейінгі эволюциясының ерекшелігін, қалыптасуын, дәстүрлі қа зақ қоғамының ішкі саяси-әлеуметтік құрылымы мен сыртқы қарым-қатынастар саласындағы өзіндік қызметінің қырларын кешенді түрде зерттеу қажеттілігі туындайды. «Қазақ қоғамындағы саяси-потестарлық институттар» пәні «Археология және этнология» мамандығы бойынша білім алу шылардың өз мамандығына сай теориялық және практикалық танымдарын қалыптастыруға мүмкіндік береді. Оқу үдерісіне қойылып отырғ ан заманауи талаптар мен көзқарастар болашақ мамандар, яғни, бүгінгі студент, магистрант жастардың болашақ та игеретін мамандықтарына сай терең білім мен дүниетанымды бойларына сіңіруді талап ететіні ақиқат. Осы тұста қазақ мемле кеттілігімен бірге жасасып, қалыптасқан, күрделі эволюциялық даму жолын бастан кешірген ерекше құбылыс болып табылатын
Кіріспе
7
қазақ қоғамындағы батыршылық институтының атқарған қыз меттерін талдау олардың дәстүрлі қоғамының саяси элитасының ажырамас бөлігі екендігін ғылыми саралау аса өзекті мәселелер дің бірі болғанын көрсетеді. Бұл пән батыршылық институтының қазақ қоғамындағы әскери істің, мемлекеттік басқарудың және мәдени дамуға елеулі үлес қосқан әлеуметтік институттың бірі екендігін оқытады. Батыршылық институтының тарихи рөлі мен маңызын тек әскери тұрғыдан ғана зерделеу дұрыс емес. Батыр лардың қазақ қоғамының саяси-қоғамдық, мәдени және әлеумет тік–этникалық өміріндегі маңызына ерекше назар аудару қажет. Сондықтан да батыршылық институтына тән қызметтерді жан-жақты зерттеу қазақ мемлекеттігі тарихын қалпына келтіру ге өте қажетті саланың бірі деп есептейміз. Тақырыптың өзекті лігі оның бүгінгі тарих ғылымының сұранысымен, яғни дәстүрлі қоғамға тән әлеуметтік институттарды қоғамның өзіндік мәдениқоғамдық дамуының ерекшеліктері тұрғысынан зерттеу қажетті лігімен де айқындала түседі. Курстың мақсаты мен міндеттері Пәннің мақсаты – XVIII-XIX ғасырдың алғашқы жартысында ғы батырлар институтының генезисін, қалыптасу, даму тарихын және қазақ қоғамының сыртқы саяси өміріндегі атқарған қоғам дық-саяси қызметтерін дәстүрлі қоғамның рухани құндылықтар жүйесіндегі орнымен байланыста зерттеу болып табылады. Ай қындалған мақсатқа жету үшін зерттеу барысында төмендегідей міндеттер қойдық: – «батыр» ұғымы мен мәніне талдау жасай отырып, қазақ қо ғамының әлеуметтік құрылымындағы өзіндік орны мен рө лін саралау; – батыршылық инситутының пайда болуы, тарихи алғышарт тары, қалыптасуын тұтас кешенді үрдіс ретінде көрсете отырып, оның жеке әлеуметтік институт ретінде қалыптасуының негізгі кезеңдерін анықтау; – XVIII-XIX ғасырдың алғашқы жартысындағы батыршылық институтының әлеуметтік-ішкі саяси қызметін нақты талдау; – батыршылық институтының сыртқы саяси қызметіне баға беру:
8
Қазақ халқындағы батырлық дәстүрлер
– Дәстүрлі қазақ қоғамындағы батырдың әлеуметтік-рухани беделі мен болмысын айқындау; – Қазақ қоғамындағы батырлыққа тәрбиелеу мен баулу ісін ашып қарастыру; – Дәстүрлі қазақ қоғамында ерекше әлеуметтік жік ретінде қалыптасқан қазақ батырларының қару-жарақ түрлері мен олардың қолданыс ерекшеліктерін, соғыс жүргізу әдіс-тә сілдерін сараптау. Оқу үдерісінде алатын білімдер – «Батыр» этимологиясының ұғымдық, терминологиялық мә селелері талданып, әлеуметтік табиғатын білу; – Отан тарихы ғылымында батыршылық институтын дәстүр лі қазақ қоғамының әлеуметтік феномені ретінде қарастыру; – XVIII-XIX ғасырдың алғашқы жартысындағы қазақ қоға мының ішкі саяси кеңістігінде барлық белгілері бойынша жетекші орынға ие болған батырлар институтының ішкі саяси жүйедегі әлеуметтік-экономикалық қызметі негізінен «барымта», «олжа», «сауға» тәрізді ұғымдарымен байла ныста қарастыру арқылы талдау; – Батырлардың елшілік қызметін сараптау арқылы қазақ қоға мындағы олардың сыртқы саяси рөліне назар аудару; – Батырлардың әлеуметтік топ ретіндегі рухани-моральдік бет-бейнесі мен негізгі қызметтерінің қазақ қоғамының жалпы рухани құндылықтар жүйесіндегі орнын сараптау; – Қазақ қоғамындағы батырлыққа тәрбиелеу мектебі мен ба тырлық өмір салтының этнопедагогикалық жүйедегі орны ның тарихи тамырлары қарастырылды. Дәстүрлі қазақ қоғамындағы батыршылық институты мәселесінің деректік негізі. Мәселенің деректік негізін қарасты ру барысында тақырыпқа қатысты деректерді негізінен екі топқа бөліп қарастырдық: 1. Жазба деректер мәліметтері. 2. Ауызша деректер мәліметтері. Бірінші топты құрайтын жазба дерек мәліметтерін өз ішінде екі топқа – ортағасырлық жазба деректер мен орыс тіліндегі мұрағат
Кіріспе
9
құжаттары мен қолжазбалар деп жіктедік. Себебі, ортағасырлық жазба деректер негізінен дәстүрлі қазақ қоғамындағы батырлар институтының генезисін, қалыптасуы мен даму жолдарын, өзіндік ерекшеліктерін талдау барысында маңызды бола түспек. Осы топтағы деректерге қысқаша тоқталып өтсек. Түркі ха лықтарының жазба мәдениетінің ең көне нұсқалары болып табы латын Орхон-Енисей жазбалары1 мен ХІ ғасырдағы «Қорқыт ата кітабында»2 кездесетін мәліметтер қазақ қоғамының ежелгі және ортағасырлар дәуіріндегі қоғамдық-әлеуметтік және саяси қа рым-қатынастардың ерекшеліктерін зерделеуге мүмкіндік береді. Сондай-ақ моңғол шапқыншылығы мен моңғол үстемдігі дәуіріне қатысты ортағасырлық шығармалардың да маңызы зор. Мәселен, «Моңғолдың құпия шежіресі»3 мен Рашид ад-Диннің «Жылнамалар жинағында»4 моңғолдық баһадүр сөзі жиі кездесе ді, әрі бұл титулды ноян, бек және т.б. иеленгендері туралы мәлі меттер мол келтірілген. Тизенгаузеннің аудармасымен жарық көрген Алтын Орда та рихына қатысты материалдар жинағының екі томдығында араб, парсы деректері топтастырылған5. Бұл жинақтарға енген ортаға сырлық дерек авторлары еңбектерінен біз моңғол үстемдігі тұ сында қалыптасқан әскери-әкімшілік құрылым жүйесінде біраз уақыт бойы өзінің бұрынғы қоғамдық-саяси өмірдегі ықпалынан айырылған батырлар рөлінің ХІV ғасырдың екінші жартысынан бастап қайтадан күш ала бастағанын көреміз. Ортағасырлар дәуірінде-ақ батырлардың ықпалды күш ретінде көрініс бергеніне авторы белгісіз «Тауарих-и гузида-ий нусрат-на Қазақстан тарихы туралы түркі деректемелері. ІІ том. Көне түрік бітік тастары мен еске рткіштері (Орхон, Енисей, Талас). – Алматы: Дайк-Пресс, 2005. – 252 б. 2 Қорқ ыт ата кіт аб ы. – Алматы: Жазуш ы, 1986. – 32 б. 3 Козин С.К. Сокровенное сказание. Монгольская хроника 1240 г. под названием MONGOLUN HIRUCA TOBCIYAN. ЮАНЬ ЧАО БИ ШИ. Монгольский обыденный сборник. Вве дение в изучения памятника, перевод, тексты, глоссарий. – М. – Л., 1941. – Т. 1. – 619 с. 4 Рашид ад-Дин. Сборник летописей / пер. с персидского Л.А. Хетагурова, ред. и примеч. А.А. Семенова. – М. – Л., 1952. – Т. I. – Кн. 1. – 222 с.; Рашид ад-ДИн. Сборник летописей / пер. с персидского О.И. Смирновой, ред. А.А. Семенова. – М. – Л., 1952. – Т. I. – Кн. 2. – 316 с.; Рашид ад-ДИн. Сборник летописей / пер. с персидского Ю.П. Верховского, примеч. И.П. Петрушевского. – М. – Л., 1960. – Т. 2. – 248 с. 5 Тизенгаузен В. Сборник материалов, относящихся к истории Золотой Орды. Извлечения из сочинений арабских. – СПб., 1884. – Т. 1. – 563 с.; Сборник материалов, относящихся к истории Золотой Орды. Извлечение из сочинений персидскиих. – М. – Л.: Изд-во АН ССР, 1994. – Т. II. – 308 с. 1
10
Қазақ халқындағы батырлық дәстүрлер
ма», Осман Кухистанидың «Тарих-и Абулхайр хани»6 шығармала рын қарастыру барысында көз жеткізе аламыз. Мәселен, «Тарих-и Абулхайр-хани» еңбегінде «көшпелі өзбектер» ханы Әбілхайыр дың «қазақшылық» құрып жүрген кездерінен бастап оның атақдаңқы өскен кезеңдерде де оны қолдаған тархан, қожа, бек, билер мен қатар атақты баһадүрлердің де есімдері нақты аталады. Біздің зерттеу еңбегіміздің деректік негіздерін талдағанда Қ. Жалайыри7 мен Әбілғазы Баһадүр ханның «Түрік шежіресі»8 еңбектерін де атап өту орынды. Бұл ортағасырлық жазба деректер батырлардың қазақ қоғамында ерекше мәртебеге ие жеке инсти тут ретінде қалыптасуының эволюциясын қарастырғанда маңыз ды рөл атқаратынына көз жеткіземіз. Ал, нақты ХVІІІ-ХІХ ғасырдың алғашқы жартысындағы қазақ қоғамындағы батыршылық институтының қызметтерін талдауда осы кезеңге жататын орыс тіліндегі мұрағат құжаттары – Ресей әкімшілігі шенеуніктерінің күнделіктері, есептері, хаттары, баян дамалары және т.б. құжаттар болып табылады. Міне, осы дерек тер тақырыбымызға қатысты жазба деректердің екінші тобын құ райды. «Материалы по истории Казахской ССР (1785-1828 гг.)»9, «Казахско-русские отношения в XVI-XVIII веках»10, «Казахскорусские отношения в XVIII-ХІХ веках»11, «Материалы по исто рии России. Сборник указов и других документов, касающихся управления и устройства Оренбургского края»12, «Прошлое Ка захстана в источниках и материалах»13 атты материалдар мен құ Материалы по истории Казахских ханств XV-XVIII веков (Извлечения из персидских и тюркских сочинений) / Сост.: С.К. Ибрагимов, Н.Н. Мингулов, В.П. Юдин. – Алма-Ата, 1969. – 652 с. 7 Қадырғали Жалайыр. Шежірелер жинағы / Шағатай-қазақ тілінен аударып, алғы сөзін жазғандар Н. Мингулов, Б. Көмеков, С. Өтениязов. – Алматы, 1997. – 128 б. 8 Әбілғазы. Түрік шежіресі. – Алматы: Ана тілі, 1992. – 208 б. 9 Материалы по истории Казахской ССР. – Т. ІV. (1785-1828 гг.). – М. – Л.: Изд. АН СССР, 1940. – 543 с. 10 Казахско-русские отношения в ХVІ-ХVІІІ веках (Сборник документов и материалов). – Алма-Ата: АН Каз ССР, 1961. – 744 с. 11 Каз ахско-русские отн ош ен ия в ХVІІІ-ХІХ веках (1771-1867 год ы). Сборник докум ен тов и мат ер иалов. – Алма-Ата: Наука, 1964. – 575 с. 12 Материалы по истории России. Сборник указов и других документов, касающихся уп равления и устройства Оренбургского края: По архивным документам Тургайского обла стного правления / сост.: А.И. Добросмыслов. 1734. – Оренбург, 1900. – Т. 1. – 303 с. 13 Прошлое Казахстана в источниках и материалах. Сборник. (V в. н.э., – XVIII в. н.э.). – М. – Алматы, 1935. – Ч. 1. – 300 с. 6
Кіріспе
11
жаттар жинақтары мен Қытай деректері негізінде жарияланған «100 құжат»14 және соңғы кездегі Қазақстан Республикасы үкіме тінің «Мәдени мұра» бағдарламасы аясында жарық көрген «Ис тория Казахстана в русских источниках XVI-XX веков»15 және Бөкей Ордасының тарихына қатысты жарияланған жинақтарда16 батырлар институтының ішкі саяси және әлеуметтік, елшілік қыз меттері туралы нақты деректер топтастырылған. Зерттеу еңбегіміздің деректік негізінің екінші үлкен тобын құ райтын ауыз әдебиеті материалдары немесе ауызша деректер тобы. Дәстүрлі қазақ қоғамындағы батыршылық институтына тән ұғымдық өлшемдердің, мыс алы, «кек алу», «ант беру», «ол жа», «с ауға» және т.б. өзіндік ерекшеліктері мен батырлар дың рухани бет-бейнесі мен қызметінің халқымыздың рухани құндылықт ар жүйесіндегі орнын қарастыруда ауыз әдебиеті деректерінің маңызы өте зор. Себебі, халықтың өзімен бірге жас асқан, оның ішкі-болмысымен біте қайнасып кеткен ауыз ша тарих айту дәстүрі ұлттық болмыс пен оның ерекшелікте рін түсінуге көмектес еді. Ауызша дерек мәліметтері қоғамдық даму барысындағы құбылыст ардың кең тарихи панорамасын көрс ете алуымен құнды. Сондықтан біз, өз зерттеуімізде батырлық жырлар мен тарихи жырларды негізгі деректер ретінде кеңінен пайдаландық. Мәсе лен, «Едіге», «Нұраддин», «Едіге мен Тоқтамыс» сияқты тарихи жырлар топтамасын Мұрын жырау және т.б. нұсқалары бойын ша жазып алынған «Қырымның қырық батыры» жинағы арқы 100 құжат: қазақ хандығы мен Чин империясы арасындағы қарым-қатынастарға байла нысты құжаттар. – Алматы: Санат, 1998. – 176 б. 15 История Казахстана в русских источниках в ХVІ-ХХ веков. Русские летописи и офици альные ХVІ - первой трети ХVІІІ в. О народах Казахстана / сост., транскрипция, коммен тарии, вступителная статья И.В. Ерофеевой. –Алматы: Дайк-Пресс, 2005. – Т. 2 – 448 с.; История Казахстана в русских источниках ХVІ-ХХ веков. Журналы и служебные записки дипломата А.И. Тевкелева по истории и этнографии Казахстана (1731-1759 гг.) / состав ление, транскрипция, скорописи ХVІІІ в., историографический очерк и комментарии И.В. Ерофеевой. – Алматы: Дайк-Пресс, 2005. – Т. 3. – 484 с.; История Казахстана в русских источниках ХVІ-ХХ веков. Первые историко-этнографические описание казахских земель XVIII в. / состовитель, транскрипция скорописи XVIII века И.В. Ерофеевой, А.А. Альму хамбета. – Алматы: Дайк-Пресс, 2007. – Т.4. – 368 с. және т.б. 16 История Букеевского ханства. 1801 – 1852 гг. // Сборник документов и материалов / сост.: Жанаев Б.М., Иночкин В.А., Сагнаева С.Х. – Алматы: Дайк – Пресс, 2002 – 1120 с. 14
12
Қазақ халқындағы батырлық дәстүрлер
лы пайдаландық17. Сондай-ақ «Бес ғасыр жырлайды»18, «Алдас пан»19 жинақтарының да маңызы зор. Атақты Шалкиіз, Доспам бет, Ақтамберді, Үмбетей, Жиембет сынды және т.б. әрі жырау, әрі батыр, әрі аузы дуалы би бола білген тұлғалардың еңбектері нен қазақ батырларының өмірі, батырлық ұстанымдары, өзіндік ар-намыс кодекстері, бет-бейнесі мен тұлғасы, әсіресе батырлық қызметінің мәні туралы құнды мағлұматтар аламыз. Сондай-ақ «Қобыланды», «Алпамыс», «Қамбар батыр», «Ер Тар ғын» және т.б. батырлар жырының да деректік маңызы зор. Бұл ба тырлық жырлардың да деректік құндылығы жоғарыда аталған та рихи-қаһармандық жырлармен бірдей. Тек олардың басты ерекше лігі әсіре ұлғайтып суреттеу мен ертегілік сипатының басымырақ болуымен, мәселен батырдың күн санап, сағат санап өсуі, атымен адамша тіл қатысуы сияқты және т.б. сипаттарымен ерекшеленеді. Дәстүрлі қазақ қоғамына тән батыршылық институты тарих ғылымында әлеуметтік институт ретінде кешенді түрде зерттел ген емес. Дегенмен қазақ қоғамында ғана өте ерекше мәнге ие болған батыршылық институтының кейбір мәселелері XVIII ға сырдан бастап орыс патшасының отарлау саясатына байланыс ты қазақ даласына аяқ басқан орыс зерттеушілері мен саяхатшы ларының еңбектерінде көрініс берген. Мәселен, П.И. Рычков20, И.Г. Андреев21, Е.К. Мейендорф22, А.И. Левшин23, И.Ф. Бларам берг24, А. Костенко25 еңбектерін атап өтуге болады. П.И. Рычков Батырлар жыры. Қырымның қырық батыры (Мұрын жыраудан жазылған мұралар). – Алматы: Жазушы, 1989. – Т. 5. – 380 б. 18 Бес ғасыр жырлайды ХV ғасырдан ХХ ғасырдың бас кезiне дейiнгi қазақ ақын-жыраула рының шығармалары. 2-томдық / құраст.: М.Мағауин, М.Байдiлдаев.– Алматы: Жазушы, 1989. – Т. 1. – 384 б. 19 Алдаспан. – Алматы: Жазушы, 1971. – 241 б. 20 Рычков П.И. История Оренбургская (1730-1750). – Оренбург: Типо-литография Ив. Ефимского-Мировицкого, 1896. – 95 с. 21 Андреев И.Г. Описание Средней Орды киргиз-кайсаков. – Алматы: Ғылым, 1998. – 280 с. (Фонд Сорос-Казахстан). 22 Мейендорф Е.К. Путешествие из Оренбурга в Бухару. – М.: Наука, 1975. – 180 с. 23 Левшин А.И. Описание киргиз-казачьих или киргиз-кайсацких Орд и степей. – Алматы: Санат, 1996. – 656 с. 24 Бларамберг И.Ф. Военно-статическое обозрение земли киргиз-кайсаков Внутренней (Букеевский) и Зауральской (Малой) Орды Оренбургского ведомства // Военно-статичес кое обозрение Российскии империи. – СПб., 1848. –Т. 16. – Ч. 1. – 322 с. 25 Костенко Л.Ф. Средняя Азия и водворение в ней русской гражданственности. – СПб.: Изд-во А.Ф. Базунова, 1871. – 358 c. 17
Кіріспе
13
тың күнделігінде XVIII-XIХ ғасырлардағы қазақ батырларының өмірі мен қызметтеріне қатысты, олардың қазақ-орыс қатынас тарындағы елшілік қызметтері туралы мәліметтер келтірілген. Әсіресе, П.И. Рычков Жәнібек батырдың сән-салтанаты туралы тамсана жаза отырып, осы кезеңдегі қазақ батырларының қоғам дық-саяси өмірдегі беделі мен орны туралы тұжырымдарын кел тірген26. Ал, негізінен орта жүз қазақтары туралы этнографиялық еңбектің авторы И.Г. Андреевтің еңбегінде қазақ батырларының қоғамдық-саяси өмірдегі әр түрлі қызметтері туралы мәліметтер бар27. Е.К. Мейендорфтың Орынбордан Бұхарға барған сапарын да жинаған материалдарының жазбасында қазақтарды негізінен ақсақалдар, билер, батырлар, сұлтандар мен хандар басқарады дей келе: «... батырами называют людей храбрых, справедливых и предпримчивых, во время войны это наездники», – деп анық тама береді28. Ал, А. Костенко «бұрынырақта ұрылар мен қарақ шылар халық арасында зор беделге ие болған және олар батыр атағын иеленген» деген қорытынды жасаған29. Ал, ХІХ ғасырдың екінші жартысынан бастап патша үкіметі қазақ даласын мақсат ты түрде зерттеуге кіріскені аян. Л. Мейер30, И.И. Крафт31, В.Н. Витевский32, А.И. Добросмыслов33 сияқты патша әкімшілігінің әскери шенеуніктерінің зерттеулерінде XVIII-ХІХ ғасырлардағы батыршылық институтының ішкі-сыртқы саяси өмірдегі атқарған қызметтері туралы мол мағлұматтар келтірілген. XVIII-ХІХ ғасырдағы дәстүрлі қазақ қоғамына тән батыршы лық институтының тарихын зерттеуде Ш.Ш. Уәлиханов, А. Құнан баев еңбектерінің орны ерекше. Ш.Ш. Уәлиханов ең алғаш болып қазақ батырлары туралы аңыз-әңгімелерді хатқа түсіріп, батырлар Рычков П.И. История Оренбургская (1730-1750). – С. 39, 73, 88. Андреев И.Г. Описание Средней Орды киргиз-кайсаков. – С. 112. Мейендорф Е.К. Путешествие из Оренбурга в Бухару. – С. 41. 29 Костенко Л.Ф. Средняя Азия и водворение в ней русской гражданственности. – С. 42. 30 Мейер Л. Киргизская степь Оренбургского ведомства. – СПб.: Тип. Э. Веймара и Ф. Персона, 1865. – 288 с. 31 Крафт И.И. Сборник узаконений о киргизах степных областей. – Оренбург: Типо-литог рафия П.Н. Жаринова, 1898. – 532 с. 32 Витевский В.Н. И.И. Неплюев и Оренбургский край в прежнем его составе до 1758 г. – Казань: Типолитогр. В.М. Ключникова, 1897. – Т.1. – 292 с. 33 Добросмыслов А.И. Тургайская область. Исторический очерк. – Оренбург, 1900. – 524 с. 26 27 28
14
Қазақ халқындағы батырлық дәстүрлер
дың тек қазақ қоғамына тән өзіндік орны мен рөлі туралы құнды тұжырымдар жасаған34. Ал, Абай философиялық тұрғыдан батыр, батырлық ұғымдары туралы пайымдауларын ұсынған35. Батыршылық институтының тарихын зерттеуге қатысты тұ жырымдарды ХХ ғасыр басындағы қазақ зиялыларының еңбек терінен кездестіруге болады. А. Байтұрсынұлы, Х. Досмұхаме дұлы еңбектерінде батырлық ұғымы мен батырлар туралы талдау жасалған. А. Байтұрсынұлының: «батыр әңгімесі өтірік-шыны аралас қойыртпақ әңгіме болады. Шын жағы – бұрын батырлар болуы. Батырлар заманында соғыс болуы, батырлар халық үшін қайрат қылуы, жұртын қорғауы. Өтірік жағы – олардың мінген атына, тұтынған затына, өздеріне бітпеген қасиеттерді таңу, бол маған күштерді, болмаған істерді телу», – деп жазуы батыршы лық институтының зерттелу деңгейіне қатысты сонау ХХ ғасыр басынан бастап әлі күнге дейін шешімін таппай келе жатқан мә селелердің бетін ашып тұр36. Ал, Х. Досмұхамедұлы еңбегінде аламандық пен батырлық ұғымы талданады. Зерттеуші аламандық пен батырлықтың си патын ашып көрсете отырып: «Бастықтың» лұқсатынсыз біреуді шабуға, олжалауға аттанған дара тәртіпсіз топты аламан дейді. Аламандықтан өзімшілдік, бәсекелестік туады», – дей келе, ауыз әдебиеті үлгілері мысалында алды-артын ойламай, жауға жеке шапқан, ел бірлігі мен отаншылдық сезімін өзінің менмендігінен төмен қойған әрекеттерді талдайды37. Мәселенің зерттелу деңгейін талдау барысында ХХ ғасыр басындағы көрнекті қоғам қайраткері, белгілі зерттеуші М.Ты нышпаев зерттеулерінің орны ерекше деп атап көрсетуге болады. Қазақ тарихы туралы ғылыми жүйеленген, алғашқы іргелі зерт теудің авторы болып табылатын М. Тынышпаевтың «Ақтабан шұбырынды» атты ғылыми мақаласында ХVІІІ ғасырда гүлдену дәуірін басынан өткерген батыршылық институты туралы тұжы Уәлиханов Ш. Таңдамалы. 2 бас.– Алматы: Жазушы, 1985. – 258 б. Құнанбаев А. Қарасөз. – Алматы: Международный клуб Абая, 2009. – 340 б. 36 Байтұрсынов А.Б. Шығармалары. Өлеңдер, аудармалар, зерттеулер. –Алматы: Жазушы, 1989. – 320 б. 37 Досмұхамедұлы Х. Аламан. – Алматы: Жалын, 1993. 147-148 б. 34 35
Кіріспе
15
рымдары жекелеген батырлардың өмірбаяндық фактілерін келті руден гөрі, олардың осы кезеңдегі әлеуметтік жік ретіндегі қоғам дық-саяси өмірдегі қызметін талдау негізінде жасалған38. Ал, кеңестік кезеңдегі зерттеушілердің ішінде ең алғаш С. Ас фендияровтың еңбегінде батырлар билеуші феодалдық ақсүйек тердің тобы ретінде көрсетілген. Зерттеуші хандардың әскери жасағы – батырлар олжаның ең көп бөлігін иеленіп отырды және т.б. артықшылықтарды пайдаланды деп жазады39. Әрине, С. Ас фендияровтың мұндай қорытындылары таптық тұрғыдан тұжы рымдалғанына қарамастан, зерттеушінің бірінші рет батырларды әлеуметтік топ ретінде қарастырғанын атап өтуіміз қажет. XVIII-XIX ғасырдың алғашқы жартысындағы қазақ қоғамына тән батыршылық институтының зерттелуіне елеулі үлес қосқан ғалымдар ретінде Е.Б. Бекмаханов40, М.П. Вяткин41 еңбектерін ай рықша атап өтуге болады. Е. Бекмаханов Кенесары бастаған ұлтазаттық қозғалыс тарихын зерттей отырып, осы кезеңдегі қазақ қо ғамының әлеуметтік жіктелуінқарастырады. Е. Бекмаханов алғаш рет қазақ қоғамына тән «ақсүйек», «қарасүйек», «төре», «төлең гіт», «қарашы», «сұлтан», «би», «батыр», «бай» деп аталған ұғым дар әлеуметтік өлшемдерді ғылыми тұрғыдан талдаған42. Зерттеу ші қазақ қоғамында елеулі күш болып саналған қазақ батырлары ның қоғамдық-саяси өмірдегі белсенділігінің өсуі себеп-салдарла рын талдай отырып, кейбір жекелеген еңбектерінде XIX ғасырдағы батырлардың әлеуметтік сипаты туралы мәселеге арнайы тоқтала ды43. Е.Б. Бекмаханов батырлар институтының әлеуметтік өлшемі ретінде пайда болуы әскери-феодалдық ақсүйектердің пайда бо луымен тығыз байланысты дей келе, «батыр» сөзінің ежелгі заман дардан бастау алатындығы туралы тұжырым жасайды44. Тынышпаев М. История казахского народа: учебное пособие. – Алматы: Санат, 1998. °221 с. 39 Асфендияров С.Д. История Казахстана (с древнейших времен)– С. 90. 40 Бекмаханов Е.Б. Қазақстан ХІХ ғасырдың 20-40 жылдарында. (оқу құралы). – Алматы: Санат, 1994. – 416 б.; Бекмаханов Е.Б. К вопросу о социальной природе батыров (XIX в.) // Известия АН КазССР. – 1947. – № 8 (29). – С. 62-64. 41 Вяткин М.П. Батыр Сырым. – М. – Л.: Изд-во АН СССР, 1947. – 390 с. 42 Бекмаханов Е.Б. Қазақстан ХІХ ғасырдың 20-40 жылдарында (оқу құралы). – Алматы: Санат, 1994. – 416 б. 43 Бекмаханов Е.Б. К вопросу о социальной природе батыров (XIX в.). – С. 6264. 44 Бекмаханов Е.Б. К вопросу о социальной природе батыров (XIX в.). – С. 62. 38
16
Қазақ халқындағы батырлық дәстүрлер
Дәстүрлі қазақ қоғамына тән батыршылық институтының зерт телу тарихында М. Вяткин еңбектерінің маңызы зор. Зерттеуші ба тырлардың түркі халықтарының бәрінде кең таралғандығын жаза келе, дегенмен ол тек дәстүрлі қазақ қоғамына ғана тән ерекше құ былыс ретінде көрініс берді деп бағалайды. Бірақ зерттеуші «ба тыр» терминін әлеуметтік-таптық мәні жоқ ұғым ретінде қарасты рып, ХVІІІ ғасырлардағы тарихи кезеңдегі батырлардың қоғамдық сипатын (общественная природа) анықтау жөн деген тұжырымға келеді45. Тарихты таптық тұрғыдан ғана қарастырған зерттеушінің дәстүрлі қазақ қоғамындағы батырлардың «ақсүйек», «қарасүйек» өкілдерінен де шығуы, олардың аса бай немесе жалғыз атты кедей ретінде де өмір сүруіне байланысты өзіндік ерекшелігін талдауда ғы басты ұстанымының қате болғаны белгілі. ХVІІІ ғасырдағы қазақ қоғамының әлеуметтік құрылымы, әлеуметтік терминдер мен өлшемдер, соның ішінде батыршылық институтының өзіндік ерекшеліктері Н.Г. Аполлованың зерттеу лерінен көрініс тапқан46. ХVІІІ ғасырдың 30-40 жылдарындағы Қазақстанның Ресейге қосылу тарихын зерттей отырып, аталған кезеңдегі қазақ хандығының саяси құрылымын арнайы тарау ре тінде қарастырады. Зерттеуші хан билігі, халық жиналысы, хан сайлау дәстүрі, ақсақалдар мен билер кеңесі, сондай-ақ батыр лардың саяси, әлеуметтік қызметтерін талдайды. ХVІІІ ғасырдың алғашқы жартысында қазақ қоғамында батырлардың рөлі күрт өскеніне тоқтала отырып, олардың тек әскери жорықтар кезін де ғана емес, бейбіт кезеңдерде де елшілер, ақсақалдар кеңесінің белді мүшелері ретінде маңызды рөл атқарғандарын атап өтеді47. Мәселенің зерттелу деңгейіне талдау жасай отырып бұдан ке йінгі жылдары жарық көрген, қазақ қоғамының әлеуметтік-саяси құрылымына байланысты іргелі зерттеулерде батырлардың же ке әлеуметтік топ ретінде қарастырылмағандығын көреміз. Бірақ ХVІІІ-ХІХ ғасырдың алғашқы жартысындағы батырлардың қо Вяткин М.П. Батыр Сырым. – С. 115. Апполова Н.Г. Присоединение Казахстана к России в 30-х годах ХVІІІ в. – Алма-Ата: АН ССР, 1948. – 254 с. 47 Апполова Н. Г. Рукоприкладство как источник для изучения социальных отношении в Казахстане во второй половине XVIII века // Вопросы социально-экономической истории и источниковедения периода феодализма в России. – М.: АН СССР, 1961. – 366 с. 45 46
Кіріспе
17
ғамдық-саяси өмірдегі рөлі олардың әлеуметтік, қоғамдық, саяси қызметтері туралы тұжырымдарды аталған кезеңдегі қазақ-орыс қатынастары, Қазақтанның Ресейге қосылуы мен отарлау саяса тына қарсы ұлт-азаттық күрестер, қазақ қоғамының әлеуметтікэкономикалық дамуы туралы жазылған еңбектерден кездестіруге болады. Осы жылдары тек жекелеген ғылыми мақала көлемінде жазылған М. Бижановтың XVIII ғасырдағы қазақ қоғамындағы әлеуметтік категориялардың орыс зерттеушілерінің еңбектерінде зерттелуін талдаған еңбегі де маңызды болып табылады. Бұл ең бегінде зерттеуші батыр әлеуметтік категория емес, ол ең алдымен құрметті атақ деген тұжырымын ұсынады48. Көріп отырғанымыз дай, кеңестік зерттеушілер батырларды жеке әлеуметтік институт ретінде ғана емес, тіпті жеке әлеуметтік категория ретінде де қарас тырмаған. Мұндай жағдайдың басты себебін анықтау үшін кеңес тік тарихнамада қалыптасқан әлеуметтік ұйымның жұмыс істеуін және оның көшпелі ортадағы билігін танудағы көзқарастар мен әдістемелердің тарихнамасын талдаудың да маңызы зор. Бұл жер де көшпелілер қоғамының мәселелеріне қатысты көзқарастардың эволюциясына назар аудару орынды болады. Себебі, тарих ғылы мында соңғы кезеңдерге дейін көшпелі қоғамның саяси-әлеуметтік ұйымдасуындағы батырлардың жеке әлеуметтік институт ретінде қарастырылмауының себептерін талдауға мүмкіндік береді. Көшпелілердің әлеуметтік құрылымы жайлы пікірталастар да өз заманының белгісі бар. Орыс авторларының төңкеріске де йінгі көшпелілер жайлы еңбектері мал өсіруші халық өмірінің әр түрлі қырларын эмпирикалық тұрғыдан баяндауға арналған. Олардың қоғамдық құрылымының мәселесі үстірт қаралып, «рутайпалық» немесе «рулық» деп тайпалық қоғамдық ұйымдасуы аталды. Дегенмен «рулық» деген атауға көп жағдайға көшпенді лердің жалпы қоғамдық құрылымы ие болған. Осы мәселелерді орыс этнографы Н.А. Аристов біршама толық түйіндеді49. Ғы Бижанов М.Социальные категории казахского общества XVIII века в трудах русских ученых // Казахстан в XV – XVIII веках (вопросы социально-политической истории Издво Наука Казахской ССР. – Алма-Ата, 1969. – С. 166. 49 Аристов Н.А. Заметки об этническом составе тюркских племен и народностей и сведе ния об их численности // Живая старина.– СПб., 1896. – Вып. ІІІ-ІV. – C. 277-456. 48
18
Қазақ халқындағы батырлық дәстүрлер
лымда «рулық теория» деп аталған бұл гипотеза өткен ғасырдың 20 жылдарында, соның ішінде кеңес ғалымдары А.П. Чулошников50, В.Г. Соколовский51 еңбектерінде кең көрініс берді. 1930 жылдары кеңес ғылымында бес формациялы энгельссталиндік схема пайда болды. Көшпелі халықтар арасындағы таптық күресті дәлелдеудің саяси қажеттілігі туды. Сондықтан, «рулық теорияны» сынау көшпелілердің қоғамдық құрылымын «таптық қоғам» деп қарастыру тұрғысынан жүргізілді. Осы тұ жырымның белді өкілі С.П. Толстов көшпелілерде бұрынғы за маннан бастап дамыған феодалды қатынас орнады деп пайымда ған52. Кейбір зерттеушілер көшпелілердің қоғамдық қатынасын ертефеодалдық деп қарастырды. Мысалы, П.И. Кушнердің ойын ша, қырғыздарда ХVІІІ ғасырға дейін рулық қатынастар басым болды, ал феодализмнің белгілері бай-манаптар сословиесінің қалыптасуына орай кейінпайда бола бастады53. Бұл бағыттағы жаңа тұрғы – «көшпелі феодолизм» теориясы болып табылады. Оның негізін көшпелілердің әлеуметтік құрылы мын еуропалық феодализммен бірдей қарап және осы бағыттағы олардың даму бағытының ерекшелігін атап өткен Б.Я. Владимир цев қалады54. Оның осы схема шеңберіндегі көшпелі қоғамдар та рихына қатысты тұжырымы технологиялық және экономикалық өсудің үздіксіз үдерісі, алғашқы қауымдық құрылыстың алдымен феодалды қоғамдардағыдай негізін жайылым мен малға меншік құраған «көшпелі феодолизмнің» ерте түрінің, кейіннен дамыған түрімен алмасуы ретінде көрсетілген. Осы теорияны Алтын Ор да кезеңінің белгілі археологы Г.А. Федоров-Давыдов қолдады55. Бұл тұрғыны сынаушылардың бірі А.Я. Якубовскийдің ойынша феодалдық тәсіл моңғолдарда орын алған сияқты тек жаулап алу Чулошников А.П. Очерки по истории казак-киргизского народа в связи с общими ис торическими судьбами других тюркских племен. – Оренбург: [б. и.], 1924. – Ч. 1. – 291 с. 51 Соколовский В.Г. Казакский аул. – Ташкент, 1926. – 49 с. 52 Толстов СП. Генезис феодализма в кочевых скотоводческих обществах // Проблемы ис тории докапиталистических обществ. – Л.: ГАИМК, 1934. – Вып. 103. – С.12-15. 53 Кушнер П.И. (Кнышев). Горная Киргизия (Социологическая разведка). – М., 1929. – 288 с. 54 Владимирцев Б.Я. Общественный строй монголов. Монгольский кочевой феодализм. – Л.: Изд-во АН СССР, 1934. – 223 с. 55 Федоров-Давыдов Г.А. Общественный строй Золотой Орды. – М.: Изд-во Московского университета, 1973. – 180 с. 50
Кіріспе
19
және көшпелі империяның қалыптасуы жағдайында ғана жеңіске жетеді56. ХХ ғ. 50 жылдарының басында көшпелілердің феодал ды және патриархалды-рулық белгілердің үйлесуі ретіндегі қо ғамдық құрылымы туралы тұжырым пайда болды. Бұл тұжырым, Л.П. Потаповтың еңбектерінде ары қарай дамыды57. Феодалдық қатынастардың орын алуын зерттеуші бірінші кезекте феодалды тәуелділік пен қанауды тудырған кедейлерге малды жаюға беру ден (сауын) және көсемдердің жайылымдарға билік жүргізуінен көрді. Осы жолмен ол көшпелілерде өндіріс тәсіліне жер жата ды деп санаған. Мұндай қатынастар патриархалдық ру-тайпалық (патриархалды-рулық) дәстүрдің қалдығы ретінде есептелді. Бұл гипотезаны И.Я. Златкин58, С.З. Зиманов59 сияқты басқа да ғалым дар қолдады. Осы теория шеңберінде, бірақ басқа көзқарас тұрғысынан В.Ф. Шахматов60 пен С.Е. Толыбеков61 жайылым көшпелілерде өндірістің басты тәсілі ретінде де, феодалды жер қатынастары ның негізі ретінде де бола алмайтындығы жайлы пікір білдірді. Бұл көшпелі мал шаруашылығы жағдайында күш тікелей табиғи қалпында пайдаланылатын жерге жұмсалмайтындығымен байла нысты. Көшпелілердегі өндірістің негізгі құралы да, өндірістің негізгі өнімі мен тұтыну заты да мал. Сонымен, қаралып отырған көзқарасты жақтаушылар әжептәуір мал басына ие болу арқылы қанауды жүргізген бай-кулакты феодал деп санады. 1950 жылдар дың аяғы мен 1960 жылдардың басында көшпелілердің ерте та рихына (шамамен І мыңжылдықтың ортасынан бастап) қатысты «әскери демократия» тұжырымы қолданыла бастады. Мемлекет Якубовский А.Ю.Из истории изучения монголов периода XI-XII вв. // Очерки по исто рии русского востоковедения. – М.: АН СССР, 1953. – 232 с. 57 Потапов Л.П. О сущности патриархально-феодальных отношений у кочевых народов Средней Азии и Казахстана // Вопросы истории. – 1954. – № 6. – C. 21-23. 58 Златкин И.Я. К вопросу о сущности патриархально-феодальных отношений у кочевых народов // Вопросы истории. – 1955. – № 4. – C. 14-17.; Зиманов С.З. Общественный строй казахов первой половины ХІХ века. – Алма-Ата: Изд-во АН КазССР, 1958. – 296 с. 59 Зиманов С.З. Общественный строй казахов первой половины ХІХ века. – Алма-Ата: Изд-во АН КазССР, 1958. – 296 с. 60 Шахматов В.Ф. К вопросу о сложении и специфике патриархально-феодальных отноше ний Казахстана // Вестник АН КазССР. – 1951. – № 7. – С.18-36. 61 Толыбеков С.Е. Кочевое общество казахов в XVІІ - начале XX века: Политико-экономи ческий анализ. – Алма-Ата: Наука, 1971. – 634 с. 56
20
Қазақ халқындағы батырлық дәстүрлер
тілік пен таптық қоғамның құрылуы бұл схема бойынша кейінгі көшпелілерге, ортағасырлар дәуіріне жатады. Бұл тұрғының өкілі С.А. Плетневаның ойынша, феодализмнің қалыптасуының дала лық жолы – «қыстақтан қалаға» қарай өседі62. ХХ ғасырдың 60 жылдарының басынан бастап, көшпелілердің әлеуметтік тарихының феодалдық емес түсіндірмесі шыға баста ды. Л.Н. Гумилев формациялық шеңберге кірмейтін көшпелілер дің ортағасырлық әлемінің көрінісін жасады. Л.Н. Гумилев ғылы ми айналымға биліктің әулеттегі жолы үлкенге берілу принціпіне қатысты қолданылатын «ұлыстық-баспалдақтық жүйе» терми нін енгізді63. Ал, Г.Е. Марковтың номадизмге қатысты қоғамдық дамудың балама тәсілі ретіндегі көзқарасы осы бағытқа қосқан маңызды үлесі. Оның тұжырымының маңыздылығы – көшпелі қоғамның бейбітшілік және соғыс кезіндегі жағдайлары, яғни, «қауымдық-көшпелі» және «әскери-көшпелі» өмір салты арасын дағы ерекшеліктің енгізілуі64. Көшпелілердің әлеуметтік құрылы мы жайындағы әрі қарайғы пікірталастарда олардың дамуындағы ең жоғары шың ретіндегі ерте мемлекет тұжырымы қолданыла бастады. Осы бағыттағы ең көрнекті еңбек А.М. Хазановтың скиф қоғамы жайлы еңбегі65. Сонымен қатар, аталған зерттеуші көшпелілер тарихына деген балама көзқарастың қалыптасуына зор еңбек сіңірді. Көшпелілердегі ерте мемлекет тұжырымы кон текстінде А.И. Першиц66, С.Г. Кляшторный мен Т.И. Сұлтанов тар67 зерттеулер жүргізді. Е.И. Кычанов та көшпелілер қоғамын дағы политогенездің ішкі алғышарттары және осы жолмен мем лекеттіліктің қалыптасуын мойындайды68. Б.В. Андриановтың Плетнева С.А. Кочевники средневековья: поиски исторических закономерностей. – М.: Наука, 1982. –190 с. 63 Гумилёв Л.Н. История народа хунну: в 2-х книгах. – М.: Институт Ди-Дик, 1998. – 448 с. 64 Марков Г.Е. Кочевники Азии. Структура хозяйства и общественной организации. – М.: Издательство Московского университета, 1976. – 321 с. 65 Хазанов A.M. Социальная история скифов. Основные проблемы развития древних ко чевников евразийских степей. – М.: Наука, 1975. – 343 с. 66 Перщиц А.И. Война и мир на пароге цивилизаций. Кочевые скотоводы // А. И. Першиц, Ю. И.Семенов,В.А.Шнирельман.Война и мир в ранней истории человечества: в 2 томах. °М.: Институт этнологии и антропологии РАН, 1994. – Т. II. – Ч.III. – С. 131-245. 67 Кляшторный С.Г., Султанов Т.И. Государства и народы евразийских степей: Древность и средневековье. – СПб.: Петербургское Востоковедение, 2004. 2-е изд., исправл. и доп. 368 с. 68 Кычанов Е.И. Кочевые государства от гуннов до маньчжуров. – М.: Восточная литера тура, 1997. – 130 с. 62
Кіріспе
21
әлем халықтарының көшпелі өмір салты ерекшелігі жайлы еңбегі назар аударуға тұрарлық69. Осы бағыттағы Э.С. Кульпиннің көш пелі қоғамдардың этно-экологиясы жайлы зерттеуі де қызықты70. Қазіргі Ресей тарихнамасында көшпенділердің әлеуметтік-саяси құрылымын сипаттайтын мынандай терминдер мен анықтамалар енген (батыс саяси антропологиясының әсері де бар): қанаудың экзолитарлы әдісі, потестарлық, ксенократия (әскери билік), діни әулет, редистрибутивтілік. Осы зерттеулерде көшпелі қоғамдар дың қалыптасу тарихы, көршілес отырықшы өркениеттерге қара ғанда, өзіндік ерекше белгілерге ие ретінде көрінеді. Көшпелілер дің әлеуметтік эволюциясының басты факторы, тіршілік етудің қатаң экологиялық жағдайымен қатар, олардың даму мүмкіндік терінің отырықшы халықтар әлемімен түйісуі деген ой айтылған. Осы бағытқа Н.Н. Крадин71,Т.Д. Скрынникова72 В.В. Трепавлов73, отандық тарих ғылымының өкілі Н.Э. Масанов74 және тағы бас қалар зор үлес қосты. Көшпелі империяның экзополитарлы құ рылымдар ретіндегі жаңа тұжырымы Н.Н. Крадиннің еңбегін де де негізделеді75. Бұл жерде көшпелі қоғамдардың әлеуметтік тарихына деген батыс ғылымының ұстанымдарын да атап өту керек. Көшпелілік тарихнамасы мұнда әлеуметтік-экономика лық үдерісті формациялық тұрғыдан қарастырудан тыс дамыды. А.И. Першицтің жазуынша, көптеген еңбектер көшпелі ортадағы әлеуметтік поляризацияның болмауымен шектелді76. А. Тойнби дің көшпелі қоғамдар толығымен отырықшы-егінші қоғамдарға қарсы тұратын сараланбаған құрылым ретінде өздерін көрсетті Андрианов Б.В. Неоседлое население мира. – М.: Наука, 1985.– 278 с. Кульпин Э.С. Золотая Орда: Проблема генезиса Российского государства. – М.: Ком ɦнига, 2006. – 176 с. 71 Крадин Н.Н. Кочевые общества: Проблема формационной характеристики. – Владивос ток, 1992. – 240 с. 72 Скрынникова Т.Д. Харизма и власть в эпоху Чингисхана – М.: Логос, 1997. – 120 c. 73 Трепавлов В.В. Государственный строй Монгольской империи в XIII веке. – М.: Наука, 1993. – 165 с. 74 Масанов Н.Э. Кочевая цивилизация казахов: (Основы жизнедеятельности номадного об щества). – Алматы. – М.: Социнвест-Горизонт, 1995. – 325 с. 75 Крадин Н.Н. Кочевники, мир-империи и социальная эволюция // Альтернативные пути к цивилизации. – М.: ЦЦРИ РАН, 2000. – 201 с. 76 Першиц А.И. Некоторые особенности классообразования и раннеклассовых отношений у кочевников скотоводов // С тановление классов и государства. – М: Наука, 1976. – 350 с. 69 70
22
Қазақ халқындағы батырлық дәстүрлер
деген тезисі де көп маңызға ие77. Н.Э. Масановтың айтуынша, қазіргі таңда батыс тарихнамасында зерттеушілердің көп бөлігі бұрынғыдай тапсыз көшпелі социумдар деген көзқарасты ұстану да78. Көріп отырғанымыздай тарихнама ғылымында басым бол ған бұл көзқарастар жалпы көшпелілер қоғамының саяси-әлеу меттік ұйымдасуының ерекшеліктерін зерттеуде басым болып қалып отыр. Дәстүрлі қазақ қоғамына тән батырлар институтының мәсе лелерін зерттеу Қазақстан Республикасы тәуелсіздігін алғаннан кейінгі жылдары жарық көрген, жоғарыдағы теориялық, әдісна малық ұстанымдарды талдау негізінде жарық көрген еңбектерде жалғасын тапты. Біз қарастырып отырған мәселеге байланысты К.Л. Есмағамбетов79, Ж.Қ. Қасымбаев80, М.Ж. Абдиров81, И.В. Ерофеевалардың82 еңбектерін атап өтуге тиіспіз. К.Л. Есмағамбетов еңбектерінде ХVІІІ-ХІХ ғасырлардағы қазақ батырлары, олардың тархандық құқықтары туралы шет елдік зерттеушілердің еңбекте рі талданған. Ж.Қ. Қасымбаев, М.Ж. Абдиров еңбектерінде патша үкіметінің қазақ даласында жүргізген отарлау саясатының салдар лары ұлт-азаттық күрестер, қазақ жеріндегі орыс-казак әскерлері нің тарихы мәселелері қарастырылғанымен, бұл зерттеулер біздің тақырыбымыз үшін де маңызды бола түспек. К.Л. Есмағамбетов қазақ қоғамына тән батыршылық институтын «қазақ мемлекеттілі гімен бірге жасасып, қалыптасқан, күрделі эволюциялық даму жо лын бастан кешірген ерекше құбылыс», – деп бағалайды83. Аталған зерттеушілердің ішінде И.Ерофееваның еңбектерін ерекше атап өтуге болады. Зерттеуші батырлардың қазақ қоға Тойнби А.Д. Постижение истории. – М.: Прогресс-Культура, 1996. – 608 с. Масанов Н.Э. Кочевая цивилизация казахов: (Основы жизнедеятельности номадного об щества). – Алматы. – М.: Социнвест-Горизонт, 1995. – 325 с. 79 Есмагамбетов К.Л. Что писали о нас на Западе. – Алматы: Қазақ университеті, 1992. – 52 с.; Есмағамбетов К. Батырлар тарихы – рухани байлығымыз // Қазақ тарихы. – 2007. – № 4. – 15-19 бб. 80 Касымбаев Ж.К. Государственные деятели казахских ханств в ХVІІІ первой четверти ХІХ вв.: Хан Жантөре (1789-1809). – Алматы: Білім, 2001. – Т. 3. – 301 с. 81 Абдиров М.Ж. История казачества Казахстана. – Алма-Ата: Казахстан, 1994. – 160 с. 82 Ерофеева И.В. Хан Абулхаир: полководец, правитель и политик. – Алматы: Санат, 1999. – 336 с. 83 Есмағамбетов К. Батырлар тарихы – рухани байлығымыз. – 21 б. 77 78
Кіріспе
23
мының әлеуметтік стратификациясы мен потестарлық-саяси ұйымдасуындағы орнына ерекше назар аударады. Сондай-ақ, XVIII ғасырдың басында қазақ қоғамындағы батырлар рөлінің өсуінсыртқы саяси жағдайдың шиеленісуі мен қазақтардың әлеу меттік ұйымдасуындағы әскери-потестарлық құрылымдардың белсенділігінің артуымен байланыстырады84. Батырлар институ тының кейбір мәселелерін зерттеу А.К. Кушкумбаев85, Аллания зов86, Ш.Е. Картаева87, Қ. Ахметжанов88, сынды зерттеушілердің қазақ халқының соғыс өнері мен жауынгерлік дәстүріне арналған еңбектерінде көрініс тапқан. Батыршылық институтының қалыптасуы, оның негізгі атқар ған қызметтері, туралы тың тұжырымдар соңғы жылдары жарық көрген Н.А. Абдоллаев, Е.С. Сатыпалды89, Қ.С. Қаражанның90, барымтаның батырлық мектебі ретіндегі орны туралы А.У. Тоқ табайдың91 ғылыми мақалаларында берілген. Г. Қайырғалиева ның «Батырлар институты және оның дәстүрлі қазақ қоғамында ғы орны (Бөкенбай батыр әулетінің негізінде)» атты кандидаттық диссертациясы қорғалды92. Г. Қайырғалиева өз еңбегінде батыр лар институтының қалыптасуы мен дамуының мәселелері атақ ты батыр Бөкенбай Қараұлы мен оның ұрпақтарының тарихы не гізінде қарастырған. Дегенмен бұл зерттеу еңбегінде, батырлар институының әлеуметтік-экономикалық және ішкі-сыртқы саяси Ероф еева И.В. Хан Абулхаир: полковод ец, прав ит ель и пол ит ик. – С. 33 – 35. Кушкумбаев А.К. Военн ое дел о каз ахов в XVII–XVIII вв. – Алматы: Дайк-Пресс, 2001. – 184 с. 86 Алланиязов Т.К. Очерки военного дела кочевников Казахстана. – Алматы: Фонд «XXI век», 1997. – 94 с. 87 Картаева Ш.Е. Қаз ақ халқын ың әскери өнер і жән е жау ынгерлік дәст үр і (XV-XVI ғғ.): тар их ғыл. канд. ... дисс. – Алматы, 1999. – 157 б. 88 Ахметжанов Қ. С. Жараған темір кигендер: Батырлардың қару-жарағы, әскери өнері, салт-дәстүрлері. – Алматы: Дәуір, 1996. – 256 б. 89 Абдоллаев Н.А., Сатыпалды Е.С. Дәстүрлі қазақ қоғамының батырлар институты: әлеу меттік сипаты мен қоғамдық қызметіндегі ерекшелік // Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Хабаршысы. Тарих сериясы. –2002. – № 4. – 12-17 бб. 90 Қаражан Қ.С. XVIII ғасырдағы қазақ халқының жоңғар басқыншыларымен күресіндегі қазақ батырларының рөлі // Шапырашты Наурызбай: Шапырашты Наурызбай батырдың 300 жылдық мерейтойы қарсаңында өткізілген ғыл.-теор. конф. матер. – Алматы: Қазақ университеті, 2003. – 79-82 бб. 91 Тоқтабай А.У. Барымта – батырлық мектебі // Отан тарихы. – 2007. – № 3. – 186-194 бб. 92 Қайырғалиева Г. Батырлар институты және оның дәстүрлі қазақ қоғамындағы орны (Бөкенбай батыр әулетінің негізінде): тарих ғыл. канд. дисс. ... автореф. – Орал, 2010. – 24 б. 84 85
24
Қазақ халқындағы батырлық дәстүрлер
қызметтерін толық талдау мен оның дәстүрлі қазақ қоғамының құндылықтар жүйесіндегі орны жалпылама қарастырылған. Жал пы, батырлар институтының әлеуметтік табиғатын, оның дәстүр лі қазақ қоғамындағы орнын анықтау бағытында зерттеу жүргізу барысында мәселенің теориялық-методологиялық негіздеріне ба са назар аудару қажет. Қазақ қоғамына тән билер, тархандар институттары тарихының зерттелуі де біздің тақырыбымыз үшін маңызды бола түспек. Би лер институты тарихы А.И. Оразбаеваның93, тархандар институ ты тарихы Ө. Исеновтың диссертациялық зерттеулерінде кешенді түрде зерттелген. Ө. Исенов ХVІІІ-ХІХ ғғ. тархандық институттың тарихын зерттей отырып, Ресей патшалығы батырлар институтын бірте-бірте тархандар институтына айналдыру арқылы әлсіретуді мақсат тұтты, дәстүрлі қазақ билік институттарына іштен іріткі са латын ресейлік жүйені енгізді, – деп тұжырым жасайды94. Сонымен қатар, тақырыптың зерттелуінқарастыру барысында соңғы жылдары көптеп жарық көріп жатқан тарихи-әдеби тұр ғыдан жазылған зерттеулерді де атап өтуге болады. Аталған та қырыпқа қалам тартқан әуесқой зеттеушілер еңбектерінің өзіндік маңызын мойындай отырып, дегенмен бұл бағыттағы еңбектердің төмендегідей кемшіліктерін де атап өтуге тиіспіз. Мәселе ер лігі мен атқарған істері бойынша батырлардың өзіндік, шынайы бағасын алуына қатысты. Себебі, өз руының ғана батырларын дә ріптеп, өз тайпасының ғана күйін күйттеп жүрген әуесқой зерт теушілердің салдарынан әр рулар мен тайпалардан шыққан аттас батырлардың өзге руларға телініп, ауыстырылып жатуы шынайы тарихты бұрмалауға әкеліп соғуда. Бұл бағыттағы еңбектердің та ғы бір атап өтетін кемшілігі – белгілі бір тарихи кезеңде өмір сүр ген, белгілі бір батырлардың тым әсіреленіп көрсетілуі. Әуесқой зерттеушілердің сөзіне сенсек, қазақ батырларының бірі алып айдаһармен соғысып жеңсе, енді бірі найзасын бір сермегенде ондаған сарбазды жайпап өтетін алып тұлға болып суреттеледі. Оразбаева А. Қазақ қоғамындағы билер институты: тарихи бастаулары, орны және рөлі (ХVІІІ ғасыр): тарих ғыл. канд. ... дисс. – Алматы, 1998. – 151 б. 94 Исенов Ө.И. Қазақ қоғамындағы тархандар институты тарихы (ХVІІІ-ХІХ ғғ.): тарих ғыл. канд. дисс. ... автореф. – Алматы, 2009. – 24 б. 93
Кіріспе
25
ХVІІ ғасырдың екінші жартысы – ХVІІІ ғасырдың ортасында қа зақ-жоңғар соғысы кезінде ерен ерлік көрсеткен білекті де жүректі батырлар қай ру немесе тайпадан шықса да, олар сайып келгенде қазақ елінің ортақ батырлары болып қалды. Сондықтан тарихтың терең қойнауына сіңіп бара жатқан батырларымызды, ел аузындағы ауызша тарихымыз арқылы, ерте кезеңдерде жазылып кеткен дерек тер мен материалдар арқылы да сүзіп алып, болашақ ұрпақ алдында дәріптеу – тарих саласының ең өзекті міндеттерінің бірі. Қазақ қоғамындағы батыршылық институты туралы зерттеу лерге талдау жасау барысында эпостардың, батырлар жырлары ның зерттелуіне тоқталмай кетуге болмайды. Негізінен батыр лар жырының әдеби-филологиялық тұрғыдан зерттелгені белгі лі. Дегенмен бұл зерттеулердің батырлар институтының рухани қызметін талдауда маңызы зор. Эпостарды жан-жақты зерттеу, ғылыми тұрғыдан саралауда М.О. Әуезов95, Ә.Х. Марғұлан96, М. Ғабдуллин97, Б. Кенжебаев98, Ә. Қоңыратбаев99, Н. Смирно ва100, Р. Бердібай101, Ә. Қайдаров102, Т. Қоңыратбаев103, және т.б. отандық зерттеушілермен қатар түркі-моңғол халықтарының эпос мұрасы бойынша жан-жақты зерттеулер жүргізген А. Ве селовский104, В. Жирмунский105, Е. Мелетинский106, А. Орлов107, Р. Липец108, С.Суразаков109 және т.б. еңбектеріндегі батыр бейнесі Әуезов М., Соболев Л. Қазақ халқының эпосы мен фольклоры / Ауд., А. Нұрқатов // Әуе зов М. Жиырма томдық шығармалар жинағы. – Т. 17. – Алматы: Жалын, 1985. – 156-205 бб. 96 Марғұлан Ә. Ежелгі жыр-аңыздар: ғылыми зерттеулер / құраст.: Р. Бердібаев. – Алматы: Жалын, 1985. – 367 б. 97 Ғабдуллин М., Сыдықов Т. Қазақ халқының батырлық жыры. – Алматы: Ғылым, 1972. – 340 б. 98 Кенжебаев Б. Әдебиет белестері. – Алматы: Жалын, 1986. – 400 б. 99 Қоңыратбаев Ә. Қазақ эпосы және түркология. – Алматы: Ғылым, 1987. – 368 б. 100 Смирнова Н.С. Казахская народная поэзия: научно-популярный очерк. – Алма-Ата: Наука, 1967. – 134 с. 101 Бердібай Р. Эпос мұраты. – Алматы: Білім, 1997. – 320 б. 102 Кайдаров А.Т. Доспехи и вооружение воина-батыра в казахском эпосе и их этно-лингвисти ческое объяснение // Известия АН КазССР. Серия общественных наук. – 1973. – № 6. – С. 25-40. 103 Қоңыратбай Т. Эпос және этнос. Қазақ эпосы және оның этникалық сипаты. – Алматы: Ғылым, 2000. – 268 б. 104 Веселовский А.Н. Историческая поэтика. – М.: Высшая школа, 1989. – 406 с. 105 Жирмунский В.М. Тюркский героический эпос. Избранные труды. – Л.: Наука, 1974. – 728 с. 106 Мелетинский Е.М.Происхождение героического эпоса: ранние формы и архаические памятники. – М.: Восточная литература, 2004. – 462 с. 107 Орлов А.С. Казахский героический эпос. – М. – Л: Изд. АН СССР, 1945. – 148 с. 108 Липец Р. Образы батыра и его коня в тюрко-монгольском эпосе. – М.: Наука, 1984. – 264 с. 109 Суразаков С.С. Алтайский героический эпос. – М.: Наука, 1985. – 256 с. 95
26
Қазақ халқындағы батырлық дәстүрлер
мен оның өзіндік ұстанымдары, ар-намыс кодекстері, бет-бейне лері туралы тұжырымдары біздің зерттеу нысанымыздың тарих намасында маңызды орын алады. Зерттеу жұмысымыздың методологиялық негізін диалектика лық тарихи даму заңдылықтары мен өркениеттік, салыстырма лық, талдау, жинақтау, қорыту, жүйелілік әдістері құрады. Сон дай-ақ, тарихи ұстанымдар мен тұжырымдамалық ережелер, та нымдық теория негіздері басшылыққа алынды. Қазақ халқының ауызша тарихнамасы (историология) – шежіре мәліметтері, аңызәңгімелер, тарихи жырлар сыни тұрғыдан талданып, өзара салыс тырылды. Зерттеу барысында плюралистік көзқарас методоло гиялық негіз ретінде басшылыққа алынды. Сонымен қатар зерт теу еңбегінің ғылыми теориялық және ғылыми-методологиялық негіздерін қарастыруда жоғарыда талданған А. Тойнби, А. Вебер. Л.Н. Гумилев, И.П. Першиц, А. Жданов еңбектері негізгі теория лық-методологиялық зерттеулер ретінде басшылыққа алынды.
1-тарау ҚАЗАҚ ҚОҒАМЫНДАҒЫ БАТЫРЛЫҚ ДӘСТҮРЛЕРДІҢ ТАРИХИ БАСТАУЫ ЖӘНЕ ЭВОЛЮЦИЯСЫ
1.1. «Батыр» сөзінің этимологиясы «Батыр» сөзі Қиыр Шығыстағы алтай тіл семьясына жататын халықтардан бастап, батысында Шығыс Европадағы славян тіл дес халықтарда, солтүстігінде фин-угор тіл семьясына жататын халықтарда, ал оңтүстікте Солтүстік Кавказ халықтары арасын да кең тараған сөз болды. Бұл феноменнің басты себебі көшпе лі дүниенің қозғалысқа түсуіне байланысты жаңа әлеуметтік топ «батырлардың» қалыптасуы болды. Бүгінде «батыр» сөзінің эти мологиясы туралы нақты ғылыми дәлелденген ортақ пікір жоқ. Бірақ бұл сөздің бір ерекшелігі қандай тіл құрамында қолданыл масын барлық тілдердегі ұғымы бір. Қазіргі кезеңдегі тарихи зерттеулерге талдау жасай отырып, «ба тыр» сөзінің этимологиясына байланысты зерттеулерді үш топқа бө ліп қарастыруға болады. Бірінші топқа «батыр» сөзі көне түркі тілінде қалыптасқан ұғым деген пікірді қолдаушыларды жатқызуға болады. 1891 жылы жарық көрген энциклопедиялық сөздікте «бога тырь» – түрік сөзі. «Бахгатур», «багадур», «батур», «батырь», «батор» деген әр түрлі үлгіде қолданылғаны айтылып, «бога тырь» сөзінің ең алғаш Серницкийдің 1585 жылғы кітабында кез десетіндігі атап көрсетілген110. 110
Радлов В.В. Опыт словаря тюркских наречий. – СПб.: Имп. АН, 1911. – Т. 4. – Ч. 2. – С. 95 - 96.
27
28
1-ТАРАУ. Қазақ қоғамындағы батырлық дәстүрлердің тарихи бастауы ...
Профессор И.Е. Андреевскийдің энциклопедиялық сөздігін де «батыр» сөзінің ешқандай да орыстық тамыры жоқ, ол алғаш қы кезде татарлардың әскер басының титулы ретінде қолданыл ғанын және батырлардың тек татарлар заманынан бастап пайда болды деген пікірден аулақ екенін айта келіп, татарлар кезеңіне дейінбұл сөздің синонимдері ретінде «храбрь», «хоробрь» сияқ ты сөздердің пайдаланылғанын айтады111. Ал М. Фасмер сөзді гінде «батыр» сөзінің орталық Волга жерінде артель старшина сы, жүкшісі деп қолданылғаны туралы айта келе Соболевскийге сілтеме жасай отырып, бұл сөз түріктің «батыр» сөзінен шыққан дейді. Ол «ержүрек, күшті, атта шаба алатын адам» орыстың «бо гатырымен» ұқсас деп есептейді. Семантикалық тұрғыдан атаман сөзімен салыстыруға болатындығын атап өтеді112. Бірқатар зерттеушілер «батыр» сөзінің этимологиясына ерекше мән бере отырып, оның түркі халықтары арасында ке ңінен тарауы VI ғасырдан бастау алып, IX-X ғасырларда Вол га бойындағы түрік тілдес булгарлар мен хазарлар арасында тарай бастады деп есептейді. Мысалы, белгілі түркітанушы С.Г. Кляшторный «багатур» термин-титулы көне түркілер ара сында VI ғасырдан бастап тарай бастады деп есептесе113, ал Ми норский Х ғасырда хазарлар арасында кеңінен тараған «багатар» титулын Аланияның билеуші топтары қолдана бастады, – дей келе, бұл сөзді «багаир» түрінде аландар арасында кеңінен тара ғанын Ибн Руст жазып кетсе, ал грузин хроникаларында да осы ұғым кездеседі деп жазды114. В.Б. Пфафф «осетин княздарында татарлардың құрметті «Багатар» титулы VIII ғасырда хазарлар мен араласудың нәтижесінде пайда болды деп жазса115, В.Ф. Мил лер «түрік сөздері, соның ішінде «Багатар» сөзі де, осетин тілі Энциклопедический словарь / под. ред. проф. И.Е.Андреевского. – СПб.: Типо-лит И.А. Ефрона, 1891. – Т. 4. – С. 108, 147. 112 Фасмер М. Этимологический словарь русского языка: в 4-х томах. – М.: Наука, 1986. – Т. 1. – С. 135 с. 113 Кляшторный С.Г. Древнетюркские рунические памятники как источник по истории Средней Азии / отв. ред. А.Н. Кононов. – М.: Наука, 1964. – С.113. 114 Минорский В.Ф. История Ширвана и Дербенда X-XI веков. – М.: Издательство восточ ной литературы, 1963. – С. 221. 115 Пфаф В.Б. Материалы для истории осетин // Сборник сведений о кавказских горцах. – Тифлис, 1871. – Вып. V. – С. 19. 111
1.1. «Батыр» сөзінің этимологиясы
29
не XIII ғасырдағы татарлардың Солтүстік Кавказды бағындыр ған кезіне дейін енген сияқты. Бахатур сөзі қыпшақтарда болған сияқты» деп жазды116. М.И. Артамонов осы кезеңде хазарларда тарады деп жазды117. Қазақстандық белгілі зерттеуші И. Ерофеева: «тюрко-мон гольское слово «батыр», «багатур», «бахадур» первоначально оз начало храбреца, вызывающего врага перед битвой на противо борство. В этой транскрипции оно еще в XIV в. проникло в русс кий язык, потеснив более ранний, автахтонный термин южнос лавянской книжности «храбр», т.е. «воитель». Наряду с русской калькой данного термина – «богатырь» в Московском государстве конца XV – первой трети XVI века для обозначения иноземных храбрых воинов уже использовался собственно тюркоязычный термин «батыр», подтверждением чему могут служить отдель ные замечания небезызвестного автора «Записок о Московии», германского посла Сигизмунда Герберштейна (1486-1566), впер вые услышавшего это наименование от русских людей», – деп тұ жырымдайды118. «Батыр» немесе «багатурь» сөзі орыс жылнамаларында тек монғол-татар кезеңінде ғана пайда болғанымен белгілі ақын, зерттеуші Олжас Сулейменов «АЗиЯ» атты еңбегінде «Игорь пол кы туралы» жырдағы «бойтур» сөзін «батыр сөзімен байланыс тырады. Ол «батыр» сөзінің «буйтур», «батыр», «батур», «боо тур», «богатурь», «богатырь» делініп пайдаланылғанын, мұндағы буйтур сөзінде буй-тағы, жабайы дегенді білдірсе, тур-өгіз, бұқа деген мағынада айтылады, осы екі сөз қосылып айбынды, күшті, өгіздей күшті дегенді білдірсе керек деген болжамдар жасап өте ді119. О. Сүлейменовтың бұл пікірлері кей жағдайларда VІІ-VШ ғасырлардағы оғыз батырлар жыры туралы баяндалатын Қорқыт ата кітабындағы «Дерсе хан ұғлы Бұқаш хан туралы» жырымен түйіндес болып келеді. Бұл жырда басты кейіпкер Дерсе ханның Миллер В.Ф. Древнеосетинский памятник из Кубанской области // Материалы по архе ологии Кавказа. – M., 1893. – Вып. III. – С. 117. 117 Артамонов М. И. История хазар. – Л.: Изд-во Гос. Эрмитажа, 1962. – С. 241. 118 Ерофеева И.В. Хан Абулхаир: полководец, правитель и политик. – С. 41. 119 Сүлейменов О. АЗ и Я. – Алма-Ата: Жазушы, 1975. – С. 51. 116
30
1-ТАРАУ. Қазақ қоғамындағы батырлық дәстүрлердің тарихи бастауы ...
құдайдан сұрап алған жалғыз ұлы күшті бұқамен айқасып, жеңіс ке жетіп, осыған орай оның азан шақырылып қойылған аты өзгер тіліп бұқаны жеңген айбатының құрметіне Бұқаш деп аталғаны бізге жыр жолдарынан белгілі120. Зерттеушілердің екінші бір тобы «батыр» сөзінің түп-төркіні көне арийлерден басталады деп есептейді. Мысалы, О.Ф.Миллер «багадур» сөзі татар сөзі емес, санскриттік «bagadhara», яғни ба қыт иесі, жолы болғыш дегенді білдіреді, ал орыстың богатырь сөзі праарийлік бастауға тән», – деген пікір ұстанады121. Ал енді зерттеушілердің үшінші бір тобы – «батыр» сөзінің бастауынмонғол тілінен іздейді. Мысалы С.Е. Малов батыр сөзін парсы немесе монғол тіліне жатқызады122. Сондай-ақ Б.Я. Вла димирцев «батыр» лауазымының моңғол дәуірінде де болғанын және оның кейбір кірме сөздермен ауысып «тайшы», «бұйрық», «ноян» (қытай тілінен), «тегін», «бұйрық» (түркі тілінен) деп аталғанын айтады123. «Батыр» сөзі көнеарийлік немесе монғол тілінен шықты деп дәлелдеп жүрген зерттеушілердің басым бөлігі көне руникалық жазулар мен түркі дәуіріндегі жазба деректерде «батыр» сөзінің болмауын алға тартады. Осыған байланысты ерте түркі дәуірін де «батыр» сөзінің орнына «ер» сөзінің кең қолданылғанын атап өткіміз келеді. Мысалы, Р.С. Липец Күлтегіннің Үлкен және Кі ші жазбасының өн бойында кездесетін эпосқа тән баяндау тәсіл дерін талдай келе, ескерткіштің лексикасы да эпосқа тән екенді гін алға тартады. Мұнда «алп» (алып, батыр мағынасында), «ар» (ер, нағыз жігіт немесе батыр мағынасында), «кулг» (даңқты, белгілі адам, қазіргі телеуттер тілінде күшті адам мағынасын да қолданылады) деген сөздер жиі кездеседі124. «Батыр» сөзінің этимологиясын талдай отырып, бұл сөз негізінен түркі-моңғол халықтарының тілінде қалыптасқан ұғым екендігін көреміз. Түр Қорқыт ата кітабы. – Алматы: Жазушы, 1986. – 11 б. Миллер О.Ф. Славянство в Европе. Статьи и речи // Сочинение. – СПб., 1847. – С. 52. Малов С. Е. Памятники древнетюркской письменности. Тексты и исследования. – М. – Л.: Изд-во АН СССР, 1951. – С.17. 123 Владимирцев Б.Я. Общественный строй монголов. Монгольский кочевой феодализм. – С.74. 124 Липец Р. Образы батыра и его коня в тюрко-монгольском эпосе. – С. 84. 120 121 122
1.1. «Батыр» сөзінің этимологиясы
31
кі-моңғол деп атап көрсетіп отыруымыздың себебі, қазіргі таң да түркі-моңғолдардың ортақ этникалық негіздері туралы басым айтылып жүр. Дегенмен әлі күнге дейін бұл мәселеге қатысты ортақ ұстаным болмағандықтан, «батыр» сөзінің түркілік негізі туралы тұжырым жасаймыз. Ал енді «батыр» сөзінің этнониміне, яғни мағынасына келетін болсақ, онда зерттеушілердің басым бөлігі ортақ пікірде сияқты. Белгілі қазақ тарихын зерттеушілердің бірі М.В. Вяткин «ба тыр» сөзінің екі түрлі нұсқасын ұсынған болатын: бірінші нұс қасы бойынша «батыр» деп қара халық арасынан шыққан батыл, жауынгер, ер жүрек адамды айтса, екінші нұсқасында «батыр» деп ерекше жауынгерлік өнер иесі аталған125 – дей келе, бұл сөздің түп-төркіні моңғолдың – «ba,tur», орыстың – «богатырь» сөздері нің мағынасымен төркіндес келеді деп өз ойынжалғастырады126. М. Вяткин «батыр» сөзінің ХVІ ғасырға дейінде адамның есіміне қосылып айтылатын титул ретінде пайдаланылып келе жатқанын, ал «бахадур», «багатур» ерекше батылдығы үшін кей жағдайда «толы батыр» яғни толық батыр деп те қолданылады және ХV ға сырға дейінбұл титул «бек» деп аталып моңғолдың нойан, арабпарсылардың әмір лауазымдарымен мағыналас болып, ХV ғасыр дан бастап оның би лауазымымен орайласқаны туралы тұжырым жасаған. Төңкеріске дейінгі кезеңдегі белгілі ғалым Л. Костенко өзінің зерттеуінде «батыр» сөзі түркі-моңғолдың «баһадур, ba,tur, багадур, бак-хату» деген сөздерден шыққан, негізгі мағынасы ер жүрек, қаһарман, батыл дегенді білдіретінін атап өтеді127. ХХ ғасырдың І жартысындағы қазақ тарихындағы есімі ерек ше аталатын тарихшы-ғалым Ермұхан Бекмаханұлы Бекмаханов еңбектерінде «батыр» – термині түріктің «багадур», «бакхатур» деген сөздерінен шыққанын алға тартады. Ол тіпті сонау ықы лым замандардан-ақ сыртқы жаудан қорғану үшін арнайы топтар дың топтасқанын айта келіп, оны әскери қолбасшы басқарғанына тоқталады. Осындай топтардың ерекше көзге түскен қаһарманда 125 126 127
Вяткин М.П. Батыр Сырым. – С. 108. Вяткин М.П. Батыр Сырым. – С. 109. Костенко Л.Ф. Средняя Азия и водворение в ней русской гражданственности. – С. 42.
32
1-ТАРАУ. Қазақ қоғамындағы батырлық дәстүрлердің тарихи бастауы ...
рын батыр деп атаған. Батыр сөзі қазақ және түркі тілдерінде де «күресуші, күшті, батыр, ержүрек» дегенді білдіреді деп тұжы рымдайды. Зерттеуші Кенесары ханның жақын серігі Төлебай ба тырдың жеке батырлық ерекшелігімен көзге түскендігіне байла нысты «Жеке батыр» атанғаны туралы дерек келтіреді128. Е. Бек маханов кейінгі кезеңдері руаралық қақтығыстар кезінде немесе барымтаға шығып көзге түскендерді де «батыр» атай бастағанын қынжыла жеткізеді. Батыр атағына кедей адамдар да қол жеткізе алған. Ол бұлардың қатарына Арғын Бұхарбай батыр, шұбыртпа лы Ағыбай батырларды қосады129. «ХV-ХVІІІ ғасырлардағы Қазақ хандығы тарихына қатысты материалдар» атты еңбек авторлары қазақтар өздерінің ерлігімен де, қуат-күшімен де бүкіл әлемге танылған халық дей келе, батыр лықтың халық арасында ежелден бар екенін жазады130. «Қадыр ғали би Қосымұлы және оның жылнамалар жинағы» атты еңбек авторлары Р. Сыздықова мен М. Қойгелдиев «бахадур» тұлғасы екі мағынада: бірінші – батыр, жүректі адам, екіншісі – сол батыр адамға берілетін атақты білдіреді. Бахадур сөзі моңғол билігі тұ сында феодалдық қоғамдағы әскери иреархияның титулы болған, ал «бек» сөзі ханнан кейінгі билеушінің титулы деп жазады131. Кеңестік дәуір кезеңіне тән көптеген сөздіктерде «батыр» тер минінің мәні В.В. Радлов, М.П. Вяткин, Е. Бекмаханов пікірле рімен бір арнада тоғысып жатады. Атап айтсақ, Қазақ Кеңес Эн циклопедиясында132, Көне түркі сөздігінде, «Большая Советская энциклопедия»133, және т.б. сөздіктерде «батыр», «араб және иран тілдеріндегі «бахадур» – жаугершілік кездерімен, әскери жорық тарда жеке ерліктерімен ерекше көзге түскен ержүрек, қаһарман адамдарға берілетін құрметті атақ» – деген мәліметтер келтіріл Бекмаханов Е.Б. Қазақстан ХІХ ғасырдың 20-40 жылдарында (оқу құралы). – 98 б. Бекмаханов Е.Б. Қазақстан ХІХ ғасырдың 20-40 жылдарында (оқу құралы). – 99 б. 130 Материалы по истории Казахских ханств XV-XVIII веков (Извлечения из персидских и тюркских сочинений) / сост.: С.К. Ибрагимов, Н.Н. Мингулов, В.П. Юдин. – Алма-Ата: Наука, 1969. – С. 28. 131 Сыздықова Р., Қойгелдиев М. Қадырғали би Қосымұлы және оның жылнамалар жина ғы. – Алматы : Қазақ ун-ті, 1991. – 57, 68 бб. 132 Қазақ Совет энциклопедиясы. – Алматы: Қазақ энциклопедиясы, 1973. – Т. 2. – 199 б. 133 Большая Советская Энциклопедия / гл. ред. В.Г. Панов. – М.: Сов. энциклопедия, 1990. – Вып. 34. – С. 339. 128 129
1.1. «Батыр» сөзінің этимологиясы
33
ген. «Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі» деген еңбекте «Батыр ел қамы үшін жаумен сайысқан тарихи қаһарман, алып ер» деген анықтама берілген134. В. Даль сөздігінде Волга бойында батыр деп ат үстінде бұзықтық жасаушыларды, жігіттік көрсетушілерді, батырлық жортуылдар жасаушыларды атайтындығы, батырлық тың мұрагерлікке қалдырылмайтыны жазылған. Сонымен қатар В. Даль «батыр» азиаттықтарда білікті күш иесі, батыл, жеңіскер, сабаз, шабандоз дегенді білдіреді, – дей келе батыр лауазымының атаққа берілетініне де тоқталған135. Орыстың филологиялық сөздігінде «батыр» – күшті адам, са баз, шабандоз мағынасын білдіретінін оқуға болады136. Ал, Қа зақстан Республикасы өз тәуелсіздігін алғаннан кейінгі кездерде жарық көрген Қазақстан Ұлттық энциклопедиясының екінші то мында «батыр» сөзі парсының баһадүр-ержүрек, батыл, әскери өнерді жақсы меңгерген, жау түсірер ерлігімен аты шыққан қа һарман адамға берілетін құрметті атақ», – делінген137. Сонымен, жоғарыда айтылған ойларымызды қорытындылай келе төмендегідей тұжырымдар жасаймыз: 1. «Батыр» сөзі қандай тіл құрамында қолданылмасын, оның барлық тілдердегі ұғымы бір. «Батыр» сөзі Қиыр Шығыс тағы алтай тіл семьясына жататын халықтардан бастап, ба тысында Шығыс Европадағы славян тілдес халықтарда, сол түстігінде фин-угор тіл семьясына жататын халықтарды, ал оңтүстікте Солтүстік Кавказ халықтары арасында кең тара ған. Бұл феноменнің басты себебі көшпелі дүниенің қозға лысқа түсуіне байланысты жаңа әлеуметтік топ «батырлар дың» қалыптасуымен тығыз байланысты. 2. «Батыр» сөзінің мәні ержүрек, батыл, әскери өнерді жетік меңгерген, ерлігімен аты шыққан деген мағына береді. Ал, ба тыр атағы тек қана адамның жеке бас қаситтеріне, оның әлеу меттік шығу тегіне қарамастан берілетін атақ. Батыр сөзінің Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі. – Алматы: Ғылым, 1976. – Т. 2. – 122, 152 бб. Даль В. Толковый словарь живого великорусского языка: в четырех томах. – М.: Русс кий язык, 1978. – Т. 1. – С. 54, 55. 136 Русский филологический вестник. – СПб., 1913. – Т. 70. – С. 77. 137 Қазақстан Ұлттық энциклопедиясы. / бас. ред. Нысанбаев Ә.А. – Алматы: Қазақ энцик лопедиясы, 1999. – Т. 2. – 125, 184 бб. 134 135
34
1-ТАРАУ. Қазақ қоғамындағы батырлық дәстүрлердің тарихи бастауы ...
мәні ержүрек, батыл, әскери өнерді жетік меңгерген, ерлігі мен аты шыққан деген мағына беретіндігіне көз жеткіземіз. Ал, батыр атағы тек қана адамның жеке бас қасиеттеріне, яғни батыр сөзінің жоғарыдағы анықтамасына ғана сәйкес келетін тұлғаға ғана берілетін атақ деген тұжырым жасаймыз. Студенттердің өз білімін тексеруге арналған сұрақтар: 1. «Батыр» сөзінің этимологиясы. 2. «Батыр» сөзінің этнониміне байланысты негізгі пікірлер. 3. Қазақ қоғамындағы саяси-потестарлық институттар жүйесіндегі батырлардың орны. 4. Батырлар институтының «қазақ тарихының феномені» ретіндегі сипаты. 5. Ру, тайпа, жүз құрылымындағы билік тармақтары.
1.2. Батыршылық дәстүрдің қалыптасуы және дамуы Жалпы батыршылық институтының қалыптасуы, генезисі со нау ежелгі замандардан бастау алады. Қазақ қоғамындағы батыр лардың әскери топ ретінде қалыптасуына тарихи жағдайлар әсер етіп отырды. Ежелгі авторлардың көпшілігі көшпелі халықтардың жауын герлігі мен ержүректілігін ерекше атап көрсеткен. Мәселен Цыма Сянь ежелгі көшпелі халықтар туралы айта келе, «олардың бар лығы бейбіт күндері малшаруашылығымен айналысады, ал қауіп туған жағдайда әскери іспен айналысады. Әскери іспен айналысу олардың табиғи қасиеттері болып табылады, олардың барлығы атты садақшылар және жер өңдеумен емес, малшаруашылығы мен айналысады; Мұндай халық ешқашан жеңілуді білген емес» – деп атап өтеді138. А. Смит көшпелілердің жаулап алу соғыстары туралы талдау жасай келе, соғыс кезінде «варварлардың жасақта ры өркениетті халықтардың жасақтарына қарағанда артықшылы ғын нақты көрсететіндігін» жазады139. Материалы по истории Сюнну – С. 34. Смит А. Исследование о природе и причинах богатства народов, в 4-х томах. – М. – Л.: Соцэкгиз, 1935. – Т. 1-2. – С. 246. 138 139
1.2. Батыршылық институтының қалыптасуы және дамуы
35
Қазіргі кездегі зерттеушілердің көпшілігі де көшпелілердің жауынгерлік рухының жоғары болуынкөшпелі мал шаруашылы ғының экстенсивті түрімен, әскери артықшылықтарын қоғамның жалпы қалыпты жағдайы ретінде кең көлемді аумақтарды тұрақ ты түрде қорғап отыру қажеттілігін туындаған динамизмнің нә тижесі деп түсіндіреді. Мәселен, көшпелілердің жауынгерлік ру хының жоғары болуын Л. Кржевицкий малды тұрақты түрде кү зету қажеттілігі өмір салты ретінде қарастырылғандықтан деп тү сіндірсе140, Ф. Ратцель көшпелі қоғамның жылжымалылығы мен жалпы іс-қимылдар жасауға бейімділігімен байланыстырды141. Этнологиялық бағыттағы зерттеулердің көпшілігінде көшпе лілердің жауынгерлігі мен батырлығының себептерін олардың соғысқұмарлығымен байланысты деп түсіндіру басым. Осындай пікірлердің басым көпшілігі ағылшын зерттеушісі Дж. Флетчер дің еңбегінде төмендегідей тұжырымдалған: 1) көшпелілердің ашкөздігі мен жыртқыштық табиғаты; 2) даланың құрғауы; 3) халық санының өсуі; 4) отырықшы егіншілермен сауда байланыстарының үзілуі; 5) отырықшы шаруашылық өнімдеріне деген зәрулік; 6) көшпелілердің билеуші тобының басқа тайпаларға қатысты саяси үстемдікке ұмтылуы; 7) өзінің жеке атақ-даңқын шығару мақсаты мен иедеоло гиясына байланысты142. Көріп отырғанымыздай, көпшілік зерттеушілер көшпелілер дің батырлық өмір салтының қалыптасуы мен жауынгерлік ру хының жоғары болуын негізінен еуроцентристік көзқарастар не гізінде жалпылама түрде үстірт қарастырған. Біздің пікірімізше, мәселені, яғни көшпелілер қоғамындағы қандай себеп-салдарлар батырлық қасиеттердің ерекшеленуіне сұраныс туғызғаны тура Крживицкий Л. Антропология / пер. с пол. С.Д. Романовского-Романько; под ред. Р.И. Сементковского. – СПб.: Изд. Ф. Павленкова: Тип. А. Пороховщикова 1896. – С. 123. 141 Ратцель Ф. Народоведение: в 2 т-х. / пер. Д.А. Коропчевского. – 4-е изд. – Спб: Типог рафия товарищества «Просвещение», 1902. – Т. 1. – С.27. 142 Fletcher J. The Mongols: Ecological and Soscial Perspectives // Harvard Journal of Asiatic Studies. – 1986. – Vol. 46. – N. 1. – P. 11-50. 140
36
1-ТАРАУ. Қазақ қоғамындағы батырлық дәстүрлердің тарихи бастауы ...
лы қойылуы керек. Мұндай себептерді төмендегідей топтастыру ға болады: 1. Жеке немесе ұжымдық қауіпсіздік. Дала өмірі өзінің қауіпқатерге толылығымен адамның жеке басы мен жақындарының қауіпсіздігіне жауапкершілік сезімін қалыптастырады. Олар кез келген жағдайда орын алған кісі өлтіру, дене зақымын келтіру, дүние-мүлікке қол сұғушылық сияқты қатерлердің алдын алу үшін тек жеке басының батырлық қасиеттерінің басымдығымен ғана өз қауіпсіздігін қамтамасыз ете алады. Ал, жоғарыда атап өткендей кикілжің себептері көшпелілердің күнделікті тұрмыстіршілігінде жиі кездесіп отырды. Көптеген зерттеушілер бұл жағдайды жалпы көшпелілер өмір салтының әскерилену сипа тымен, яғни қару-жарақтың көптігімен, ер адамдардың жаппай қарулануымен, әскери ойындар мен топтық аң аулау дәстүрінің кең жайылуымен байланыстырады143. Ал, басты себеп ретінде А.Я. Гуревич көшелілер қоғамындағы жеке тұлғаның бас бостан дығының жоғары бағалануынатайды144. 2. Мүліктік кикілжіңдер. Көбінесе көшпелілердің басты бай лығы – малға байланысты туындайды. Барымта – дәстүрлі-құ қықтық институттың құралы ретінде белгілі. Барымта негізінен ашық түрде жүргізілген. Малдарын ұрлатқан жақ міндетті түрде кінәлілердің малын қуып алады. Бұл шын мәнінде ұрланған дү ние-мүлкінің толық қайтарылуының кепілдемесі болып табыл ған. Батыры бар, қаруы сай ру, тайпа ғана өзінің мүліктік қауіпсіз дігіне қол сұғушылықтан толықтай болмаса да, біршама тәуелсіз саналған. 3. Жер. Көшпелілер арасында негізінен басты жайлымдық жерлер үшін өзара қақтығыстар жиі болып тұрды. Су көздері ор наласқан жайылымдар, сонымен қатар өңделетін жерлер мен ке руен жолдарының барлығы негізі жер иеліктері ретінде көшпелі тайпалардың өз ішінде және отырықшы көршілерімен бейбіт жә не әскери әрекеттерінің объектісі болуы мүмкін еді. Иванов М.С. Племена Фарса. Кашкайские, хамсе, кухгилуйе, мамсани. – М.: Изд-во АН СССР, 1961. – С.112. 144 Гуревич А.Л Проблемы генезиса феодализма в Западной Европе. – М.: Высшая шк., 1970. – С. 119-120, 122-123. 143
1.2. Батыршылық институтының қалыптасуы және дамуы
37
Көшпелілердің жайылымдар мен су көздерін пайдалану тәр тібі туралы мәліметтер әр түрлі болып келеді. Олар мынадай үш топқа бөлінеді: барлық көшпелілердің пайдалануында болатын жайылымдар; көшпелілердің белгілі бір бірлестіктерінің арасын да қатаң түрде бөлінген жайылымдар, жалпы және жекелеген ие ліктерге бөлінген жайылымдар. Бұл мәселе жайылымдарда орна ласқан су көздеріне де тікелей қатысты. Бірінші топқа қатысты нақты мәліметтерді талдасақ. Өткен ғасырдың соңында орыс шенеунігі И.И. Гейер Сырдария облы сының қазақтары туралы былай деп жазады: «даланың еркін өс кен ұлы өзінің бойына жердің (шекараның – авт.) қасиетті белгі сін сіңіре алмай келеді. Олар кең даладағы шалғынды жайылым малы бар адамдардың барлығына тиесілі болуына үйренген»145. Г.Е. Марковтың мәліметтері бойынша хиуалық түркмендерде «жайылымдық жерлерінің кеңдігі мен халық саны аз болған дығынан даладағы малшылардың жер пайдалануын ешкім рет темеген, және әр көшпелі топ өзіне ыңғайлы жерде малын баға алған»146. Жерді пайдаланудың екінші түрі жайлы, мәселен, қазақ рутайпаларының өздерінің ата-бабалары жүрген жолдарын (жайы лымды) өзгертуі «соғыстың орын алуының басты себебі» болып табылатындығы туралы мәліметтер орыс зерттеушілерінің еңбек терінде жиі кездеседі. Соңғы, жер иеленудің үшінші түрі туралы мәліметтер көп, он да жайылымдық жерлер тайпалардың бөлімдері арасында өзара бөлінген. Бұл «белгілі бір руға берілген шекараны ешкім бұза ал майтын» моңғолдарға және қазақтарға қатысты деген сипаттағы тұжырымға келіп саяды. Жоғарыдағы мәліметтердің қарама-қайшылықты болып келуінің әр түрлі негіздері бар. Кейбір жағдайларда көшпелілердің әдеттік құқықтық ережелерінің әр топта әрқалай болуы әсер ет Гейер И.М. Голод и колонизация в Сырдаринской области // Сборник материалов для статистики Сыр-Дарьинской области. – Ташкент: изд: Сыр-Дарьинск. Обл. Стат. Комите та, 1892. – Т. 2. – С. 70. 146 Марков Г.Е. Кочевники Азии. Структура хозяйства и общественной организации. – М.: Изд-во Московского университета, 1976. – С. 22-26. 145
38
1-ТАРАУ. Қазақ қоғамындағы батырлық дәстүрлердің тарихи бастауы ...
кен, ол жайылымдармен қамтамасыз етуге, жайылымдардың жыл мезгілдеріндегі жағдайына, тайпалар мен рулардың көлеміне жә не т.б. жағдайларға байланысты болған. Жайылымдық жерлерді пайдалану деректерде әр түрлі бейнеленгенімен, ол жерге байла нысты туындаған қақтығыстармен бірге айтылады. Бұл туралы мәліметтер ерте кезеңнен де белгілі. Мәселен, ғұн дардың бірінші шаньюйі Мөденің жерге байланысты көзқарасын көрсететін Сыма Цянның белгілі әңгімесі бар. Әңгіме желісі бо йынша ғұндардың ішіндегі талас-тартысты пайдаланғысы келген көршілес көшпелі дунху тайпасы олардың ең жақсы атын сұрата ды. Ғұндардың ақсақалдары қарсы болады, бірақ Мөде былай деп айтады: «Бір жылқыны аяп, басқа мемлекетпен қалай көрші тұ руға болады»? – дейді де жылқысын береді. Одан кейіндунхулар шаньюйдің әйелдерінің бірін сұратады. Ақсақалдар тағы да қар сы болады, бірақ Мөде былай деп айтады: «Бір әйелді аяп, басқа мемлекетпен қалай көрші тұруға болады»? – деп, әйелін береді. Сонда дунху тайпасы бос жатқан керексіз шекаралас жерді ғұн дардан беруінсұрайды. Бұған кейбір ақсақалдар былай деп жауап қайтарады: «Бұл бос жатқан, керексіз жер, оны беруге де, бер меуге де болады». Бірақ Мөде қарсы шығып: «Жер – мемлекеттің негізі, оны беруге болады ма?» деп, жерді беруге келіскен адам дардың басын кесуге бұйрық береді. Еуразияның ортағасырлық көшпелілерінің де жағдайы осындай: жылнамалық мәліметтер бойынша, печенегтер мен половцылардың арасында жайылым дық жер үшін өткір күрес жүрген. Көшпелі өзбектердің жерді өз бетінше пайдалануы соғыстарға алып келгені белгілі. Жаңа за манда қырғыздардың арасындағы «соғыс жайылымдық жерлер үшін болған»147. Ең жақсы жайылымдық жер үшін соғыс түрк мендерде де болған. Жайылымдық жердің шекарасын бұзу тек қана сол жердің иесінің рұқсатымен болған, ол негізінен белгілі бір мезгілдерде немесе табиғат апаттары кезінде және көмек сұ раған немесе мал жайғаны үшін ерекше алым төлегені үшін дос тық қарым-қатынастағы тайпаларға берілген. Ильясов С.М. Земельные отношение в Киргизии в конце XIX – начале ХХ в. – Фрунзе: Киргизгосиздат, 1963. – С. 41. 147
1.2. Батыршылық институтының қалыптасуы және дамуы
39
Көшпелілер өздерінің отырықшы көршілерінің жайылымда рын пайдаланған, олар ауылдарға және қалаларға саудамен айна лысу үшін көшіп барған. Көшпелілер парға қалдырылған жерлер ге өздерінің малын жайғанымен, ол жер тыңайтқышпен тыңаятын болған. Бұл отырықшы және көшпелі тұрғындардың арасындағы қарым-қатынасты жақсартуға әсер еткен. Жайылымдар сияқты, онда орналасқан су көздеріне меншік ұжымдық немесе жекеше болған. Оны пайдалану құқығы әртүр лі. Қалыптасқан дәстүрге қарамастан, бұл құқықтың бұзылуы жайылымдық жерлердегідей шиеленістерге алып келген. Көшпелілер өңдейтін жерлерді бұзу да әскери қақтығыстарға түрткі болатын еді. Сондай-ақ керуен жолдары өтетін көшпелілер жеріндей су көздері тайпалардың немесе көшпелі, отырықшы би леушілердің арасындағы соғыстың тұтануының басты себебі болатын. 4. Саяси үстемдікке ұмтылу. Әлсіз ру-тайпаларды бағынды румен қатар отырықшы-егінші халықтармен басты сауда-тауар орталығы болып табылатын аймақтар үшін де жиі-жиі күрестер жүргізуге мәжбүр болды. 5. Көшпелілердің кең көлемді шапқыншылықтары. Тарихта мұндай шапқыншылықтардың мысалдары өте көп. Зерттеушілер мұның себептерін әртүрлі түсіндіруге тырысқандарымен, негізі нен олардың пікірлерінің басым көпшілігі экологиялық теорияға келіп саяды. Дегенмен осы теориялық бағытты қолдаушылардың өзі мұны екі қарама-қарсы көзқараспен түсіндіреді. Алғашқылар көбінесе өз пікірлерін көшпелілер қоғамындағы оң өзгерістермен байланыстырады. Мәселен, мал немесе адам санының өсуі жа ңа жайылымдық жерлер іздеуге итермелейді. Бұл пікір алғаш рет Ибн Халдунның еңбегінде көрініс тапқан еді. Ал екінші топта ғылар керісінше, табиғат апаттары құрғақшылық, жұт және т.б. көшпелілерді жаңа жерлерді басып алуға итермелеген басты се беп деп түсіндіреді. Еуразияның, соның ішінде орталық-азиялық аридті аймақ әрқашан климаттық толқулар үдерісіне жиі ұшырап отырған148. Шнитников А.В. Изменчивость общей увлажненности материков северного полуша рия. – М.-Л.: АН СССР, 1957. – С. 175 – 176. 148
40
1-ТАРАУ. Қазақ қоғамындағы батырлық дәстүрлердің тарихи бастауы ...
Аталған аймаққа тән ерекшелік үлкен аумақты қамтитын ылғада нудың ұзақ фазасы мен құрғақшылықтың ауыспалылығы болып келеді. Ылғалдану фазасы туындаған жағдай көшпелі мал шаруашылығына негізделген аграрлы экономикаға қандай жағым ды әсер етсе, ұзақ уақыттарға созылатын құрғақшылық жылдары жұтпен бірге келеді. Мұндай климаттық толқулар зерттеушілер дің пікірінше, 1-3 жылға дейінгі ұзақтыққа созылуы мүмкін. Бұл жағдайда көшпелілер табиғаттың мұндай ерекшелігін өз деңге йінде реттеп отыру механизмдерін меңгерген149. Бірақ, кейде бас қа жағдай да орын алуы мүмкін. Мәселен, маусымдық өзгеріс терді есептемегенде ішкі циклдық өзгерістерге байланысты ша руашылыққа қолайлы аймақтар ондаған жылдарға дейін жарам сыз болып қалуы мүмкін. Осындай ұзаққа созылатын климаттық өзгерістер кезеңінде кең көлемдегі шаруашылықтық дағдарыстар құрғақшылыққа ұшыраған аймаққа ғана емес, көрші аумақтарға да өз әсерін тигізеді. Осындай жағдайда көшпелілер социумы жаңа жайылымдық жерлер іздеу мақсатында басқа аумақтарға жаппай көшу, жыл жуға ұшырайды. Мұндай көш өз кезегінде басқа аумақтарда ор наласқан көшпелілердің дәстүрлі көші-қон бағыттарын бұзуға, оларды басып алуға әкеліп соғады. Бұл басып алулар әрине, әс кери қақтығыстар мен соғыстар нәтижесінде жүзеге асырылады. Себебі көшпелілер қоғамында әуел бастан барлық жерлер белгілі бір ру-тайпаның қалыптасқан көші-қон аймағы болып табылаты ны белгілі. Ал, табиғат апаттарының салдарынан жайылымдық жерлері жарамсыз болып қалған социумдар үшін жаңа жерлерді иелену әуел бастан олардың әскери қоғам ретінде де ерекшеленуін туғызады. Сондықтан жаңа жайылымдық жерлерді иелену жолында ең үлкен немесе ықпалды ру немесе тайпаның баста масымен соғыс кезінде көзге түскен жауынгерлер мен қатардағы тайпа мүшелерінің арасынан осы әскери қимылдарды басқаратын тұлғаны белгілейді. Ол жеке шаруашылық құрылымның өкілі ре тіндегі ру-тайпа көсемдері мен ақсақалдармен басқа да ықпалды, Шнитников А.В. Изменчивость общей увлажненности материков северного полуша рия. – С. 103, 182. 149
1.2. Батыршылық институтының қалыптасуы және дамуы
41
беделді тұлғалардың және қатардағы қауым мүшелерінің қаты суымен өтетін кеңесте бекітіледі. Бұл құбылыстың жарқын көрінісін ежелгі үндіс тайпалары ның мысалдарынан да байқауға болады. Мәселен, үндіс тайпа ларының бірі ирокездерде тайпа кеңесі жекелеген ақсақалдар мен әскер басшыларынан құралған. Бұл кеңес кез-келген мәселе ні шешу үшін тайпаның өзге мүшелерінің толық қатысуымен өз жиындарын өткізеді. Кеңес қарастыратын маңызды мәселелердің бірі соғыс мәселесі еді. Жауға қарсы мұндай жорықтарды көбі несе жекелеген мықты әскерилер (батырлар) ұйымдастыратын. Мәселен, олар көпшіліктің алдына шығып әскери би билей бас тайды. Бұл биге біртіндеп өз еріктерімен қосылғандар осы әре кеттерімен жорыққа қатысуға келісімдерін білдірген болып са налған150. Ал, ежелгі германдықтардың басқару жүйесі туралы жаза отырып, Тацит әскери көсемдер шығу тегіне қарамастан, тек қана жеке басының қабілеті мен қасиетіне байланысты сайлана тындығын, олардың басқа адамдарға тек өздерінің жеке үлгісімен ғана ықпал етіп, билік жүргізе алатындығын атап көрсеткен151. Жалпы көшпелі мал шаруашылығының пайда болуымен ша руашылық аумақтарды күштеу әдісімен бөліп алу, иелену әдісі де бірге пайда болған деуге негіз бар. Аридтық аумақтағы көшпе лілер қатал табиғи шарттарды шешумен қатар, түрлі әскери мә селелерді де қатар атқарып отыруға мәжбүр болған. Сондықтан көшпелі қоғам социумдары әрқашан әскери демократия ережеле рін басшылыққа алып отырды. Осы орайда көшпелілер қоғамын да қауым мүшелері үшін ең алдымен әр индивитті жақсы аңшы, жауынгер, содан кейін ғана барып малшы ретінде сипаттайтын белгілер алдыңғы орынға шығуы заңдылық болып табылады. Ұсақ ру-тайпалардың бірігуі тек қана шаруашылық тұрғы дан ғана емес, өзін-өзі қорғау мақсатында да тиімді бола түседі. Қоғам соғысқа немесе қорғанысқа дайын әскери қоғамға айнала бастайды. Әскери қақтығыстар кезеңінде жоғарыда айтып өткені Энгельс Ф. Происхождение семьи, частной собственности и государства. – М.: Политиздат, 1985. – С. 105. 151 Энгельс Ф. Происхождение семьи, частной собственности и государства. – С. 65 150
42
1-ТАРАУ. Қазақ қоғамындағы батырлық дәстүрлердің тарихи бастауы ...
міздей кеңесте сайланған әскери көсем ерекше жағдайға ие бола ды. Ол әскери кеңесті басқарады. Соңғы шешім қабылдау кезінде оның даусы шешуші рөлге ие болады. Әскери көсем жекелеген адамдарды ғана емес, тіпті руларды да жазалауға, сондай-ақ со ғыс қажеті үшін салық жинауға, соғыстан түскен олжаны бөлісу кезінде басқалармен салыстырғанда үлестің көп бөлігін алуға да құқылы болады. Құқықтарының шексіздігіне байланысты мұн дай әскери көсем құқықтары бірдей басқа қауым мүшелері ара сында алғашқы болу мәртебесін иеленеді. Соғыстан түскен олжа тек көсемді есептемегенде жорыққа қатысқандардың арасында теңдей бөлінеді. Бұл кезеңдегі әскери ұйым шаруашылықтық координациямен сәйкес келуі шарт емес. Бұл кезеңдегі әскери көсем дегеніміз – жеке басының ерлігімен, батырлығымен көзге түскен, әскери та ланты мен әскери қимылдар жүргізу шеберлігі бар, дене бітімі де өзіне сай, барлық рулық бірлестіктер мүшелерінің алдында жеке басының беделі жоғары тұлға. Басқаша айтқанда біздің зерттеу нысанымыз болып отырған – батыр. Бұл дегеніміз көшпелілер қоғамында мемлекеттілік пайда болғанға дейінгі рулық, қауым дық биліктің бір үлгісі болып табылады152. Көшпелілердің әскери құрылымы ғылыми әдебиеттерде «әс кери демократия» ұғымымен теңдестіріледі. А.М. Хазанов ерте көшпелілердің әскери құрылымын тек соғыс кездерінде ғана уа қытша пайда болатын «өзінің құрамы бойынша ағымды» болып келетін «жағдайлық көсемдікпен» (ситуационное вождество) те ңестіреді153. Зерттеушілер әскери демократия түріндегі басқару аппараты ның болуы қоғам өзінің рулық құрылымының даму шегіне жет кендігін және оның ыдырауына алғышарттар болып табылатын құбылыстардың пайда болғанын көрсетеді, – деп атап өтеді154. Ал, аридттық аймақтағы рулық қауым қола дәуірінің басында Жумагамбетов Т.С. Древнетюркский каганат: становление и развитие государственнос ти. VI-VIII вв. – Алматы: ААЭС, 2006. – С. 53. 153 Хазанов А.М. Кочевники и внешний мир. – Алматы: Дайк -Пресс, 2000. – С. 370. 154 Котенко В.Д. Основные закономерности возникновения государства у восточных сла вян.: дисс. ... канд. юр. наук. – Харьков,1986. – 153 с. 152
1.2. Батыршылық институтының қалыптасуы және дамуы
43
ыдырағанын ескерсек, онда көшпелілердің әскери ұйымдасу үл гісін қола дәуіріне дейін ғана уақытша пайда болатын жасақ ре тінде қарастыруға болады. Бұл кезеңдегі әскери көсемнің қауым мүшелеріне қатысты билігі тек көсемнің жеке қасиеттері мен харизмасына, яғни батырлығына байланысты болған. Бұны ар хеологиялық қазба жұмыстарының нәтижелері арқылы да анық тауға болады. Мәселен, белгілі археолог, зерттеуші К.А. Акишев сақ дәуірінің атақты ескерткіші «Алтын адамға» байланысты зерттеулерінде: «Иссыкский костюм символизирует контамина цию военной и жреческой функций в лице сакского вождя, что соответствовало одной из стадий развития военно-теократичес кой идеологии в сакском обществе, где верховные жреческие функции выполнял один из вождей, выбранный из среды военной элиты. Он олицетворял солярного бога (Митру?), воинственного и могучего, праведного и правящего, посредника между небом и землей, сражающегося со Злом», – деп тұжырым жасайды155. Ал, В.Д. Кубарев «погребениях могильников Уландрыка, очевидно, погребали выдающихся воинов, занимавших особое положение в иерархии»,156 – деп жазса, зерттеушілердің бір тобы бұл жа уынгерлер қатардағы қауым мүшелерінен гөрі рулық ақсүйектер тобына жақын әрі соғыс пен әскери қақтығыстар кезінде көзге түскен адамдар болуы керек деп тұжырым жасайды157. Ал, қазақ даласындағы кескінделген адам, немесе батыр бейнесі туралы зерттеушілер: «атты жауынгер немесе батыр бейнесі казақтың эт ногафиялық суреттерінде өте қарапайым түрде, яғни бет-әлпеті өңсіз, бос болып, ал кеудесі мен қол-аяқтары жай сызықтармен, кейбірде тік бұрыштармен, кеудесі – қазақтың антропоморфты мүсініне ұқсас болса, ал аяғы – қонышы кең, биік өкшелі, киіз байпақты, саптама етік түрінде қалыптан тыс ұлғайтылып беріл ген», – деп тұжырым жасайды158. Акишев А. К. Костюм «золотого человека» и проблема катафрактария // Военное дело древних племен Сибири и Центральной Азии. – Новосибирск: Наука, 1981. – C. 64. 156 Кубарев В.Д. Курганы Уландрыка. – Новосибирск: Наука, 1987. – С. 30. 157 Кочеев В. А. Воины пазырыкского общества // Проблемы изучения древней и средневе ковой истории Горного Алтая. – Горно-Алтайск, 1990. – С. 107. 158 Самашев З., Жетібаев Ж. Қазақ петроглифтері: көне тамыры мен сабақтастығы. – Алма ты: «Иль-Тех-Кітап», 2005. – 9 б. 155
44
1-ТАРАУ. Қазақ қоғамындағы батырлық дәстүрлердің тарихи бастауы ...
Адамзат қоғамының дамуында ерекше рөл атқарған оқиғалар дың бірі жылқыны қолға үйрету мен жылқы шаруашылығының пайда болуы болғаны белгілі. Жылқыны қолға үйретумен ежел гі ру-тайпалардың өмірінде аса зор өзгерістер орын алды. Енді олар алыстарға ұзап көше бастаса, ру-тайпалардың мұндай қоныс аударулары олардың өзара әскери қақтығыстарын да күшейте түсті. Жылқы өсірудің, қолөнердің (тері өңдеу, әскери қару жарақ жасау ісі, жылқының ер тұрманын жасау және т.б.) дамуымен, яғ ни қоғамдағы екінші еңбек бөлінісінің, қолөнердің бөлінуіне бай ланысты қоғамдық құрылымда да елеулі өзгерістер пайда болды. Әскери қақтығыстар жиілей түскен сайынтұрақты әскерилер, яғ ни соғыс ісіне «маманданған» жауынгерлердің болуы заңдылық қа айнала бастайды. Олар жауға тойтарыс беруге әрі өздері де тұ рақты әскери жорықтар ұйымдастырып тұруға тиіс еді. Міне, осы жауынгерлер болашақтағы тек қазақ қоғамына тән батырлар инс титутының негізгі әлеуметтік қызметін – батырлардың азаматтық істерге араласуынан басқа әлеуметтік сипатының негізгі қыры, ең басты ерекшелігі дәстүрлі қоғамда олардың тек әскери кәсіппен айналысуынқалыптастырды. Сібір аумағында жүргізілген археологиялық зерттеулерде те мір дәуірінде Батыс Сібір аумағында атты жауынгер-батыр культі орнағанын көрсетіп отыр. Атты жауынгерлердің қола мүсіндері нің көптеп табылуы батырлар мен әскери көсемдерді құдаймен теңестіру түсінігі қалыптасқанын, бұл өз кезегінде батырлардың сонау ежелгі замандардан-ақ қоғамдық өмір мен әлеуметтік саты да маңызды орын алғанын көсетеді159. Г.А. Федоров-Давыдов Еуразия көшпелілерінің өнерін талдай келе, Копен чаа-тастың бедерлері мен Сулек жазбасының бейне лерін сипаттай келе: «в Сулекской писанице воплотился очень яр ко образ степного воина, который во главе своих отрядов совер шал грандиозные завоевания и образовал в VI-VII вв. огромный каганат, а затем серию государств, таких как Кыргызская держа Коников Б.А. Некоторые вопросы раннесредневековой археологии таежного Приир тышья (в связи с исследованиями поселения и курганной группы у д. Кипо-Кулары Омс кой области) // Проблемы этнической истории тюркских народов Сибири и сопредельных территорий. – Омск: Омск. ун-т, 1984. – C. 36-49. 159
1.2. Батыршылық институтының қалыптасуы және дамуы
45
ва, Хазария, Болгарское и Аварское объединения и т.п.»160 – де ген қорытындыға келеді. Зерттеуші А.Т. Қайдаров археологиялық зерттеулердің мәліметтері мен халық ауыз әдебиетіндегі батыр лардың образы мен қару-жарақтарының бейнеленуін салыстыра келе, түркі дәуіріне жататын (VI-XII ғғ.) материалдық ескерткіш тер мен халық ауыз әдебиеті мәліметтерінің бірін-бірі қайталайтындығы туралы қорытынды жасайды161. Өткен ғасырдың алғашқы жартысында өмір сүрген, тарихшығалым Біләл Аспандияровтың (1886-1958) 1947 жылы жазылған «Образование Букеевской орды и ее ликвидация» атты еңбегінің қолжазбасында қазақ қоғамындағы батырлар институтының қа лыптасуын«В ранний период казахской истории в случаях опас ности или при нападениях извне из рядовых казахов обычно формировались военные дружины со своими военачальниками. Такие дружины часто возглавлялись батырами. В последующие же периоды формирование батырства, как социальной катего рии, тесно связано с возникновением военно-феодальной знати», – деп көрсетуі162 белгілі тарихшы Е.Б. Бекмахановтың зерттеуле рінде де одан әрі бекітіле түскен163. Батыршылық институтының бастау көзі, қалыптасу кезеңде рінің тарихи эволюциясы батырлар жырынан анық көрініс бе реді. Батырлар жырын талдай отырып, батырлардың әлеуметтік топ ретінде қалыптасу жолын көруге болады. Бұл туралы белгілі зерттеуші Р.С. Липец былай деп жазады: «тюрко-монгольские на роды проходили путь исторического развития неравномерно и к моменту сложения у них эпоса в нем оказались зафиксированны ми различные стадии процесса. Картина общественной жизни в эпосе неоднозначна. Образ эпического героя модифицируется. От батыра одиночки, генетически еще во многом связанного с оди ноким охотником доклассового общества, он проходит ряд этапов Федоров-Давыдов Г.А. Искусство кочевников и Золотой Орды. – М.: Искусство, 1976. – С. 82. 161 Кайдаров А.Т. Доспехи и вооружение воина-батыра в казахском эпосе и их этно-лин ɟвистическое объяснение // Известия АН КазССР. Серия общественных наук. – 1973. – № 6. – С. 26. 162 Аспандияров Б. Образование Букеевской орды и ее ликвидация. – С. 108. 163 Бекмаханов Е.Б. К вопросу о социальной природе батыров (XIX в.). – С. 18, 62. 160
46
1-ТАРАУ. Қазақ қоғамындағы батырлық дәстүрлердің тарихи бастауы ...
до члена дифференцированного воинского содружества при став ке могущественного властителя «семидесятиханной страны», ор ганизующего походы на сильные оседлые государства»164. Қазақ халқының батырлар жырынан да сонау рулық қауымдастық ке зеңінің бүгінге жеткен, қауым мүшелерін аңшылықпен асырап, жеке басының қасиеттерімен руластарының құрметіне бөленген жалғыз мерген-батыр образының белгілерін кездестіруге болады. Міне, осы кезеңдердегі батыр жауынгер бейнесі халық жа дында сақталған түрлі батырлар жырында нақты көрініс бергенін анық байқауға болады. Мерген-аңшы бейнесіндегі мифтік сюжет тер батыр-жауынгер бейнесімен ұштасып кеткен. Мәселен, «Қамбар батыр» жырының бас қаһарманы Қамбар дың жалғыз өзі аңшылықпен тоқсан үйлі қыпшақты асырауын осындай жағдаймен байланыстыруға болады. Бірақ қоғамдық қа рым-қатынастардың өзгеруімен жалғыз аңшы-батыр образы бір те-бірте атты батыр-жауынгер бейнесімен ауыса бастайды. Адам зат қоғамының дамуымен жалғыз-аңшы батырлардан бірте-бірте әскери көсемдер – батыр-жауынгерлер тобы қалыптаса бастады. Зерттеушілердің көпшілігі түркі жазба ескерткіштерінің та маша үлгісі болып табылатын Орхон-Енисей жазбаларын стилі жағынан эпосқа жақын деп бағалайды. Р.С. Липец Күлтегіннің Үлкен және Кіші жазбасының өн бойында кездесетін эпосқа тән баяндау тәсілдерін талдайды. Ескерткіштің лексикасы да эпосқа тән. Мұнда «алп» (алып, батыр мағынасында), «ар» (ер, нағыз жігіт немесе батыр мағынасында), «кулг» (даңқты, белгілі адам, қазіргі телеуттер тілінде күшті адам мағынасында қолданылады) деген сөздер жиі кездеседі165. Орта ғасырлар кезеңінде, әсіресе түркі-моңғол халықтары ның қоғамдық құрылымында ерекше рөлге ие болған батырлар алғашқы кезден әскери жауынгерлер ретінде ру-тайпа көсемдері не немесе қағандарға бағынышты болды. Осы жерде атап өтетін бір жағдай, алғашында қаған лауазымын ру-тайпа көсемдері ие ленгендері туралы пікірлер жеткілікті. Мәселен, В.В. Владимир 164 165
Липец Р. Образы батыра и его коня в тюрко-монгольском эпосе. – М.: Наука, 1984. – С. 4. Липец Р. Образы батыра и его коня в тюрко-монгольском эпосе. – С. 84.
1.2. Батыршылық институтының қалыптасуы және дамуы
47
цев Рашид ад Диннің мәліметтеріне сүйене отырып, моңғолдар туралы: «... көбінесе, әсіресе соғыс, ірі аң аулау кездерінде тай па кеңесі жетекші көсем (Вождь предводитель) сайлайтын, олар бейбіт кезеңдерде де көсемдер болып қала беретін. Оларды не гізінен хаан деп атайтын», – дей келе ежелгі моңғол тайпалары ның көсемі – хаандар негізінен тек соғыс кезінде ғана ең жоғарғы басшы ретінде танылған деп санайды166. Зерттеуші бұдан әрі хаан (қаған) титулын кейде тіпті ұсақ бірлестіктердің, құрамында әр түрлі рулардың бірнеше тармақтары ғана бар тайпа көсемдері де иеленгендерін алға тартады167. Келесі зерттеуші А.Н. Бернштам: «qaan, qavan» термині әр түрлі контексте кездеседі, бірақ ол белгі лі бір румен немесе тайпамен байланысты, – дей келе, – көсем, ру ақсақалын білдіретін термин келе-келе хан лауазымын білдіретін терминге айналды, – деп жазады168. Қарастырып отырған кезеңде қағандар дегеніміз дәл қазіргі мағынасында қолданып отырғаны мыздай батыр бола алғанын көреміз. Себебі, олар бұл лауазымға негізінен мұрагерлік жолмен емес, тек өзінің жеке бас қасиетте рімен қол жеткізген. Көптеген зерттеушілер, мәселен қырғыз кө семдері – билер мен түрікмен көсемдері – хандардың да негізінен әскери көсемдер-батырлардан шыққанын атап өтеді169. XII-XIII ғасырлардағы моңғолдардың қоғамдық құрылымы ту ралы жаза келіп, Б.Я. Владимирцев моңғол руларының тармақта луы, бөлінуінің басты себебі уақыт өте келе мықты отбасының бө лінуі немесе бір рудың екіге жарылуы арқылы жүзеге асатындығын көрсетеді. Осы жаңа құрылымдар жаңа рудың негізін қалаушылар болып табылады. Ал, жаңа құрылымдардың пайда болуында олар ға тірек болатын әскери күштер немесе жетекші адамның жеке бас қасиеттері, мәселен батырлығы туралы атақ-даңқы аса салмақты маңызға ие болатын деп атап көрсетеді. Зерттеуші одан әрі «весь Владимирцев Б.Я. Общественный строй монголов. Монгольский кочевой феодализм. – С. 80. 167 Владимирцев Б.Я. Общественный строй монголов. Монгольский кочевой феодализм. – С. 81. 168 Бернштам А.Н. Социально-экономический строй орхоно-енисейских тюрок VI-VIII ве ков. – М.-Л.: Изд-во АН СССР, 1946. – С. 99. 169 Ильясов С.М. Земельные отношение в Киргизии в конце XIX – начале ХХ в. – Фрунзе: Киргизгосиздат, 1963. – С. 71. 166
48
1-ТАРАУ. Қазақ қоғамындағы батырлық дәстүрлердің тарихи бастауы ...
процесс можно охарактеризовать, как образование степной родо вой аристократии, выросшей из борьбы с хозяйственно слабыми группами. Везде и всюду во главе аристократических домов или родов оказываются особые предводители или вожди. При этом предводители эти получают власть не как старшие в роде, не в ка честве родовых кровных старейшин, а как наиболее сильные, лов кие, смышленные, богатые. Власть их можно называть властью захватнической. Таких предводителей аристократических домов назыают вообще «noyan» (господин), но очень часто они носят характерное прозвище, как бы показывающие кто они такие. Их часто называют «ba’ atur» (богатырь), «sesen» (мудрый), «mergen» (меткий стрелок), «boko» (силач)»170 – деп жазады. Ортағасырлар кезеңінде адамның жеке бас қасиеттері, әсіресе батырлығы жеке рулық қана емес, кейде жаңа мемлекеттік құры лымдардың пайда болуының алғышарттарын қалайтыны айқын. Мәселен, атақты Шыңғыс ханның әкесі Есугей, дәстүрлі қытай шенеунігінің пікірінше, «он адамның басшысы» болса, Раши ад-дин сияқты ірі мемлекет қайраткері, тарихшы үшін «патша», ал шын мәнінде моңғолдар үшін тек қана «баһадүр» екендігі бел гілі171. Мұндай мысалды атақты Едіге тарихынан да көруге бо лады. Едіге және онық ұрпақтары «Қырымның қырық батыры» туралы батырлар жырына арқау болғаны мәлім172. Ортағасырлар дәуіріне тән ерекшелік атақты батырлар белгілі бір ұлыс билеуші лері ретінде мемлекеттің қоғамдық-саяси өмірінде маңызды рөл атқарған тұлғалар болған. Мұндағы ұлыс дегеніміз негізінен ірі тайпалар тобы, ол бірінші сол ұлысты құрайтын ру-тайпа адам дарына, содан кейін ғана оларға тиесілі көші-қон аймағын білді ретін белгілі бір территорияға қатысты. В.Я. Владимирцев моңғол нояндары өз биліктеріне рудың ақ сақалдары ретінде емес, негізінен күшті, епті дала жыртқышы, батыр ретінде қол жеткізгенін атап өтеді173. Владимирцев Б.Я. Общественный строй монголов. Монгольский кочевой феодализм. – С. 74. 171 Владимирцов Б.Я. Чингис-Хан. – Берлин – Петроград. – М., 1922. – С. 18-19. 172 Батырлар жыры. Қырымның қырық батыры. (Мұрын жыраудан жазылған мұралар). – Алматы: Жазушы, 1989. – Т. 5. – 380 б. 173 Владимирцев Б.Я. Общественный строй монголов. Монгольский кочевой феодализм. – С. 74 – 75. 170
1.2. Батыршылық институтының қалыптасуы және дамуы
49
С.М. Абрамзон да алғашында тек соғыс кезінде ғана ерекше рөлге ие қырғыздың әскербасы-батырлардың бірте-бірте ру ақ сақалдарын екінші қатарға ығыстырғаны туралы жазады174. Тү рікмендерде «сәтті аламандардың басшылары Хиуа мемлеке тінде ірі сановник, тайпа көсемдері» дәрежесіне көтерілгендері белгілі175. Бірақ, моңғол шапқыншылығы дәуірінен кейін жергі лікті ру-тайпадан шыққан батырлар мен бектердің және т.б. да ла аксүйектерінің түрлі өкілдерінің мемлекеттің қоғамдық-саяси өмірдегі беделі мен орны күрт төмендегені белгілі. Дегенмен бұл кезеңде батырлық жеке адамның қасиеті ретінде ғана дәріптеліп, дала салтының ажырағысыз ұғымы ретінде қабылданғаны аян. Моңғол шапқыншылығынан кейін құрылған жаңа ұлыстық жүйе бұрыннан қалыптасқан рулық-тайпалық бөліністерге қара ма-қайшы болғанын да ескеруіміз керек. Моңғолдарға бағыныш тылыққа түскен ру-тайпалар өзара бөлініп-бөлініп кетті, олардың бұрынғы көші-қон аймақтары, бағыттары өзгерді, әрі олар бір-бі рімен және өзара туыс өзге ру-тайпалармен байланыстарын үзіп алды. Бұрынғы ру-тайпалық жүйенің бұзылуына ендігі жердегі билеуші әулет пен оларға бағынышты тайпалардың арасында қа лыптасқан жаңа қарым-қатынастардың үлгісі мен мазмұны ерек ше әсер етті. Бағыныштылыққа түскен ру-тайпалар жаңа әскери әкімшілік бөлініске сәйкес түмендер, мыңдықтар, жүздіктер шы ғара алатын әкімшілік аймақтарға бөлінді. Шыңғыс хан тұсындаақ бүкіл тұрғындарды ондық жүйе бойынша бөлу ру-тайпалық топтарды әскери тұрғыдан ғана жаңадан құрып қою емес, ол со нымен қатар «ханның саналы түрде дәстүрлі ру-тайпалық құры лымды күйретуі болды»176. Алтын Орда мемлекетінің қоғамдық құрылымы туралы ірге лі зерттеу еңбегінің авторы Г.А. Федоров-Давыдов Алтын Орда мемлекетінің де өз ішінде ұсақ ұлыстарға бөлінгенін дәлелдейді. Бірақ бұл ұлыстардың шекараларын анықтауда нақтылықтың Абрамзон С.М. Киргизы и их этногенетические и историко-культурные связи. – Л.: Наука, 1971. – С. 166 – 167. 175 Росляков А.Л. Аламаны // Советская этнография. – 1955. – № 2. – С. 49. 176 Владимирцев Б.Я. Общественный строй монголов. Монгольский кочевой феодализм. – С. 109 – 110. 174
50
1-ТАРАУ. Қазақ қоғамындағы батырлық дәстүрлердің тарихи бастауы ...
сақталмайтындығын атап өтеді. Автор үлеске берілген жерлердің үнемі өзгеріп отырғандығын, соған байланысты бұл үлестердің иесі болып саналған әмірлердің қол астына қарасты жүздік, мың дықтарымен бірге көші-қон аумақтары да өзгеріп отырғандығын жазады177. Бірақ уақыт өте келе, атақты, белгілі бір ұлыс билеуші лері ретінде батырлар мемлекеттің қоғамдық-саяси өмірінде маңызды рөл атқарған тұлғалар ретінде қайта көріне бастайды. Мысалы, ортағасырлық деректерде әмір Темір мен Тоқтамыс хан арасындағы шайқасты сипаттай келе, Тоқтамыс хан Бахриндер ұлысының басшысы болған Яғлы бай баһадүр Бахринге ертеңгі ұрыста сол қанат әскері құрамында шайқасуға бұйырғанын ха барлайды. Сонымен ертеңгі шайқасқа, Яғлыбай (Жақсыбай) ба хадүр өзінің елімен (иль – өз тайпасымен) сол қанат әскері құ рамында шайқасады. Міне, осы кезеңнен бастап, – дейді дерек авторы, Бахриндер ұлысы өзбек сұлтандарының құрылтайында сол қанаттан орын алды178. Деректерге зер салсақ, жергілікті ру-тайпа өкілдерінің (батыр, би немсе т.б тұлғалар) моңғол шапқыншылығы дәуірінен кейін біршама әлсіреген қоғамдық-саяси өмірдегі белсенділігінің тек XIV ғасырларға таман ғана қайта күшейе бастағанын байқауға болады. Себебі, алғашқы кезеңдегі моңғолдық билік пен олар құрған мемлекеттердің қуаты уақыт өте келе әлсірей бастайды. Уақыт өте келе жергілікті ру-тайпалар мен салт-дәстүрлер қайтадан бел алып, моңғолдық факторды жұта бастайды. Осындай жағ дайда жергілікті түркі және түркіленген ру-тайпа әмірлері дер бестікке ұмтылып, XIV ғасырға дейінгі кезеңмен салыстырғанда мемлекеттің әкімшілік-саяси өмірінде маңызды рөл атқара бас тайды. Бұл үрдіс ХІV-ХV ғасырларда күшейіп, анық байқалды. М.Г. Сафаргалиев та ортағасырлық араб тарихшысы әл-Омари дің Өзбек хан туралы: «өз мемлекетіне қатысты істерде ол (яғни, Өзбек хан) тек істің жалпы сипатына ғана назар аударып, оның мән-жайына тереңдеп бармай, ол туралы өзіне берілген есептер Федоров-Давыдов Г.А. Общественный строй Золотой Орды. – С. 108. Сборник материалов, относящихся к истории Золотой Орды. Извлечение из сочинений персидскиих. – М.-Л.: Изд-во АН ССР, 1994. – Том II. – С. 108. 177 178
1.2. Батыршылық институтының қалыптасуы және дамуы
51
мен ғана шектеледі ...» деп жазған мәліметтерін негізге ала оты рып, осы тұста мемлекеттік биліктің бүкіл маңызды тетіктерін қолдарына ұстап тұрған әмірлер билігінің күшейе түскендігін атап өткен болатын179. Мәселен, Тоқтамыс пен Әмір Темір арасындағы шайқастарды баяндайтын авторлар Тоқтамыс әскерін басқарған әмірлер мен нояндардың есімдерін, олардың кейбіреулерінің шыққан тайпа сын да нақты атайды. Деректерде Жошы ұлысының осы кезеңдегі әмірлері мен нояндары ретінде: «Әли Сүлеймен Суфи Қоңырат, Наурыз Қоңырат, Ақтау, Урусчук Қият, Исабек, Хасанбек Сарай, Көке-Бұғы, Жағлы би Бахрин, Қоңыр би есімдері аталады. Бұдан әрі қарай талдасақ, Тоқтамыс пен Әмір Темір арасындағы екінші шайқас кезіндегі Тоқтамыс әскерінің қатарында Ақтау, Дәуіт со фы, Удурку, сондай-ақ жоғарыда аталған Исабек пен Жақсықожа, кезінде Орыс ханнан Тоқтамыс жағына өткен Қазан бахадүр мен Ұрық-Темір есімдері белгілі180. ХІV-ХV ғасырлар арасында Дешті Қыпшақ даласында, Орда Ежен ұлысына, яғни Ақ Ордаға қараған түркі тайпаларынан шық қан Алаш баһадүр есімі де тарихтан белігілі. Ортағасырлық сәу лет өнерінің ескерткіші Алаша хан мазары осы тарихи тұлғаның басына орнатылған деуге негіз бар. Монғол ұлыстары ыдырар тұста, жаңа әлеуметтік және территориялық бөліністер бастал ғанда, Алаш ұлысына кіретін түркі тайпалары әскери тұрғыдан мыңдықтарға бөлінді, міне, осыған байланысты «үш сан Алаш мыңы» деген ұғым пайда болды. Қадырғали Жалайыри олардың есімдерін нақты атап көрсеткен181. Ш.Уәлиханов кезінде Әмір Темір мен Тоқтамыстың арасында болған қантөгісте осы оқиға ға қатысқан Алаш балалары туралы айта кеткен еді. Осы дерек ті өзінің зерттеуінде пайдаланған М.Тынышпаев Әмір Темірдің Сафаргалиев М.Г. Распад Золотой Орды // На стыке континентов и цивилизации. Из опыта образования и распада империй Х-ХVІ вв. – М.: Российская политическая энцик лопедия, 1996. – С. 367- 368. 180 Сборник материалов, относящихся к истории Золотой Орды. Извлечение из сочинений персидскиих. – М. – Л.: Изд-во АН ССР, 1994. – Том II. – С.118-121, 131-132, 146-148. 181 Қадырғали Жалайыр. Шежірелер жинағы / Шағатай-қазақ тілінен аударып, алғы сөзін жазғандар Н. Мингулов, Б. Көмеков, С. Өтениязов. – Алматы: Қазақстан, 1997. – 27 б. 179
52
1-ТАРАУ. Қазақ қоғамындағы батырлық дәстүрлердің тарихи бастауы ...
1391 жылғы жорығында осы Алаш баһадүрдің балаларын өлтір гені туралы жазады182. Зерттеуші Т. Омарбеков: «Бұл жерде әңгіме жоғарыда аталған Алаш баһадүрдің қарауындағы бұрынғы Ақ Орданы мекендеген тайпалар туралы болып отыр деуге толық негіз бар. Алғаш осы баһадүрге бағынған аймақ «Алаш мыңы» аталған әскери жасақ шығара алса, біртіндеп осы аймақтағы басты-басты ірі тайпалар дың өздері де «Алты сан Алаш» атанатын болды», – деп тұжы рымдайды183. Сондықтан, XIV-XV ғасырларда қалыптасқан саяси жағдай батырлардың ықпалды топ ретінде қоғамдық-саяси өмір дегі белсенділігінің артуына қолайлы алғышарттар жасағанын көреміз. Сондықтан қарастырылып отырған кезеңде ұлыс билеушісі, рубасы – батырдың бір жағынан экономикалық мүмкіндігі мол болса, тиісінше ол көшпелі қоғамдағы билеуші хан мен сұлтан дардан да ықпалды болды. Жоғарыда келтірілген Алаш баһадүр, Қарақожа батырлар міне, осындай тұлғалар болған. Осы орайда тағы да бір маңызды мәселенің басын ашып алу қажет. Батыршылық институтының генезисін қарастырғанда оны белгілі тарихи кезеңдерде көшпелілер қоғамына тән басқа да әлеуметтік институттардан дербес толық жеке құрылым ретінде қарастыра алмаймыз. Зерттеуші А.И. Перщиц көшпелі халықтар дың саяси құрылымының ерекшеліктері туралы жаза келе, араб бедуиндерінің мысалын алға тартады. Мәселен оларды бейбіт ке зеңдерде шейхтар басқарса, соғыс кезеңдерінде акыдылар – со ғыс көсемдері, арифтер – медиаторлар сотының қызметін жүзеге асырушылар болғанын алға тартады. Ал сахара көшпелілерінің көсемдері шаруашылық өмірді үйлестірушілер, әскери көсемдер мен судьялар міндеттерін бірге атқаратын. Бұдан әрі зерттеуші алғашқы құрылым екінші құрылымға қарағанда бірінші пайда болған, себебі көшпелілердің тайпа көсемдері рулық және ішкі рулық құрылымдардың басшыларымен салыстырғанда негізінен әскери көсемдер болған, – дей келе, мұны ежелгі кезеңде жоға Тынышпаев М. Таңдамалы. Избранное. – Алматы, 2001. – 163 б. Омарбеков Т. «Алаш» атауы туралы не білеміз? // Қазақ ру-тайпаларының тарихы. Най ман. – Алматы: «Алаш» тарихи-зерттеулер орталығы, 2008. – Т. 10. – 1-кітап. – 51 б. 182 183
1.2. Батыршылық институтының қалыптасуы және дамуы
53
рыда айтып өткен араб бедуиндерінде тайпаны тек қана әскери көсемдер – сеийттер басқарғанынан көреміз деген тұжырым жа сайды184. Дәстүрлі қазақ қоғамына тән билер институтының ерекшелік тері туралы жаза келе, зерттеуші А. Оразбаеваның «XIV-XVI ғасырлардағы қазақ қоғамының әлеуметтік өміріндегі билер инсти туты өзінше дербес, ара-жігі басқадай әлеуметтік топтардан ажы ратылған құрылым деуге келмейді»185 – деген тұжырымын батыр шылық институтына да толық қолдануға болады. Бұл пікірімізге халық ауыз әдебиеті деректерінен мол мысал кетіруге болады. Қазақ хандығы құрылуының қарсаңындағы Шығыс Дешті Қып шақтың беделді билерінің бірі – Ақжол тек би ғана емес, батыр. XV ғасырда өмір сүрген Қазтуған; Доспамбет, Шалкиіз Тілен шіұлы, Жиембет, Марғасқа, Ақтамберді жыраулар да қол баста ған батырлығымен танылған тұлғалар. Зерттеуші А.Оразбаева сөз болып отырған кезеңдегі би, жырау, батыр ұғымдарының өза ра тығыз астасып жатқаны күмән туғызбайды және мұның белгілі тарихи негізі де жоқ емес, – деп атап өтеді186. Зерттеуші Т.И. Сұлтанов та «би» сөзі ежелгі «бек» сөзінің сәл өзгерген атауы деп көрсетеді. Себебі би сөзі XV ғасырға дейін гі деректерде кездеспейді. Түркінің «бек» сөзі моңғолдың ноян, араб-парсының әмір сөзіне сәйкес келеді деп жазады187. Билер төрт қасиеті: әскербасы, әкімшілік тұлға, судья, дала ақсүйегі нің өкілін біріктіруші. Дешті-Қыпшақтың билері немесе бектері Шыңғыс тұқымдарынан да ежелгі, дәстүрлі ұлыстық ақсүйектер дің өкілдері. Жоғарыдағы пікірімізді Тоқтамыс хан дәуіріндегі тарихи тұл ға Қарақожа батырдың мысалында да дәлелдеуге болады. «Едіге» жырының Ш. Уәлиханов және Қ. Сәтпаев жариялаған нұсқасында Арғыннан шыққан Қарақожа батыр Тоқтамыс хан Перщиц А.И. Война и мир на пароге цивилизаций. Кочевые скотоводы – С. 150. Оразбаева А. Қазақ қоғамындағы билер институты: тарихи бастаулары, орны және рөлі (ХVІІІ ғасыр): тарих ғыл. канд. ... дисс. – Алматы, 1998. – 66 б. 186 Оразбаева А. Қазақ қоғамындағы билер институты: тарихи бастаулары, орны және рөлі (ХVІІІ ғасыр): тарих ғыл. канд. ... дисс. – Алматы, 1998. – 67 б. 187 Кляшторный С.Г., Султанов Т.И. Государства и народы евразийских степей: Древность и средневековье. – СПб.: Петербургское Востоковедение, 2004. 2-е изд., исправл. и доп. С. 351. 184 185
54
1-ТАРАУ. Қазақ қоғамындағы батырлық дәстүрлердің тарихи бастауы ...
ның батырларының бірі ретінде аталады188. Арғын Қарақожа ба тыр есімі жырда өзіне қастық ойлағанын білгеннен соң Едігенің Тоқтамыс ханнан қашып құтылуынан кейін, хан өзіне жақын «то ғыз ерін алып келіп, есігінің алдына қойып, бір-бірлеп шақырып сұраған» кезінде айтылады. Хан Қарақожаға былай дейді: Көшкенде көшін айлаған, Жанына өткір семсер байлаған, Жау қарасын көргенде Жауар күндей торланған, Кетер құстай сайланған, Алладан тілек тілеп зарланған, Арғындардың басы едің, Қарақожа батырым, Сен бір кіріп толғашы189.
1398 жылғы 12 тамызда Ворскла өзенінің жағасындағы шешу ші шайқаста Тоқтамыс пен Витовт әскерлері әмір Темірден көмек алған Алтын Орда ханы Темір Құтлық пен оның әмірі Едігеден талқаны шығып, жеңілді. Тоқтамыс Сібірге қашты. Осы кездегі оқиғаларды баяндай келе, Қадырғали Жалайыри: «Бұл Тоқтамыс хан Еділ өзенінде болған, Тойхожа ұланның ұлы еді. Оның хи каялары әрқашан мәлім, әрі белгілі. Құтлықия ұлы Едіге Күшік оның шорасы еді. Бір уақытта, онан көңілі қалып, Едіге Күшікке қаһар қылып өлтірмекші болды. Онан азат болып, бірнеше жыл өткен соң Темір бектің әскерін бастап келіп, Тоқтамыс ханды қашырды. Темір бектің сұстынан Тоқтамыс хан солтүстікке қа рай қашты. Аш-жалаңаш жүрді. Соңынан қарауыл салды. Етим (Ятым) баһадурды, онан соң Тубал Баһадурды салды, онан соң Арғын Қарақожаны салды. Өзгелері бірнеше нөкерлерімен (де малуға) жатты. Едіге Күшік ұлы Нұраддин қосымша әскер ертіп, қарауылды ғапыл қалдырып, әуелі Етим Баһадурды өлтірді, онан бәрін ғапыл қалдырып өлтірді, хан нөкерлері ғапыл еді, оларды да опат қылды. Барлық жан-жануар өліп, өзінің иесіне орала ды»190 – деген мәліметтер келтірілген. Едіге батыр. – Алматы: Ғылым, 1995. – 362-363 бб. Едіге батыр. – 57 б. Қадырғали Жалайыр. Шежірелер жинағы / Шағатай-қазақ тілінен аударып, алғы сөзін жазғандар Н. Мингулов, Б. Көмеков, С. Өтениязов. – Алматы: Қазақстан, 1997. – 114-115 бб. 188 189 190
1.2. Батыршылық институтының қалыптасуы және дамуы
55
Татарстандық зерттеуші ғалым Д.М. Исхаков Қара-Қожаның шежіресін келтіріп және оған түсініктеме бере отырып «Связь между двумя родословными идет через звено Кара-Коджа-бе ка (Кара Гужа). Этот бек в Крымском ханстве считался родона чальником одного из кланов карача-беев – Аргынов», – деп жа зады191. Ал, М. Ахметзянов былай дейді: «Қарақожа (Қара бек) шежіресі татар халқының тарихында зор тарихи мәні бар құ жат. Оның екі дестеден артық нұсқалары бар. Қара бек шежіресі ХІV ғасыр соңында Қырым мен Кавказдан татар тайпаларының (оғыз-қыпшақтар) Алтын Орданың Бұлғар аймағына көшіп келу тарихын баяндайды192. Көріп отырғанымыздай, тарихи деректер Қарақожаны әрі батыр, әрі би ретінде де бейнелейді. Батырлардың әлеуметтік, саяси күш ретінде институтқа айна луы бұдан кейінгі кезеңдерде бірте-бірте жүзеге асты. Сондықтан белгілі зерттеуші Е. Бекмаханов XIII-XIV ғасырлардағы батыр лар мен XVIII-XIX ғасырлардағы батырларды бірдей қарастыру ға болмайды деп атап көрсеткен еді193. Батырлар институтының қалыптасуының аяқталуыннегізінен XVIII ғасырмен байланыстырамыз. Сондықтан дәл осы кезеңде батыршылық институтының күрделі қалыптасу үдерісі аяқталып, ол өзінің дәл осы кезеңдегі дәстүрлі қазақ қоғамына тән ерекше лігіне сай өзіндік қызметтерін атқарды. Келесі тарауларымызда дәстүрлі қазақ қоғамындағы батыршылық институтының атқар ған әлеуметтік-саяси қызметіне, оның ішкі-сыртқы саяси қызме тінің ерекшеліктеріне тоқталамыз. Сонымен дәстүрлі қазақ қоғамындағы батыршылық институ тының пайда болуы мен қалыптасуының эволюциясын қарасты ра келе, төмендегідей қорытындыларға келеміз. – батырлардың пайда болуы мен жауынгерлер тобының же текшілері ретінде ерекшеленуі қоғам дамуының «әскери демократия» кезеңімен тығыз байланысты. Дәл осы кезең Исхаков Д.М. Родословные и эпические произведения как источник истории сословий Улуса Джучи и татарских ханств // Источниковедение Улуса Джучи (Золотой Орды): от Калки до Астрахани. 1223-1556. – Казань, 2002. – С. 347. 192 Ахметзянов М. Татарские шеджере. – Казань: Таткнигоиздат, 1991. – 15 б. 193 Бекмаханов Е.Б. Қазақстан ХІХ ғасырдың 20-40 жылдарында (оқу құралы). – 104 б. 191
56
1-ТАРАУ. Қазақ қоғамындағы батырлық дәстүрлердің тарихи бастауы ...
де көшпелі қоғамның қозғалысқа түсуімен батырлардың қо ғамдық-саяси өмірдегі рөлі ерекшеленіп, «батырлар культі» пайда болады. Батыршылық институтының қалыптасу үрдісі нің генезисі мен барысы батырлар жырынан көрініс тапқан. – ортағасырлар кезеңінде жаңа рулық, тайпалық бірлестіктер дің құрылуы жекелеген тұлғалардың батырлық қасиеттерімен тікелей байланысты болды. Сондықтан көшпелілердің мем лекеттілік мәселелері зерттеушілер еңбектерінде «көсемдік» («вождество») деп аталып, оның түрлері айқындалды. – Моңғол шапқыншылығының нәтижесінде батырлардың же ке көсемдік қызметтері шектеліп, батырлық тек жеке тұлға лық қасиет ретінде қарастырылып, олардың қоғамдық-саяси өмірдегі белсенділігі бәсеңдейді. Батырлардың қоғамдық өмірдегі белсенді әлеуметтік топ ретінде көрініс беруі XIVXV ғасырлармен тығыз байланысты. – XIV-XVI ғасырлардағы қазақ қоғамының әлеуметтік өмірінде гі батырлар институтын өзінше дербес, ара-жігі басқалай әлеу меттік топтардан ажыратылған құрылым ретінде қарастыруға келмейді. Дәстүрлі қазақ қоғамындағы батырлар мен билер институтының қызметтері бір-бірімен астасып жатты. Оны ор тағасырлық «бектердің» атқарған қызметінен айқын көреміз. – Батыршылық институтының генезисі мен қалыптасуының кезеңдерінде, даму эволюциясында көшпелі қоғамның өзіндік ерекшеліктері маңызды рөл атқарды, батыршылық институты көшпелі қоғамның шаруашылықтық-мәдени ке шенінің қалыптасуы нәтижесінде пайда болған әлеуметтік сұраныстың қажеттілігі ретінде пайда болды. Студенттердің өз білімін тексеруге арналған сұрақтар: 1. Сақтар одағы, билік жүйесі, әлеуметтік құрылымы 2. Үйсіндер. Күнби және сайлаулы әскер. 3. Қаңлылар одақтары. 4. Ғұндар одағы. Тәңірқұтының міндеттері мен қызметі. 5. Қазақтардың потестарлық жүйесіндегі жүз. 6. Орта ғасырлық түркі мемлекеттерінің басқару жүйесіндегі тарихи тұлғалар. 7. Орта ғасырлық мемлекетттердегі билік құрылымы.
1.3. Батырлардың әлеуметтік құрамы және институционалдық статусы
57
1.3. Батырлардың әлеуметтік құрамы және статусы Енді қазақ қоғамындағы батырлардың әлеуметтік құра мы мен институционалдық статусына тоқт ала кетс ек, себебі дәстүрлі қазақ қоғамындағы жауынгерлік дәстүрді жалғасты рушылар ретінде өзіндік ерекшелігі айқын әлеуметтік топты құраған қазақ батырларының өзіндік ұғымдық бет-бейнесі қа лыпт асты. Батырлардың қоғамдағы портреті мен атқарған қызметі бейбіт заманда нақты көрінбесі анық. Сондықтан батырлардың тұлға сы мен ерлік істері жаугершілік замандарға тән екені белгілі. Қай кезеңде болмасын батырлар – жауынгерлік дәстүрді жалғастыру шылар ретінде бағаланды. Елдің елдігін сақтауға айтулы үлес қосып, қазақ халқын ортақ жауға қарсы ұйымдастырып, оның келешегі үшін топ алдында сөз сөйлеп, халықты бір арнаға тоғыстырып, оларды мыңдықтар мен түменбасыларына топтастырып, ұйыстырып, әскердің жіге рін жани түсетін, айбарына айбар қосатын батырлар институты «қазақ тарихының феномені» ретінде қарастырылады194. Батырлар өздерінің қарамағындағы рулары мен тайпаларын бастап шығар жолбастары, қолбасы, рубасы, жөн сілтері болды. Олардың мүдделерін қорғап, үлкен-үлкен басқосуларда артында қалған руластарының талап-тілегін жеткізді. Себебі қазақтың кез келген батыры сөз қадірін жете білетін, түсінетін жоғары инте лектуалды дәрежеде еді. Абай: «Біздің қазақтың жүректі кісі дегені – батыр кісі», – деп анықтама берсе195, профессор Ғарифолла Есім Райымбек батыр дың әулиелік қасиеті туралы жазған мақаласында, батырлық ұғы мын философиялық тұрғыдан тұжырымдайды. Сонымен қатар, «батырлық», «ерлік» ұғымдары туралы үлкен талдау жасай оты рып: «Ерлік адам болмысының ерекше қасиеті. Жаратушы ерек ше жандардың табиғи болмысына ерлік қуатын береді, бірақ сол қуатты адам қандай мақсатқа пайдаланбақ... Ер адам мерт болам Ерофеева И. Батыры как феномен истории казахского народа // Казахстанская правда. – 1992. – 25 сентября. 195 Құнанбаев А. Қарасөз. – 68 б. 194
58
1-ТАРАУ. Қазақ қоғамындағы батырлық дәстүрлердің тарихи бастауы ...
демейді, себебі, оған қуат беретін – намыс. Ерлік деген тек бір сәттік көрініс емес, ерлік батырдың қалыпты жағдайы», – деп тү йіндейді ғалым. Ерлік идеологиялық ұғымға айналғанда, оның табиғи болмысындағы ізгілік өзге іске, зұлымдыққа айналып ке ту мүмкіндігі үнемі болып тұрады. Қалмақ батырлары да батыр, алайда, олардың ісі ізгілікті ме. Олай болса ерліктің өлшемі не болмақ? Ерліктің өлшемі – ізгілік – деп анықтама береді. Одан әрі зерттеуші қазақ батырларының мақсаты елін, жерін қорғау, – дей келе, Райымбек батырды әулие дегенде ол елдің қорғаны, қалың жұрттың көшбасшысы, адасқан шақта жол табатын кемең гер әулиелігін айтады. «Әулие арлы адам, арлы адам намысшыл келеді, сондықтан Райымбек бабамыздың батырлығы, ел қорғаны болғаны да әулиеліктің көрінісі», – деп тұжырым жасайды196. Қазақ қоғамы үшін батырлықтың белгісі – ең алдымен сыртқы жауға қарсы күрестегі ерлік. Мәселен, халқымызбен бірге жаса сып келе жатқан «қаһармандық эпоста белгілі бір жырдың бас ты геройы ең мықты батыр болып көрсетіледі. Ол жеңілу дегенді білмейді, онымен тең келер, күш таластыра алар жан жоқ. «Алпа мыс» жырында ешкім Алпамыстың бетіне шыдай алмайды, «Қо быландыда» ноғайлының ең үлкен батыры осы Қобыландының өзі, ал, «Ер Сайын» жырында Сайынның ерлігі Қобыландыдан асыңқырап кеткендей болады. Батырлық жырлардағы негізгі мо тив – ерлік, сыртқы жауларға қарсы күрес. Әйтпесе жыр батыр лық деп аталмас та еді»197. Қазақ ұғымында «батыр» атағы мирасқорлық жолымен бе рілмейді, оған әрбір адам жеке басының ерлігімен ие болады. Ел үшін жанын қиған батырлардың есімі ел ұранына айналып, халық олардың аруақтарын қастерлеген. Ата-бабаларынан бе рі қарай «Батыр» атанып келе жатқан, ауыр жараланса да ұрыс даласын тастамағандар «қара Батыр», немесе «қара Берен Ба тыр», қауіп-қатерді елемей, ұрысқа жалғыз кіріп ерлік көрсеткен адам «жеке Батыр» атанған. Талай рет қақпа бұзып жау қамалына Есім Ғ. Әлие Райымбек жолы елдікке бастайды: Райымбек батырдың туғанына жыл // Жетісу. – 2005. – 30 шілде. 197 Мағауин М. Ғасырлар бедері. – Алматы: Жазушы, 1991. – 186,192 бб. 196
1.3. Батырлардың әлеуметтік құрамы және институционалдық статусы
59
ойран салған ерлерін қазақ «қамал бұзған қас батыр» деп ерекше леп атаған198. С.Г. Кляшторный мен Т.И. Сұлтановтың «Казахстан – ле топись трех тысячелетий» зерттеуінде «За личную храбрость в сражении и за умелое руководство военными действиями прис ваивался почетный титул «батыр». Особо выдающиеся рубаки, многократные герои поля брани получали, как свидетельствует источник XV в., титул или прозвание толубатыр /толубахадур/ – собственно «полный багатырь, то есть человек безверной отваги, стойкости, силы. Как титул слово батыр прибавлялось к собст венному имени храбреца»199, – деп жазады. Қазақ батырларының дәрежеленуі (яғни, жеке батыр, хас батыр және т.б. атақтарымен аталуы) ежелден келе жатқан дәстүр. Мәселен, Герадоттың мәлімдеуінше, скифтерде соғыста көзге түскен жауынгерлерге ерекше құрмет көрсетілетіні айтылады200. Билеуші арнайы дайындататын тостағаннан тек жауды өлтірген жауынгерлер ғана сусын ішетін, ал жауды өлтіре алмағандар шет те отырып, мұны өздері үшін нағыз масқара ретінде қабылдайтын дәстүр болған. Дәл осыған ұқсас дәстүр ғұндарда болғаны бел гілі201. Басқаша айқанда батырлық көшпелі халықтарда ежелден жоғары бағаланған әрі бұл олардың дәстүрлі қоғамының басты идеологиясының ерекшеліктерінің бірі ретінде жаңа заманда да сақталып отыр. Сондықтан дәстүрлі қазақ қоғамындағы батырлар рөлінің ар туы осындай мәртебелеу жүйесімен де тікелей байланысты бол ған. Себебі, соғыста көзге түскен көзсіз батырларды мәртебелеу жүйесі арқылы әскери атақ үлестіру, жақсы соғысқан жауынгер лерге онбасы, жүзбасы немесе батыр атағы берілген. Бұған қоса, батырларға жаудан түскен олжаның бір бөлігі, атақ, дәреже /тар Ахметжанов К.С. Жараған темір кигендер: Батырлардың қару-жарағы, әскери өнері, салт-дәстүрлері. – Алматы: Дәуір, 1996. – 3 б. 199 Кляшторный С.Г., Султанов Т.И. Казахстан: Летопись трех тысячелетий. – Алма-Ата: Рауан, 1992. – С. 345. 200 Латышев В.В. Известия древних писателей греческих и латинских о Скифии и Кавказа. – Вып. I. Греческие писатели. – СПб, 1893. – С. 66. 201 Материалы по истории Сюнну / предисл., пер. и примеч. В. С. Таскина. – М.: Наука, 1968. – С. 41. 198
60
1-ТАРАУ. Қазақ қоғамындағы батырлық дәстүрлердің тарихи бастауы ...
хан т.б./, меншікке жер, қала, ұлыстар беріліп, заттай, қаржылай сый-сияпат жасалып, хан кеңесіне қатыстырылуы сынды т.б. ма рапат көрсетіліп отырған202. Батырларды мәртебелеу шарасына қатысты мәліметтерді ака демик Әлкей Марғұлан жариялаған Олжабай батыр туралы ел аузында сақталған әңгімелерден көруге болады. Онда Олжабай батыр үш жүздің сайдауыт қолын бастап Түркістанға әмір жүргі зіп тұрған жоңғарларды Сырдариядан, одан ары Жетісудан қуып, Қытай жеріне ысырып тастағаны баяндалады. Батырдың ерлік іс теріне разылықтарын білдірген Әбілқайыр, Сәмеке, Әбілмәмбет хандар Яссауи мешітінде көп заманалардан бері сақтаулы тұрған алтын балдақ, қайқы қылышты сыйға тартады. Бұл қылыштың әуелгі иесі Әмір Темір. Мешітке сый ретінде берген де соның өзі екен тәрізді әңгімелер де батырлыққа деген елдің құрмет сезімін арттыра түсетіні белігілі203. Тарихшы Б. Берлібаев батырларды – жауынгерлік дәстүрді жалғастырушылар деп анықтама бере отырып: «Қазақтың әскери жауынгерлік өнері көшпелі өмірдің әсерімен көршілес елдермен тұрақты атыс-шабыстарда, сыртқы жаулардың шапқыншылықта рынан қорғану барысында шыңдалған», – деп түйіндейді204. Батырлардың көптеген сын сағаттарында шыңдалатыны тура лы ғалым М. Қозыбаев төмендегідей тұжырым жасайды: «Олар дың қай-қайсысы да болмасын «сарапқа түсіп, сын кеше жүріп, қаттыны біліп, қалыңды жарып, толқымай өтіп барып», жарқырап жүзі, жалтырап алмас бойы ашылған жандар. Ел іші – кен дейді халық. Қиын-қыстау заманда халықтың болмысы тарих сахнасы на шығып, оның бүгінгісі мен ертеңі сарапқа түскенде ел өз ор тасынан елі үшін, Отаны үшін, ар-намысы үшін, ел намысын ер намысына ұштастырған ерлер шығарды. Замана деген ұста ерлер ді тудырды, олардың өлмес атын өшпес іспен нұрландырды»205. Ахметжанов Қ.С. Жараған темір кигендер: Батырлардың қару-жарағы, әскери өнері, салт-дәстүрлері. – 230 б. 203 Марғұлан Ә. Олжабай // Жұлдыз. – 1984. – № 2. – 170-175 бб. 204 Берлібаев Б. Райымбек батыр және тарихи танымдағы жауынгерлік дәстүр // Райымбек – қазақ халқының даңқты ұлы. – Алматы, 2005. – 46-53 бб. 205 Қозыбаев М. Жауды шаптым ту байлап. – Алматы: Қазақстан, 1994. – 60 б. 202
1.3. Батырлардың әлеуметтік құрамы және институционалдық статусы
61
Барлық зерттеушілер көшпелі халықтардың жауынгерлігі, ба тырлығы, тіпті жалпы құндылықтар жүйесінде әскери ерлікті ерекше жоғары бағалайтындығын атап өтеді. Көшпелілер өмі ріндегі соғыстың орны мен олардың жалпы өмірінің әскерилену ерекшелігі олардың психологиясы мен идеологиясына өз әсерін тигізген. Дәстүрлі қазақ қоғамындағы батырлық, ерлік қасиеттер дің халықпен бірге жасасып келе жатқан, ұлттық ерекше қасиет терінің қыры екендігіне шет елдік саяхатшылар мен зерттеуші лер де баса назар аударғанын көреміз. Мәселен, қазақ даласын аралап, елдің тұрмысы мен салт-санасын зерттеген шетелдік сая хатшылардың бірі Н. Зеланд: «Қазақтардың бойында қажет жағ дайда батыр жауынгер болатындай барлық қасиеттер бар. Дала дағы өмір қауіп-қатерге үйретеді»206, – деген тұжырым жасаған. Қазақ ұғымындағы батырлықтың барлық сыр-сипатын Ма хамбет Өтемісұлы: Беркініп садақ асынбай, Біртіндеп жауды қашырмай. Білтеліге доп салмай, Қорамсаққа қол салмай, Қозы жауырын оқ алмай, Атқан оғы жоғалмай, Балдағы алтын құрыш болат, Балдағынан қанға боялмай, Қасарысқан жауына Қанды көбік жұтқызбай, Халыққа тентек атанбай Ерлердің ісі бітер ме?!207,
– деп анық көрсетеді. Батырлардың басты қасиеттері мен ерекшеліктерін санамалай келе, Қ. Ахметжанов: «Батырдың жеке ерекшелігіне тоқталсақ, олардың басты ерекшелігі олар тек қана әскери кәсіппен айна лысты. Жапонның самурайлары, француздардың рыцарлары, ин Зеланд Н. Қырғыздар. Батыс Сібір бөлімінің жазбалары // Қазақтар. Қазақстан һәм қа зақтар хақында. – Алматы, 1998. – 67 б. 207 XVІІІ-XІX ғасырлардағы қазақ ақындарының шығармалары / ред. Дүйсенбаев Ы.Т. – Алматы : ҚазССР ҒА басп., 1962. – 10 б. 206
62
1-ТАРАУ. Қазақ қоғамындағы батырлық дәстүрлердің тарихи бастауы ...
диялықтардың кшатрийлері сияқты әскери қызмет қазақ батырла рының қоғамдық монополиясы еді. Басқа кәсіппен шұғылдануды олар өздеріне ар көрді. Қабанбай, Бөгенбай, Жәнібек батырлар дың өмірлері осылай өтті», – деп жазады208. «Батыр» сөзінің ұғымы мен мәнін талдай отырып, батырлар дың қазақ қоғамының саяси-әлеуметтік құрылымындағы орны ерекше топты құрағанына көз жеткіземіз. Көріп отырғанымыздай батырлық қазақ халқының болмысымен біте қайнасып кеткен, ұлттық ерекшелігіміздің ажырағысыз бірлігі болып табылады. Егер құндылықты тарихи-мәдени ерекшеліктерден туындайтын қоғамдық феномен ретінде қарастыратын болсақ, онда қазақ хал қының да дәстүрлі қоғамына ғана тән батыршылық институтын осы өлшемнің ажырамас бөлшегі ретінде зерттеу қажет. Қазіргі кезеңде тарихи болмысты мәдени құндылықтар тұрғысынан қа растыру ғылыми көзқарастың шынайылығы болып табылатын дығы басым айтылып жүр209. Көшпелі және жартылай көшпелі қоғамның өзіне ғана тән мәдени-әлеуметтік тарихи тамырын ай қындауға ұмтылыс жасау осы мәдени-әлеуметтік тамырдың ерек шелігін білген кезде ғана қоғамдық өмірдің жекелеген салалары ғана емес, сол сияқты бұл салалардың арасындағы байланыстар дың қайталанбас сипатына көз жеткізуге болады210. Әлеуметтік құбылыс оған қоғам тарапынан қажеттілік туған кезде ғана пайда болады. Қоғамдық сұраныс қана белгілі әлеуметтік құбылыстың пайда болуының негізі болып табылады. Ал, дәстүрлі қазақ қоға мындағы батыршылықтың институциялануы қоғамның руханимәдени даму ерекшелігімен де тығыз байланысты. Кез келген қоғамның ерекшелігі оның шаруашылық-эконо микалық құрылымының сипатымен ғана емес, сол сияқты мәде ни-рухани тұрмыс-тіршілігіне де тікелей байланысты. Ал, көш пелі қоғамдар үшін бұл екеуі ажырағысыз ұғымдар. Көптеген Ахметжанов Қ.С. Жараған темір кигендер: Батырлардың қару-жарағы, әскери өнері, салт-дәстүрлері. – 15 б. 209 Алимбаев Н. Вопросы типологии традиционной кочевой культуры казахов // Культура кочевников на рубеже веков (XIX-XX вв.). Проблемы генезиса и трансформации: тезисы докладов межд. конф. – Алматы, 1995. – С. 47. 210 Шемякин Я.Г. Проблема цивилизации в советской научной литературе 60-80 годов // История СССР. – 1991. – № 5. – С. 94. 208
1.3. Батырлардың әлеуметтік құрамы және институционалдық статусы
63
ғалымдар мен зерттеушілер қазақтардың сана-сезімі, әдет-ғұрпы, салт-дәстүрі, танымы, бір сөзбен айтқанда бүкіл өмірі көшпелілік үрдісімен тығыз астасып жатқандығына ерекше назар аударады. Көшпелі қазақ қоғамын зерттей отырып, С.Е. Толыбеков «Батыр лықсыз көшпелі халықтың қалыптасуы ойға сыйымсыз»211, – деп атап өткен еді. Сондықтан батырлардың қазақ қоғамының әлеуметтік-саяси құрылымында әлеуметтік институт ретінде ерекше орынға ие болуының мәселелерін қарастырмас бұрын, алдымен әлеуметтік құрылым дегенміз не, оның институтциялануының өзіндік ерек шеліктерінің жалпы заңдылықтары қандай деген сұрақтардың басын ашып алуымыз қажет. Құрылым түсінігі обьектің ішкі құ рылымын құрайтын байланыстар мен тәуелділіктерден тұратын бір-бірімен байланысты қызметтер жиынтығын білдіреді. Объек тің құрылымын оны құраушылардың саны, олардың орналасуы және өзара байланысу ерекшеліктері анықтайды. Бұл өлшемді осылайша түсіну әлеуметтік құрылымды зерттеуде де расталған. Б.Расселдің пікірінше, обьект құрылымын ғана зерттеу оны тану да жеткіліксіз. Тіпті, құрылымға талдау жасалынған тұстың өзін де, біз ол объект бөліктерінің қандай екенін және олардың бір-бі ріне қатынасын ғана біле аламыз. Ал, ол обьекті өзінің құрамдас бөлігі немесе компонентпен бір емес басқа обьектілермен байла ныстыратын қатынастар туралы ештеңе айтпайды. Көптеген авторлар, құрылымның тұтастық шегіндегі элемент тердің байланыс жүйесінің қайталануы мен тұрақтылығы сияқ ты қасиеттеріне баса назар аударады. Олар, элементтердің өзара тәуелділік сипатына және олардың қарастырылып отырған тұ тастық ішіндегі қызметі мен өзгеруін анықтау қажеттілігіне тоқ талады. Тұтас жүйелер (соның ішінде, әлеуметтік) динамикалы болғандықтан құрылымның тұрақтылық пен қайталану сияқты қасиеттері қалай жүзеге асады деген сұрақ туындайды. Жүйе – динамизмін бір күйден екінші күйге ауыстырып тұратын құры лымдық элементтердің өзгеруі мен олардың өзара байланысы. Толыбеков С.Е. Общественно-экономический строй казахов в ХVІ-ХІХ веках. – АлмаАта, 1959. – С. 257. 211
64
1-ТАРАУ. Қазақ қоғамындағы батырлық дәстүрлердің тарихи бастауы ...
Тұтастық бұл – үрдіс, сондықтан да құрылым оны уақыт кеңісті гінде ұйымдастыру болып табылады. Жалпы құрылымдар ішінде әлеуметтік құрылымның өзіндік белгілері қандай? Әлеуметтік өмірді құрылымдық тұрғыдан тал даудың өзіндік үлкен тарихы бар. Табиғат туралы ғылымда құры лым түсінігі бір бүтінді құрайтын бөліктердің өзара байланысын сипаттау үшін, XVI ғасырдың соңында-ақ пайдаланыла бастады. Ал, «әлеуметтік құрылым» терминінің өзі тек 1945 жылдан кейін ғана айналымға енді. Малиновский мен Радклифф-Браун қоғам құрылымы туралы мәселені алғашқылардың бірі болып көтерді. Радклифф-Браун басты мақсат – қоғамның өмір сүруі деген. Ол өмір сүру үшін социум мүшелерінің бірігуінқажет етеді. Әлеуметтік бірігу қыз метін әлеуметтік институттар атқарады. Оның пікірінше, қоғам – тұрақтылығымен, төзімділігімен ерекшеленетін әлеуметтік құрылым. Биологияда, қоршаған ортамен айырбас арқылы құ рылымдық тұрақтылықты ұстап тұрған үдерісті өмір деп атай ды. Қоғамның өмірі дегеніміз, оның құрылымдарының ішкі ке лісімділікпен, үйлесімділікпен жұмыс жасауы, басқаша айтқанда Радклифф-Браун әлеуметтік жүйе элементтерінің бірлігі гипоте засын алға тартады. Кез келген заттың атқаратын қызметі оның бүкіл жүйені сау қалпында ұстап тұруына бағытталады. Әлеуметтік антропологияның осы мектебінің көшбасшылары басты назарды біртұтас ағза (тайпа, қауым, нақты тарихи қоғам) ауқымында нақты қоғамдық институттар ие қызметтерін зерттеу ге аударады. Бұл мектеп 1920 жылдары мойындалды. Әлеуметтік құрылым дар тұрақты қалыпта қалу үшін қызмет етеді деп сенгендіктен құ рылымдылық (структурализм – авт.) себепті механизмдерге назар аудармады. Расында да қоғам бір ағза ма, бір қоғаммен екінші қоғам арасына қай жерге шекара жүргізуге болады, патологиялық жағдайдағы қоғам мен сау қоғамды қалай ажыратуға болады де ген сияқты кейбір сұрақтарға жауапберілмеді. Әлеуметтік ережелер (латынша norma – басқарушы бастама, ереже, үлгі) – топтар мен индивидтердің тәртібін реттеу құралы.
1.3. Батырлардың әлеуметтік құрамы және институционалдық статусы
65
Әлеуметтік ережелер көмегімен қоғам мен әлеуметтік қауымдас тық (таптар, қауымдар, әлеуметтік ұйымдар) өз өкілдеріне талап қоя алады, ал ол талап олардың тәртібін қанағаттандыруы тиіс. Әлеуметтік ережелер адамдардың мүмкін, қалаулы, растаулы, тиімді немесе керісінше тиімсіз, қалаусыз, мүмкін емес деген сияқты түсініктерінде көрініс табады. Адамдардың әлеуметтік жүріп-тұруларының барлық түрі, соның ішінде жеке тұлға ре тінде қалыптасуы өз өмірінде әлеуметтік ережелерін сіңіруі мен жүзеге асыруы жолы арқылы қамтамасыз етіледі. Қоғам талабы нан туындап орнаған әлеуметтік ережелер негізінде сол топтар өкілдерінің моделі, эталоны қалыптасады. Әлеуметтік ережелер қоғамның тұрақтылығын, оның қалыпты қабылдануын, ішкі – сыртқы қиратқыш әсерлерден сақталуынқамтамасыз етеді. Сон дықтан да әлеуметтік ережелер, қоғамның өмірге қабілеттілігін реттеп, қолдап отырады. Қоғамдық қатынастардың әлеуметтік табиғатының басты сәті – әр ұрпақтың әлеуметтенуі мен олардың әлеуметтік ережелерді үйренуінде. Батырлар институты да қа зақ қоғамындағы ерекше әлеуметтік институт ретінде қалыптаса отырып, өзіндік ұстанымдары мен ережелері айқын топ ретінде айқындалғанын көреміз. Ережелерді бір ұрпақтан екінші ұрпаққа беруі сабақтастықпен қатал байланысты. Ережелердің тұрақты лығы әлеуметтену және қалыптасқан тәртіпті бұзғаны үшін санк циялардың болуымен анықталады. Ал енді, қауымдастықты (топтар) қарастырудан әлеуметтік құ рылымның негізгі элементтерінің бірі – «әлеуметтік институтты» талдауға көшейік. Институт (лат. – орнау) – адам қызметінің әр түрлі салаларын реттеуші және оларды рөлдер мен статусы бо йынша ұйымдастырушы әлеуметтік теориялардың көбінде фор малды және формалды емес ережелер, принциптер, ұстанымдар ды белгілеу үшін қолданылатын түсінік. Біз «әлеуметтік инсти тут» түсінігін пайдалансақ, ол өз кезегінде формалды рөлдердің ірі топтары қарастырылатындығын білдіреді. Институттарды зерттеу қоғамның дамуы мен құрылымын, өзгерістердің пай да болуы мен өсуін зерттеу деген пікір Г. Спенсерден бастала ды. Институционалистер (соның ішінде Т. Веблен) институттар
66
1-ТАРАУ. Қазақ қоғамындағы батырлық дәстүрлердің тарихи бастауы ...
ды зерттеуді барлық қоғамдық ғылымдарға басты мақсат ретін де қойған. Институт түсінігін қалыптастыра отырып, бұл бағыт өкілдері институтты белгілі бір қызмет атқару үшін мақсаттары бір адамдардың тобы ретінде талдаған. Көптеген базалық ғылы ми түсініктер сияқты, институт әдебиетте кең және нақты емес түрде түсіндіріледі. Дегенмен де, институционалдық – өзара әсер етудің анықтаушы қыры ретінде ұйымдасқандығын алуға болады. Ал, институционалдық құрылымның басты элементтері – әлеу меттік ережелер, рөлдер. Институционализмді қоғам ішіндегі әр түрлі индивидтер, топтар, ұйымдар, салалар арасындағы айырбас ретінде алуға болады. Адамдардың шынайы ұмтылыстары мен мақсаттары басым жағдайда олардың құрылымдық ұстанымда рынан және соған сәйкес басымдылықпен байланысты. Тура осы лай, олардың қолындағы ресурстар солардың институционалдық ұстанымдарынан (позициясынан), әр түрлі институционалдық аймақтардың ерекшелігінен шыға отырып өзгереді. Бұл ресурс тар әр түрлі жеке дара мақсаттарды жүзеге асырудың құралы жә не де индивидтерге тікелей обьект немесе мақсат бола алады. Қазақ қоғамындағы еңбек бөлінісі және әлеуметтік-экономи калық дифференциация қоғамға қажетті құрылыстағы рөлі мен түрлі қызметінде көрініс табатын әлеуметтік институттардың жалғасы болып табылады. Әлеуметтік стратификация қоғамдық еңбек бөлінісі және түрлі индивидтердің идеалды моделін қалып тастыруда әлеуметтік-экономикалық құрылым үрдісінде пайда болды. Соған қарамастан, қазақтардың әлеуметтік-экономикалық құрылымы және әлеуметтік стратификациясы көп жағдайда сәй кес келмеді, ал кейде тіпті бір-біріне қайшы келді. Адамдардың әлеуметтік дәрежесі үнемі оның экономикалық жағдайымен анықталмады, өз кезегінде, оның қоғамындағы ор нына да бағынышты болмады. Кеңестік тарихнамада батырлардың билеушілер тобына жат қызылуы, біз қарастырып отырған кезеңде қазақ қоғамындағы әскери-потестарлық құрылым рөлінің үлкендігімен анықталды, сондай-ақ мұндай билік пен беделге батырлар да ие болды (әске ри конфронтация дәуіріндегі басшылар – авт.).
1.3. Батырлардың әлеуметтік құрамы және институционалдық статусы
67
Жалпы қазақ қоғамындағы әлеуметтік стратификация ХVІІІХІХ ғасырлардың орт асында сыртқы экономикалық қатынас тар соншалықты маңызы болмағандығын дәлелдейді. Қазақ қоғамының дамуындағы спецификалық көріністер көптеген категориялардың дамымағандығын, әлеуметтік, әскери-саяси және сот қызметтерін жүзеге асыруда кәсібиліктің жоқтығы мен сипатт алып, осының нәтижесінде әлеуметтік институтт ар мен белгілі топт ардың қалыпт асуына әкелді. Жерді пайдала ну, көші-қон мәс елелері, тайпалар арасындағы қайшылықт ар қоғамның әр түрлі топт ары арасындағы қатынаст арды реттеу, көрші мемлекеттермен және халықт ар арасындағы қатынаст ар қазақ қоғамындағы әлеуметтік-саяси мекемелердің өмір сүру деңгейінанықт ады. Оған әлеуметтік институтт ардың түрлі қо ғамдық қызметтерді (әлеуметтік, сот, әскери-саяси, т.б.) жүзеге асыруы тән болды. Қоғамдық қатынаст ардағы әрбір тип же ке-жеке болды, соның нәтижесінде оның құрылымы да өзге рістерге ұшырады. Қазақ қоғамының негізгі әлеуметтік-саяси мекемелеріне екі тип жатты: қоғамдық қатынаст ардағы эконо микалық емес қатынаст арды реттеп отыратын әлеуметтік құ рылымдар және әскери-саяси қызметтерді, жерді пайдалану жүйесін реттейтін, көші-қон жолдарын анықт айтын қызмет тер. Іс жүзінде бұл хандардың, сұлт андардың, тайпа басшыла ры-старшындардың көшу жүйесін реттеуімен сипатт алды. Ас социацияның басқа бір маңызды қызметі экономикалық спек торға жатпайтын өзінің қатынаст арын реттеу болып табылды, әсірес е бақылау, кінәлілерді анықт ау, тайпалар мен басқа ха лықт ар арасындағы қайшылықт арды шешу, қауіпсіздікті қам тамасыз ету, барымт а және т.б. Жаз мезгілі және басқа да жыл мезгілдері кезіндегі түрлі қо ғамдық қатынастарды реттейтін құрылымдық ұйымдар болды, оның қызметіне көшпелілер және басқа да тайпалар арасындағы әскери-саяси қатынастарды реттеу жатты. Орын алған ішкі және сыртқы экономиканы жүзеге асыру мүмкін болғандықтан, олар дың барлығы да бір қолдан (хан, сұлтан немесе батыр) шешілді, ал бейбітшілік кезінде олар бөлініп кетті.
68
1-ТАРАУ. Қазақ қоғамындағы батырлық дәстүрлердің тарихи бастауы ...
Біз қарастырып отырған кезеңдегі батырлардың саяси-әлеу меттік күш ретінде ерекшеленуіне қазақ қоғамының әлеуметтік ұйымдасуынан келіп туындайтын саяси жүйесіндегі ерекшелік тері әсер еткені анық. Қазақ хандығының саяси құрылымының өзегі рулар арасындағы қарым-қатынастардан бастау алатынды ғын атап көрсеттік. Оның басты себебі мемлекет тұрғындары ның, яғни халықтың ру жүйесі шеңберіне енуі. Қазақ қоғамында ғы қоғамдық-саяси өмірді генологиялық тұрғыдан реттеу – жал пы көшпелілер қоғамына өте ерте кезден тән құбылыс. Рулардың белгілі бір тәртіпке негізделген өзара қарым-қаты насы потестарлы билікті туғызады. Қазақ қоғамындағы биліктің саяси және потестарлы жүйелерінің қатар өмір сүруі XVIII ға сырдағы қазақ қоғамына тән болған саяси құрылымындағы ба тырлардың әлеуметтік-саяси институт ретіндегі орнын айқындап берген басты фактор болғанын көреміз. П. Рычков «сол ордалардағы үкіметті негізінен демократиялық деп атауға лайық, – дей келе, – себебі әр ру өз ішінде кәрісі мен байы болса соны құрметтейді. Бірақ, халықты басқаруға жеткі лікті билікті билер түгілі, ел басылары да меңгермеген. Тек қа на олжа іздеп жорыққа шыққанда, не жауларынан қорғанарда өз хандары мен билеріне тізгін береді, солардың бұйрығы бойынша жиналып іс атқарады»212, – деген тұжырымға келген. П. Паллас та әр рудың немесе аймақтың өз басшысы бар дей келе, оған сол рудан тарайтын аталардың бәрі өз еркімен қызмет істейтіндігін атап көрсетеді213. И. Георги мұндай саяси жүйеде билікке ие әлеу меттік топтардың ішінде би орны сұлтаннан төмен, қожалардан жоғары екендігіне назар аудара отырып, «оның себебі билерге ба тырлар бағынышты, аймақ басшылары, ең танымал белгілі және бай қазақтардан сайланады. Оның өзінде де әркім өз бас пайда сын көздеп бағынады. Егер елге ұнамаса аймақ басшыларының сөзі де жерде қалады», – деп жазады214. Осы арада зерттеушінің Рычков П.И. История Оренбургская (1730-1750). – С. 72. Паллас П.С. Путешествие по разным провинциям Российской империи. – СПб.: При Императ. Акад. наук, 1773. – Т. І. – С. 378. 214 Георги И. Описание всех обитающих в Российском государстве народов.– СПб.: при Имп. Акад. наук, 1799. – Ч. 2. – С.124. 212 213
1.3. Батырлардың әлеуметтік құрамы және институционалдық статусы
69
саяси билікке ие әлеуметтік топтардың ішінде билерге батыр лардың бағынышты болуы алғашқыларының билігінің жоғары болуының көрінісі болғандығы туралы пікірін толығырақ талдай кету қажет. Себебі, біз қарастырып отырған кезеңде батырлардың саяси жүйедегі орны билерден төмен болмағанын көреміз. Себебі бұдан бұрын да айтып өткеніміздей қазақ қоғамындағы би, ба тыр, жырау немесе тағы да басқа қызметтерінің ара-жігінің кей де қабысып жатуында. Басқаша айтсақ, бұл кезеңдегі қазақ қоға мындағы батырлардың институциялануы олардың тек қана жеке батыр ретінде ғана емес, би, шешен, жырау, ұлыс, ру билеушісі ретіндегі қызметтерді бір қолға жинақтауынан келіп туындаға нын көреміз. XVIII ғасырдағы қазақ қоғамымен танысқан адамдар аймақ тарды сұлтандар, ұлыстарды қазақтардың билері басқарады, ұсақ рулар мен оның тармақтарын қара сүйектерден шыққан өз аталас тары билейді деген пікірді білдіреді215. Дегенмен, бұл тұжырым дар қазақ қоғамының саяси жүйесіндегі билердің немесе батыр лардың билігінің шексіздігін білдірмейді. Олар белгілі бір аймақ, ұлыс немесе ру-тайпа басшысы ретінде қанша беделді болғаны мен олардың билігін әрқашан хан бекітуі керек. Осы кезеңдердегі орыс деректерінде ұлысты билейтін ел басшыларын сол елдің игі жақсылары таңдап сайлайды, тіпті аймақ елді бастайтын билерді де жақсылардың жиыны бекітеді. Дегенмен олардың беделі тек хан мойындағанда, қолдағанда ғана үстем болмақ деген сарында ғы пікірлерді көптеп кездестіруге болады. Бірақ осы орайда хан билігінің де беделі оны атақты батырлар мен билердің қолдауына да тікелей қатысты екендігін көреміз. Мәселен, ірі мемлекет қайраткері Абылайдың күші мен беде лі арғындардың (Орта жүздегі ірі тайпа) мықтылығын көрсетті. Сондай-ақ шекті және төртқараның беделін арттырған Қайып хан, наймандарды Барақ хан, қыпшақтарды Кенесары Қасымұлы, және т.б. Әскери-саяси ұйымның құрамына орта есеппен 10 мың адам кірді, тек Кенесары Қасымұлының қозғалысы ке Прошлое Казахстана в источниках и материалах. Сборник. (V в. н.э. – XVIII в. н.э.). °М. – Алма-Ата, 1935. – Ч. 1. – С. 186. 215
70
1-ТАРАУ. Қазақ қоғамындағы батырлық дәстүрлердің тарихи бастауы ...
зінде олардың саны шамамен 20-25 мың адамды құрады. Көрші мемлекеттерден қауіп төнген жағдайларда ер адамдардың саны айтарлықтай өсті. Олардың рөлі қазақтардың отырықшы көрші мемлекеттермен (Ресей, Қытай, Орта Азиялық хандықтар) жер қатынастарын реттеген кезде күшейді. Көшпелілер мен отырық шы шаруалардың әлемінде әскери-саяси орталықтардың, әсіре се Түркістандағы қазақ хандарының резиденциясының құрылуы жайдан-жай емес еді. Көшпелі шаруашылық жүйесін реттеумен қоғамдық дәрежедегі әлеуметтік институттар айналысты. Әлеу меттік-саяси басқарудағы әр түрлі салалардың арасындағы ал шақтық бүкіл қазақ қоғамын орталықтандыруға және оның мем лекеттік құрылымының тұрақсыздығына әкелді. Н. Рычков билік түрлері туралы айта келіп «ешқандай қазақ, тіпті ел басы, хандарының өзі қалауымен ең ауыр қылмыс жа саған қылмыскерді жазалай алмайды. Әркімнің беделі мен абы ройы руына байланысты, қажет болған жағдайда әркім де әділ заңды іздемей өз руының күшін қорғанысқа пайдалана алады. Қазақтарды бір іске бастау үшін ең алдымен ру басы көсемдердің қолдауына ие болу керек, тіпті ханның билігінің де олармен са лыстырғанда салмағы жоқ»216, – деп жазады. Хан-сұлт андардың билігі ру көс емдеріне тікелей бағыныш ты болғанын пайымдай отырып, халық тарапынан билер мен батырларға деген көзқарастың да қат ал екендігін байқаймыз. Ру басшылары халық келісімін алмай өз беттерімен қоғамдық шаруаларды шеше алмайды. Орынбор шекара басқармасы ның құжатт арында «аты аталған билер, хан балалары, басқа сұлт андар ел талабына сай қызмет істес е халыққа жағымды, сыйлы, ал керісінше жас ас а, ешкім олармен санаспайды, тілін алмайды»217 деген мәліметтер анық келтірілген. Ал, И. Георги «бүкіл аймақ басшыларының қолдауымен жас алған келісім дерді де халық өзіне жағымды болс а ғана іске асырады»218, – деп нақтылай түс еді Рычков П.И. История Оренбургская (1730-1750). – С. 23-24. Материалы по истории Казахской ССР. – Т. ІV. (1785-1828 гг.). – С. 120. 218 Георги И. Описание всех обитающих в Российском государстве народов. – СПб.: при Имп. Акад. наук, 1799. – Ч. 2. – С. 124. 216 217
1.3. Батырлардың әлеуметтік құрамы және институционалдық статусы
71
Батырлардың ықпалы тек жеке басының қасиетіне ғана байла нысты емес, руының күшіне, ал ру күші оның санына байланыс ты болды. Руластардың көп болуы, ол рудың жауынгерлік қабі летін күшейтеді. Л. Гавердовский «кедей қазақтар өз отбасымен бірге атақты бір билердің қарамағындағы ауылдарға кіреді, өз бас амандығы үшін қамқоршысының айтқанымен жүреді, кейде қы сымына да шыдайды. Ал тізесі тие берсе қарсы рулардың біріне қосылып кетіп бұрынғы қамқоршысының малын барымталап ай дап алады», – деп жазады219. Ал Орынбор губернаторы Волконс кий «күшті ру басылар немесе жай қарапайым елдің ортасынан шыққан жігіттер және басқалары өздерінің соңына ерген қазақ тармен бірге ұрлық жасап, ел тонайды, билерге, сұлтандарға, тіп ті ханның өзіне бағынбақ түгілі, оларға қауіп төндіріп, қолда ба рын тартып алады» деген пікір айтады220. Халық атынан сөйлеу құқығы бар билер мен батырлардың салмағының жоғары болғанын орыс деректері растай түседі. Мә селен, 1785 ж. Кіші жүз ру көсемдері Екатерина ІІ патшайымға «Кіші жүздің би, батыр, мырзалары сізден өте өтініп сұраймыз. Әбілқайыр балаларын түгел қызметтен босатып, артықшылық тарынан аластасаңыз. Олар біздің қара халықты жамандап, ыза ландырып, көпшілігін ренжітті, олардың азғын сөзіне сенбеңіз» деген хат жолдайды221. Кейінгі оқиғалар көрсеткендей, Сырым батыр бастаған бұл топтың ауызбіршілігінен сескенген патша үкіметі бұл талаптарды орындауға мәжбүр болады. XVIII ғасырдағы қазақ қоғамының әлеуметтік-саяси құрылы мының ерекшеліктері туралы айта келе, И. Георги «соңғы кезде қара сүйектен шыққандар күшейді. Олар өздеріне би, батыр де ген лауазымдарды алып, сұлтан тұқымдарымен туысып, көптеген ауылдарға басшылық жасай бастады»222 – деп жазады. Өз кезегін де зерттеуші Ж. Артықбаев орыс деректеріндегі қазақ халқының әлеуметтік тұрғыдан үлкен екі топқа бөлінетіндігі туралы мәлі меттер анық болғанымен, сәл үстірттеу, – дей келе, қара сүйек Вяткин М.П. Батыр Сырым. – С. 19, 143. Материалы по истории Казахской ССР. – Т.ІV. (1785-1828 гг.). – С. 93, 135. 221 Материалы по истории Казахской ССР. – Т.ІV. (1785-1828 гг.). – С. 65. 222 Георги И. Описание всех обитающих в Российском государстве народов. – С. 135. 219 220
72
1-ТАРАУ. Қазақ қоғамындағы батырлық дәстүрлердің тарихи бастауы ...
тен шыққан би, батырлардың күшті болуы көшпелілікпен, оның рулық құрылымымен тығыз байланысты, ол тек XVIII ғасырда шыққан нәрсе емес. Олар ру жетекшілері есебінде өте беделді, бұл қатынас әлеуметтік құрылымның туыстық негізге сүйенуімен қабат пайда болған. Қараша халықтың өзін-өзі басқару жүйесі саяси тұрғыдан алғанда біртұтас күшті мемлекеттің қалыптасуына елеулі кедергі, хан билігіне қарама-қарсы саяси күш – де ген тұжырымға келеді223. Көріп отырғанымыздай, қазақ қоғамының саяси-әлеуметтік құрылымындағы батырлардың орны мен рөлінің өсуіне бірнеше жағдай әсер еткен. ХVІІІ ғасырдағы қалыптасқан жағдай саяси билік институттарын өте қиын жағдайға қойды. Дәстүрлі көш пелі қоғамға тән, көшпелілер қоғамындағы қалыпты мемлекеттік тәртіптің қайнар көзі жаугершілік тұрмыспен тікелей байланыс ты болғанын да пайымдауға болады. XVIII ғасырдағы деректер қазақтарды өр мінезді, жауынгер халық ретінде суреттейді. Орыс зерттеушілері «ерте уақытта қа зақтар ең жауынгер ел саналған. Қазір жоңғарлар жойылғаннан кейінбұлардан көп және күштісі жоқ. Олар ешқашан ешкімге де алым-салық төлеп көрмеген» – деп атап көрсетеді224. Дегенмен аталған кезеңдегі саяси-потестарлық билік дәстүр лері дәстүрлі қазақ қоғамының өзіндік ерекшелігі ретінде айқын далады. Көшпелілер қоғамында потестарлы аталатын билер мен батырлардың, ақсақалдардың қолындағы билік саяси құрылым ның негізі болған. Сондықтан дәстүрлі қазақ қоғамындағы батырлардың орны заңдық тұрғыдан реттеліп, айқындалып отырған. Мәселен, қазақ хандығының іргесін қалаушы хандардың бірі Қасым хан (1511 – 1523) саяси жағдайға және халық бұқарасы мен билер тобының тілегіне негізделіп, қазақ халқының ежелгі әдет-ғұрыптық ережетәртіптеріне мәнді өзгерістер енгізіп, дамытып, билер кеңесінде ақылдаса отырып, «жарғы» заңын жасады. «Қасым ханның қасқа Артықбаев Ж. XVIII ғасырдағы қазақ қоғамының этноәлеуметтік құрылымы: тарих ғыл. докт. ... дисс. – Алматы, 1997. – 263-264 бб. 224 Материалы по истории Казахской ССР. – Т. ІV. (1785-1828 гг.). – С. 477. 223
1.3. Батырлардың әлеуметтік құрамы және институционалдық статусы
73
жолы» деп аталып кеткен заңдар жинағының үшінші ережесі Әс кери заң (қосын құру, аламан міндеті, қара қазан, ердің құны, тұл пар ат). «Жеті жарғы» заңдар жинағының бесінші бунағы да ел бірлігін сақтау, отанын қорғау, сыртқы жауларға тойтарыс беру, жасақ құру, сардар сайлау, сауынайту тәрізді жаугершілік кезең дегі мемлекеттік ірі оқиғалар жүйесін қамтыған. Аталмыш жи нақтағы әскери жазаның бір түрі «қара мылтық алу» екен. Бұл жаза бойынша әскери қылмыскердің қаруын жою шарасы өткі зілген. Ол өте ауыр саналып, өлім жазасымен тең дәрежеде қа былданған225. Дәстүрлі қазақ қоғамындағы батырлардың сұлтандар тобымен қатар жоғары мәртебелі топ болып қалыптасып, қазақ жұртын «батырлар еліне» айналдыруына ел тарихының рулық, тайпалық жүйеден тұратын құрылымы тікелей ықпал етті. Себебі, қазақ жауға қарсы ұйымдасып, ұйысқанда ең алдымен сол рулардың рубасы немесе батырлары, билері арқылы топтасып, аттандап жауға аттанатындығы тарихи шындық. Міне, осы кезеңде өзде рінің руларының атын шығарып, өзінің тайпасының белгісі таң баланған туынбиік ұстап шыққан батырлардың тұлғасы асқақтай түсті. Қазақтың жауға шапқан батырларына руларын бірге қосып «Қанжығалы Бөгенбай», «Шақшақ Жәнібек», «Қаракерей Қабан бай», «Шапырашты Наурызбай» деп ұрандауының астарында үл кен мағына бар. Бұл жерде «әне, анау Қаракерей батыры», «міне мынау Қаракесек батыры»» деген анықтама бар. Әрине, бұдан ке йін өзге тайпалардан шыққан батырлардың да намыс отын жани түсіп, өз руларының атын шығарып, жауды түйреу үшін құлшына суырылып шығып, атой салатыны сөзсіз. Қазақ әскерінің жоғарғы бас қолбасшысы болып табылатын хан әскери қимылдардың басты ұйымдастырушысы, жетекшісі және үйлестірушісі міндетін орындады. Соғыс кезіндегі әскериұйымдастырушылық тетігі ханның ержүректілік, қолбасшылық дарындылығы, беделі сынды қасиеттеріне тікелей байланысты Еламанов Қ. Қазақтың бұрынғы ел басқару құрылымы және билер қызметі // Қазақтың ата заңдары. Құжаттар, деректер және зерттеулер. – 10 томдық / бас ред.: С.З. Зиманов. – Алматы: Жеті жарғы, 2004. – Т. 2. – 244 б. 225
74
1-ТАРАУ. Қазақ қоғамындағы батырлық дәстүрлердің тарихи бастауы ...
еді. Олардың билігі мен беделінің артуы мен төмендеуі қазақ қо ғамындағы жоғарғы әлеуметтік топтарға да тікелей байланысты болды. Сондықтан қазақ хандары да өз есімдерімен қатар «баһа дүр», «батыр» атағын иеленген. Ал, хандықтың бас әскербасын хан өзі тағайындаған. Оған ұйымдастыру қабілеті бар, қол бастай алатын, шабуыл мен қор ғану ісіне шебер, әрі ұрыстарда батылдық көрсеткен, жекпе-жек терде жеңіске жеткен адам болуы керек. Осындай батырды ғана әскербасы етіп қойған226. Негізінен таптық ұстанымға негізделген кеңестік зерттеуші лердің еңбектерінде қазақ қоғамындағы батырлардың мұндай айрықша рөлі мен орны дұрыс түсіндірілмеді. Мәселен, М. Вят киннің өзі батыр терминін әлеуметтік-таптық мәні жоқ ұғым ре тінде қарастыра отырып, әсіресе XVIII ғасырда ерекше рөлге ие болған батырлардың қоғамдық сипатын (общественная природа) анықтаудың қиындығын алға тартады. Мұндай «қиындықты» қо ғамдық қатынастарды тек таптық тұрғыдан түсіндіретін әдісте мені (методологияны) басшылыққа алған кеңестік зерттеушінің бастан өткеруі таңданарлық жайтемес. Себебі, қазақ қоғамында ғы батырлар өздерінің таптық сипаты жағынан үстем тап немесе қаналушы және езілген тап арасынан да шыққан тұлғалар болған дығын ұмытпауымыз керек. Дәстүрлі қазақ қоғамындағы әлеуметтік жіктелу барысында батырлардың үстем тапқа жатқызылуы тарихи кезеңдегі әске ри-басқару құрылымының үлкен рөл атқаруымен, демек, әскери қарсыласу дәуірінде батырлар – көсемдер ие болатын зор билік ықпалымен анықталды. Бұл жағдайдың тарихи себептеріне келе сі бөлімде толығырақ тоқталамыз. – Батырлар дәстүрлі қазақ қоғамында жауынгерлік дәстүрді жалғастырушылар ретінде өзіндік ерекшелігі айқын әлеумет тік топ ретінде өзіндік ұғымдық бет-бейнесі мен ерекшелігі қазақ қоғамының ұлттық құндылықтарымен бірге ұштасып кет кен, ажырағысыз әлеуметтік өлшемнің жиынтығын құрайды. Еламанов Қ. Қазақтың бұрынғы ел басқару құрылымы және билер қызметі // Қазақтың ата заңдары. Құжаттар, деректер және зерттеулер. – 10 томдық. – Т. 2. – 186 б. 226
1.3. Батырлардың әлеуметтік құрамы және институционалдық статусы
75
– Батырлардың қазақ қоғамының саяси-әлеуметтік құрылы мында ерекше орынға ие болуына жалпы көшпелі қоғам ның, соның ішінде ру-тайпалық құрылымы мен саяси-по тестарлы ұйымдасуының ерекшелігі тікелей ықпал жасады. Батыршылық институтының тек дәстүрлі қазақ қоғамына ғана тән әлеуметтік институтқа айналуының негізгі заң дылығын жалпы қазақ қоғамының қалыптасуының өзіндік ерекшеліктерімен байланысты болды. Қазақ қоғамы дамуының мәселелері жалпы көшпелі халықтардың қоғамдық құрылымы мен мемлекеттілігі мәселелерімен тікелей бай ланысты. Дәстүрлі қазақ қоғамының рулық-тайпалық құры лымының ерекшелігі – оның Қазақ хандығы пайда болғанға дейінгі қазақ жерінде болған ежелгі мемлекеттік құрылым дар мен хандық бірлестіктердің саяси, әлеуметтік және әс кери өміріндегі, дәстүрлі шаруашылық пен болмыстағы да муымен тығыз байланысты. Бір-бірімен тығыз байланысты бұл факторлардың маңызды да шешуші рөліне ерекше назар аударған жағдайда ғана батырлар институтының қалыптасу жолдары мен негізгі атқарған қызметтерінің ерекшеліктерін түсіне аламыз. Студенттердің өз білімін тексеруге арналған сұрақтар: 1. Ру, тайпа, жүз құрылымындағы билік тармақтары. 2. Қазақ қоғамындағы саяси-потестарлық институттар жүйесіндегі батырлардың орны. 3. Батырлар институтының «қазақ тарихының феномені» ретіндегі сипаты.
2-тарау XVIII-XIX ҒАСЫРДЫҢ АЛҒАШҚЫ ЖАРТЫСЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҚОҒАМЫНДА БАТЫРЛЫҚ ДӘСТҮРІ
2.1. Қазақ қоғамының саяси және әлеуметтік жүйесіндегі батырлық дәстүрдің қызметі Әрбір қоғамдық құбылыстың жан-жақты талдамасы оның туындау, пайда болу және әрі қарайғы дамуы тәрізді ішкі мүмкін діктерін көрсететін белгілерден тұрады. Дәстүрлі қазақ қоғамын да сипаты мен қызметі жағынан әлеуметтік топ ретінде жетілген батыршылық институты дәл осы қағидаға сай дамыды. Ал оған әсер етуші қандай белгі дегенге келсек, ол – көшпелі қоғам қа рым-қатынастарының басты жиынтығын құрайтын ру-тайпалық жүйе. Тарихи кезеңдерде орын алған түрлі оқиғаларға байланыс ты көшпелі қоғамдық құрылымдар тез арада қайта қалыптасып, соның негізінде әскери-саяси мүдделер алдыңғы орынға шығып, әлеуметтік-экономикалық ұстанымдарға негізделген салалар ке йінге шегерілді не болмаса, мүлде істен шықты. Бұл жерде ре сейлік ғалым Г.В. Марков ұсынған көшпелілердің қоғамдық құ рылымындағы кезектесіп отыратын екі түрлі жағдай идеясымен келісуге болады227. Идея бойынша бейбіт уақытта шаруашылық мүдделері көшпелі қоғамның өз бетінше дамып және тайпалық билік институттарының әлсіреуіне әкелді; ал соғыс кезінде ша руашылық мүдделері ысырылып, тайпа көсемдерінің билігі арта 227 Марков Г.Е. Кочевники Азии. Структура хозяйства и общественной организации. – С. 311-312.
76
2.1. Қазақ қоғамының саяси және әлеуметтік жүйесіндегі батыршылық ...
77
түсті және барлық қоғамдық ұйым «әскери-көшпелі» қалыпқа кө шірілді. Мұндай ұйымдардың басында ру және тайпа басшыла рының басқосуларында сайланған ықпалды және саяси қабілеті мол жетекшілер тұрды да, олардың басты қызметі ішкі тұрақты лықты сақтай отырып, сыртқы саяси мәселелерді шешу болды. Міне осы кезде тақырыбымыздың өзегі болып отырған батырлар дың сын сағаты соғып, қоғамның болашағы олардың іс-әрекетіне қарай дамыды. XVII ғасырдың аяғы XVIII ғасырдың басындағы қазақ қоға мының ішкі және сыртқы саясатының даму ерекшеліктері батыр лар институтының ықпалының артуы мен олардың жеке әлеу меттік топ ретінде толыққанды қызмет атқаруынайқындап берді. XVII ғасырдың аяғы XVIII ғасырдың басындағы қазақ халқының сыртқы жауы тек жоңғарлар ғана емес еді. Батыстан Еділ қал мақтары қысты, оңтүстікте Хиуа мен Бұхара хандығы мазалады, теріскейде башқұрттар қиқу салып, сырттан орыс патшасы азу салуға даяр тұрды228. Міне, осындай аласапыран, қилы кезеңде Тәуке ханнан кейін билік тұтқасын ұстаған қазақ хандары арасында алауыздық туып, елдің елдігін сақтап қалу жолында батырлардың ықпалы айтар лықтай артып шыға келді. Тиісінше, сыртқы жауларға халықты бірлікке жұмылдырып бір орталықтан басқару жолында әлсіздік танытқан қазақ хандарының беделі төмендеді. Енді осы бойынша бірқатар деректерге кезек берсек. Жалпы, қазақ хандарының би ліктегі осалдығы туралы әр т үрлі құжаттарда куәлік етеді. Қазақ жүздері арасындағы хан билігінің әлсіздігі жөнінде 1732 жылғы М.Тевкелевтің Сыртқы істер Алқасына Ор өзені бойына бекініс салу және Хиуаға Әбілқайыр ханның ұлын жө нелтіп, сауда қатынасын орнату бойынша жазған хатынан да аңғаруға болады. Тарихи құжатта мынадай дәйексөз берілген: «...қырғыз – қайсақтар – тұрақсыз адамдар, хандарынан мүлдем қорықпайды»229. Валиханов Ч.Ч. Собрание сочинений в пяти томах.– Алма-Ата: Наука, 1985. – Т. 4. – С. 75. Казахско-русские отношения в ХVІ-ХVІІІ веках (Сборник документов и материалов). – Алма-Ата: АН Каз ССР, 1961. – С. 96. 228
229
78
2-ТАРАУ. ХVІІІ – ХІХ ғасырдың алғашқы жартысындағы қазақ қоғамында ...
Кіші жүздегі рулар арасындағы өзінің хандық билігінің әлсіз дігі туралы Әбілқайыр ханның 1734 жылғы қараша айында импе ратор Аннаға Ор өзенінің сағасына бекініс салуды қайтара ұсы нып жазған хатында да ашық мойындаған. Енді сөзіміз дәлелді болу үшын дәйексөзден үзінді келтірсек: «Мен Әбілқайыр хан, жоғары мәртебелім, сізге еш пайдам болмады. Өйткені қырғыз – қайсақ халқы менің жарлықтарымды мүлде тыңдамайды...»230. П. Рычков дерегінде де мынадай цитата ұшырасады, деректің мағынасын жоғалтпас үшін сол қалпында беріп отырмыз: «Пра вительство в тех ордах по большей части походитъ на демократи ческое; ибо кто въ каком роде старые и богатые, того и почитают. Но власти надлежащей не только старшины, но и сами владельцы надъ народомъ почти не имеютъ, разве тогда, когда для добычи ездятъ, или защищаются отъ непріятелей своихъ, ханамъ и стар шинамъ своимъ повинуются, и по ихъ приказамъ собираются и поступаютъ»231. Тарихшы Е.Бекмахановтың еңбегіндегі: «...батырлардың әлеу меттік рөлінің өсуіне қазақтардың жоңғарлармен, одан кейінОр та Азия жаулап алушыларымен болған соғыстары ерекше ықпал етті. Осы соғыстардың нәтижесінде батырлар ру басшысы тіз гінін қолдарына алып, қоғамдық өмірдегі жетекші тұлғаға ай налған. Бұл туралы қазақ ағартушысы Ш. Уәлиханов былай деп жазды: «Батыр – қазақтар арасында сұлтаннан кейінгі ең атақты тұлға... Ол ең беделді адам, оның кеңестері халық арасында сал мақты...»232 – деген сөйлемдері де осыны көрсетеді. Сонымен қатар, көшпелі қазақ қоғамында құрметті батыр атағы на басы ерікті кез келген адамның қол жеткізе алатындығына орай қазақтың беделді хандары, мәселен, Тәуке хан және т.б. батыр ата ғын қоса иеленген. Тіпті Абылай ханның өзі қалмақ батыры Ша рыштың басын алғаннан кейінғана қалың елге танылғаны белгілі. Хандық биліктің әлсіздігіне сол кездегі халық арасынан шық қан батырлар мен билердің, тұлғалардың рөлінің өсуі де өзіндік Казахско-русские отношения в ХVІ-ХVІІІ веках (Сборник документов и материалов). – С. 121. 231 Рычков П.И. История Оренбургская (1730-1750). – С. 71. 232 Уәлиханов Ш. Таңдамалы. 2 бас. – 101 б. 230
2.1. Қазақ қоғамының саяси және әлеуметтік жүйесіндегі батыршылық ...
79
ықпалын жасады. Жекелеген дуалы билердің билігі хандардың жарлығынан кем қабылданбады. Қазақтардың неғұрлым үлкен қауымдастығының ішінде ханға қарағанда рубасылары мен ақса қалдардың беделі күштірек болды233. Қазақта «хан талау, тон –тонау» деген болған. Қазақтар хан мен араздасса не қаша көшетін немесе ордасын шабатын234. «Бөгенбай батыр» жырында да батырдың ханның билігін мо йынсынбағаны тайға таңба басқандай анық берілген: «Сонда да ханға Бөген бағынбайды, Ерікті – күші жеткен не қылмайды. Әбілмәмбет неше жарлық қылса-дағы, Бөгенбай жарлығынан табылмайды»235.
XVІІІ ғасырдың 20 жылдары Кіші жүз қазақтары негізгі күш ті терістікке қарай топтастырды. Қашанда тіршілік көзі болып табылатын жайылым, су көздері, сауда жолдары өтетін жолдар үшін Жайық орыс-казактары, Еділ қалмақтары және башқұрттар мен бітіспес күрес жүргізді. Тек, XVІІІ ғасырдың басынан бастап, патша өкіметі казакорыстарды отарлау саясатының басты авангарды ретінде пайда ланып, қазақтарды атамекенінен тықсырып, олардың құнарлы жерлерін казактарға тартып ала бастағаннан кейін-ақ, қазақ жі гіттерінің орыс бекіністеріне шабуылы үдеп кетті236. Көріп отыр ғанымыздай патша үкіметінің отарлау саясаты да отаршылдыққа қарсы күресте батырлардың рөлінің артуына себеп болғанын кө реміз. Сондықтан осы кезеңдегі қазақ халқын отарлауды басты мақсат етіп, оның болмыс-бітімін зерттеп, жағалай қоршау бекі ністерін сала бастаған Ресей шенеуніктері де қазақ жігіттерінің алғырлығы мен батылдығы туралы жиі жазып қалдырған. Қазақ сарбаздарының жүректілігі мен жігерлігіне Астрахань губернаторы Волынскийдің жазбасындағы мына сөзі дәлел бо Вяткин М. Сұлтаны и бии // Қазақтың ата заңдары. Құжаттар, деректер және зерттеу лер. – 10 томдық / бас ред.: Зиманов С.З. – Алматы: Жеті жарғы, 2004. – Т. 2. – 213-217 б. 234 Алмас қылыш: батырлар жыры / құраст. Дәуітұлы С. – Алматы: Жалын, 1993. – 31 б. 235 Алмас қылыш: батырлар жыры / құраст. Дәуітұлы С. – Б. 47. 236 Добросмыслов А.И. Суд у киргиз Тургайской области въ XVІІІ и XІX веках. – Казань: Типо-литография Казанского университета, 1904. – С. 104. 233
80
2-ТАРАУ. ХVІІІ – ХІХ ғасырдың алғашқы жартысындағы қазақ қоғамында ...
лады: «қалмақтар қазақтардың алдында жасқанады, олардың бес немесе алты мыңы бес жүз қазаққа қарсы тұра алмайды»237. Ғалым М. Әбдіровтың «Завоевание Казахстана Царской Рос сией и борьба казахского народа за независимость» атты кіта бында тарихшы А. Рябиннің еңбегіне сілтеме жасай отырып, мынадай дәйексөз келтіреді: «Жайық казактарында өліспей бе ріспейтін бір ғана жау болды – ол қазақтар еді. Олар қорқу мен шаршауды білмейтін өте қайсар және қажымайтын жау болды. Жайық казактары оларға қарсы қиян-кескі нағыз соғыс жүргіз ді»238. Бұл жерде зерттеушінің патша өкіметінің қазына есебінен жыл сайынбөліп отыратын қару-жарағына ие Жайық казактары на қарсы қарапайым қаруланған Кіші жүз қазақтарының қайтпас қайсарлығын бағалағаны анық. Қазақ сарбаздарының бұл сынды шабуылдары Н. Рычковтың күнделіктерінде де кездеседі: «Қазақтың ең атақтылары көрші елдерді тонау үшін маңайына жасақтар да жинайды. Қарақалпақ тар, аралдықтар, ташкенттіктер олардан ылғи да жапа шегеді»239. Соңғы жылдардағы зерттеушілер батырлар институының қа лыптасу үрдісінің аяқталуынXVII-XVIII ғасырлармен байланыс тырады. Зерттеуші Н.А. Абдоллаев, Е.С. Сатыпалды: «Ең алды мен, ХVІІ ғасыр мен ХVІІІ ғасырдағы дәстүрлі қазақ қоғамының саяси тарихына тән ерекшеліктер басты ықпал етті. Тынымсыз сыртқы жаугершілік соғыстар, көршілес елдердің агрессиялық саясатынан корғану, ішкі тартыста ел бірлігін сақтап, ыдыратпау тәрізді күрделі мәселелердің қайнаған ортасында батырлар жүр ді, шешуші рөл атқарды. Сол себепті батырлардың мүддесімен дала элиталары «ақсүйек» (хан, сұлтан, қожа) және «қарасүйек» (би, рубасы-ақсақал) өкілдері үнемі санасуға мәжүр болатын. Көшпелі қоғам өмірінің негізгі тіршілік көздері әскери кәсіпке де тәуелді. Оның тетігі жоғарыдағы күрделі мәселелермен біте қайнасып жатқандықтан батырлардың қызметіне деген сұраныс Басин В.Я. Россия и казахские ханства в XVІ-XVІІІ вв. – Алма-Ата: Наука,1971. – С. 180. Абдиров М. Завоевание Казахстана царской Россией и борьба казахского народа за не зависимость. – Астана: Елорда, 2000. – С. 112. 239 Рычков Н. Дневные записки путешествия в киргиз-кайсацкой степи в 1771 году. – СПб.: Акад. Наук, 1772. – С. 26. 237
238
2.1. Қазақ қоғамының саяси және әлеуметтік жүйесіндегі батыршылық ...
81
өте жоғары болды. Бұл барып, түрлі әлеуметтік топтардың ішінен батырлардын, бірте-бірте институциялануына алып келді. Батыр лардың әлеуметтік сипатындағы ерекшелік осында. Мәселен, би төре, төре би бола алмайды. Бірақ, екеуі де жаужүректілігімен қо са ақылдылығымен батыр атана алды және айырыкша құрметке бөлене түсті», – деп тұжырым жасайды240. Осылайша XVII-XVIII ғасырлардағы ішкі және сыртқы фак торлар қазақ қоғамындағы батырлардың саяси, әлеуметтік ста тусқа ие болуына қолайлы жағдай туғызғаны туралы тұжырым жасаймыз. Сондықтан ел басына күн түскен сәтте саяси басым дылық батырлар қолына өтті. Бұл туралы зерттеуші Н.Г. Апол лова: «XVIII ғасырдың бірінші жартысындағы батырлар тек қа на әскери жорықтарда маңызды рөл атқарған жоқ. Олар әртүрлі дипломатиялық тапсырмаларды орындайтын елшілер ретінде де белсенділік танытады. Ақсақалдар кеңесіне де құлшына араласа ды. 30 жылдардағы феодалдық күрес кезінде берік топты құраған Бөкенбайдың басқаруындағы батырлар қазақтардың Ресейдің қа рамағына өтуіне шешуші күш болған», – деп жазды241. Сыртқы жаудан қорғану, елдің ішкі бірлігін сақтау сияқты күрделі мәсе лелерде батырлардың рөлі жоғары болды. Батыр атағын ақсүйек және қарасүйек өкілдері де қоғамдық дәрежесіне қарамастан бір дей иелене алатын, әрі батырлар XVII-XVIII ғасырлардағы сырт қы фактордың күштілігінен қоғамдық қатынастарда басымды лыққа ие болды. Ендігі жерде батырлар институтының атқарған қызметі мен оны реттейтін ережелердің мазмұнын және қалыптасуын толы ғырақ ашып көрелік. Ол үшін бұл мәселені батырлардың әлеу меттік-экономикалық және ішкі саяси қызметі деп бөліп қарас тырғанымыз жөн. Алдымен қарастырылып отырған институттың әлеуметтік-экономикалық қызметіне тоқталсақ. Абдоллаев Н.А., Сатыпалды Е.С. Дәстүрлі қазақ қоғамының батырлар институты: әлеу метті сипаты мен қоғамдық қызметіндегі ерекшелік // Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Хабаршысы. Тарих сериясы. –2002. – № 4. – 12-17 бб. 241 Аполлова Н.Г. Присоединение Казахстана к России в 30-х годах ХVІІІ в. – Алма-Ата: АН ССР, 1948. – С. 169. 240
82
2-ТАРАУ. ХVІІІ – ХІХ ғасырдың алғашқы жартысындағы қазақ қоғамында ...
Батырлар тобының институт ретіндегі әлеуметтік-экономи калық қызметі ең алдымен «барымта», «олжа», «сауға» тәрізді ұғымдармен сабақтасып жатыр. Өйткені батыр жай ғана қол бас таған жауынгер емес, қалыптасқан жағдайға байланысты ірі мал және жер иеленуші, барымташы, аңшы т.б. болатын. Тақырыбы мыздың толық мазмұнын ашу үшін олардың әрқайсысына жекежеке түсіндірмелік талдау берсек. Қазақ ұлттық энциклопедиясында «барымта» ұғымына мы надай анықтама беріледі: «Барымта – қазақ халқының дәстүрлі құқықтық мәдениетінде ерте замандарда қалыптасқан ұғым. Ба рымта бастапқы кезде прогрессивті рөл атқарған: «қанға – қан, жанға – жан» дәстүрі адам мен адам, ру мен ру арасындағы қас тықты күшейте түсетіндіктен, кек қайтаруды құн төлеумен ал мастыру, егер де кінәлі жақ әр түрлі себептермен белгіленген құн мөлшерін өтей алмаса немесе бұлтарса ақсақалдар алқасының, билер сотының кесімімен барымта жасауға, яки, оның өрістегі малын айдап әкетуге рұқсат етілген. Сондықтан барымтаны ұр лықпен, тонаушылықпен, шапқыншылықпен шатастыруға бол майды. Кезінде барымтаны кегі қайтпаған, есесі кеткен жақ жа риялы түрде жасаған. Оған біреудің ақ баталы жесірін не некелі әйелін азғырып әкету, кісі өлтірген жақтың кесімді құнды төлей алмауы, біреудің қорық жеріне мал жайып, қыс қыстауына, жаз жайлауына рұқсатсыз қону, ортаға түскен олжадан тиісті үлес-сы баға бермеу, тойға шақырмай елеусіз қалдыру, т.с.с. дала заңына, салт-санасына қайшы келетін жағдаяттар себеп болған. Сондық тан, барымталаушының ісі заңды әрекет саналған. Егер барымта шектеулі мөлшерден артық жасалса, онда жапа шеккен жақ қа рымта қайтарған. «Барымтаға – қарымта» деген мәтел соған бай ланысты шыққан. Екі жақтың дауы біткен кезде барымталанған мал, мүлік түгелдей есепке алынған. Ал санаққа ілінбей, білінбей қалғандары сырымта ретінде сіңіп кеткен. «Білсе – барымта, біл месе – сырымта» деген сөзде содан қалған. Тәуке ханның тұсын да құн төлеу институтының тәртіптелуіне байланысты, барымта дала қоғамындағы заңдылық пен реттілікті сақтаудың бірденбір құралына айналды. XVIII ғасырдың аяғы мен XIX ғасырдың
2.1. Қазақ қоғамының саяси және әлеуметтік жүйесіндегі батыршылық ...
83
басында Қазақ елі Ресейдің қол астына қарап, отарлық өктемдік тің күшеюіне, дала халқын билеп-төстеудің жаңа әкімшілік-құ қықтық тетіктері енгізілуіне орай, көптеген әдет-ғұрып қағидала ры өзінің бастапқы мән-мағынасын жоғалтты. Әсіресе, құн өтеу амалы – барымта мал ұрлау мен талан-тараж, шапқыншылық ре тінде айыпталды. Мысалы, 1822 ж. 22 маусымдағы «Сібір қазақ тары туралы жарғының» 202 – бабында: «қазақтарға қатысты тек: 1) мемлекеттік мүддені сату; 2) кісі өлтіру; 3) тонау мен барымта; 4) өкімет билігіне әдейі бағынбау қылмыстық іс саналсын» деп атап көрсеткен. Содан бастап қазақ жерінің әр тарабында билер соты барымтаны ұрлыққа жатқызып, барымташыларды қатаң жа залау туралы үкімдер шығара бастады»242. Сонымен келтірілген түсініктің негізінде қазақ қоғамындағы «барымта» ұғымы батырлық пен батылдық көрсеткіші ретінде бағаланғандығына көз жеткіземіз. Яғни, барымтаның өзі қоғамда орын алған жер дауы, жесір дауы, олжа түсіру, кек алу, талабын орындату т.б. осындай қарым-қатынас қызметтеріне қарай туын дап отырған. Қарастырылып отырған кезеңдегі түсінікте барымта негізінен ержүрек және білекті жігіттердің, бір сөзбен айтқанда батырлар қызметінің бір түрі болған. ХVІІІ-ХІХ ғасырлардағы Ресей зерт теушілері мен әскери-әкімшілік қызметкерлері бұл құбылыстың мазмұнын ұғына алмай, қарақшылықтың бір түрі деп сипаттады. Мәселен, орыс деректерінде «қазақтар барымтадағы ержүректі лігі арқасында батыр деген құрметке ие болады», – деп жазса243, Л. Костенко: «Ештеңеден тайсалмайтын қарақшылар мен ұрылар халық арасында құрметке ие болып, батыр деген атқа лайық бола тын», – деп атап өтеді244. Олардың бұлай қорытынды жасаулары ның басты себебі, біріншіден, өзге мәдениет өкілдері болғандық тан, екіншіден, тұрмыс салты отырықшылыққа негізделгендіктен Дауленова С., Барымта и ее ликвидация в первые годы Советской власти в Казахстане. Проблемы казахского обычного права. – Алма-Ата, 1984. – С. 159. 243 Гурлянд Я. Степное законодательство с древнейших времен до XVIII столетия // Извес тия Общества архелогии, истории и этнографии при Казанском университете.– Казань, 1904. – Т. 20. – Вып. 4-5. – С. 63. 244 Костенко Л.Ф. Средняя Азия и водворение в ней русской гражданственности. – С. 42. 242
84
2-ТАРАУ. ХVІІІ – ХІХ ғасырдың алғашқы жартысындағы қазақ қоғамында ...
қазақ қоғамының болмысын түсіне алмады. Есесіне бұл мәселені зерттеуші С. Толыбеков жан-жақты талдай келе төмендегідей қо рытынды береді: тонаушылық пен қарақшылықты олар (қазақтар – авт.) ұят іс деп санамады, керісінше кім мұндай іс-әрекеттерді көп жасаса, өз ортасында үлкен құрметке ие болып, оны алып күш иесі және ержүрек адам ретінде көпшілік арасында мадақтады245. Оның үстіне осы мәселе жөнінде адай руының ақсақалы айтқан төмендегі сөздер біраз жайтты аңғартса керек: «Бізді, адайлар ды жабайы, тағы, ақылсыз тіпті тонаушылар деп те айтады, айтса айта берсін ... бірақ адайлар ұры емес»246. Бір айта кететіні барымтаның бастапқы белгілері ерте кезеңде гі сақ – скифтерде және кейінгі түркілерде біліне бастаған. Ежел гі авторлардың бірі Лукиян Самосатский сақ-скифтердің ешбір қоғамдық келісімсіз тек қана олжа түсіру мақсатында басын қа уіп-қатерге тіге отырып, тонаушылықтар ұйымдастырғанын жа зады247. Ежелгі түрік тайпалары бірін-бірі бағындыру үшін, алды мен қарсыласының жылқыларын қуып алып, оларды әлсіретуге тырысқан. Демек барымта жайдан-жай пайда болған құбылыс емес, тарихи тамыры бар саяси-әлеуметтік болмыс. Қарастыры лып отырған уақытта барымта қалыпты және күнделікті жағдайға айналды деуге болады. Егерде қандай да бір руаралық кикілжің орақ тілді билер тарапынан шешілмесе, онда іске екі жақтың ба рымташы батырлары араласып, мәселені сойыл-шоқпардың кө мегімен реттеуге тырысқан. Кей кездері ру аралық барымта бір шама уақытқа дейін созылып, ушыққаны соншалық адам өлімі де орын алып отырған. Мәселен, зерттеуші Т. Шойынбаевтың еңбегіндегі деректерге сүйенсек, шекті руының бірнеше барым ташысы Жанқожа батырдың ауылынан жылқы айдап әкетеді. Со ңына түскен батыр олардың екеуінде қолға түсіріп, Сыртай атты бейіттің жанына асып қояды248. Көп жағдайда барымта кезінде Толыбеков С.Е. Общественно-экономический строй казахов в ХVІ-ХІХ веках. – АлмаАта, 1959. – С. 220. 246 Седельников Т. Борьба за землю в киргизской степи: Киргизский земельный вопрос и колонизационная политика правительства. – СПб.: Дело. Изд. С. Доратовского и А. Ча рушникова, 1907. – С. 14. 247 Материалы по истории Сюнну. – С. 58. 248 Шойынбаев Т. Восстание Сыр-Дарьинских казахов. – Алма-Ата: Изд-во АН КазССР, 1949. – С. 33. 245
2.1. Қазақ қоғамының саяси және әлеуметтік жүйесіндегі батыршылық ...
85
екі жақ адам өлімінен сақ болуға тырысатын. Соған байланысты «Бас жарылса, бөрік ішінде, қол сынса, жең ішінде» деген сөз тір кесі барымтаның басты қағидасы болған. Барымта кезінде өлімжітімге жол бермеуінің басты себебі құн төлеу жүйесінде жатты. Мысалы, тобықтылар мен матайлар арасындағы бір барымталасу кезінде матай руының батыры Тәнеке Дөсетұлы жігіттеріне сақ болыңдар өлім болмасын, бір бейбақтың құны – 100 жылқы, оны төлейтін жайымыз жоқ десе, керей мен найман арасында орын алған барымтадағы сойылдасуда керейдің әйгілі барымташы ба тыры Төлен найманның үш бірдей жігітін аттан құлатады. Сол кезде найманның 16 жасар Барлыбай атты жас батыры Төленмен алыса кетеді де күші асып оны қолындағы балтасымен ұрайын дегенде, әкесі қолынан ұстап алып, өлтірме құнын немен төлей сің деп тоқтатады249. Сол себепті де барымта уақытында қазақтар қандай ашу үстінде болмасын істі насырға шаптырмауға тырыс қан. Ең бастысы құн төлеуден ерекше қорыққан. Осыдан алып қарағанда құн төлеу жүйесі барымта кезінде адам өлімін болдыр мауда прогрессивті рөл атқарған. Барымтаның сәтті аяқталуы көбіне бір топтың қатарында есімі сол өлкедегі жалпақ жұртқа танымал айтулы батырлардың көптеп тартылуына байланысты болған. Сол себепті де бай-шонжарлар өздерінің маңайына тақымы мықты, білекті жігіттерді топтасты рып, көршілес руларға және сауда керуендеріне барымта ұйымдас тырған. Ал кейде керісінше болып барымташы батырлар бай-шон жарлардың, сұлтандардың малдарын барымталап кедей-кепшікке үлестіріп беріп отырған. ХХ ғасырдың басында Шыңжаңда өмір сүрген Зуха батыр маңайына өзі тәріздес жаужүрек жігіттерді топ тастырып қазақ, қытай, моңғол байларының жылқыларын айдап әкетіп тұрмысы нашар ауылдарға таратқан. Монғолияның Баянөл гей аймағында Рамазан деген атақты барымташы болып, ол 19 жыл бойы барымта арқылы бір ауылды асырап тұрған250. Тарихи мәліметтерге жүгінсек көп жағдайда барымтаға бас қа мүліктен гөрі, мал түскен және оны белгілі бір талапты орын 249 250
Тоқтабай А.У. Барымта – батырлық мектебі. – 188 б. Тоқтабай А.У. Барымта – батырлық мектебі. – 192 б.
86
2-ТАРАУ. ХVІІІ – ХІХ ғасырдың алғашқы жартысындағы қазақ қоғамында ...
дату үшін кепілдікте ұстаған251. Барымтаның мұндай түрі әсіре се Ресейдің қазақ жеріне отарлық пиғылмен аяқ басқан күннен бастап жиілей түседі. Мәселен, елші М. Тевкелевтың келгеніне наразы болған Бақтыбай батыр полковник Гербердің басшылы ғымен Ресейден Бұхара мен Хиуаға бет алған 500 түйелі керуенді тоқтатып, оның жартысын жергілікті халыққа таратып береді252. Ал қазақ даласын Ресей тарапынан бекітілген хан-сұлтандар бас қара бастаған тұста, барлық билік ру-тайпаға арқа сүйеген ба тырлар мен билердің қолына көшіп, барымта тіпті құлаш жаяды. 1799 жылы Кіші жүздің Төртқара руының батырлары Қаралтай мен Сарыалтай Бұхараға жол тартқан керуенді барымталап, Ре сейге 295 мың сом шамасында шығын келтіреді253. Ресейдің та рапынан қолдау тауып, Кіші жүздің ханы деген лауазымға бейбіт түрде қол жеткізе алмаған сұлтан Қаратай Нұралыұлы жанына Ордаға белгілі батырларды топтастырып, Ресей мен Орта Азия хандықтары арасында жүрген сауда керуендерінің кез-келгенін барымталап отырады254. Осы арқылы ол өзінің талабын орын датқысы келгендігі түсінікті жайт. Сонымен бірге осы кезеңде Көтібар, Арыстан тәрізді батырлар Ордадағы (Кіші жүзде – авт.) нағыз кәсіпқой барымташыларға айналған болатын. Олар Орда ішіндегі барымтамен шектелмей, тіпті шеп бойындағы орыс бекі ністеріндегі жылқыларды да қуыпалады255. Көріп отырғанымыз дай деректер негізінде келтірілген барымталардың қай-қайсысы болмасын батырлардың қатысуынсыз өтпеген. Бұл жерде тағы бір мәселені естен шығаруға болмайды. Ол қазақ қоғамындағы батырлардың барлығы бірдей дәрежеде болған жоқ, мәселен, бірі ру ішіндегі ғана батыр болса, келесісі бүкіл бір Ордаға танымал Левшин А. Описание киргиз-кайсацких или киргиз-казачьих орд и степей.– Спб: Тип. Карла Крайя, 1832. – Ч. ІІІ. – С. 133-134;170. 252 Казахско-русские отношения в ХVІ-ХVІІІ веках (Сборник документов и материалов). – Алма-Ата: АН Каз ССР, 1961. – С. 89. 253 Добросмыслов А.И. Тургайская область. Исторический очерк. – Оренбург, 1900. – С. 218. 254 Рязанов А.Ф. Сорок лет борьбы за национальную независимость казахского наро да (1737-1838 гг) // Очерки по истории национального движения Казахстана в 2-частях. – Кзыл-Орда, 1926. – С. 34. 255 Рязанов А.Ф. Сорок лет борьбы за национальную независимость казахского наро да (1737-1838 гг) // Очерки по истории национального движения Казахстана в 2-частях. – Кзыл-Орда, 1926. – С. 54-63. 251
2.1. Қазақ қоғамының саяси және әлеуметтік жүйесіндегі батыршылық ...
87
болды, ал үшінші біреулері ұлттық деңгейдегі тұлғалар болатын. Сондықтан алғашқы екі топқа жататын батырлардың іс-қимы лын барымтамен байланыстырсақ та, соңғы топ батырларының әрекеті барымтадан гөрі шауыпалуға, яғни саяси құбылысқа жа қынырақ. Көшпелілердегі мұндай құбылысты ХVІІІ ғасырда-ақ П. Паллас байқаған болатын. Зерттеушінің көрсетуінше кез-кел ген шауып алу, яғни барымта аяқ-астынан пайда болып, оған ру ішіндегі қайсыбір тәжірибелі адам басшылық жасай алған. Ал ірі көлемдегі барымта алдын-ала кеңесте талқыланып, оны басқа руға жалпы халық мойындаған тұлға бекітілген256. Бұған қатыс ты белгілі тарихшы С. Мәжитов былай деп жазады: «Шауыпалу жүйесі Орта Азия мен солтүстік Кавказдың кейбір халықтарының қоғамдық даму заңдылықтарымен тығыз байланысты құбылыс... Шауыпалу биліктің ықпалының, рудың байлығының өсуіне әсер етті. Сонымен бірге жорыққа қатысқан қарапайым жауынгердің материалдық сұранысын да қанағаттандырды257. Осылармен бірге ХІХ ғасырда қазақ даласында түрлі әскери-әкімшілік істер атқар ған Н. Гродековтың еңбегінде келтірілген мәліметтерге сүйенсек, барымтада белгілі бір ережелер сақталған. Мәселен, бір деректер бойынша барымта тек түнде ғана орындалса, тағы бір ақпаратта барымтаның орын алғандығы қарсы жаққа ескертілген258. Барымтаның тағы бір ерекшелігі ол негізінен тек көшпелі ха лықтарға тән құбылыс. Мәселен, түркменнің аламандары бірне ше мың адамға дейін топтасып қорғанысы нашар бекіністер мен керуендерді тонаса259, оңтүстік Ирандағы көшпелі кашкайлықтар ХХ ғасырдың орта шеніне дейін тұрақты әскерден тайсалмастан барымтамен айналысып, мұндай қарақшылықты олар қылмыс емес, керісінше, тайпаның батылдығы мен айбынының көрінісі деп есептеген260. Зерттеушілердің көрсетуінше, барымта ұйым Паллас П.С. Путешествие по разным провинциям Российской империи. – СПб.: При Императ. Акад. наук, 1773. – Т. І. – С. 579-580. 257 Мажитов С.Ф. Проблемы истории, теории и историографии народно-освободительного движения ХVІІІ-начала ХХ вв. в Казахстане. – Алматы: Мектеп, 2007. – С. 243. 258 Гродеков Н.И. Война в Туркмении. Поход Скобелева в 1880-1881 гг. – СПб.: Тип-я В.С. Балашева, 1883. – Т. 1. – С. 171. 259 Досмұхамедұлы Х. Аламан. – 45 б. 260 Иванов М.С. Племена Фарса. Кашкайские, хамсе, кухгилуйе, мамсани. – М.: Изд-во АН СССР, 1961. – С. 97 – 98. 256
88
2-ТАРАУ. ХVІІІ – ХІХ ғасырдың алғашқы жартысындағы қазақ қоғамында ...
дастырушылар екі мақсат көздеген. Біріншісі, олжа түсіру, енді бірі әлеуметтік статусын жоғарылату болған. Түркмендерде ала ман басшылары басқаларға қарағанда екі есе мөлшерде олжа ал са261, оңтүстік иран тайпаларының басшылары әр түрлі мәлімет бойынша олжаның оннан бірінен оннан бесіне дейінгі мөлшерін алатын болған262. Олжадан елеулі үлес алмайтындар барымтаға әлеуметтік дәрежесін жоғарылату үшін қатысқан. Тіс қаққан жа уынгер үшін барымта қоғамдық дәрежесін одан ары бекіте түсу болса, жастарға көпшілік ортаға таныла түсу мүмкіндігін бере тін. Жалпы көшпелілер қоғамындағы барымта батыршылдыққа өтетін саты болды деп айтуға болады. Оған Созақ өңірінде өмір сүрген Абақ батырдың өз ауызынан айтылып, ұрпақтарында сақ талған мынадай әңгіме дәлел бола алады: «Мен 13 жасымда ере сектерге ілесіп, жылқы күзетіне шықтым. Ол кезде барымта көп, алып кетті, қуып кетті деген сөз құлаққа күнде естіледі. Қалмақ тие ме, қырғыз тие ме немесе қазақтың өз барымта – сырымта шылары тие ме, әйтеуір, тыныштық жоқ. Қан-жоса болып, таяқ жеген күндер де аз болған жоқ. Сөйтіп жүріп сүйек қатты. Мал адамның бауыр еті, айдап кетіп бара жатса, қалай жібере бересің, шыр пыр болып жылқыны бермеуге әрекет етесің, жау сені аямай ды, сойыл сілтеп, ұрып түсіруге ұмтылады, сен де қарап тұрмай сың, қарсы қару жұмсайсың, баста жарылып, қолда мертігеді. Ағайын арасында кемшілік көргені маған келіп шағынды. Найзаға сүйеніп тұрып ұйықтап, ат үстінде тұрып су ішкен күн дерім көп болды. Сол жылы он тоғызда едім. Содан былай менің қатарларым батыр деп дәріптейтін болды»263. Сонымен бірге барымта арқылы арнайы бір ритуалдық бел гілер анықталған. Солтүстік сомалилықтар жауынгер қатарына өту үшін көршілес тайпаға қарсы жорыққа қатысуы керек бол ды. Аравияның, Сирия шөлінің және Иран қосөзенінің бедуинде рінде тонаушылық жорықта өзін көрсетпеген жігіт әйелсіз қалу қаупінде болған, не болмаса нақты себепсіз жорыққа қатыспаған 261 262 263
Иванов М.С. Племена Фарса. Кашкайские, хамсе, кухгилуйе, мамсани. – С. 194. Иванов М.С. Племена Фарса. Кашкайские, хамсе, кухгилуйе, мамсани. – С. 87. Тоқтабай А.У. Барымта – батырлық мектебі. – 189 б.
2.1. Қазақ қоғамының саяси және әлеуметтік жүйесіндегі батыршылық ...
89
ер адамның күркесіне әйелдер мазақ ретінде қара жалау іліп кете тін264. Бұл айтылғандар аталған халықтарда барымта ісіне қандай деңгейде мән берілгенін көрсетеді. Қазақ халқында да барымта ның өзіндік сипаты болғандығына жоғарыда тоқталып өткенбіз. Бір анығы қазақ халқының қоғамдық құрылымында барымтаның мақсаты мен мағынасы, міндеттері өзге халықтардікіне қарағанда анағұрлым кең болды және батырлар институтының әлеуметтікэкономикалық қызметін толықтай көрсетті. Сонымен бірге ба рымтаның, жалпы батырлар институтының ішкі-болмысын ашу да «олжа», «сауға» ұғымдары ерекше маңызға ие. Біз жоғарыда басқа көшпелі халықтарда барымтадан түскен олжаның басым бөлігін ұйымдастырушылар алғандығын атап өт кенбіз. Қазақ халқында да олжаның негізгі бөлігін батырлар ал ғанымен де, өзіндік ережелер сақталған болатын. Қарастырылып отырған тақырыптың бір өзегі болып табылатындықтан аталған ұғымдарға тереңірек тоқталсақ. «Олжа» – бұл барымта барысында немесе соғыста қолға түскен жаудың қару-жарағы, малы, байлығы және тұтқындар. Ұғымның мазмұнын толығырық түсіну үшін 2005 жылы жарық көрген Ұлттық энциклопедияның 7-ші томында берілген рес ми анықтамаға жүгінсек: «Олжа – дәстүрлі қазақ қоғамындағы ұғым. Жорық барысында қолға түскен тұтқындар мен материал дық байлықтар(мал, қару-жарақ, т.б.) олжа саналып, әскерді ма рапаттаудың бір түрі ретінде көрсеткен ерлікке, атақ-дәрежеге сай бөлінген. Олжаның бестен бір бөлігі (ең жақсысы) ханның, әміршінің үлесіне тиіп, қалғандары жеңіске қосқан үлестеріне қарай батырлар мен жауынгерлерге бөлініп берілген. Батырлық жырларда қазақ батырларының олжаға түскен қалмақ қыздарына үйленгені айтылады. Әскердің, батырлардың, қолбасшылардың еңбегін, қызметін әділ бағалап, уақытында марапаттау, олжа беру жауынгерлердің әскери рухын көтерген. Бұл әскери дәстүр қазақ хандығында XIX ғасырға дейінсақталды. Қазіргі кезде кездейсоқ тауыпалынған зат олжа болып саналады». Демек олжа жауынгер Иванов М.С. Племена Фарса. Кашкайские, хамсе, кухгилуйе, мамсани. – М.: Изд-во АН СССР, 1961. – C. 195. 264
90
2-ТАРАУ. ХVІІІ – ХІХ ғасырдың алғашқы жартысындағы қазақ қоғамында ...
лік дәстүрдің бір жұрнағы ретінде қазақ қоғамындағы әлеумет тік-экономикалық қарым-қатынастардың құрамдас бір бөлшегі болып табылады. Олжаның мән-мазмұны тарихи-әдеби шығармаларда кеңінен ашылған. Мәселен, соғыстан түскен олжа туралы Ақтамберді жыраудың төмендегі жыр жолдары айқын мәлімет береді: «Майданда дабыл қақтырып, Ерлердің жолын аштырып, Атасы басқа қалмақты, Жұртынан шауыпбастырып, Түйедегі паршасын, Әлпештеген ханшасын, Ат артына мінгізіп, Тегін бір олжа алар ма екенбіз»265.
Бұл жерде жырау әрі қолбасшы Ақтамбердінің қалмақтар та рапынан көрсетілген зорлық-зомбылыққа ашуы шегіне жетіп, қазақ батырларының бір жеңнен қол, бір жағадан бас шығару арқылы жауға тойтарыс беріп, олжаға жету күнін аңсағандығы көрініп тұр. Бір жағынан Ақтамберді жыраудың «олжасын» қа зақ халқының еркіндегі ұғымымен де сабақтастыра қарастыруға болатындай. Келесі жыр жолдарының да мазмұны қарастырылып отырған мәселемен сабақтасып жатыр: «Мен Қоянақ баласы... Барымтада олжа алған, Кезегін жауға өткізген, Торғауыт бұзып жол салған Қарт Қожақ дейтін батырмын»266.
Ал Бұқар жыраудың толғауында Абылай ханның батырларды жиып соғыстан түскен олжаны бөліске салғаны берілген: Алдаспан. – Алматы: Жазушы, 1971. – 112 б. Ер Тарғын: Батырлық эпос / Қара сөзбен жырлаған М. Мағауин. – Алматы: Жазушы, 1985. – 18 б. 265 266
2.1. Қазақ қоғамының саяси және әлеуметтік жүйесіндегі батыршылық ...
91
«Өңкей батыр жиыл деп, Хан Абылай шақырды, Бөліске олжа түссін деп, Хан Абылай бұйырды...»267.
Сонымен бірге қазақ батырлары түскен олжаны халыққа үлес тіріп берген. Оны біз «Қарадөң батыр» жырындағы мына жолдар дан анық байқаймыз: «Қалмақтан көп мал алып Еліне сонда келеді, Үлестіріп батырың Бәрін де елге береді. Жарлысын байға теңеді»268, ал «Ер Бегіс» жырында: «Алыспай-ақ Сүйеніш, Аты мен сауытын Олжа қылып алыпты269
– деп соғыс кезінде және жорықтан кейін олжа ретінде қару-жа рақ пен малды тарату жайынбаяндайды. Келесі быр жыр үзінді сінде қолға түскен тұтқындарды бөлу барысы сипатталады: «Еліне жетіп келгесін Ата-ананың жұртына Қызылбас ұлдары бөлінді Көп олжа болып көрінді»270.
Қазақ халқының батырлар дәстүрінде соғыстан кейін олжа бөлісу барысында жорыққа қатысқан адам өзіне тиесілі үлесін қолбасшыға немесе жасы үлкенге «тарту» ретінде ұсына алған. Мысалы, Олжабай Нұралыұлының «Сабалақ» тарихи поэмасын да былай жырланады: Алдаспан. – 196 б. Қазақ халық әдебиеті. Көп томдық. Батырлар жыры. – Алматы: Жазушы, 1989. – Т. 4. – 196 б. 269 Қазақ халық әдебиеті. Көп томдық. Батырлар жыры. – 196 б. 270 Қазақ халық әдебиеті. Көп томдық. Батырлар жыры. – 305 б. 267 268
92
2-ТАРАУ. ХVІІІ – ХІХ ғасырдың алғашқы жартысындағы қазақ қоғамында ...
«Қалмақты тас-талқан ғып шауыпалды, Қалың қол көп олжаға батып қалды, Он нарға тоғанақтап жасау артып, Сабалақ Бөкеңе әкеп тарту салды271.
Жалпы, жоғарыда келтірілген жыр үзінділері қазақ қоғамында, соның ішінде батырлар институты қызметінде олжаның өзіндік ерекшеліктері болғандығын анық көрсетіп отыр. Біздің жоғарыда олжаның басқа көшпелі халықтарға қарағанда, қазақ қоғамында мағынасы кең және мазмұны терең деуіміз осыдан. Мұның өзі те гіннен-тегін емес. Өйткені оның тарихи тамыры көне түркі дәуі рінде қаланғандығын деректер растай түседі. Сөзіміз дәлелсіз болмас үшін көне түрік жазба ескерткіштеріндегі үзіндіге кезек берсек: «Қаған болғанда жорықтарға шығып, мүсәпірлер мен ке дейлердің жағдайынкөтердім, кедейлер бай болды...» не болмаса «...баса кіріп (ол елден) қызыл алтын мен ақшыл күміс, қызыл жібек пен асылтастарын, қисапсыз (әр түрлі) алымдар әкелдім», – деп түрік қағандарының бірі тас бетіне бедерлеген272. Батырлар институты әлеуметтік-экономикалық қызметінде «олжа» ұғымымен қатар «сауға» сөзі жапсарлас жүреді. Әдетте «олжа» соғысқа қатысқан адамдар арасында және жорыққа қаты сып, қайтыс болғандардың отбасыларына бөлінсе, ал «сауғаның» бірнеше түрі болған. Алғашқысы ол жорықтан қайтқан батырдан сыйлық алудың бір түрі. Бұл ұғымның тікелей әскери олжамен байланыстылығын халық арасындағы «батырдан сауға, аңшыдан сыралғы» сөз тіркесі дәлелдей түседі. Мәселен, «Ақжолтай Ағы бай батыр» жырында: «Біреуі сол тоғыздың Ақауыз ат Порымы жануардың жылқыдан жат. «Сауға» деп Ер Наурызбай сұрап алды, Жүрісі, сүйегімен бәрі де ұнап»273. Нұралыұлы О. Сабалақ-Абылай хан: Тарихи дастан / дайындаған Қ. Нұралин // Жұл дыз. – 1992. – №7. – 31 б. 272 Самашев З., Жетібаев Ж. Қазақ петроглифтері: көне тамыры мен сабақтастығы. – 8 б. 273 Ақжолтай Ағыбай батыр. жинақ / құраст. М. Ә. Ағыбайтегі; ред. Қ. Сәдуақасов. – Жез қазған: Жезказганская облтипография, 1992. – 47 б. 271
2.1. Қазақ қоғамының саяси және әлеуметтік жүйесіндегі батыршылық ...
93
Қарастырылып отырған ұғымның келесі бір мағынасы же ңілген немесе тұтқынға түскен жауынгердің жанын сауғалаумен байланыстырылады. Мәселен, «Қабанбай батыр» жырының маз мұны бойынша батырдың соңғы жорығы қырғыздарға қарсы ба ғытталады. Сол жорықта аталған батыр қырғыздың Аманәлі атты батырын жекпе-жекте өлтіреді. Сонда жеңілген батырдың қызы зар жылап, жоқтау айтып «сүйек сұрау» дәстүрі бойынша, яғни сауға ретінде әкесінің денесін алып кетеді274. Жалпы, «сауға сұрау» түсінігі Қ. Ахметжановтың пайымда уынша ел ішіндегі асыраушысы жоқ жарлы мен жетімдердің әс кери олжадан үлес алу негізінде пайда болған275. Сондай-ақ «сау ға» батырлардың маңызды әлеуметтік қызметінің бірі – соғыста қаза тапқан жауынгерлердің, батырлардың отбасыларына көмек тесуінің түрі. Батырлар жырында осы қызметке ерекше көңіл бө лінеді. Мысалы, «Ер Бегіс» жырында: Жолдасым сапар шегерде Тапсырып кеткен өлерде Ата менен анасын Іште қалған баласын Жар жолдасы сені де Тапсырды маған кетерде276,
– деп батырлардың әлеуметтік жауапкершілігі жырланады. Белгі лі бір әлеуметтік жауапкершілікті өз мойындарына алған батыр лардың тағы бір ерекшелігі олардың меншік иелері болуымен ай қындалды. Меншікке олар мұрагерлік немесе әскери қызметімен ие болатын. Мысалы Жәнібек батыр «тархан» лауазымын алған соң оған жер т.б. жеңілдіктер мен жалақылар тағайындалғаны белгілі. Мысалы, Кіші жүзге барып қайтқан казак атаманы Ғабдіра зақов Исмагил молданың 1748 жылы қарашада тіркелген жазба сында Жәнібек тархан мен Есет тархандарға қарасты рулардың Картаева Ш.Е. Қазақ халқының әскери өнері және жауынгерлік дәстүрі (XV-XVI ғғ.). – 90 б. Ахметжанов К.С. Жараған темір кигендер: Батырлардың қару-жарағы, әскери өнері, салт-дәстүрлері. – 19 б. 276 Батырлар жыры. Қырымның қырық батыры. (Мұрын жыраудан жазылған мұралар). – 258 б. 274
275
94
2-ТАРАУ. ХVІІІ – ХІХ ғасырдың алғашқы жартысындағы қазақ қоғамында ...
да мекен ету аймағы көрсетілген277. Бұл құжаттардан жоғарыда аталған батырлардың бірқатар рулар мен тайпаларға биліктерін жүргізіп, басқару құрылымындағы дәрежесін көрсетсе керек. Сонымен өзіміз жоғарыда тоқталып өткен үш ұғымға қатысты қорытынды шығару арқылы байқайтынымыз, біріншіден, атал ған ұғымдардың мазмұнына сәйкес орындалатын іс-әрекеттердің барлығы зерттеу тақырыбымыздың негізі болып отырған батыр лар институтының қатысуынсыз өтпеген. Екіншіден, осы ұғым дар арқылы қазақ қоғамындағы батырлардың әлеуметтік-эконо микалық қызметі толық көрінеді. Бір сөзбен айтқанда батырдың қоғамдық мәртебесі аталған ұғымдармен байланысты іс- әрекет терге тартылу мөлшеріне қарай анықталған. Енді дәстүрлі қазақ қоғамында әр түрлі сипаты мен қызметі жағынан әлеуметтік топ ретінде жетілген батырлар институты ның ішкі саяси қызметіне тоқталсақ. Зерттеу тақырыбымыздың уақыт шеңбері қазақ тарихында ғы түрлі өзгерістер әкелген бетбұрысты кезеңге сәйкес келеді. Оның басты себебі географиялық, шаруашылық-экономикалық және саяси-әлеуметтік жағынан үш субэтностық аймаққа бөлін ген қазақ хандығының ішкі байланыстарының әлсіздігін, ру-тай палар арасындағы қарым-қатынастардың тұрақсыздығынан және билеуші топтардың саяси бақталастығынан туындады. «Ортақ өгізден, оңаша бұзауды» артық көрген билеушілер арасындағы алауыздық қазақ халқының болашағын тығырыққа тіреді. Жоң ғар шапқыншылығына дер кезінде тойтарыс берілмеуінен «Ақта бан шұбырынды», «Алқакөл сұлама», «Сауран айналған» тәрізді зұлматтар орын алды. Мұның барлығы хандық институтты дағ дарысқа әкеліп, есесіне ру-тайпа игі-жақсыларын, яғни батырлар мен билердің үстем түсуіне жағдай жасады. Басқаша айтқанда: «ХVІІІ ғасырдың бірінші жартысында батырлардың беделі мен әлеуметтік маңызы мейлінше күшті өсті, мұның өзі сыртқы қа уіпке және қазақтардың әлеуметтік ұйымдасуында әскери құры лымдар рөлінің арта түсуіне байланысты болатын. Жоңғарлар Казахско-русские отношения в ХVІ-ХVІІІ веках (Сборник документов и материалов). – Алма-Ата: АН Каз ССР, 1961. – С. 436. 277
2.1. Қазақ қоғамының саяси және әлеуметтік жүйесіндегі батыршылық ...
95
басқыншылығына пәрменді тойтарыс беруді ұйымдастыру қа жеттілігі әуелі әскери сахнада, ал сонан соң саяси сахнада да ха лықтың жол бастаушылары мен қолбасшылары – батырлардың аса көрнекті шоғырының пайда болуына жеткізді»278. Үмбетей жыраудың: «Батыры ханға сай болды, Елің жайпақ болды»,
– деп жырлайтыны осы кезең 279. Тарихи даму үдерісінің біркелкі болмауына орай қоғамдық институттар бірін-бірі жиі алмастырып, соған байланысты әр түрлі әлеуметтік құрылымдардың бірі алға шығып, екіншісі кен желеп отырды. Зерттеу жұмысының тақырыбының уақыт шең берін қамтитын аумалы-төкпелі кезеңде батырлар институтының алдыңғы қатарға шығуы заңды құбылыс болатын. Әскери өнерді кәсіп етіп, ел қорғау арқылы даңқ пен абырой ға бөленген батырлар ендігі жерде жәй ғана қару асынған сарбаз емес, халыққа сөзін өткізіп, билік айтатын саяси тұлғаға айналды. Олардың атап өтерліктей маңызды ішкі саяси қызметтері қатары на азаматтық басқару істеріне тартыла бастауларын жатқызамыз. Тіпті кейбір жағдайда хан мен сұлтандардың өзі батырлармен са насып отыруға мәжбүр болған. Өйткені ханның немесе сұлтан ның қоғамдағы орны оған қолдау білдірген батырлардың беделі мен санына қарай анықталды. Оның үстіне батырдың шыққан руы үлкен болып, өзі ауқатты болса, осыған қатысты біздің ойтұжырымдарымыздың барысын түсіну қиын емес. Халқымыз дың «батыр болып, бай болса, ханнан несі кем» деп сөз саптауы осыған қатысты айтылса керек. Бұл айтылған тұжырымдары мызды тарихи деректермен негіздесек. ХVІІІ ғасырдың алғашқы жартысында қазақ ел басшыларынан ант қабылдаған Татищев Әбілқайыр ханды көп ешкім тыңдамайтындығын айта келіп, Ор та Жүзден Жәнібек батыр мен Шүрек батыр және Кіші Жүзден Қазақстан тарихы көне замандардан бүгінге дейін. Бес томдық. – Алматы: Атамұра, 2002. – Т. 3. – 238 б. 279 Алдаспан. – 134 б. 278
96
2-ТАРАУ. ХVІІІ – ХІХ ғасырдың алғашқы жартысындағы қазақ қоғамында ...
Бөкенбай батыр жоғары беделге ие екендіктерін жазады280. Қазақ батырларының ішкі саяси жүйесіндегі ықпалын төмендегі тарихи оқиғалардың желісі негізінде одан ары дамытсақ. Алғашқы оқиға есімі ұранға айналған Алдияр батырмен байланысты. М. Тыныш баев еңбегінде келтірілген мәліметтерге сүйенсек, Алдияр батыр Тәуке ханның замандасы және ханның оң жағын ала отыратын батырдың бірі болғанға ұқсайды281. Міне осы Алдияр батыр мем лекеттік істерді ақылдасатын шаруалар туындағанда Тәуке хан ның жанынан табылып, өзінің пайымдауларын білдіріп отырса керек. Тіпті кей жағдайда хан мен батыр арасында бір мәселе ге байланысты келіспеушіліктер де туындаған. Мәселен, ел ара сындағы аңыз бойынша Алдияр батырға келіссөз жүргізу үшін жоңғар қонтайшысы келеді. Бұдан хабардар болған Тәуке хан қонтайшыны өлтіру үшін сарбаздарын жібереді. Ауылына кел ген елшіні қорғау мақсатында батыр өзінің ханына қарсы шығып, хан мен батыр сарбаздары бір күн бойы шайқасады. Шайқаста Алдияр батырдың кенже інісі Майлан қаза табады. Осы оқиғаға байланысты Алдияр батыр ұрпақтарында төмендегідей өлең жол дары сақталған: «Ұзын ағаш, тойкеде келді қалмақ, Хан Тәуке басып барып, басын алмақ, Келмегірдің қалмағы қайдан келді, Екі қазақ соғысты, Майлан өлді»282.
Тарихи аңыз негізінде әңгімеленіп отырған оқиғаның ба рысы былайша аяқталады. «Тәуке хан нөкерлерінің шабуылын тойтарған Алдияр батыр ертеңіне қонтайшыны еліне аман-есен қайтарады. Қонтайшы Ордасына барған соң тұтқындағы қазақ тардың ішіндегі садырларды ғана емес, барлық наймандарды, оған қоса Алдияр батырдың есімін естігендерді де тұтқыннан бо
Витевский В.Н. И.И. Неплюев и Оренбургский край в прежнем его составе до 1758 г. – Казань: Типолитогр. В.М. Ключникова, 1897. – Т. 1. – С. 160. 281 Тынышпаев М. История казахского народа: – С. 220. 282 Тынышпаев М. История казахского народа: – С. 221. 280
2.1. Қазақ қоғамының саяси және әлеуметтік жүйесіндегі батыршылық ...
97
сатады283. Осы тарихи аңызға қатысты қорытынды жасайтын бол сақ. Мұндағы қонтайшы деп отырғанымыз жоңғар нояндарының бірі болуы мүмкін. Ал батырдың інісінің өмірін қия отырып ханға қарсы тұруынан біз батырдың елшілерге зиян тигізбейтін дала за ңын берік ұстанғандығын анық байқаймыз. Ең бастысы бұл аңыз да батырлар институтының ішкі саяси істерге белсене араласып, мемлекеттік маңызы бар шаруаларға азаматтық позициясын та нытуы. Оның үстіне елшінің халықаралық мәселені ханмен емес, батырмен талқылауының өзі көп нәрсені аңғартса керек. Желісі осыған ұқсас келесі оқиға жоғарыда Татищевтің тізі мінде кездесетін табын Бөкенбай батырдың есімімен байланыс ты. Кіші Жүз ханы Әбілқайырдың ешбір кеңессіз Ресей қарама ғына өту өтінішін жасағандығы тарихи деректерден белгілі. Сол өтінішке сай қазақтардан ант қабылдау мақсатында Қазақстан ның батыс өңіріне М. Тевкелев келеді. Ханның халықпен кеңесіп іс қылмағанына наразы болған батырлар мен билер елшіні, оған қоса ханды да өлтірмек болады. Мәселен, жағалбайлы руының батыры Серке «егер де халықтың және өзінің тыныштығын сақ тағысы келсе, бізді тыңдасын», – деп Әбілқайыр ханға баласын жібереді284. Ханның әлсіздігін байқаған М. Тевкелевтың өзі де, орталыққа жазған хаттарының бірінде қазақтар ханнан қорық пайды, – деп атап өтеді285. Мұны ханның өзі де мойындап, орыс патшайымына жазған хатында халықтың оның заңдарына құлақ аспайтындығын өкінішпен баяндаған286. Міне осылайша ханнан қолдау таппаған М. Тевкелев өз өлімін сәт сайын күтумен бола ды. Сол кезде елшімен бірге еріп келген башқұрт билері оған ел ішінде беделді Бөкенбай батырға жолығуға кеңес беріп, өлімнен сол құтқарып қалуы мүмкін екендігін жеткізеді. Сөзіміз дәлелді болуы үшін құжатқа кезек берсек. «…Ордаға атақты Бөкенбай ба тыр, оның күйеу баласы Есет батыр немере інісі Құдаймырза бар. Тынышпаев М. История казахского народа. – С. 221. Вяткин М. Сұлтаны и бии // Қазақтың ата заңдары. Құжаттар, деректер және зерттеу лер. – 10 томдық / бас ред.: Зиманов С.З.– Алматы: Жеті жарғы, 2004. – Т. 2. – С. 217. 285 Казахско-русские отношения в ХVІ-ХVІІІ веках (Сборник документов и материалов). – С. 96. 286 Казахско-русские отношения в ХVІ-ХVІІІ веках (Сборник документов и материалов). – С. 121. 283 284
98
2-ТАРАУ. ХVІІІ – ХІХ ғасырдың алғашқы жартысындағы қазақ қоғамында ...
Олар барлық ру басшыларынан күшті, …осылардан Тевкелев ке пайда болады…287. Ал осыған қатысты А. Левшин былай деп жазады: «Орта және Кіші Жүзде беделді Бөкенбай батыр оның (Тевкелевтің – авт.) қорғаушысы болуға ниет білдірді288. Бұған қо са Әбілқайыр ханның өзі халықтың сенімінен айрыла бастауына байланысты Тевкелевке оның өміріне кепілдік бере алмайтынды ғын айтып, Бөкенбай батырмен табысуынмақұл көреді. Шынын да да Бөкенбай батыр елшінің басты тірегіне айналып, оның және серіктерінің елдеріне аман-есен оралуларына жәрдем тигізеді . Бөкенбай батыр, оның күйеу баласы Есет батыр, немере іні сі Құдайназар мырза т.б. – М. Тевкелевтің мойнына алған ша руасын абыроймен орындап шығуына бірден-бір кепілдік берген адамдар. Бодандық үрдісінің осы тұсында Әбілқайырдан да көрі Жетіру басшыларымен тығыз қарым-қатынаста болған башқұрт батыры Таймас Шайімовтың еңбегі басымырақ. Бөгенбай орыс елшісінің сыйлығынан бас тартады. Ол елшінің ұсынған 500 руб. тауарын алмай, өзінің дүние үшін сатылмайтынын, ойына алған қызметті тегін-ақ жасайтынын мәлімдей отырып, қазақ батырла рының рухани-моральдік бет-бейнесінің жоғарылығын тағы да дәлелдеп береді. Дегенмен Бөкенбай батыр қолдаған күннің өзінде де ел жиыны Әбілқайыр мен елшіге қысым көрсетуін тоқтатпағанын да атап өтуіміз қажет. Ел басылары «хан өз бетімен, ешкіммен келіспей бодандық туралы өтініш білдірді. Қазақты Ресейге тұтқындыққа сатты. Дәстүр бойынша ру басыларымен ақылдаспай хан қимыл жасамауы керек. Ендеше осы тәртіпті бұзған үшін хан өлім жаза сына лайық» деп қорытындыға келді289. Ханға қарсы көтерілген адамдар арасынан Баба би, Жантума би, Баймұрат би, Сырлы бай батырларды кездестіреміз. Батыр сұлтан мен Тәңірберді би дің көп жігітпен Хиуаға бара жатқан Ресейдің ірі керуенін тонап алуы да ел наразылығының бір көрінісі деуге болады. Казахско-русские отношения в ХVІ-ХVІІІ веках (Сборник документов и материалов). – С. 51. 288 Левшин А.И. Описание киргиз-казачьих или киргиз-кайсацких Орд и степей. – С. 182. 289 Казахско-русские отношения в ХVІ-ХVІІІ веках (Сборник документов и материалов). – С. 95. 287
2.1. Қазақ қоғамының саяси және әлеуметтік жүйесіндегі батыршылық ...
99
Осылайша, сыртқы жауларға қарсы соғыс барысында тоғыс қан батырлар қазақ елінің Ресейдің бодандығына мойынсыну үр дісіне келгенде екіге жарылды. Жалпы, қазақ халқы тумысында, болмысында бодандыққа жаны қарсы еді. Бұл туралы А. Левшин өзінің «Қазақ ордасы мен даласын зерттеу» атты еңбегінде айтып кетеді. Зерттеуші қазақтардың бүкіл болмысы мен тыныс-тіршілі гін, салт-дәстүрін зерттеп, зерделеп келіп, жалпы қазақ халқының мінез-құлқы еркіндікке негізделген, бодандыққа, мойынұсыну шылыққа жат деген қорытынды шығарады. Мұны оның еңбегін дегі «Қазақ халқының әдет-ғұрпы» тарауындағы мына дәйексөзі нен аңғаруға болады: «...потому что они не изнежены, не слабы и не знают не только рабства, но и подданства»290. Бодандыққа қарсы топтың батырлары да қазақ елін бодандыққа енгізу бойын ша келген орыс елшілерін қуғыншылыққа ұшыратты. Оның бірі Бақтыбай батыр еді. М.Тевкелевтің Ресей Сыртқы істер минист рлігіне жазған құпия хатында полковник Гарбердің басшылығы мен Ресейден Бұхара мен Хиуаға бет алған 500 түйелі керуенін Бақтыбай батыр басып алып, дүние-мүлкін жергілікті елге тара тып бергені баяндалады. Батырдың әуелгі ойы керуенді талқан дап, адамдарын тұтқынға түсірмек болып 12 күн бойы қоршауға алады. Алайда бұл іске Батыр сұлтан мен Тәңірберді ақсақал ара ласып, керуендегі 500 түйенің жартысын қайтарып береді291. Бақтыбай батырды халық «Әлім Қарасақал әулие» деп те атай ды. Батыр нағыз ерлерше майданда қаза тапты. Бақтыбай батыр туралы орыс деректері де куәлік береді 292. Әбілқайыр ханның қасында болған прапорщик Муравиннің журналында Шекті Бақ тыбай туралы мәліметтер кездеседі. Ондағы дәйексөз былай бе рілген: «Уведомился я, что киргизцы Меньшей орды Чеклинско го роду, у которых главным был Бюлюкчюра Чеклинского роду, Бактыбай батыр, собрались иттить под нижних калмык, о кото Левшин А.И. Описание киргиз-казачьих или киргиз-кайсацких Орд и степей. – С. 51. Казахско-русские отношения в ХVІ-ХVІІІ веках (Сборник документов и материалов). – С. 89. 292 История Казахстана в русских источниках ХVІ-ХХ веков. Журналы и служебные запис ки дипломата А.И. Тевкелева по истории и этнографии Казахстана (1731-1759гг.) / Сос тавление, транскрипция скорописи ХVІІІ в., историографический очерк и комментарии И.В. Ерофеевой. – Алматы: Дайк-Пресс, 2005. – Т. 3. – С. 106. 290 291
100
2-ТАРАУ. ХVІІІ – ХІХ ғасырдың алғашқы жартысындағы қазақ қоғамында ...
рых оне уведомились, якобы без остатку взяты в Астрахань про тив шаха персидского, и намерены были жен и детей их к себе в плен взять»293. Ал, кете тайпасының ту ұстар батырларының бі рінен саналатын, 10 мыңға дейін жеткен қолына қолбасшылық жасаған Арал батыр да Қазақстанның Ресейдің қоластына өт уіне қарсы болған адам. Арал батыр туралы орыстың тарихи құ жаттарында да кездеседі. Оның бірі 1747 жылы 21 желтоқсанда Орынбор губернаторы И. Неплюевтің Сыртқы істер алқасына жіберген хаты294. Баймұрат батыр да Әбілқайыр ханның Ресейдің қарамағына өту саясатына тікелей қарсылық көрсеткен тұлғаларға жатады. 1731 жылы қазан айында жасағымен Әбілқайыр ханның орда сы мен Ресейдің елшілігін қоршап алады. Бұл қоршаудың Әбіл қайыр ханға қатты тигені соншалық ол Баймұраттың тұтқындағы екі адамын босатып жіберуге мәжбүр болған. Өзінің екі адамын босатып алған соң, Баймұрат бастаған наразы топ аттарының ба сын кері бұрған. Ресей империясының бодандығына өтуге наразы топ 3 қараша күні тағы бір шабуыл ұйымдастырады. Таң атқанша қиян-кескі ұрыс болады. Дегенмен Баймұрат тобы Тевкелевтің 17 аты мен 3 түйесін айдап әкетті295. Осылайша, батырлардың саяси ұстанымдарына байланысты мәселе өте шиеленісіп кетті. Ел басына түскен, мұндай шешімі қиын қоғамдық мәселелердің ел жиынында шешілетіні Тевкелев ке жолығуға келген кіші арғын руынан қара балуан Бөгенбайдың айтқанынан да білінеді. Ол «мамыр айында Орта жүздің бүкіл ел басшылары: хандар мен сұлтандар, қазақтың түгел ру басыла ры жиналған кеңес болады. Егер бодандық мәселесін түбегейлі шешемін десе елші соған қатыссын» деді296. Тевкелев саяси би ліктің тізгіні хандарда емес, би-батырларда екенін ұғынған соң Казахско-русские – С. 280. 294 Казахско-русские – С. 369. 295 Казахско-русские – С. 56. 296 Казахско-русские – С. 63. 293
отношения в ХVІ-ХVІІІ веках (Сборник документов и материалов). отношения в ХVІ-ХVІІІ веках (Сборник документов и материалов). отношения в ХVІ-ХVІІІ веках (Сборник документов и материалов). отношения в ХVІ-ХVІІІ веках (Сборник документов и материалов).
2.1. Қазақ қоғамының саяси және әлеуметтік жүйесіндегі батыршылық ...
101
Орта Жүздің ру басылары Шақшақ Жәнібек пен Қаздауысты Қа зыбекке сый-сияпат жіберіп көңілін аулауға тырысты. Балуан Бө генбайдың ел тағдырын терең ойлайтын кемеңгер азамат екенін 1748 ж. Орынбор кездесуінен байқаймыз. Көшпелі елдің тағдыры не болмақ, замана тынысы қалай, елдің болашағы үшін қандай саясат ұстану керек – осының бәрі батырдың Ресей басшылары на қойған кей сауалдарынан көрініп тұрады. Қазақ саясаткерлері нің көпшілігі қайткен күнде де қалыпты өмір соқпағын бұзбауға тырысса, Бөгенбай сияқты батырлар өзгерістердің болмай қой майтынын аңдаған. Би-батырлардың ішкі саяси қызметінің белсенділігін 1734 жылғы Ұлы жүз атынан жүргізілген бодандық келіссөз құжаттарынан да көреміз. Ұлыс атынан Төле, Бөлек, Сатай, Қодар билер, Қан гелді сияқты батырлардың аты жүр. 1740 жылы Ор кездесуінен Орта жүздің тағдырына толық қатысы бар Нияз батырдың рөлі аса маңызды болды. Деректер бойынша ол Сәмеке хан тұсында Түркістан алқабын меңгерген, Князь Урусовқа қазақ хандары ның шежіресін баяндап берген білімпаз батыр әр халықтың ерек ше табиғатын айыра біледі, ол бір сөзінде «орыстың ақылы басы мен жүрегінің түбінде, қазақтікі көзінде» дейді297. Көшпелілер дүниенің әр құбылысының сыртқы түріне, әшекей, қызығы-шы жығына көп көңіл бөлетінін батыр дәл айтқан. Сонымен жоғарыда баяндалған екі тарихи мәліметтерді қор тындыласақ. Бұл мәліметтердің барлығы қазақ жеріне келген ел шілерді батырлардың қорғау қызметімен байланысып жатыр. Ал ғашқы батыр елшіні қорғап қалу үшін ханға қарсылық білдірсе, соңғысы ханның қолынан келмеген істі жүзеге асырады. Әрине, біз бұл арада хандардың дәрежесін төмендетіп, олардың қазақ мемлекеттілігін құру мен одан ары дамытудағы ерен еңбектерін жоққа шығарудан аулақпыз. Біз тек қарастырылып отырған тақы рыпқа сәйкес батырлардың қызметін көрсетуге тырыстық. Баян далған екі оқиғаның ХVІІІ ғасырдың алғашқы жартысында орын алғандығын ескерер болсақ, осы кезеңде-ақ батырлар институ Казахско-русские отношения в ХVІ-ХVІІІ веках (Сборник документов и материалов). – С. 156. 297
102
2-ТАРАУ. ХVІІІ – ХІХ ғасырдың алғашқы жартысындағы қазақ қоғамында ...
тының ішкі саяси жүйеде айтарлықтай дәрежеге ие болғандығын аңғарамыз. Демек, осы уақытта батырлар жай ғана қару асынған жауынгер немесе қолбасшы ғана емес, мемлекеттік мәселелерде сөзі бар, өзі шешім қабылдай алатын әлеуметтік құрылым ретін де пісіп жетілген. Бұл дала демократиясының өзіндік құндылы ғы болатын. Г. Спасскийдің деректеріне сүйенсек, қарастырып отырған кезеңде үш жүзге бөлінген 67 ру-тайпалық бірлестіктің жиырма бесінің билік басында (37,3%) батырлар болған298. Би-батырлардың саяси өмірдегі ауыр салмағын келесі ста тистикалық деректерден байқауға болады. 1743 ж. Ор кездесуіне Шақшақ Жәнібек 431 ел басшысын ертіп келеді, тама Есет батыр 153 адаммен келді, ал Әбілқайырдың күйеу баласы Жәні бек сұлтанға 47 адам ғана ерген. Ресей құжаттарында Жәнібекті «өзге ру басыларынан көп жоғары, қазақтың екі ордасында да ханменен тең билігі бар. Орынборға келген кезінде оған ерген билер саны ханға ергендерден көп және бәрі салмақты, белгілі билер» деген баға кездеседі299. И. Неплюевтің өзі Жәнібекпен тең сөйлесуге мәжбүр. Дәстүрлі қазақ қоғамындағы әлеуметтік жіктелу барысында батырлардың үстем тапқа жетуіне тарихи кезеңдегі әскери-бас қару құрылымының үлкен рөл атқаруы жатты. Жоғарыда айтып өткеніміздей қандай да бір әлеуметтік институттың маңызы оған деген шынайы қажеттіліктің артуына немесе төмендеуіне байланысты реттеліп отырған. Осы қағиданы ұстанатын болсақ, ХVІІІ ғасырдың алғашқы ширегі батырлар институтының қо ғамның сұранысын қанағаттандырып, соның нәтижесінде хан дық институтты билік тетіктерінен ығыстырды. Есесіне Шыңғыс тұқымдары қалай дегенде де билік тізгінін қолдан шығарып ал маудың амалын іздеп, орыс шекпенінің астынан ыңғайлы және пайдалы орын қарастырды. Мұндай әрекеттер керісінше батырлар тарапынан наразылық тудырып, Сырым Датұлы, Исатай Тайма нұлы тәрізді батырлар бастаған қозғалыстар жалғасқан болатын. Ерофеева И.В. Хан Абулхаир: полководец, правитель и политик. – Алматы: Санат, 1999. – С. 34. 299 Казахско-русские отношения в ХVІ-ХVІІІ веках (Сборник документов и материалов). – С. 156. 298
2.1. Қазақ қоғамының саяси және әлеуметтік жүйесіндегі батыршылық ...
103
Осыған қатысты А.И. Левшин өзінің еңбегінде былай деп жаз ды: «Сұлтандардың басым бөлігі өздерін әміршіміз деп атағаны мен, шындығына келгенде олардың қолдарында ешқандай билік жоқ. Тек шаруашылық міндеттерін ғана атқаратын. Олардың қа рапайым халыққа деген ықпалы тек күзде басталып, көктемде аяқталатын, яғни қазақ ауылдары біздің шекарамызға келгенде ғана»300. Ал Жанқожа батыр болса, орыс әкімшілігіне жазған ха тында сұлтандарды оның қарамағындағы халықтың ісіне аралас тырмауын сұрайды301. Мәселен, батыр билеуші сұлтан қызметін атқарған Алтынғазы Нұрымовты дәрежесін пайдаланып Құлба рақ бидің аулынан жылқы тартып алғаны үшін орнынан алғыз дырып тастайды302. Қарастырылып отырған мәселе төңірегінде А. Добросмылов өзінің еңбегінде губернатор Обручев Жанқожа батырды билеуші-сұлтандардың қарамағына беру арқылы қателік жасады, бірақ ол өз қателігін түсініп, билеуші сұлтандарға батыр дың істеріне араласпауды тапсырды деп жазады303. Тарихи құжат тар батырлардың билеуші сұлтан биліктерімен мүлде санаспаған дығын көрсетеді. Мәселен, Адайдың белгілі батыры Сүйінқара билеуші сұлтандардың біріне төмендегідей хат жолдайды: «Мы надай мақал бар, «отарда мың қой болса, оның ішінде бір ғана серке болады». Сол себепті мен келмеген жағдайда бүкіл адайлар да келмейді»304. Бұл келтірілген деректердің барлығы біздің жо ғарыда түйіндеген ойларымызды бекітіп отыр. Тіпті сұлтандар ға қолдау білдіріп, қызметке тағайындаған орыс әкімшілігінің өзі батырлармен ымыраға келгендігін нақты мәліметтер арқылы дә лелдедік. Батырлардың қоғамдық қатынастардағы орныққан беделін ескерген сұлтандар және Ресей әкімшілігі оларға қатысты ерек ше саясат ұстанды. Беделдерінің Ресейдің қолдауы арқылы ғана Левшин А.И. Описание киргиз-казачьих или киргиз-кайсацких Орд и степей. – С. 365. Мейер Л. Киргизская степь Оренбургского ведомства. – СПб.: Тип. Э. Веймара и Ф. Персона, 1865. – С. 67-68. 302 Шойынбаев Т. Восстание Сыр-Дарьинских казахов. – Алма-Ата: Изд-во АН КазССР, 1949. – С. 33-34. 303 Добросмыслов А.И. Тургайская область. Исторический очерк. – Оренбург, 1900. – С. 406. 304 Шойынбаев Т. Восстание Сыр-Дарьинских казахов. – С. 30. 300 301
104
2-ТАРАУ. ХVІІІ – ХІХ ғасырдың алғашқы жартысындағы қазақ қоғамында ...
емес, жанынан табылған батырлардың санына қарай артатынын сұлтандар түсінетін. Сондықтан да олар айтулы батырлармен дос тық, туысқандық т.б. қарым-қатынастар орнатуға тырысатын не месе ерекше сый-сияпат беретін. Сұлтан Баймұхамед Айшуақұлы Ордада тыныштық орнатуда Сүйінқара батырға сүйену үшін оған бір үйір жылқы береді305. Орыс әкімшілігінің қызметіндегі сұл тандар өздеріне берілген тапсырманы орындауда батырлар инсти тутының өкілдерін іске қосуға күш салған. Ал егерде қазақ елінің ішкі жүйесінде Ресей белгілеген қызметтерден сұлтандар тыс қа лып жатса, олар өздерінің қарсылықтарын білдіруге тырысатын. Мұнда да олар батырлардың қолдауынсыз ештеңе істей алмайтындарын түсініп, зерттеу нысанымыздың қызметтеріне жүгі нуге мәжбүр болған. Сөзіміз дәлелді болуы үшін дерекке кезек берсек: «Біздің құрметті ағамыз Сүйінқара батырға... сыйласты ғымызды білдіреміз. Сен тау шыныңдағы арыстан ретінде, бүкіл халықтың ар-на мысы үшін ештеңеден аянбадың. Сенің тірі кезіңде-ақ біз орыс тардан қысымшылық көріп отырмыз. Егер сен бізді өзіңнің туы сың және бауырың ретінде санасаң, онда азаматтарыңмен бірге бізді құтқар»306. Отарлау саясаты қарқынды жүруі үшін қазақ қоғамының ерек шелігін зерттеген орыс үкіметі, ру-тайпалық жүйеге негізделген қазақтың қоғамдық формациясында батырлар институтының өздері қолдау білдіріп отырған хан-сұлтандық институттан әл деқайда жоғары екендігін түсінді. Сондықтан олардың саясаты дәстүрлі билік жүйесін сақтай отырып, батырлар қауымына өз дерінің тұрғысынан алып қарағанда белгілі бір артықшылықтар беруге негізделді. Бір сөзбен айтқанда қазақ қоғамында онсыз да жетекші рөл атқарған батырлар тобына ерекше бір билік лауа зымдарын ұсынуға тырысты және әртүрлі сый-сияпаттар арқылы олардың көңілін аулап, батырлар мен сұлтандар арасындағы түсі Рязанов А.Ф. Сорок лет борьбы за национальную независимость казахского наро да (1737-1838 гг) // Очерки по истории национального движения Казахстана в 2-частях. – Кзыл-Орда, 1926. – С. 269. 306 Казахско-русские отношения в ХVІ-ХVІІІ веках (Сборник документов и материалов). – С. 258-259. 305
2.1. Қазақ қоғамының саяси және әлеуметтік жүйесіндегі батыршылық ...
105
ніспеушілікте екі жақты саясат ұстанды. Оның бір айқын дәлелі жоғарыда өзіміз тоқталып кеткен Жанқожа батыр мен сұлтандар арасындағы кикілжіңде орыс әкімшілігінің батыр тілектерін қа был етуі. Бұған қоса аталған батырға қатысты губернатор Перо вскийдің қызметкерлеріне берген төмендегідей тапсырмасы көп жайттарды аңғартса керек: «... әзірше батырды сылап-сипап оның ашуынкелтірмеңдер, ол әлі бізге қажет307. Мұндай саясат жалғыз Жанқожа батырға ғана емес, жалпы қарастырылып отырған ке зеңдегі ішкі және сыртқы саяси қарым-қатынастарда ықпалы бар тұлғалардың барлығына қатысты қолданған деп түсіну керек. Ресей әкімшілігінің батырлар институтын өздерінің саясатына пайдалануының тағы бір көрінісі «тархандық» лауазымын енгі зуден байқалды. Тархан атағын иеленгендердің қатарында шақ шақ Жәнібек Қошқарұлының, Есет Көкіұлының, Жоламан Тілен шіұлының, Сырым Датұлының болғандығына қарап, бұл лауазым көп жағдайда беделді батырларға ғана берілген деп қорытынды жасай аламыз. Шындығына келгенде тархандық әлеуметтік инс титут ретінде түркі дәуірінен бастау алып, түркі-моңғол тұтасты ғы ыдырай бастаған ХV ғасырға дейінтүрлі даму кезеңінен өтті. Ал Ресей әкімшілігі болса, бұл институтты дәстүрлі билікке қа рама-қайшы қоятын күш ретінде пайдалануға ұмтылды. Танымал тарихшы М. Қозыбаев осыған қатысты былай деп жазды: «Патша Жәнібекке тархандықтың бірінші дәрежесін, Тама Есетке екінші дәрежесін берді. Беріп қоймады, Есеттің іші күйсін, екі батыр дың арақатынасы шиеленісіп, қазақ тайпаларының, жүздерінің арасындағы қарым-қатынас бұзылсын деп есептеді»308. Бір жа ғынан зерттеушінің тұжырымында шындық болғанымен, екінші жағынан алып қарайтын болсақ, ең маңыздысы – бұл құбылыс та да зертттеу нысанымыз батырлардың алдыңғы орында жүруі. Бір байқайтынымыз тархандық атақты ХVІІІ ғасырдың соңы мен ХІХ ғасырдың алғашқы ширегінде иеленген батырлар осы лауа зымды бекіткен Ресейге қарсы азаттық көтерілістерді ұйымдас Аничков И. Қазақ батыры Жанқожа Нұрмұхамедов. – Алматы: Терме бірлестігі, 1991. – 22 б. 308 Қазақтар. Қазақстан һәм қазақтар хақында. – Алматы, 1998. – 83 б. 307
106
2-ТАРАУ. ХVІІІ – ХІХ ғасырдың алғашқы жартысындағы қазақ қоғамында ...
тырушылар. Бұл тархандық лауазымның түркі дәуірінде жоғары лауазымдық дәрежені білдіргенімен, дәл қарастырып отырған ке зеңде тек батырдың баламасы ретінде ғана қолданған деген қоры тынды шығаруға итермелейді. Тархандық лауазымдық атақтан бөлек Ресей әкімшілігі басқа да іс-шаралар жүргізді. Мәселен, арнайы заңмен Жанқожа батыр ды Сырдарияның оң жағалауында, Қарақұм мен Борсық құмда рында көшіп жүрген ру-тайпалардың басқарушысы етіп бекітеді және есаул шенін береді309. Бірақ, өзіміз жоғарыда айтып өтке німіздей Ресей әкімшілігі бекіткен қызметтердің сұлтандар үшін маңызы болғанымен, батырлар институты үшін дәрежелік мазмұ ны болмады. Өйткені батырлар онсыз да өзі шыққан рудың бас шыларының бірі болатын. Сондай-ақ хан-сұлтандардың өзі де кейде батырлардың билі гін әлсіретуге мүдделі болғандығын көреміз. Мәселен, Нұралы хан дәстүрлі билік жүйесіне соққы берудің оңтайлы әдістерін ой ластыра отырып, Әбілқайырдың тұсында ел билігіне араласқан Нұралы хан билігінің адымын ашырмай, тізгіндеп, тежеп отыра тын елдің беделді би-батырлары екенін жақсы түсінеді. Сондық тан оларға Ресей үкіметін айдап салуды көздей отырып, Орын борға жазған хатында Нұралы Орта жүзден төртуыл, қаракесек ұлыстарының басшылары Қазыбек би, Шақыл, Төлебай, Мырза ғұлды, не олардың балалары, тіпті болмаса туыстарын ұстап алу ды, сол сияқты қаракерей найман елінен Қабанбай батырды, ал тай елінен Тоқбура биді, матай найманның ішінен қолға түскен нің бәрін тұтқындауды, аманатқа алып қалуды ұсынады. Ханның айтуы бойынша бұл аталған көсемдердің бәрі де Ресейге қарсы істерге басшы, қолдарында орыс тұтқындары көп адамдар. Нұ ралы Кіші жүздің төртқара руынан Қаратоқа мен Құдаш билерді, Мырзакелді батырдың төрт інісін, қарасақал руынан Тілеуберді батырды және туыстарын, шекті, ақкете руынан Қайғу мен Қал мақай билерді, байбақтыдан Ақжігіт, Қара биді, таз елінен Есен келді, Тімғана билерді, ысық ішінен Қадырқұл, Басман балала Аничков И. Қазақ батыры Жанқожа Нұрмұхамедов. – Алматы: Терме бірлестігі, 1991. – 8-9 бб. 309
2.1. Қазақ қоғамының саяси және әлеуметтік жүйесіндегі батыршылық ...
107
рының (барлығы 10 ағайынды) бірін, Майдан қалпе балаларын ұстауды өтінді. Хан жоғарыдағы көсемдер ұсталмаған күнде әр рудан елу мен жүз арасынан адам ұстап, сол руларды тәуелді етіп қоюды талап етті310. Кіші жүз ханының бұл хаты қазақ даласында ғы әлеуметтік-саяси жүйедегі терең дағдарысты анық көрсетеді. Қалыптасқан дәстүрлі билік жүйесі мен әлеуметтік институттар дың қызметтері ішкі-сыртқы факторлардң шиеленісуінен қарамақайшылыққа ұшырай бастағанын көреміз. Батыршылық институтының ішкі саяси қызметін айқындау да қазақ қоғамындағы барлық игі-жақсылардың бас қосуымен өтетін жиындардың маңызы зор. Олардың ішінде әсіресе қазақ қоғамында қалыптасқан саяси-әлеуметтік жағдайларды талқы лау үшін ұйымдастырылатын хан кеңесінің өзіндік орны болды. Зерттеуіміздің негізі болып отырған батырлар, одан басқа билер мен жыраулар кеңестің тұрақты мүшелері болған. Ханның кеңес құруы жорық үстінде де, жорық алдындағы дайындық пен бағытбағдарды айқындау алдында да іске асырылады. Ханның жорық кезінде ұйымдастырған кеңесіне, негізінен, батырлар қатысады. Хан батырлармен жорық барысында қалыптасқан жағдайды тал қылайды. Батырлар өз кезегінде пікірлерін бүкпесіз айтып, хан ның кейбір шешімдерін қолдамайтындықтарын да білдіріп отыр ған. Бұл әскери демократияның бір көрінісі ретіндегі батырлар институтының шарықтау шегіне жеткендігінің белгісі болатын. Бұдан басқа да ұйымдастырылатын халық кеңестерінің маңызы хан кеңесімен қатар болмаса, төмен бола қойған жоқ. М. Гроде ковтың көрсетуінше, ондай халықтық мәслихаттарда мынадай төрт мәселе қарастырылған: жайлау, қыстау, соғыс және бітім жа риялау311. Бұлардың қатарына хан сайлау мәселесін де кіргізуге болады. Тереңірек үңіліп қарастыратын болсақ, аталған мәселе лердің бесеуі де батырлар институтының еркінен тыс шешілме гендігін аңғарамыз. Мәселен, қыстау мен жайлау жер мәселесіне негізделгендіктен, соңғы сөз ру басшысы болып келетін батыр Казахско-русские отношения в ХVІ-ХVІІІ веках (Сборник документов и материалов). – С. 498. 311 Гродеков Н.И. Киргизы и каракиргизы Сыр-Дарьинской области. Юридический быть. – Ташкент: Типо-литография С.И. Лахтина, 1889. – Т. 1. – С. 25. 310
108
2-ТАРАУ. ХVІІІ – ХІХ ғасырдың алғашқы жартысындағы қазақ қоғамында ...
ларда болғандығы анық. Олай деп тұжырым жасау себебіміз қа зақ қоғамының ерекшелігіне сәйкес әрбір рудың арнайы баған дармен бөлінбесе де, шартты түрде белгіленген көшіп-қонатын аумағы болатын. Сол заңдылықтарды сақтау, ру аралық келеңсіз оқиғалардың орын алмауын қадағалау ру басшысы және сол ке зеңдегі мемлекеттің тұтқасын ұстаушы ретіндегі батырлардың басты ішкі саяси қызметтері болатын. Қарастырылып отырған уақытта орын алған жаугершілік қазақ ру-тайпаларының көп шілігін орныққан көші-қон үрдістерінен тартынуға мәжбүрледі. Соған байланысты өрісі тарылған ру көршілес орналасқан ру дың жерінен уақытша енші алатын. Бұл, әрине, кеңесте талқы ланып, екі жақты келісім арқылы шешімін табатын. Кей уақыт тарда күшті рулардың өздерінен әлсіздеу руларды қоныстары нан ығыстырып жіберіп отырғандықтарын да жоққа шығаруға болмайды. Мұндай жағдайларда да алдыңғы қатарда батырлар қаумының өкілдері жүргендігі айдай анық. Ал соғыс пен бітім туралы айтатын болсақ, мемлекеттің басты ұстанымдарын бел гілеп, анықтайтын, бұл екі үдерісте батырлар институтының қа тысуынсыз шешілмегендігі даусыз. Оның да себептері жоқ емес. Аталған екі мәселенің алғашқысы толығымен қазақ қоғамындағы батырлардың өмірлік қағидаларымен ұштасып, олардың мойын дарына ілінген Отан алдындағы борыш қамыты ретінде сипат талады. Соған байланысты, бұл мәселедегі соңғы әрі түйінді сөз батырлар тарапынан жасалатын. Бітімгерлік ханның шешімімен, билердің араласуы арқылы орындалатын мәселе деп айтқанмен де, бұл тағы да батырлардың келісімінсіз өтпеген деп тұжырым жасай аламыз. Өйткені соғыс кезінде батырдың жауына есесі кет кен шақтары болады. Ал оны қайтару немесе құнын даулау, яғни, кегін алу батыр атағын иемденген кез-келген азаматтың алдыға қойған принципі болатын. Оның орындалмауы нағыз батыр үшін өлгенмен бірдей болатын. Осыдан келіп бұл мәселе де батырдың араласуынсыз өтпегендігіне көз жеткіземіз. Құрылтайда қарас тырылатын тағы бір маңызды мәселе, хан сайлау тәрізді рәсім, батырлар қауымының тікелей назарында болған. Мысалға, Әбіл қайыр хан қайтыс болған тұста Ресейге қарсы батырлар тобы Ба
2.1. Қазақ қоғамының саяси және әлеуметтік жүйесіндегі батыршылық ...
109
тыр сұлтанды ақ кигізге көтеріп хан сайласа312, Ресейлік бағытты ұстанатын батырлардың бір бөлігі Нұралы сұлтанды хан етіп бе кітуді өтініп, Ресей әкімшілігіне хат жолдаған313. Бұл келтірілген деректер біріншіден, батыршылық институтының қазақ мемлеке тінің ішкі саяси жүйесінде қаншалықты ықпалға ие болғандығын көрсетсе, екіншіден, Ресейдің аймақтағы билігінің артуына қарай батырлардың біраз бөлігінің саяси ұстанымдарының Ресейге қа рай ауыпбара жатқандығын аңғартады. Қалай дегенде де кез кел ген сұлтанның таққа қол жеткізуі әскери күшті қолына шоғыр ландырған батыршылық институтының мақсат-тілектеріне қарай анықталғандығын жоққа шығаруға болмайды. Әскери демокра тияның басты қозғаушы тетігі ретінде батырлар өздері тәрізді со ғыс майданында қан кешіп, жорықтардың ыстық-суығын бастан өткерген сұлтандарға қолдау көрсететін. Соған байланысты таққа үміткер сұлтанның басқа қарсыластарынан оза шығуына жағдай туындайтын. Бұл ежелден тамыр тартатын дала ережелерінің нақ көрінісі деуге болады. Жалпы жоғарыда айтылғандардың негізінде мынадай заңды лықты анық аңғаруымызға болады. Ол XVII ғ. соңы мен XVIII ғ. алғашқы жартысындағы және XVIII ғ. екінші жартысы мен XIX ғ. бірінші жартысындағы батырлар институттарының қазақ қоға мының ішкі саяси жүйесіндегі қызметтерінде айрықша үндестік тің болмауы. Мәселен, алғашқы кезеңде батырлардың ішкі саяси қызметі анағұрлым кең болып, батырлардың іс-әрекеттері ұлттық жауапкершілікке негізделсе, одан кейінгі кезеңде батырлардың қызығушылықтары көп жағдайда ру-тайпалық принциптен аспай қалды. Оның басты себебі Ресейдің жүргізген отарлау саясаты мен тікелей ұштасып жатты. Қалай айтқанда да өзіміз жоғары да тоқталып кеткеніміздей батырлар институты қарастырылып отырған кезеңде қазақ қоғамының ішкі саяси мәселелерін шешу де және дамытуда жетекші орынға ие болған. Сонымен жоғарыда айтылғандарды түйіндей келе мынадай қорытындылар шығарамыз: Казахско-русские отношения в ХVІ-ХVІІІ веках (Сборник документов и материалов). – С. 433. 313 Құнтөлеуұлы А. Әбілқайыр хан. – Алматы: Дәуір, 2008. – 453 б. 312
110
2-ТАРАУ. ХVІІІ – ХІХ ғасырдың алғашқы жартысындағы қазақ қоғамында ...
– XVII-XVIII ғасырлардағы ішкі және сыртқы факторлар қа зақ қоғамындағы батырлардың саяси, әлеуметтік статусқа ие болуына қолайлы жағдай туғызды. Хандық биліктің әл сіреуі тұсында саяси басымдылық батырлар қолына өтті. XVIII ғасырда батыршылық институтының күрделі қалып тасу үдерісі аяқталып, ол өзінің дәл осы кезеңдегі өзіндік қызметін атқарды; – оқу құралының хронологиялық шеңберін қамтитын уақытта батыршылық институты қазақ қоғамының ішкі саяси кеңіс тігінде барлық белгілері бойынша жетекші орынға ие бол ған. Нақтырақ айтқанда қоғамда жүзеге асырылатын саясиәлеуметтік іс-әрекеттердің барлығы батыршылық институ тының шешімі арқылы реттелген; – батырлардың ішкі саяси жүйедегі әлеуметтік-экономикалық қызметі «барымта», «олжа», «сауға» тәрізді ұғымдар арқы лы сипатталған; – барымташылдықтан батырлыққа өтуде өзіндік орны болған барымта – тек көшпелі халықтарға тән ұғым. Ол – кейбір зертеушілердің жазып кеткеніндей қарақшылық немесе ұр лық емес, керісінше көшпелі қоғамдағы ру-тайпалардың жә не олардың лидерлерінің болмысын анықтайтын құбылыс. Студенттердің өз білімін тексеруге арналған сұрақтар: 1. ХVІІ ғасырдың ағы – ХVІІІ ғасырдың басындағы қазақ қоғамының ішкі және сыртқы саясатының даму ерекшеліктерін сипаттаңыз. 2. «Батыршылық институты» және «барымта», «сауға», «олжа» ұғымдары. 3. Хан билігі: құқық және қызметі. Хан Кеңесі. 4. Әскери демократия және батыршылық институты. 5. Батыршылық институтының қызметінің жыраулар поэзиясында сипатталуына талдау жасаңыз.
2.2. Батырлық дәстүр сыртқы саяси қарым-қатынастағы орны мен рөлі Қазақ хандығы қалыптасқан күнінен бастап мемлекеттік принциптерге сәйкес мемлекетаралық, аймақаралық және халықара
2.2. Батыршылық институтының сыртқы саяси қарым-қатынастағы орны мен ролі
111
лық байланысқа тартылды. Халықаралық жағдай экономиканы, саяси идеологиялық, құқықтық, дипломатиялық әскери және бас қа да байланыстарды, сонымен бірге әлемдік аренадағы мемле кеттер мен ұйымдар арасында болатын саяси принциптерді бір жүйеге тартатын орта болып табылады. Соған байланысты қарас тырылып отырған кезеңде батырлар институтының өкілдері де соған тартылып, қазақ елінің болашағын айқындайтын қатынас тарда жетекші орынға ие болды. Оның басты себебі, халықтар арасындағы саяси қарым-қатынастар үдерісі көптеген адамдар мен тұлғалардың тағдырына және мүдделеріне әсер еткен оқиға лар мен құбылыстардың жиынтығы тәріздес. Оның өрбіп, даму қарқыны мен сипатына жеке тұлғалардың белгілі мүддені қорғау жолындағы әрекеттерімен қатар өзге бір елдердің саяси ұстаным дарындағы өзгешеліктер мен геосаяси жағдайындағы өзгерістер де өз әсерін тигізіп отырды деп айтуға болады. Осыларды ескерер болсақ, халықаралық байланыстар өзара қақтығыстар мен ынты мақтастықтар негізінде дамығандығына көз жеткіземіз. Соған байланысты қазақ батырларының да сыртқы саясаттағы қызметі отан қорғау және елшілік тәрізді екі бағытта дамыды. Алғашқы сының өзі батырлардың іс-әрекеттеріне қарай бірнеше бағыттар ға жіктелетін. Енді осыларға жеке-жеке тоқталсақ. Алдымен ба тырлардың сыртқы саясаттағы қызметіне тоқталсақ. Ол ең бірін ші қазақ – жоңғар қатынастарымен, одан кейін қазақ-орыс және басқада көрші халықтар арасындағы байланыстарымен айқында лады. Қарастырылып отырған кезеңдегі саяси жағдайдың тұрақ сыздығына орай батырлардың қызметі ұдайы атыс-шабыстарда шыңдалды. Бір сөзбен айтқанда бұл қарым-қатынастардың бар лығын соғыс ұғымы біріктірді. Соғыс – қарулы күштеу арқылы мемлекеттердің, белгілі бір топтардың саяси күресін қамтитын күрделі қоғамдық құбылыс. Осы орайда қазақ батырларының со ғыстары да бірнеше бағытта жүріп, көбінесе сырқы жаудан қор ғануға негізделді. ХVІІ ғасырдың соңы мен ХVІІІ ғасырдың басында аракідік қақтығыстар болмаса, негізінен мамыражай тіршілік қазақ халқы үшін дауыл алдындағы теңіздің тыныштығындай өткінші уақыт
112
2-ТАРАУ. ХVІІІ – ХІХ ғасырдың алғашқы жартысындағы қазақ қоғамында ...
болды. Бұл қазақ тарихындағы алабөтен орны бар Тәуке ханның үш жүздің басын біріктіріп, жоңғардың алғашқы қарқынының бе тін қайырып, Күлтөбеде ел мәселесін би-батырлардың ортасында отырып талқылап, «Жеті жарғы» ережесі негізінде ішкі-сыртқы қатынастарды ретке келтіріп, ел тізгінін өз қолына алған шақ бо латын. Осыған қатысты Ш. Уәлиханов «қазақ тарихының Геродо ты деп бағалаған А. Левшин былай деп жазды: «Тәуке хан жайлы айтылғанда әрбір қазақтың жүрегінде ол туралы шынай ықылас пайда болады. Ол қазақ даласының Ликургы, Драконты. Тәуке бірнеше жылға созылған руаралық қантөгісті тоқтатып, халықты күшпен емес, ақылмен және әділдікпен басқарды. Ол әлсіз рулар ды біріктіріп күштілерді басып отырды. Сонымен бірге халықтың барлығына ортақ заң жүйесін енгізді»314. Алайда қазақ қоғамы ның ерекшелігі саналатын ру-тайпалық жүйенің күштілігі, әкім шілік-аймақтық бөлініс ретінде пайда болған қазақ жүздері ара сында өзара күшті саяси-экономикалық байланыстың болмауы, оның үстіне дара билікке ұмтылған сұлтандардың іс-әрекеттері Тәуке ханның тірі кезінде-ақ біліне бастаған. Қазақтың көмекей әулиесі Бұқар жыраудың төмендегідей жыр жолдары осы кезеңге қатысты айтылса керек: «Ақтың жолын күзетпей, Жамандықты тұтқан жұрт, Байсал тауыпжортқан жұрт, Ханға тізгін салмады, Хан жарлығын алмады, Баяғыдай бармындап, Бірауызды болмады»315.
Бұл дегеніміз Еуразия кеңістігін ат дүбірімен дірілдеткен, оқдәрі пайда болғанға дейінсайындаланың дырау қамшысы болған алып көшпелі империялардың мұрагері саналатын қазақ ханды ғының өткеннің елесіндей болып, келмеске кетіп бара жатқанды Левшин А.И. Описание киргиз-казачьих или киргиз-кайсацких Орд и степей. – С. 64. Бес ғасыр жырлайды ХV ғасырдан ХХ ғасырдың бас кезiне дейiнгi қазақ ақын-жы рауларының шығармалары. 2-томдық / құраст.: М. Мағауин, М. Байдiлдаев.– Алматы: Жа зушы, 1989. – Т. 1. – 84 б. 314 315
2.2. Батыршылық институтының сыртқы саяси қарым-қатынастағы орны мен ролі
113
ғының алғашқы белгісі еді. Ал оған жол бермеуі үшін көшпелі лердің ерлігі мен елдігі сынға түскен болатын. Қарастырылып отырған кезеңде қазақ хандығының осындай дәрежеге жетуіне гео-саяси орналасуы өз әсерін тигізбей қойма ды. Тарихи уақытты өз дегенінше пайдаланған Ресей мен Қытай тәрізді көршілес орналасқан екі алып империялардың сыртқы саясатында қазақ елі ерекше мәнге ие болды. Олардан қалысқы сы келмеген Орта Азия хандықтары қалайда өз үлестерін алып қалуды көздеді. Ал ең басты қауіп шаруашылығы мен тіршілігі нің кейбір салаларында қазақ халқына ұқсас жақтары бар, өз ал дына қуатты мемлекет ретінде құрылған Жоңғар хандығы тара пынан төнген еді. «Жау жағадан, бөрі етектен» алған бұл кезеңді Ш.Ш. Уәлиханов былай сипаттаған: «ХVІІІ ғасырдың алғашқы он жылдығы қазақ халқы үшін қорқынышты уақыт болды. Жоң ғарлар, Еділ қалмақтары, Жайық казактары және башқұрттар қа зақтардың ұлыстарын жан-жақтан талап, малдарын айдап әкетіп, адамдарын отбасыларымен тұтқындады»316. Зерттеушінің сипаттап отырған жағдайын сол заманда-ақ Ақ тамберді жырау төмендегіше қинала жырлаған болатын: «Сұмырайға күтпес сұмдықты, Тіледік қашан, ойладық, Көшіп, босып қоныстар, Қанжығаға саптаяқ, Қалайша бүгін байладық! Үдере көшіп қонған жер, Тоқырауын, Жамшы кеп, Сарысу мен Атасу, Бермекпіз кімге алшы деп?! Ертістің ұзына бойына, Шақырып едік біз қашан, Осыған қорған салшы деп?!317.
Міне осындай қилы заманда халықтың болашағы үшін қам сыз қалмау керек екендігін ұғына білген көреген ел көсемдерінің 316 317
Валиханов Ч.Ч. Собрание сочинений в пяти томах.– Алма-Ата: Наука, 1985. – Т. 4. – С. 111. Қазақ хандығы дәуіріндегі әдебиет. – Алматы: Ана тілі, 1993. – 57 б.
114
2-ТАРАУ. ХVІІІ – ХІХ ғасырдың алғашқы жартысындағы қазақ қоғамында ...
қатарында зерттеу нысанымыз батырлар институтының өкілдері де бар болатын. Ендігі жерде қазақ батырлары үшін көне түрік тастағы жазуларында: «Қызыл қанымды төктім, Қара терімді ағыздым, Күш қуатымды бердім, Бұл түрік халқына Қарулы жауды келтірмедім, Атты әскерді жолатпадым»,318
– деп айтылатындай іс-әрекеттерді жүзеге асыруға тура келді. Осылайша соғыс, яғни, елді қорғау ХVІІІ ғасырда қазақ қоғамын дағы батырлар институты сыртқы саясатының басты қызметі бол ды. Оны Махамбеттің мына өлең жолдары толық ашып көрсетеді: «Ереуіл атқа ер салмай, Егеулі найза қолға алмай, Еңку-еңку жер шалмай, Қоңыс салқын төске алмай, Тебінгі терге шірімей, Терлігі майдай ерімей, Алты малта ас болмай, Ат үстінде күн көрмей, Ашаршылық, шөл көрмей, Өзегі талып ет жемей, Ер төсекке безінбей, Ұлы түске ұрынбай, Түн қатып жүріп, түс қашпай, Тебінгі теріс тағынбай, Темір қазық жастанбай, Қу толағай бастанбай, Ерлердің ісі біте ме?»319.
Осы жырда айтылып өткендей батырлар сословиесі, тек қана сыртқы жаулардан қорғанып қоймай, елдің ата-қонысын, жайы Иоллығтегін. Күлтегін. Көне жазба ескерткіштері. – Алматы: Жалын, 1986. – 76 б. Қазақ ақындарының поэзиясы: оқу кұралы / Сүйіншәлиев Х.Ж. – Алматы: КазГУ, 1982. – 103 б. 318 319
2.2. Батыршылық институтының сыртқы саяси қарым-қатынастағы орны мен ролі
115
лымдық жерлерін кеңейту мақсатында да тер төкті. Осындай әрекеттер батырлардың ел арасындағы абыройының асқақтап, беделінің өсуіне әсер етті. Ауызекі деректерге сүйенсек, Әйтеке би айтыпты деген сөз бар: «Халқына құт әкелмей тұрып ер мақ сұтына жеттім дей алар ма? Ержігіттің ерлігінің бағасын бер мей тұрып, елес жия алар ма? Мұқым дүниенің мәні де, сәні де елдің тірегі ер болған жерде ғана, ердің тірегі ел болған жерде ғана кірмек. Батырыңның бағын байлағаның – барыңды жоғал тып, бәлеге жолыққаның. Айналып келіп, алтын тағыңа ниеті теріс адамды отырғызғаның. Арам – өзін ойлайды, адал – өзге сін ойлайды. Халықтың таңдауы – өзгесінің қамын жейтіннің жағында»320. Бұл үзіндіден данагөй бидің ел болашағы тартысқа түскенде оны тек батырлар қауымының біріккен күші құтқара тындығы сенім білдіргендігін байқау қиын емес. Мұны біз Қо жаберген жыраудың Әйтеке биге сілтеме жасаған мынадай жыр жолдарынан байқаймыз: «Төреден Әйтеке би безін деді, Келді ғой көсем сайлар кезің деді, Қазақты батыр көсем басқармаса, Быт-шыт қылар жау қалмақ, сезін деді»321.
Шындығында да Әйтеке бидің қалағанындай ХVІІІ ғасыр ба тырлар институтының алтын ғасыры болды. Алдындағы бөлімде айтып кеткеніміздей ендігі жерде батырлар институты отан қор ғау қызметі арқылы сыртқы саясатта елеулі жетістіктерге жетіп, соның нәтижесінде ішкі саяси-әлеуметтік қарым-қатынастарда басты орынға шыққан болатын. Зерттеуші Н. Аполлованың пікі рінше, Қарақұм құрылтайы батырлардың қазақ қоғамындағы жо ғары әлеуметтік топтардан үстем түскен жиыны болған322. Оның да себебі жоқ емес. Аталған құрылтайда ел бастаған көсемдер тығырықтан шығу жолының шешімін таппай тұрғанда, батырлар институтының өкілі Бөгенбай батыр суырылып ортаға шығып өз Оразбаева А. Дәстүрлі қазақ қоғамына тән билер институты. – Алматы: Дайк-Пресс, 2004. – 104 б. 321 Үш Пайғамбар. – Алматы: Дәуір, 1992. – 160 б. 322 Апполова Н.Г. Присоединение Казахстана к России в 30-х годах ХVІІІ в. – С. 169. 320
116
2-ТАРАУ. ХVІІІ – ХІХ ғасырдың алғашқы жартысындағы қазақ қоғамында ...
киімін өзі жырта қылышын жоғары көтеріп, төмендегідей жа лынды сөздер айтады: «Таланған көштің, тұтқындалған бала-ша ғаның бейшара куәсі болмайық. Жаудан кек алып, өлсек, қару ұс тап өлеміз, қыпшақ даласының ерлері қашан қорқып еді? Қолым ды жау қанына малғанда, сақалым әлі бурыл тартпаған болатын! Жаудың зұлымдығына шыдап отыра алман! Жауға мінер тұлпар аздық емес! Өткір жебеге тола қорамсақ әлі босаған жоқ»323. Міне бұл сөздер батырлардың ел қорғау қызметінің нақты дәлелі бо лып, олардың сыртқы саясаттағы негізгі іс-әрекеттерінің бары сын айқындайды. Біздің бұл тұжырымымызды Жәнібек батыр дың орыс елшісіне айтқан мына сөздері толықтыра түседі.: «...өз туыстарымды және ар-намысымды қорғау үшін оларға (жоңғар ларға) қарсы соғысуға мәжбүр болдым...». Осындай тарихи де ректермен қатар қарастырылып отырған мәселе, яғни батырлар институтының ел қорғауға негізделген сыртқы саяси қызметтері сол кезеңдегі жыраулар поэзиясында жақсы көрініс берген. Мәсе лен, Ақтамберді жыраудың:
немесе
«Дұшпаннан көрген қорлықтан, Жалынды жүрек, қан қайнап, Ел-жұртты қорғайлап, Өлімге жүрміз бас байлап» «Жауға шаптым ту байлап, Шепті бұздым айқайлап»324,
не болмаса басқа бір жыр жолдарында «Жау екен деп именіп, Аттың басын тартпаған, Жауға кезек беруден, Жаңылмапты қалқасын Бермеймін деп еш жауға Көкшетау мен Арқаны, Жаудың алдын тіреген»325 Ерофеева И.В. Хан Абулхаир: полководец, правитель и политик. – С. 325. Бес ғасыр жырлайды ХV ғасырдан ХХ ғасырдың бас кезiне дейiнгi қазақ ақын-жы рауларының шығармалары. – Т. 1. – 61 б. 325 Алдаспан. – 8 б. 323 324
2.2. Батыршылық институтының сыртқы саяси қарым-қатынастағы орны мен ролі
117
– деп келетін жыр жолдары ел алдындағы батыр борышының бір қырын көрсетеді. Сол кезеңдегі жекелеген батырлардың сыртқы саясаттағы бір белгісі саналатын ұрыс даласындағы іс-қимылдары жыраулар поэзиясында өзінің басты орнын алған. Соның негізінде ел ба сынан өткен, халық тағдырына терең із қалдырған тарихи және саяси оқиғалар нақты тұлғалардың бейнесі арқылы, солар өмір кешкен, азаттық жолында арпалысып өткен заман кеңістігі арқы лы көркем жырланды. Оның басында Бұқар және Үмбетей тәріз ді жыраулар тұрып, қарастырып отырған тақырыбымыз олардың жырларының мазмұны болған. Мысалы, мына жыр үзіндісіне на зар аударсақ: «Қалданменен ұрысып, Жеті күндей жүрісіп, Сондағы жолдас адамдар Қаракерей Қабанбай, Қанжығалы Бөгенбай, Шақшақұлы Жәнібек, Сіргелі қара Тілеуке, Қарақалпақ Құлашбек, Тігеден шыққан Естербек, Шапырашты Наурызбай, Құдаменді Жібекпай қасында, Бақ-дәулеті басында Секербай мен Мүбекбай Таңсық қода, Мамыт бар, Қасқараұлы Молдабай, Қатардан жақсы қалдырмай, Айнақұл Бәти ішінде, Өңкей батыр жиылып Абылай салды жарлықты»326.
Бұл жыр жолдарынан ел басына қауіп бұлты үйірілген шақта батырлар тобының бір ту астына жиылып, өздерінің басты мін деттерін атқарғандығын аңғарамыз. Мұның өзі тағы да біздің жо ғарыда түйген тұжырымдарымызды бекіте түседі. 326
Қазақ ақындарының поэзиясы. – 47 б.
118
2-ТАРАУ. ХVІІІ – ХІХ ғасырдың алғашқы жартысындағы қазақ қоғамында ...
Жырау бабаларымыздың бірі осылай толғаған тұста, келесі бір сол заман куәгері Үмбетей былайша жырлайды: «Баянаула, Қызылтау, Абыралы, Шыңғыстау, Қозымаңырақ, Қоймаңырақ, Арасы толған көп қалмақ, Қалмақты қуыпқашырдың, Қара Ертістен өткізіп, Алтай тауға асырдың! Ақшәуліге қос тігіп, Ауыр қол жинап алдырдың Қабанбай мен Бөгенбай Арғын менен найманға Қоныс қылып қалдырдың»327.
Мұнда батырлардың сыртқы саяси бағытт ағы екі қызметі сипатт алады. Алғашқысы батырлардың басқыншыларға қар сы күресі болс а, екіншісі солардың негізінде азат етілген атажұртқа қарамағындағы халықты орналастыру. Бұл дегеніміз батырлар сословиесі тек қана сыртқы жауларды ел террито риясынан шығарып қана қоймай, елдің ата-қонысын, жайы лымдық жерлерін кеңейту мақс атында да тер төккен. Біздің бұл пікірімізді Адайдың Шот ан, Есболай, Атақозы тәрізді ба тырларының ерлік істеріне арналған келесідей жыр жолдары дәлелдей түс еді: «Ерлерім де бар екен, Тұлпар мініп ту алған, Жауды көрсе қуанған, Қылышын қанға суарған, Сол ерлердің барында, Тілегі қабыл шағында, Маңқыстау түбек – мұны алған. Аңдысып жүріп дұшпанын Түбектен айдап шығарған»328. 327 328
Қазақ ақындарының поэзиясы. – 107 б. Қазженұлы Ұ. Әнестен бергі тарих // Адай-ата. – Алматы, 2005. – 2-кітап. – 435 б.
2.2. Батыршылық институтының сыртқы саяси қарым-қатынастағы орны мен ролі
119
Батырлар жоғарыдағы тарихи-әдеби шығармалардың үзінді лерінде келтіріліп кеткен іс-әрекеттерді орындаумен шектелмей, сол кезеңдегі халықаралық қатынастардағы саяси оқиғаларға да белсеніп кіріскен. Отан қорғау соғысындағы ерлік, соның нәти жесінде келген танымалдық батырлардың көршілес елдермен қа рым-қатынасқа түсуіне айрықша септігін тигізді. Нақтырақ айт қанда қазақ батырлары көршілес елдердегі саяси оқиғаларды өз пайдаларына жаратуға тырысты. Оның алғашқы бір дәлелі қазақорыс және қазақ-жоңғар қатынастарында өзіндік орын қалдырған қарасақал Шона оқиғасы. 1735-1744 жылдары Ресейдің отарлау саясатына қарсы қарасақал (М. Юлаев) бүкіл башқұрт халқын көтереді. Алайда күштің тең болмауына орай көтеріліс жеңіліп, ұйымдастырушылар жазалау шараларына ілікпеу үшін бас сау ғалап қашады. Көптеген тарихи деректерде көтеріліс жетекшісі Қарасақалдың қазақтар арасынан қолдау тапқаны айтылады329. Тереңірек үңілсек оған Қабанбай батыр мен Қазыбек бидің сүйе ніш білдіріп, пана бергендіктеріне де көз жеткіземіз. Қарасақал ды қабылдаған қазақтың қос айтулы тұлғасы оны Шона батыр деп жалпақ жұртқа жариялап жібереді. Шындығында Шона (Шо на – Лаузан) Цеван Рабданның Еділ қалмақтарының ханы Аюке нің қызымен некесінен туылған ұлы болатын. ХVІІІ ғасырдың басында Галдан Цереннің өзін тақ мұрагерлігіне үміткер ретінде тірі қоймасына сенімді болған ол, нағашы жұрты Еділ қалмақта рына қашып барып, сонда 1732 жылы өлген330. Ал оның тірі екен дігі туралы жалған хабар бүкіл даланы дүр сілкіндіріп, жоңғар билеушісі Галдан Церенді ұйқыдан айырды. Осылайша Қараса қал Ресей үшін қайтадан башқұрт көтерілісін бастау мүмкіндігі мен, жоңғар хандығы үшін таққа үміткерлігімен қауіпті болды. Осыны жақсы түсінген Қабанбай батыр мен Қазыбек би қазақ билеушілерінің қарсылығына қарамастан оны барынша қорғап, қолдаған. Әрине, қазақ батыр-билері оның шынайы Шона еместі Материалы по истории Башкирской АССР. – М.– Л.: Изд-во АН СССР, 1949. – Т. ІІІ. – С.339;43. 330 Игнатьев Р. Карасакал, Лже-хан Башкирии // Труды научного общества по изуче нию быта, истории и культуры башкир при наркомпроссе БАССР. – Стерлитамак, 1922. – Вып. 2. – С. 204, 36. 329
120
2-ТАРАУ. ХVІІІ – ХІХ ғасырдың алғашқы жартысындағы қазақ қоғамында ...
гін біле тұра, мұндай қадамға баруын саяси қадам деп бағалауға болады. Яғни, соғыстың тек ұрыс даласында ғана емес, сырттай саяси жүрістер арқылы да жүргізуге болатындығын ескерген ба тырларымыз қытығына тиюге тырысқан тәрізді. Олардың мұндай шешімдері нәтиже де берген болатын. Мәселен Галдан Церен Қа расақалды өлтіру үшін адам жалдаса, Ресей жағы Әбілқайыр хан ға оны ұстап беруді тапсырған. Ханның жоғарыда аталған би мен батырдан Қарасақалды тартып ала алмайтындығы белгілі жәйт еді. Сол себепті Әбілқайыр хан Ресейге жіберген хаттарының бі рінде Қарасақалды қайтару үшін наймандардың 30 адамын кепіл дікке алуды кеңес етсе, баласы Нұралы губернатор И. Неплюевке мынандай мазмұндағы хат жазған: «қазақ еліндегі қашқындарды және орыс тұтқындарын босатып алу үшін Орта Жүздегі Қараке сек руының өкілі Қазыбек бидің балаларын, туыстарын, Қараке рей найман руының батыры Қабанбайдың балаларын, не болмаса жақындарын ұстап алу қажет»331. Осыған ұқсас оқиға ХVІІІ ғасырдың 50 жылдары тағы да қайталанып, онда да зерттеуіміздің негізі батырлар институты ның өкілдері өздерінің қоғамдағы жетекші рөлді иеленетіндік терін тағы да дәлелдейді. Толығырақ тоқталатын болсақ, арасы на он жылдан артық уақыт салып бұрқ етіп көтерілген башқұрт халқы отарлаушы ел тарапынан тағы да басып жаншылады. Ен дігі жерде көтеріліс басшылары ғана емес, біршама халық қазақ даласына қарай ағылады. Кезінде М. Тевкелевті әкелгені үшін Әбілқайырға қарсы шыққан Серке батыр, сонымен бірге Бек баулы, Байдәулет, Қотыр тәрізді Кіші Жүздің батырлары оларды өздеріне қабылдап, қорғаймыз деп уәде береді. Бұл үшін аталған батырлар мен орыс әкімшілігінің бұйрығын сөзсіз орындайтын Нұралы хан жасақтары арасында бірнеше адамның өліміне әкел ген қақтығыс та орын алады332. Осы және жоғарыда баяндалған оқиғалар көшпелілердің, оның ішінде түркі тілдес башқұрттар дың қазақ хан-сұлтандарынан емес, батырлар қауымынан қолдау Казахско-русские отношения в ХVІ-ХVІІІ веках (Сборник документов и материалов). – С. 298, 497-498. 332 Казахско-русские отношения в ХVІ-ХVІІІ веках (Сборник документов и материалов). – С. 538-539. 331
2.2. Батыршылық институтының сыртқы саяси қарым-қатынастағы орны мен ролі
121
тапқандығы, батырларымыздың есімі ел ішінде ғана емес, сыртта да танымалдылығының көрінісі. Яғни, бұл батырлар институты ның сыртқы саясаттағы іс-әрекеттерінің жеңісі деп қорытынды лауымызға болатындай. Батырларымыздың сыртқы саяси оқиға ларға бел шешіп араласқандығын 1752 жылы орын алған «қара қалпақ оқиғасы» одан әрі нақтыландыра түседі. Аталған жылдың көктемінде жоңғар қонтайшысы Лама Доржы Шыршық өзенінің жоғарғы ағысында орналасқан қарақалпақтарға жоңғар хандығы ның қарамағына қосылыңдар деп елшілік жібереді. Алғашында қазақтардан біраз қысымшылық көрген қалпақ билеушілері ке лісім беріп, ал дәл сөзден іске көшетін шақта өзге діндегі жоңғар қарамағында болғанша туысқан қазақпен бірге боламыз деп, ай нып қалады. Бұған ашуланған жоңғар басшысы оларды күшпен басып алуға шешім қабылдайды. Істің насырға шапқанын сезген қарақалпақ билеушілері Қабанбай батырға елші жіберіп көмек сұрайды. Мұндай өтінішті ерекше ілтипатпен қабыл алған батыр бірден жорыққа аттанады333. Мұның бәрі қазақ батырларының сыртқы саясатта елдің қамын ғана емес, бауырлас халықтарды да сыртқа теппей, тұтастық идеясын басты назарда ұстағандығынан хабар береді. ХVІІІ ғасырдың екінші жартысынан қазақ батырларының сыртқы геосаясатында «жоңғар факторы» күн тәртібінен түсіп, есесіне «қытай факторы» пайда болып, қазақ мемлекеті алып империямен бетпе-бет келеді. Көрші халықтармен саяси қарымқатынас жүргізуде бай дәстүрі бар қытаймен байланыс жасауда ерекше сақтықпен ыждаһаттылық керек екендігін батыр билері міз түсінді. Жалпы 1755-1799 жылдар аралығында қазақтар та рапынан қытайға жиырма елшілік жіберіліп, оның жартысына жуығын батырлар мен билер басқарғандығы тарихи деректерден белгілі 334. Сонымен бірге батырлар институтының өкілдері жоңғарлар дан босаған өздерінің ата-мекендеріне халықты қоныстандыру Материалы по истории каракалпаков // Труды Института востоковедения Академии наук СССР: сб. – М.-Л.: АН СССР, 1935. – Т. VII. – С. 222-223. 334 Артықбаев Ж. XVIII ғасырдағы қазақ қоғамының этноәлеуметтік құрылымы. – 262-267 б. 333
122
2-ТАРАУ. ХVІІІ – ХІХ ғасырдың алғашқы жартысындағы қазақ қоғамында ...
да қытаймен қарулы қақтығысқа дейін барады. Мәселен, қытай императоры қазақ билеушілеріне мынадай мазмұндағы хат жол дайды: «...қазақтың жері аса кең, жүйеге жүгінер болсаңыздар сол бұрынғы шекараларыңызды сақтаған жөн. Қоныс кеңейту ойын да болмаңыздыр. ... Егер де адамдарыңыздан сол жерге көшіп қонғандар байқалса, не қудалайды, не тұтқындайды»335. Мұндай ескертумен шектелмеген Қытай императоры 1762 жылы Жоңғар хандығынан босатылған жерге қоныстанған әрбір қазақты тұт қындауға, малын тартып алуға рұқсат етеді336. Зерттеуші Б. Гу ревичтің пікірінше, бұл Циндік Қытайдың қазақтарға қарсы «жа рияламаған соғысы» болған337. Бірақ бұл қатаң талаптардың әсері шамалы еді. Біріншіден, қытай әскерінің жақындағанын байқаған қазақтар қоныстанған жерлерін тастап бұрынғы мекендеріне кө шіп кетіп отырған. Ал қытайлар кетісімен қайтадан жаңа жерле ріне оралған. Бұларды қайта-қайта бақылауға және ол жерлерде тұрақты іскер ұстауға Қытайдың шамасы болмады. Екіншіден, қытайлардың қазақтардан мал тартып алуы, қарымта іс-әрекет тер тудырған. Мәселен, қытайлар жаңа жерге қоныстанған Көк жарлы Барақ батырдың ауылынан бір мың жылқы айдап әкете ді. Бұған жауап ретінде Барақ батыр екі жүз адамдық жасақпен қытай шекарасындағы төрт әскери бекіністі талқандап, малдарын қуып алады338. Міне осындай батырлардың сыртқы саясаттағы батыл әрекеттеріне қарай Қытай әкімшілігі қазақтарға қатысты кейбір саяси мәселелерде сәл шегініс жасауға мәжбүр болған. Со ған байланысты қазақтар мен қытайлар арасында жылымық қа тынастар орнаған. Мысалы, Қабанбай батыр Үрімжіге сауда жа сау үшін үш жүз жылқы айдап апарса339, қытай императоры қазақ басшыларын өзімен бірге аң аулауға шақырып, иықтарына шапан 100 құжат: қазақ хандығы мен Чин империясы арасындағы қарым-қатынастарға байла нысты құжаттар. – Алматы: Санат, 1998. – 50-51 б. 336 Кузнецов В.С. Цинская империя на рубежах Центральной Азии. – Новосибирск: Наука, 1983. – С. 32. 337 Гуревич Б.П. Международные отношения в Центральной Азии в ХVІІ – первой полови не ХІХ в. – М.: Наука, 1983. – С. 172. 338 Сулейменов Р.Б. Моисеев В.А. Из истории Казахстана ХVІІІ века. – Алма-Ата: Наука, 1988. – С. 78. 339 Мұқаметқанұлы Н. Тарихи зерттеулер / Аударған А. Қожабеков – Алматы: Жалын, 1994. – 91 б. 335
2.2. Батыршылық институтының сыртқы саяси қарым-қатынастағы орны мен ролі
123
жауып отырған340. Сонымен қарастырылып отырған кезеңдегі «қытай факторы» батырларымыздың араласуы нәтижесінде ше шімін тапқандығы жоғарыда келтірілген деректер арқылы белгілі болып отыр. Жоңғар хандығы құлағаннан кейінгі аймақтағы геосаяси жағ дай қазақ – қырғыз қатынастарына да өз әсерін тигізбей қойма ды. Жоңғарға қарсы күрестегі одақтастар арасында жайылым үшін тартыс басталып, оның арты өзара барымтамен, шабыстың өршуіне әкеліп соқтырды. Қырғыздарды тыныштандыру үшін Абылай ханның бастауымен қазақтың сол кезеңдегі көптеген айтулы батырлары бас қосып, жорыққа шығады. Үмбетей жы раудың төмендегідей жыр жолдары бұған қатысты біршама мә лімет береді: «...Ұлы сәске болғанда Жасаған жақсы жол беріп, Жол бергенде мол беріп, Ойламаған бақ беріп Қырғызды тәңірім қақ бөліп, Садырбала бітем деп, Әтеке соғыс күтем деп, Бірі көнбей біріне Садыр кетті бөлініп, Соғысудан түңіліп, Әтеке сынды жырықтың Қабырғасы сөгіліп, Шапқанда батыр төгіліп: Қаракерей Қабанбай Қанжығалы Бөгембай Сары, Баян мен Сағынбай Қырмап па еді жауыңды Қуантпап па еді қауымды...»341.
Халық ішіндегі тарихи аңыздар бойынша екі ел арасындағы қақтығыстардың ең маңыздысы «Жайыл қырғыны» деп аталады. Кузнецов В.С. Цинская империя и Казахские ханства. Вторая половина ХVІІІ – первая треть ХІХ в. – Новосибирск: Наука, 1983. – С. 141-142. 341 Бес ғасыр жырлайды ХV ғасырдан ХХ ғасырдың бас кезiне дейiнгi қазақ ақын-жы рауларының шығармалары. – Т. 1. – 78-79 бб. 340
124
2-ТАРАУ. ХVІІІ – ХІХ ғасырдың алғашқы жартысындағы қазақ қоғамында ...
Оның себебі қазақ батырлары қырғыздарды жеңіп, елеулі қарсы лық көрсеткен Жайыл бастаған қырғыздың Садыр,Үсен, Теке, Итеке тәрізді батырларын тұтқынға алады. Бұлардың Итекеден басқасының барлығы дарға асылады. Аталған батырдың аман қалуының себебі Жауғаш батыр, Жайыл батырдың өтініші бо йынша әлі үйленбеген Итекені өлтіртпей босаттырады. Мұнда да батырлардың аса көрегендік танытып, көшпелілердің дала заңы на сәйкес шешім қабылдағандықтарын аңғарамыз. XVIII ғасырдың 60-70 жылдары патшалы Ресейдің қазақ дала сына күн санап ішкерлей енуі және сол арқылы түрлі әкімшілік реформалармен қазақтардың құқығын шектей бастауы батырлар қауымының қайтадан атқа қонып, тәуелсіздік жолындағы қарулы күреске шығуына себеп болды. Батырларымыздың Ресейдің отар лау саясатына қарсы күрес жүргізді дегенімізбен, көп жағдайда шын мәніндегі күрес орыс үкіметіне сүйенген хан мен сұлтандар дың және оларды қоғамдық қатынастардағы негізгі орындарынан ығыстырған батырлар институты өкілдері арасында жүрді. Отар лаушы елдің қолшоқпары болған алғашқы топ қамқоршысының көмегі арқылы бұқара халық алдында жоғалтқан позицияларын нығайтуды көздесе, зерттеу нысанымыздың өкілдері қалыптасқан жағдайды тереңірек түсінді. Мұның ар жағында қазақ қоғамдық жүйесінің ерекшелігі болып саналатын ру-тайпалық құрылым жатты. Құрылымды құраған әрбір рудың ежелден қалыптасқан көші-қон жол тораптары болғандығы белгілі. Ал Ресейдің отар лау саясаты шептер құрып, бойларына бекіністер орнатуы рутайпалардың жайылымдық жерлерін шектеді. Бұған наразылық ретінде ру басшысы, яғни көп жағдайда батыр мәселені қарудың көмегімен шешуге тырысқан. Қазақ тарихындағы кез келген азат тық көтерілістің барысы мен сипатына үңілетін болсақ мынадай белгілерді анық байқаймыз. Біріншіден, көтерілістің қай-қайсысын алсақта оны ұйымдас тырушы және жүзеге асырушы қызметін батыр атқарған. Атап айтар болсақ – Сырым Датұлы, Исатай Тайманұлы, Жоламан Тіленшіұлы т.б. тұлғалар зерттеліп отырған тақырып өкілдері бо латын. Бұлардың қатарына ақсүйек тұқымы болса да, Кенесары
2.2. Батыршылық институтының сыртқы саяси қарым-қатынастағы орны мен ролі
125
Қасымұлын да қосуға болады. Өйткені бір жағынан Кенесары да лалық ережелердің барлығын бойына сіңіре отырып, өзін батыр ретінде мойындатқан тұлға болса, екінші жағынан оның жеңісте рінің басы-қасында Ағыбай, Бұқарбай, Иман т.б. айтулы батыр лар жүрді. Екіншіден, қазақтардың оның ішінде батырлардың көтері ліске араласуы олардың Ресей әкімшілігі немесе жергілікті би ліктен (хан, сұлтан) көрген қысымшылықтарының мөлшерімен анықталды. Яғни, белгілі бір рудың қонысына ешбір зиян тиме се, оның көтеріліске бой ұруы екі талай болатын. Ал егер жағ дай керісінше болса, батырдың соңынан ерген ру шеп бекініс терінің мазасын алатын, не болмаса ауқымды қарулы қозғалыс ұйымдастыратын. Мәселен, көтерілістердің тарихына көз салсақ, алғашқы қақ тығыстар орыс билігінің орнығып, жергілікті халықты ысырып қойыпөзіне тиімді саясатты жүзеге асырған жерлерде орын ал ған. Ондай жерлер Жайық, Жем, Қобда, Ойыл өзендерінің маңы болатын. Сырым Датұлы, Жоламан Тіленшіұлы, Исатай Тайма нұлы тәрізді батырлардың көтеріліс ошақтары аталған өзендер дің аумағын қамтыған болатын. Ал Ресей Сыр бойына бекініс тер шебін соғып, әкімшілік реформалар жүзеге асыра бастаған да Есет Көтібарұлы, Жанқожа Нұрмұхамедұлының қозғалыста ры бұрқ ете қалады. Қазақ тарихындағы азаттық күрестің кез келгенін саралайтын болсақ, мынадай заңдылықты аңғарамыз. Отарлық саясат күшейіпжәне тереңдеген сайынбатырлар тара пынан көрсетілген қарсылық та барынша күшті және ауқымды болған. Қазақ батырларының отарлық езгіге қарсы күресінің алғашқы белгілері Е. Пугачев бастаған шаруалар соғысы кезінде көрінеді. Бір бекініске шабуылдан басталған бұл көтеріліс Еділ мен Жайық бойына және Батыс пен Солтүстік Қазақстанның аумағын қамты ған ірі соғысқа ұласады. Осы өңірлерде қоныстанып, Ресей та рапынан қысымшылық көрген қазақ ру-тайпаларының көтеріліс ке белсене араласуы орыс әкімшілігі тарапынан алаңдатушылық тудырған. Оған жазалаушы әскердің басшысы Бибиковтың орта
126
2-ТАРАУ. ХVІІІ – ХІХ ғасырдың алғашқы жартысындағы қазақ қоғамында ...
лыққа жазған мынадай сөздері дәлел бола алады: «...ең қиыны қазақтардың бұл көтеріліске белсене араласуы болып тұр»342. Н. Бекмаханованың еңбегіндегі мәліметтерге сүйенсек Сырым батыр Е. Пугачев соғысы кезінде қол бастап, орыс бекіністерінің тыныштығын алған343. Сырым Датұлынан басқа тарихи деректер де аталған көтеріліске Байбақты қолын бастаған Айдар және Қа ра батырдың, Беріш қолын бастаған Құрбанбай батырдың, Ала шаларды Баймұрат батырдың бастап қатысқандықтары келтіріле ді344. Аталған және де басқа батырлардың көтерілістегі қызметі шеп бойындағы бекіністерге шабуыл жасап, адамдарын тұтқынға алумен және малдарын айдап әкетумен сипатталады. Жалпы қазақ батырларының аталған көтеріліске қатысып шың далуы, болашақта батырлар институты өкілдерінің тарапынан орын алатын азаттық күрестердің негіздемесіне сүйеніш болды. Сонымен қатар ұлт-көтерілістерінің мазмұны оны басқарған ба тырдың мақсаты мен міндеттеріне қарай анықталды. Оларды біз екі топқа бөліп жіктеуімізге болады. Алғашқысы бойынша батыр лардың азаттық күресі жергілікті билік өкілдеріне бағытталды. Оның басты себебі Ресейге арқа сүйеген сұлтандар қарапайым ха лыққа және батырларға тізелерін батыруға тырысты. Соның салда ры оларға деген өшпенділікті тудырған еді. Мұны «Бекет батыр» жырынан алынған мына үзінділер нақтылай түседі: «Бүгін өліп кетсем де, Арманым жоқ Аллаға, Талтаңдаған төрені Сақалынан ұстап ап Қонаққа сойған қозыдай, Қолымнан өлім бергенмін. Өлтірген неше төрені Сал мойынБекет дегенмін»345. Бекмаханов Е. Семенюк Г. Казахи в крестьянской войне 1773-1775 гг. // Ученые запис ки. Т. LІV. Серия историческая. – Алма-Ата, 1963. – Вып. 12. – С. 70. 343 Бекмаханова Е. Легенда о невидимке: (участие казахов в крестьянской войне под руко водством Пугачева в 1773-1775 годах) / Н. Е. Бекмаханова; ред. Г. Карпенков. – Алма-Ата: Казахстан, 1968. – С. 126. 344 Казахско-русские отношения в ХVІІІ-ХІХ веках (1771-1867 годы). Сборник документов и материалов. – Алма-Ата: Наука, 1964. – С. 27 – 28. 345 Қазақ әдебиетінің тарихы. Фольклор. – Алматы: Қазақ ССР Ғылым Академиясы, 1948. – Т. І. – 335 б. 342
2.2. Батыршылық институтының сыртқы саяси қарым-қатынастағы орны мен ролі
127
Сырым бастаған көтерілісті де бірінші топқа жатқызуға бола ды. Мәселен, батыр өз жақтастарымен келісе отырып, Орынбор губернаторы О. Игельстромға жолдаған хатында, егер Ресей Кіші жүздің билігінен Әбілқайыр ұрпақтарын алатын болса ғана, кү ресті тоқтататындықтарын мәлімдеген болатын346. Соған сәйкес Нұралы хан биліктен кетіп, Кіші Жүзді басқару О. Игельстром реформасы бойынша батырлар мен билерге берілген болатын. Алайда реформаның жетілмегендігін байқаған Ресей әкімшілігі Кіші жүздегі хандық билікті қайта қалпына келтіреді. Бұған на разы болған Сырым батыр 1792 жылы Ресейге соғыс жариялау ға дейінбарса, 1797 жылы оның жақтастары Ресейдің тарапынан бекітілген Есім ханды өлтіреді347. Бұл топқа жатқызылған көтері лістердің басты ерекшелігі оның басшыларының, яғни батырлар дың орыс әкімшілігімен ымыраға келуінде және олардың басшы лары өздерінің наразылықтарын жергілікті билікке қарсы шығу арқылы көрсетуге күш салған. Екінші топқа жататын қозғалысты ұйыдастырушы батырлар мен отарлаушылар арасында келісушілік болуы мүмкін емес еді. Олай дейтініміз бұл топтағы батырлардың алға жоспарлаған мақ саттары маңызды және Ресейге қойған талаптары саяси тұрғыдан ауқымды болды. Мәселен Жоламан Тіленшіұлының Орынбор әс кери-губернаторына жолдаған хатында Елек өзені бойына орна тылған әскери бекіністерді алып тастауды, қазақтарға Елек және Жайық өзендері арасында көшіп-қонуға рұқсат беруді және Ішкі Ресейде тұтқында отырған Арынғазы сұлтанды қайтару туралы талап қояды348. Әрине, бұл талаптардың ешқайсысын Ресей әкім шілігі орындамайды, нақтырақ айтқанда олар отарлық саясаттың жобасымен үйлеспейтін еді. Сондықтан да Жоламан батырдың Ресеймен келісімге келуі екіталай болатын. Екінші топқа жата тын батырлардың қызметін И. Бларамберг жақсы ашып көрсе теді: «Жоламан бастаған көтерілісшілер атақоныс үшін соғысып Материалы по истории Казахской ССР. – Т. ІV. (1785-1828 гг.). – М.–Л.: Изд. АН СССР, 1940. – С. 53. 347 Вяткин М.П. Батыр Сырым. – С. 298; 339. 348 Материалы по истории Казахской ССР. – Т. ІV. (1785-1828 гг.). – С. 433-434. 346
128
2-ТАРАУ. ХVІІІ – ХІХ ғасырдың алғашқы жартысындағы қазақ қоғамында ...
қан төкті. Олар атажұрттан айрылғанша, жан қиғандарын қалайт ындықтарын жеткізді»349. Бұл айтылғандардың барлығы батыршылық институты өкіл дерінің Ресейге қатысты ұстанған және жүргізген саясаттарын жан-жақты қырынан ашып көрсетіп отыр. Батырларымыздың бір тобы билік басында қалу үшін Ресеймен ымыраға келуге дейін барса, екінші топты құраған батырлар одан да отарлау саясатына жалаң қылышпен қарсы шығып өлуді артық көрді. Қарастырылып отырған кезеңде батырларымыздың сыртқы саясатта сынға түскен тағы бір жері қазақ-қоқан қатынастары бо латын. Ресей бағындырғанға дейін Орта Азия хандықтары көр шілес аудандардағы қазақ ауылдарын өздерінің меншігі санады. Әсіресе Қоқан хандығының жүргізген саясатын айтып жеткізу мүмкін емес еді. Қазақтар арасында тараған «әзірейіл барда жа ным бар деме, қоқан бар жерде малым бар деме» деген сөз тіркесі көп нәрсені аңғартса керек. Қоқандықтарға қарсы күресте таныл ған батырларымыздың бірі Жанқожа Нұрмұхамедұлы болды. Ол жанына бірнеше белгілі батырларды топтастырып, қоқандықтар орныққан Созақ бекінісін талқандауды алдына мақсат етіп қояды. Жорық алдында батыр үзеңгілес серігі Төремұрат жырауға сар баздарды рухтандырып, болашақ жеңіске жігерлендіруді өтінген де, жырау төмендегідей жыр жолдарын ағызады: «Екі жүзді семсердің Балдағы қолда қалғанша, Ат басындай сан жүрек От болып қаулап жанғанша, Мөлдіреген екі көз Жұмылып қанға толғанша Тыным алып, ас ішпей Ат бауырынан қан кешпей Ел бетін көрмес күн бүгін! Созақты алсақ осыдан, Қоқанның туынқұлатып, Бларамберг И.Ф. Военно-статическое обозрение земли киргиз-кайсаков Внутренней (Букеевский) и Зауральской (Малой) Орды Оренбургского ведомства // Военно-статичес кое обозрение Российскии империи. – СПб., 1848. – Т. 16. – Ч. 1. – С. 96. 349
2.2. Батыршылық институтының сыртқы саяси қарым-қатынастағы орны мен ролі
129
Сүйікті туған ерлерге, Табылмас мұндай азаттық. Қазақ үшін қан төккен Өздеріңдей ерлерге...»350.
Жалпы бұл жыр үзінділері қазақ тарихында елі үшін еңіреп өмірінің көп бөлігін ат үстінде өткізген батырлардың іс-әрекетте рін анықтап тұрғандай. Батырлардың сыртқы саяси белесте танылған тағы бір қызме ті – елшілік. Қазақ хандығының көршілес орналасқан елдермен түрлі мәселелерге байланысты жүргізген келіссөздері, қазақ хал қының мүддесі үшін өзге елге барған елшілер, қазақтарға сырт тан келген елшіліктер қарастырылып отырған жаугершілік заман шындығының ажырамас бір бөлшегі. Өйткені, қаншама қан төгі ліп, ел зұлмат шеккен заман болмасын елді жаудан қорғау, халық тың болашаққа деген сенімі мен мұратын жүзеге асыру тек қана шапқыншылық, ұрыс – соғыс жолдары арқылы орындалмай, бей біт келісімдер негізінде шешу де қарастырылған. Бір сөзбен айт қанда, елдің мүддесін қорғап, намысын жоқтау және ердің құнын даулау тәрізді қоғамдық маңызы бар қызметтер елшілік арқылы шешімін тапқан. Сондықтан да елші болу – мемлекеттік маңызы бар өте жауапты іс. Халқымызда «елдестірмек елшіден, жаулас тырмақ жаушыдан» деген сөз тіркесі бекер айтылмаса керек. Өйт кені елшінің басты міндеті Қазыбек бидің жоңғар билеушісіне: «Сен темір де мен көмір, Еріткелі келгенмін, Екі еліктің баласын Теліткелі келгенмін. Егесетін жау шықса, Иілткелі келгенмін»351,
– деп айтқандай екі ел арасындағы соғысты тоқтатып, бейбіт қа рым-қатынас орнату. Егер қандай да бір жағдайларға байланысты келісім жүзеге аспай қалса елші: 350 351
Қаназов М. Жанқожа батыр // Жұлдыз. – 1991. – №12. – 142-143 бб. Төреқұлов Н. Қазақтың би-шешендері. – Алматы: Жалын, 1993. – 100 б.
130
2-ТАРАУ. ХVІІІ – ХІХ ғасырдың алғашқы жартысындағы қазақ қоғамында ...
«Табысуға келмесең, Тұрысатын жеріңді айт»352,
– деп кесіп айтатын болған. Елшілер алдына қойылған мақсат тарды толық жүзеге асыруда түрлі әдістерге жүгінген. Бірде олар қарсыласын жалған ақпарат беру арқылы қорқытса, енді бірін де айғайлап ашу шақыру арқылы өздерін айбатты етіп көрсетіп, жауларынан үстем болуға тырысты353. Сондықтан да аса маңызды мәселелер көтерілетін елшілікке көп жағдайда тәжірибесі мол, әк кі тұлғалар жіберілетін. Қазақ хандығының көрші елдермен елші лік қарым-қатынастарының шынайылығын бейнелі түрде айқын дайтын тарихи аңыздар шоғыры бар. Оларда қазақ елшілері бірде қисынсыз талап қойған Ежен ханға барса, келесі бірінде жұртқа ойран салған қалмақтарға қаймықпай барып, ел мерейі мен абы ройын асқақтатады. Тағы бірде байлығы мен сән-салтанатына масаттанған Бұхара ханына барған қазақ елшілері өз халқының тұрмыс-тіршілігінің артықшылығын, басшысының асыл тегін та нытып қайтады. Мәселен, ел арасындағы аңыз бойынша Тоғаныс батыр ел қамымен Қоқан еліне елші болып барады. Бек батырдың дегендеріне ешбір дау айтпай мәселені шешіп береді. Бұған аң таң болған бек нөкерлері: «Сізге не болды? Жалғыз қазақтың айт қандарына келісе бердіңіз ғой» – дейді. Сонда бек: «Мен келісе берейін деп келісті ғой дейсіңдер ме? Сарайға батырдан бұрын екі жолбарысы кіріп, екі иығыма аяқтарын салып тұрды ғой», – деп жауап қайтарады354. Негізінен алғанда елшілік билердің бас ты қызметі болғанымен, батырлардың да өзіндік үлесі болғаны белгілі. Оны тарихи құжаттардан деректер келтіре отырып ашып көрсетсек. Бір мәліметтер бойынша Қайып хан Сібір губернато ры М. Гагаринмен келіссөздер жүргізуде елші ретінде батырлар ды пайдаланған. Мәселен, Сапар және Итмәмет батырлар Қайып ханның атынан губернаторларға екі ел арасындағы сауда-саттық қа байланысты елші болып барса, Байбек және Төлеубай батыр Төреқұлов Н. Қазақтың би-шешендері. – Алматы: Жалын, 1993. – 100 б. Липец Р. Образы батыра и его коня в тюрко-монгольском эпосе. – М.: Наука, 1984. – С. 60. 354 Сүлеймен М. Ел мен жерінің қорғаны // Еларна. – 2015. – 14 қыркүйек. 352 353
2.2. Батыршылық институтының сыртқы саяси қарым-қатынастағы орны мен ролі
131
лар жоңғарға қарсы одақ құру жөніндегі елшілікті басқарған 355. Келтірілген деректер арқылы батырлардың елшіліктің мақсатына қарай бекітілгендігі туралы қорытынды шығаруға болады. Олай дейтініміз экономикалық қатынас орнатудағы елшілік құрамын дағы батырлар, саяси байланыстарға негізділген елшіліктің қата рынан тыс қалып, оған басқа батырлар енгізілген. Аралбай және Аразкелді тәрізді Ұлы жүздің батырлары 1732 жылы Ералы сұлтан басқарған елшіліктің құрамында Ресей астанасы Петербургке дейінбарып қайтады356. Ал Ақшора батыр 1741 жылы Жоңғар хандығына бейбіт келісімге келу жөніндегі елшілікті басқарып барады357. Көріп отырғанымыздай елшілік қызметі батыршылық институты ның жан-жақты қызметін тағы бір дәлелдейді. Осылайша батырлар қарастырылып отырған кезеңде қазақ мемлекетінің сыртқы байла ныстарын өз уыстарында ұстаған деген тұжырым жасауға болады. Сонымен, жоғарыдағы тұжырымдарымызды негіздей келе тө мендегідей қорытындылар шығарамыз: – зерттеу нысанымыз болып табылатын батыршылық инсти тутының сыртқы саяси қызметі негізі олардың отан қорғау принциптерімен нақтыланды. ХVІІІ ғасырдың алғашқы ши регінде жоңғар қаупінің белең алуы, оған қарсылық білдіре тін батырлар қауымының қоғамдық қатынастарда алдыңғы орынға шығуына түрткі болды; – Қарақұм жиыны батыршылық институтының пісіп-жетіл гендігінің нақты көрінісі бола отырып, олардың алдағы екі ғасырлық уақытта қоғамдық қатынастардың басты реттеуші күштері болатындығын бекітіп берді; – батырлар отан қорғаумен шектелмей, халықаралық саяси қа тынастарға белсене араласып, қиын жағдайға түскен бауыр лас халықтарға барынша көмек қолын созуға тырысқан; История Казахстана в русских источниках в ХVІ-ХХ веков. Русские летописи и офици альные ХVІ – первой трети ХVІІІ в. О народах Казахстана / сост., транскрипция, коммен тарии, вступителная статья И.В. Ерофеевой. – Т. 2 – С. 286-287. 356 Казахско-русские отношения в ХVІ-ХVІІІ веках (Сборник документов и материалов). – С.101 – 103. 357 Сулейменов Р.Б. Моисеев В.А. Из истории Казахстана ХVІІІ века. – Алма-Ата: Наука, 1988. – С. 36. 355
132
2-ТАРАУ. ХVІІІ – ХІХ ғасырдың алғашқы жартысындағы қазақ қоғамында ...
– отарлық езгіге қарсы күресте батырлар өздерінің әскери ұйымдастырушылық және басқарушылық қасиеттері арқы лы жақсы танылады және өздерінің талаптарын батыл әрі нақты қояды; – елшілік қызметтен де тыс қалмаған батырлар өздерінің кез келген саяси-қоғамдық қатынастарды шешуге қабілетті екендіктерін көрсетті. Студенттердің өз білімін тексеруге арналған сұрақтар: 1. Қарақұм құрылтайы және қазақ батырлары. 2. «Жоңғар факторы» және батыршылық институты. 3. «Қытай факторы» және батыршылық институты. 4. «Ресей факторы» және батыршылық институты. 5. Қазақ – Қоқан қатынастары және батыршылық институты. 6. Батыршылық институты өкілдерінің елшілік қызметі.
3-тарау БАТЫРДЫҢ ЕР ҚОРҒАНЫ РЕТІНДЕГІ ЖАУЫНГЕРЛІК ҚЫЗМЕТІ
3.1. Қару түрлері және олардың қолданыс ерекшеліктері Қазақ батырларының қару-жарақ түрлері мен әскери өнері де батыршылық институтының ажырамас бөлігі болып табылады. Осыған байланысты – қазақ халқының қару-жарақ түрлері жөнін де берілген біршама дереккөздеріне назар аударсақ. Жалпы, бұл мәселенің зерттелуі ХVІІ – ХVІІІ ғасырларда Ре сейдің Қазақстан және Орта Азия жерлеріне деген қызығушы лығы артқан тұста қолға алына бастаған. Әр түрлі мақсаттармен қазақ топырағына тоқтаған орыс және еуропалық зерттеушілері нің жазбаларында біз қарастырып отырған мәселе тікелей болма сада, қосымша мәліметтер арқылы беріліп отырған. Дж. Кэстль, А.И. Левшин, П.И. Рычков еңбектерінде кремнийлі қарудың болғандығы жайлы айтылса, П.С. Паллас, Я. Гавердовский ең бектерінен әрбір ауқатты қазақта білтелі мылтық, отты қарудың болғандығы беріледі. Қазақ қаруын этнографиялық тұрғыдан зерттеген Ш.Ш. Уәлиханов еңбектері болып табылады. Кеңестік дәуірдегі тарихнаманың қатарын Г.И. Семенюк, К. Смағұлова, А.Т. Қайдаров, В.П. Курылевтің еңбектері толықтырады. Тәуел сіздіктен кейінгі тарихи кезеңдегі қазақ халқының қару-жарақ мәселесіне терең қалам тартқан тарихшылар А. Кушкумбаев, Т. Алланиязов, Қ. Ахметжанов, Ш. Картаева еңбектерінде кө рініс тапқан. Қазақ халқының қару-жарақ мәселесіне терең та рихнамалық талдау А.Қ. Жұмаділдің «Военное дело кочевников 133
134
3-ТАРАУ. Батырдың ер қорғаны ретіндегі жауынгерлік қызметі
Евразии: историографический анализ» атты монографиясында беріледі. Қазақ жауынгерлерінің қару-жарақ мәселесіне бір та рауы арналып, оның тарихи даму кезеңдеріне байланысты аса құнды мәліметтерғылыми айналымға енгізіледі358. «Қару» – соғыста қолға ұстап қолданылатын шабуыл құралы болып табылады. «Қазақтың этнографиялық категориялар, ұғым дар мен атауларының дәстүрлі жүйесі» атты энциклопедиялық еңбектің ІІІ – томында «Қазақ халқында қарудың пайда болған кезеңі тас дәуіріне жатқызылғанымен көшпелі халықтардың қар уының негізгі түрлері б.з.д. І – мыңжылдықта қалыптасқан»359 де ген тұжырым жасай отырып, қару сөзінің негізгі төркіні адамның қолға ұстап шабуылға шығатындығы жөнінде мәліметтер беріле ді. Бұдан шығатын қорытынды, адамзат баласының пайда болған күнінен бастап оған ең алдымен азық қажеттілігі туындайтыны сөзсіз. Осыған орай алғашқы қауымдық құрылыста өмір сүрген адамзат баласы өз азығын табу үшін аң аулауды қолға алғаны біз ге тарихи әдебиеттерден кеңінен таныс. Осы азықты табу жолын да ол қаруды игеріп, оны қоғам дамуына сай эволюцияға әкеліп отырды. Дегенмен қандай тарихи кезеңде болмасын қару-жарақ түрлері даму эволюциясына ұшырағанымен өзіне тән, өзіндік құрамдас бөліктерінің негізі мен дәстүрін жоғалтпағандығына көз жеткізуге болады. Сондықтан да қазақ батыршылық инсти тутының ажырамас құрамдас бөлігі ретінде қарастырылып отыр ған қару-жарақ түрлерінің тарихын, дамуынжәне оның түрлерін зерттеу көшпелі халықтың тарихымен бірге қарастырылатынды ғы даусыз. Қазақ фольклортану ғылымы көне түсініктерге сүйене оты рып, жауынгерлік қару аспаннан түскен киелі заттардың бірі деп санайды. Жалпы қару қазақ халқы үшін аса қасиетті саналған. Бұл ту ралы қазақ қаруы мәселесіне қалам тартқан кеңестік авторлар Жумадил А.К. Военное дело кочевников Евразии: историографический анализ. – Алматы, Қазақ университеті, 2014. – С. 272. 359 Қазақтың этнографиялық категориялар, ұғымдар мен атауларының дәстүрлі жүйесі. (Ғылыми редактор және жоба жетекшісі Н. Әбай) Энциклопедия. – Алматы, 2012. Т. ІІІ. – 484 б. 358
3.1. Қару түрлері және олардың қолданыс ерекшеліктері
135
дың бірі В.П. Курылев: «садақ пен жебе түркі тайпалары үшін әлеуметтік-құқықтық қатынастардағы ерекше символ» – деген тұжырым жасайды360. Бізде осы пікірді толықтай қолдап, өз та рапымыздан қару – жарақ қайсарлық пен батырлықтың символы деген қорытындыға келеміз. Жалпы әр қазақтың санасында «қаруынан айырылу – намыстан айырылу» деген түсініктің бар екені белгілі. Халық аузында «Ер қаруы – бес қару» деген ұғым қалыптас қан, әдетте оларға садақты, қылышты, найзаны, айбалтаны, шоқ парды жатқызады. Алайда, халық ауыз әдебиетінде жырланатын батырдың қаруы бұдан әлдеқайда көп: алтын балдақ, ақ семсер, бадана көз кіреуке, тоғыз қабат ақ сауыт, алтын сауыт кебе, қозы жауырын жебе, балдағы алтын ақ берен, болаттан соққан айбал та, гүрзі, қанжар, мылтық және тағы басқа көптеген түрлерінің аталатындығын айта кетуіміз керек. Қазақ халқының қару түрле рі тарихи даму кезеңдерінде өзіндік даму, жетілу үдерісін бастан кешкен. Оған қазақ халқының іргелес жатқан көрші мемлекет термен байланыс жасағандығы да өзіндік ықпалын тигізгендігі, соңғы жылдары жарық көрген энциклопедиялар бетінде былай сипатталады: «... Сонымен бірге қазақ қаруының кейбір форма ларында, кейбір үлгілерінің, типтерінің пайда болуында қазақ эт носы ғасырлар бойы тарихи – мәдени байланыста болған көрші иран, моңғол, түрік, қытай, орыс халықтары қаруының ықпалын да көруге болады»361. Дәстүрлі қазақ қоғамында қару батырмен бірге жасасып, онымен бірге өледі деген сенім орын алды. Егер батырдың артында ұрпағы қалса, әке жолын қуып батыр атанса – мұндай үдеріс «шынжырлы тұқым» деп аталған, ал батырдың ісін жалғастырар ұрпақ болмаған жағдайда «найза сындыру» сал ты жасалған. Көшпелі қазақ қоғамында қолданылу түріне сәйкес қарудың бірнеше түрі болған. Атап айтар болсақ: кәсіби әскери лер соғыста қолданатын қару түрі – жауынгерлік қару түріне жат қызылса, аң аулау қарулары мен тұрмыстық қарулар кәсіби со Курылев В.П. Оружие казахов // СМАЭ. Т. 34. Материальная культура и хозяйство на родов Кавказа, Средней Азии и Казахстана. – Л., 1978. – С. 21. 361 Қазақтың этнографиялық категориялар, ұғымдар мен атауларының дәстүрлі жүйесі (Ғылы ми редактор және жоба жетекшісі Н. Әлімбай) Энциклопедия. – Алматы, 2012. Т. ІІІ. – 484 б. 360
136
3-ТАРАУ. Батырдың ер қорғаны ретіндегі жауынгерлік қызметі
ғыс қаруынан әлдеқайда қарапайым болған. Соғыс қаруы «Ер қаруы» деп аталып оның қатарына семсер, қылыш, балта, найза, шоқпар, күрзі сынды көптеген кәсіби соғысқұралдары жатқызы лып, өз кезегінде оларда шабуыл құралдары және қорғаныс құ ралдары болып бөлінген. Қазақ халқының қару-жарақ мәселесін жете зерттеп, осы тақырыпқа елеулі еңбегін арнаған Қ. Ахметжа нов өзінің «Жараған темір кигендер» еңбегінде соғыс құралда рын атқаратын қызметіне қарай екі топқа бөледі. Біріншісі, Ша буыл құалдары – «қару», екіншісі, қорғаныс құралдары – «жа рақ». Сондай-ақ, зерттеуші, ер қаруы – бес қаруды жіктей отыра, 1. Өзіндік жұмсау тәсілі бар. 2. Батырлар ғана ұстайтын. 3. Со ғысқа ғана қолданылатын. 4. Жекпе-жек сайысын өткізуге бола тын. 5. Әскери бөліктерді құруға негіз болатын. 6. Әскери такти каны анықтайтын. 7. Әр түрлі жоғары дәрежелі әскери лауазым ды белгілейтін қарудың бес түрін – садақ, найза, қылыш, шоқпар, айбалта деп көрсетеді. Бұдан кейін зерттеуші қару-жарақтардың өзін: Ату қарулары – жақ, садақ, мылтық. Түйрейтін қарулар – найза, сүңгі, жыда. Кесу қарулары – қылыш, семсер, сапы. Шабу қарулары – айбал та. Соғу қаруларына – шоқпар, гүрзі дей келе, қосымша құрал дар ретінде қанжар, пышақ, арқан сынды заттарды да атап кетеді. Қ. Ахметжанов бұл зерттеуінде әр қаруға жеке-жеке жете тоқта лып, жіліктеп кетеді362. Қазақ батырларының қару-жарақ түрлерін өте әсерлі, қанық сипаттауда сол аласапыран жылдардың куәсі Ақтамберді жы раудан артық ешкім айта алмас. Жыраудың жыр жолдарындағы «күдеріден бау тағып, ақ кіреуке киер ме екенбіз, жағасы алтын, жеңі жез, шығыршығы торғай көз сауыт киер ме екенбіз, қоңы раулы найза қолға алып жау қашырар ма екенбіз» деген сөздерден қазақ батырларының қарумен жарақтану тұлғасы анық суреттел ген 363. Батырлар қару-жарағын үнемі өзімен алып жүрді. Қаша ған Күржіманұлы «Атамекен» дастанында: Жүйріктері баптаулы, Ахметжанов К.С. Жараған темір кигендер: Батырлардың қару-жарағы, әскери өнері, салт-дәстүрлері. – 47-96 бб. 363 Алдаспан. – 115 б. 362
3.1. Қару түрлері және олардың қолданыс ерекшеліктері
137
найзалары саптаулы, сауыттары сақтаулы. Қозы жауырын көк жендет, қорамсақпен қаптаулы, ерлердің сойы бар екен, бірінен бірі мақтаулы»364 демекші, жаугершілік заманда бірінен бірі өткен көптеген батырлар қазақтың сайындаласы мен елін қорғап қалды. Қазақ сарбаздары да қалмақ, жоңғар, орыс-казак сынды, сыртқы жауларына қарсы өздерінің қару-жарағын қабілетінше жұмсады. Бес қаруын асынып жауға шапқан қазақ сарбазы үстіне Бадана мен Зере сауыт немесе Көбе мен Кіреуке киді. Айбалтасын асы нып, қылышын қыса ұстап, қорамсағы жебеге толы садағымен жарақтанды, жалаулы найзасы басты тірегі болса, қалқанымен өзін қалқалап, шоқпарымен жау әскерін күйрете соқты. Бұған қо са, қазақ сарбазы алдаспан, қанжар, дойыр қамшы, сойыл, құрық түріндегі қару түрлерін де қажетінше пайдалана білді. Қару-жарақтың жасалу жолдары мен өңделу жолдары Қ. Ах метжановтың еңбегінде кеңінен берілген. Темірден жасалған қаруларды ұсталар «соғу» не «құю» арқылы жасайды. Жақты, оқтың ағаштары қырық күн кептіріледі, қырық малдың майына суарылады. Осындай ырымдары болған. Найза мен оқ жебеле рінің ұштары, қырлары егеумен егеледі. Бұдан кейін «алтынмен бұлау», «алтынға малдыру» т.б. әдістермен әшекейленеді. Соғыл ған, құйылған, өңделген қарулар ағашқа сапталып, темір, жез бен «қыналады», тарамыспен «буылады». Су өтпес үшін майға суарылады. Оқтарды жонып жасайды. Темір қарулардың сапта ры, ағаштары түрлі бояумен сырланып, боялады. Ер қаруына кө бінесе әскери қоғамдық жіктің символдық түсі – қызыл түс қол данылады 365. Ж. Тұрлыбайұлы: «Қару» дегеніміз соғыс ұрыс құралы болса, «жарақ» емдеу, жараны жазу құралы болған» деген ойын айтып, оған «Ер Тарғын» жырындағы мына жолдарды мысалға келтіреді: «Жарақатты жан тәтті, Жара аузына қан қатты. Ақберен. XVIII-XIX ғасырлардағы қазақ ақын-жырауларының жырлары: оқу құралы. – Алматы: Жазушы, 1972. – 125 б. 365 Ахметжанов К.С. Жараған темір кигендер: Батырлардың қару-жарағы, әскери өнері, салт-дәстүрлері. – 96 б. 364
138
3-ТАРАУ. Батырдың ер қорғаны ретіндегі жауынгерлік қызметі
Жарақшылар мұнда жоқ, Жанқалап сүйек аларға, Жарып малта саларға» 366.
Қазақтар қорғаныс жарақтары ретінде сауыт, көбе сауыт, кі реуке сауыт, берен сауыт, қаттама сауыт, жалаңқат сауыт, тор ғауыт сауыт, шарайналар, дулыға, қалқан, ат сауыттары т.б. қол данған. Садақты, жақты ұстаудың екі әдісі болған: 1. Белінен ұс тау, 2. Иінінен ұстау367. Ал, Кіші жүздің айтулы садақкері Бүркірек Марқадамұлы он екі тұтам оқ атады екен. Оның он екі тұтам оқты деп аталатын себебі екі садағы болады екен. Бірі жеңіл қол садақ, екіншісі кісі бойындай ауыр көн садақ, сол көн садаққа он екі тұтам ұзын же бе салып, көн садақтың кірісін басын іліп, өзі шауыпбара жатқан аттың екінші қапталына еңкейіп, бүкірейіп әлгі ұзын оқты топ талған жауға атады екен. Есентемір тайпасынан шыққан садақшы Көктаубай батырдың мергендігіне тәнті болған ел оны «Көк садақты Көктаубай» деп атаған. Ел аузында өзінен басқа ешбір жан тарта алмайтын сол садағын Исатайдың қолына тапсырған көрінеді368. 1698 жылға қатысты құжаттарда Сырдарияның төменгі ағы сындағы қалаларда тұратын қазақтар мен қарақалпақтардың қор ғасын балқытып, жез өндіріп, селитра, оқдәрі жасайтындығы, ал отқаруды Бұхарадан әкелетіндігі туралы мәліметтер кездеседі. Қаратау тауындағы кен өндіру мен оқдәрі жасау кәсібі негізінен бұхарлық тұтқындарының жұмыс күшімен іске асырылып отыр ған. Ал. ХVІІ ғ. 30 жылдары Қаратау тауы кен орындарымен қо са, Сырдарияға жақын таулы өлкелерде де қазақтар мен қарақал пақтар қорғасын балқытып, одан оқтар құйған екен369. Тұрлыбайұлы Ж. Тарихи деректер және көркем шығарма // Жинақта: Райымбек – қазақ халқының даңқты ұлы: Түкеұлы Райымбектің 300 жылдығына байланысты өткізілген рес публ. ғыл.-теор. конф. материалдары. – Алматы: «Жедел басу» баспаханасы, 2005. – 33 б. 367 Ахметжанов К.С. Жараған темір кигендер: Батырлардың қару-жарағы, әскери өнері, салт-дәстүрлері. – 100-150, 219 бб. 368 Қосжанұлы Н. Сартай батыр. Дастан. – Алматы: Қазақстан, 1997. – 30 б. 369 Материалы по истории каракалпаков // Труды института востоковедения АН СССР. – М. – Л.: АН СССР, 1935. – Т. VІІ. – С. 49 366
3.1. Қару түрлері және олардың қолданыс ерекшеліктері
139
А. Левшин өзінің «Описание киргиз-казачьих или киргиз-кайсацких орд и степей» еңбегінде қазақтардың қару-жарақтары ту ралы жаза отырып, 1771 жылы Еділ қалмақтарының атажұртына үдере көшу кезінде оларды тоқтатуға қатысқан капитан Рычковқа сілтеме жасайды. Онда ол қазақтардың қарапайым қара оқдәрі мен қоса, ақ түсті оқдәрі де жасай алатындықтарын жазып қал дырған. Бұған қоса, қазақтардың аспид немесе басқа металдан оқ құятындығын да айтып кеткен370. М. Тевкелев жазбаларында қазақтардың қарулары туралы де ректер келтіріледі. Елшінің құжаттарында «Қазақтар зеңбірек қаруын құймайды екен. Олар соғыста зеңбірек қолданбайды. Сондай-ақ, мылтық та жасамайды. Олар мылтықты Хиуа мен Бұ харадан қойға, жылқыға айырбастап алады. Ал, селитра мен оқдәріні әркім өзіне керегінше жасап алады. Басқадай зауыттары жоқ. Соғыста садақты сирек қолданады, көбінесе шүріппесі жоқ білтелі мылтықтар қолданады. Ал, башқұрттар ұрыс кезінде көбі несе садақпен қаруланады, керісінше отты қарулары жоқ371. Орынбор экспедициясының бастығы И. Кириловтың жазба сында қазақтардың оқ-дәрі жасау технологиясы турасында айтылған. Құжатта Сырдария өзеніне жақын тау жоталары мен Арал теңізіне жақын өлкелерде қорғасын, селитра, күкірт шикі затының көп екендігі, оларды қазақтар қажетіне жаратып оқ-дәрі жасайтындығы, қорғасынды балқытып оқ құятындығы баяндал ған372. Қарастырылып отырған кезеңдегі қазақтардың қару-жарақта ры туралы П.И. Рычков: «Ружье имеютъ они огненное съ фити лями, и порох почти каждой изъ них самъ про себя делаетъ»,373 – деп жазады. Шоқан Уәлиханов та қазақ батырларының ерте кездегі қа ру-жарақтарына тоқталып өтеді. Ғалым садақ, жақ, сауытбұзар /сауыт бұзуға арналған/, қозыжауырын /ертоқымнан аударып тү суге арналған/, жебе түрлеріне, найза, қылыш, наркескен сынды Левшин А.И. Описание киргиз-казачьих или киргиз-кайсацких орд и степей. – С. 37. Казахско-русские отношения в ХVІІІ-ХІХ веках (1771-1867 годы). – С. 86. 372 Казахско-русские отношения в ХVІІІ-ХІХ веках. – С. 111. 373 Рычков П.И. История Оренбургская (1730-1750). – С. 6. 370 371
140
3-ТАРАУ. Батырдың ер қорғаны ретіндегі жауынгерлік қызметі
қару түрлеріне талдау жасап өтеді. Дегенмен, Шоқан Уәлиханов қазақ даласында мылтық түрлерінің қазақ даласында сирек қол даныста болғандығын айтады374. Сібір корпусының аудармашысы Филипп Назаровтың жазған дарында қазақтардың пілтелі мылтық, шоқпар, сойыл, сақпан, қы лыш, садақ сынды қару түрлерінің тізімі ұшырасады375. Бронислав Залескийдің «Қазақ даласының тіршілік-тынысы» еңбегінде қазақтардың қару-жарақ түрлеріне де орын берілген: «Жорыққа шыққан кездерінде олар ұзын сапты найзаны таста майды, жанына қайқы қылыш іліп, қазір қолданудан қалып бара жатқан жебелер салынған қорамсақ, кейбіреулері пистолет бай лайды. Бірақ қазақ жауынгері пілтемен от алатын ауыр да тым ұзын мылтықты жиі пайдаланады, көздеген кезде оғы нысанаға дөп тию үшін жерге тірейтін мылтықтың ұзын сирақтары да бірге жүреді. ...Шығыс халықтарына тән суынкелтіріп, әбден шынық тырып соғылған қылыш пен пышақтары қашан да ұстарадай бо лып қылпып тұрады»376. Бүгінгі таңда қазақ халқының отты қаруының пайда болуы жә не даму тарихы мәселесі тарих және этнография сынды ғылым салаларында арнайы зерттелмеген өзекті мәселелердің бірі бо лып табылады. Бұл тақырып өкінішке орай, жеке зерттеу нысаны ретінде алынып, монографиялық деңгейде зерттелген емес. Әлем халықтарының тарихында қару-жараққа байланысты түрлі мо тивтерді өзара салыстырып, заман ағымына сай өзгеру жолдарын жүйелеу, теориялық талдаудан өткізілген жұмыстар баршылық. Осы тұрғыдан келгенде қазақ халқының отты қаруы мәселесін жан жақты зерттеудің ғылыми мәні зор. Аталмыш мәселе жөнін дегі мәліметтер халық ауыз әдебиетінде, түрлі жазба ескерткіш терде және бейнелеу өнері ескерткіштерінде кеңінен сақталған. Әрине бұл мәліметтер терең зерттеуді, талдауды, сараптауды қа жет етеді. Қазақ халқының отты қаруы жөнінде мәлімет қалдырған ға лымдардың алдыңғы қатарына Ш.Ш. Уәлихановты жатқызуға 374 375 376
Валиханов Ч.Ч. Собрание сочинений в пяти томах. – Т. 4. – С. 35. Казахско-греческие отношения в ХVІІІ-ХІХ веках. – С. 97. Залесский Б. Қазақ даласының тіршілік тынысы. – С. 152.
3.1. Қару түрлері және олардың қолданыс ерекшеліктері
141
болады. Ғалым өз еңбектерінде қазақтың отты қаруларының көп теген түрлерін атап, оқ-дәрілердің жасалу жолдарын сипаттайды, ату құралдарына қажетті құралдар туралы мәліметтер береді. Де генмен араға жүздеген жылдар өткеніне қарамастан бұл мәселе ғалымдардың назарынан тыс қалып отыр. Мылтық отты қару ре тінде XV ғасырда арабтарда пайда болып күллі Шығысқа тара ған. Египетпен саяси және экономикалық тығыз байланыс отты қарудың Алтын Орда жерінде де кеңінен танымал болуына ықпал еткен. Жалпы отты қарудың қазақ жерінде XVІ ғасырдың екінші жартысында-ақ пайда болғаны туралы деректер бар 377. Дж. Кэстльдің жазып қалдырған мәліметтерін парақтай оты рып XVІІІ ғасырдың алғашқы жартысында қазақтардың пілтелі қарудан өзге түтікті мылтық пайдаланғанын және мұндай қару дан атылған оқ өте алысқа ұшатынына көз жеткізуге болады 378. XVІІ-XVІІІ ғасырлардағы қазақтардың соғыс өнері мен қаружарақ түрлерін зерттеп, елеулі еңбегін арнаған А.К. Кушкумбаев тың еңбегінде жоңғарлар қазақ жеріне шабуыл ұйымдастырар алдында, жоғарыда аталған швед инженерінің басшылығымен 20 дан аса зеңбірек жасатып алып, басқыншылық соғысқа тыңғы лықты әзірленгені айтылды. Бұдан кейін XVІІІ ғасырда Жоңға рияның жеке артиллериясы құрылады. 1726 жылы Жоңғарияның Ыстықкөл аумағында артиллериялық қару-жарақ жасайтын зауыт іске қосылады 379. Бұған қоса, тұтқиылдан басып кірген жоңғар әскерінің бы тырап жатқан қазақ жасақтарын тоз-тоз етіп жеңіліске ұшы ратуына оларда зеңбіректің көп болуы әсерін тигізді. Қалмақ қолбасыларына зеңбірек жасауды Полтава түбінде орыстарға, 1719 жылы Ертістің жоғарғы ағысында, Ямышев тұз көлінің ма ңында қалмақтарға тұтқынға түскен Иоган Густав Ренаттың үй реткені белгілі. Швед инженерінің сызып-көрсетуімен зеңбірек тер мен оларға арналған снаряд құю зауыттары салынғандығы Орыс географиялық қоғамының этнографиялық бөлімінің жаз Сәдуақасұлы Ә. Қаракерей Қабанбай // Қазақ батырлары. – 2000. – №4. – 4 б. Дж. Кэстль. 1736 жылы Кіші жүз ханы Әбілқайырға барып қайтқан сапары туралы. – Астана: Аударма баспасы, 2002. – 138 б. 379 Атырау. Энциклопедия. – Алматы: Атамұра, 2000. – 246 б. 377 378
142
3-ТАРАУ. Батырдың ер қорғаны ретіндегі жауынгерлік қызметі
балары санатындағы «Посольство къ зюнгарскому хунъ-тайчжи Цэванъ Рабтану капитана отъ артилеріи Ивана Унковскаго и пу тевой журналъ его за 1722-1724 годы» атты тарихи материалынан оқуға болады: «Русскіе пленные завели разныя ремесла: Штыкъ юнкеръ Ренотъ вылилъ Контайше 6 пушечекъ медныхъ, да три мартирца, а какихъ калибровъ, о том неизвестно» 380. Жалпы қа зақ халқында отты қарудың жезайыр, білте мылтық, қара мыл тық, орама мылтық, қырлы мылтық сияқты түрлері пайдаланыл ған381. ХІХ ғасырда қазақтар шиті мылтық қолданысқа ене баста ған. Оның оқ-дәрілері қорғасыннан арнайы қалыптарға құйылып дайындалған. Мұндай оқ-дәрілер салынатын құтыларды оқшан тай деп атаған. Мұнан өзге заман ағымына сай қазақ даласына аталған кезеңде тапанша бүгінде «пистолет» деген атпен кеңінен танымал қару түрі ене бастаған. Бұл, әрине, шекаралас мемлекет термен терең байланыстың нәтижесі екендігі сөзсіз. Осының барлығын ескере келе, қазақ халқының қару түр лері және олардың қолданыс ерекшеліктерінің тарихы тереңде екендігіне және олардың жасалу технологиясыныңда заман та лабына сай жоғары дәрежеде жетілдіріліп отырғандығына көз жеткіземіз. 3.2. Соғыс жүргізу тәсілдері Қазақтар ұрыс салғанда әскер сапы азиялық ондық жүйесі бо йынша, яғни ондық, жүздік, мыңдық, түмен болып бөлінді. Көш пелілердің соғыс тәсілдерінің осыған ұқсас тағы бір ерекшелік тері әскери бөлімдерді орталық, оң және сол қанат, авангард (ал дыңғы бөлім) және тосқауыл деп жіктеді. Алдыңғы бөлім басты күш болып табылып, негізінен садақ, найзамен қаруланған жасақтардан тұрды. Алдыңғы қатарлы бө Кушкумбаев А.К. Военное дело казахов в XVII-XVIII вв. – Алматы: Дайк-Пресс, 2001. – С. 115. 381 Ахметжан К.С. История ручного огнестрельного оружия казахов // «Шоқан тағлымы – 6». ҚР Тәуелсіздігінің 10-жылдығына арналған халықаралық ғылыми-практикалық кон ференция материалдары. – Т. 1. – Көкшетау, 2001. 380
3.2. Соғыс жүргізу әдіс-тәсілдері
143
лімдер өте жауапты деп есептелгендіктен оның қатарына өте ер жүрек, алғыр сарбаздарды іріктеп алып отырды. Бұл бөлімнің қолбасшылығына ханның ең сенімді адамдарының бірі /туысы, әмірлер, бектер/ тағайындалды. Қазақ әскерінің келесі сапы оң қанат яғни «маймана» деп атал са, сол қанаты «майсара» деп аталды. Бұл екі топтың сарбаздары көшпелі әскери құраманың ең басты екпінді бөлімдері болып та былды. Оның алдыңғы қатарында өте тәжірибелі, көптеген қан ды соғыстарды басынан кешкен сарбаздар тұрды. Оң және сол қанат әскери бөлімдерінің әскербасылығына сұлтандар, әмірлер, бектер, баһадүрдер жетекшілік етті 382. Қазақ жасағының төртінші бөлімі «орта» деп аталды. Бұл құ рама екі қанаттың ортасын алып сап түзді. Бұл әскери бөлімнің басы-қасында хан тұрды. Ханның ордасы осы орталық бөлімде де немесе тылда да орналаса алатын. Ханның шатыры көбінесе биік шоқы немесе жотаның басына орналасуы заңды құбылыс еді. Себебі биік жерге орнығып алған бас қолбасшы майдан дала сында болып жатқан соғыстың барысын көзімен көріп, керек ке зінде қажетті тактикалық айла-әдістер қолданып отыруға ұтымды еді. Бұған қоса, іріктеліп алынған ханның жеке күзетіне жауап беретін ұлан жасақталып, хан ордасы төңірегіне орналастырыл ды. Аталған ұланның сапына аса тәжірибелі, көптеген сынақтан өткен, ханға жан-тәнімен берілген батырлар мен сарбаздар жи нақталды. С.Г. Кляшторный мен Т.И. Султановтың «Казахстан – лето пись трех тысячелетий» атты еңбегінде қазақ жүздерінің өзіндік орны мен ноқтаағалығы мынадай бірнеше қағидатқа байланысты деп көрсетіледі: 1. Соғыс жағдайындағы орын белгілеу барысында. 2. Соғыс барысында қолға түскен олжаны бөліске салу және т.б.383. Майдан даласында мергендер сапы да зор үлес қосып, жаудың қолын ойсырата түскен. Қазақ батырлары да «оғын жүзіктің кө 382 Алланиязов Т.К. Очерки военного дела кочевников Казахстана. – Алматы: Фонд «XXI век», 1997. – С. 12. 383 Кляшторный С.Г., Султанов Т.И. Казахстан: Летопись трех тысячелетий. – С. 350.
144
3-ТАРАУ. Батырдың ер қорғаны ретіндегі жауынгерлік қызметі
зінен өткізетін», «құралайды көзге атқан» мерген, садақ тартуды шебер меңгерген садақкерлер болған. Мұны атақты садақшы, үз дік мерген Еспенбет батырдың ерлігі де дәлелдей түседі. Ол бірде орға түсіп кеткен Ақбантай батырды көздеп тұрған жаудың са дақшысын көз ілеспес жылдамдықпен атып өлтіреді. Садағын қа лың жауға керген мергендер сапында Есекей, Жолай болса, оның бірі би, бірі батыр атанған 384. Көшпелі жұрттардың эпостық жырларын жете зерттеген Р.Г. Липец: «Түркі-моңғолдардың атты әскері ортанғы шеп жә не оң қанат, сол қанат болып, көшпелілердің ұрыс салу дағдысы на қарай орайластырылған. Бұлай шеп құру жау әскерін жылдам қоршауға алуға тиімді еді. Тағы бір қосатын жайт, атты әскер бы тыраңқы болып шабуылға шықса, емін еркін ұрыс салуға ыңғай лы, оңтайлы деп есептелінді» деп жазды 385. Көшпелі халықтар дың әскери жүйесі оң қанат, сол қанат, орта /қол/ болып шеп құру жайында зерттеуші Қ. Ахметжанов та жазып қалдырған. Оның еңбегінде майдан даласы былай суреттеледі «Айқас алдында сап түзеуді «шеп құру» дейді. Оң қанат, сол қанат болып екіге бөлі неді, олардың алдында жаудың бағытын аңлайтын қарауыл тобы бөлінуі мүмкін. Бұл әскердің кезуілші бөлігі болды. Хан басқол басы ретінде, өзінің басқару тобымен, айқасты бақылап, басқа рып отыру үшін әскердің артын ала орналасады, оның жолын да айнала қоршаған хан жасағы қорған тұрады. Бұл тосқауылшы бөлігі. Ең арт жақта әскердің қордағы аттары, обоздар, жабдық заттары салынған арбалар, малшылар, қызметшілер, әскердің ша руашылық бөлігі орналасады. Әскер саны «ондық», «жүздік», «мыңдық», «түмен» /он мың/ болып құрылады. Әр ондық, жүздіктердің әскери байрақтары, мыңдықтың, түмендердің әскери тулары болды. Көшпелілер әс керді тумен, байрақпен есептеген 386. Мұны Саршуаш жыраудың: «Тоғыз таңба Найманнан, Тоғыз құйрық ту алып, Сәнік З., Садықанұлы Б. Қаракерей Қабанбай. – Алматы: Жазушы, 1991. – Б. 138. Липец Р. Образы батыра и его коня в тюрко-монгольском эпосе. – С. 102. 386 Ахметжанов К.С. Жараған темір кигендер: Батырлардың қару-жарағы, әскери өнері, салт-дәстүрлері. – Б. 178 – 184. 384 385
3.2. Соғыс жүргізу әдіс-тәсілдері
145
Тоғыз тумен қол шықса, Қол ағасы – Қабанбай!» 387
деген сөз өрімдері қуаттай түседі. Ондағы «тоғыз ту» деп отырғаны мыңдық немес е түмен жа сағын айтып тұрғаны. Әрине, бір біріне жақын келген екі жақ тың әскері ең алдымен хас батырларын шығарып жекпе-жек өткізетін болған. Қазақ жас ақт ары жауларына қарсы әр түрлі соғыс тактикасын ұстанып отырды. Енді қолда бар деректер арқылы қазақ әскері қолданған ұрыс салу тәсілдері, соғыс өне рі, майдан даласындағы қорғаныс маневрлері, тактикалары ту ралы айтуға сөз қозғаймыз. Қалыпт асқан тарихи жағдайларға қазақ батырларының ғасырлар бойы тәжірибе жинақт ауына өзінің себін тигізді. Сондықт ан күрделі жағдайға орай олар стратегиялық және тактикалық ұрыс салып, жауларына қар сы атт анатын. Әскербасы болып табылатын сардарлар хандық кеңес мүшелігінде болып, соғыс барысының жоспарлары мен міндеттерін талқылап отырды388. Батырлар кеңесі де жаугершілік заманда әскери өнер мен со ғыс тактикасын талқылап отырды. Батырлар кеңесі мен Қорғаныс мәселесін шешу коллегиясының негізгі қызметі: қорғаныс стра тегиясын құру, соғыс тактикасы, шегара күзеті т.б. Кеңес мүшеле рін беделді батырлар құрған. Көптеген көркем-тарихи шығарма ларда «Ақылдасу алқасы» туралы айтылады. Мұндағы ақылдас тар алқасы деп отырғанымыз – батырлар кеңесі деп батыл айта аламыз. Енді, қазақ батырлары ұрыстарда қолданған өзге де әдіс-тә сілдеріне тоқтала кетсек. Зерттеушілер З. Сәнік пен Б. Садыхан Қабанбай батыр туралы қалдырған еңбектерінде де Қабанбай ба тырдың жауды өз-өзімен соғыстыру және отпен ойрандау соғыс тәсілдерін қолданғаны туралы дерек келтіреді 389. Сәдуақасұлы Ә. Қаракерей Қабанбай // Қазақ батырлары. – 2000. – № 4. Посольство къ зюнгарскому хунъ-тайчжи Цэванъ Рабтану капитана отъ артилеріи Ивана Унковскаго и путевой журналъ его за 1722-1724 годы. – СПб., 1887. – С. 232; Кушкумбаев А.К. Военное дело казахов в ХVІІ-ХVІІІ вв. – С. 15. 389 Кушкумбаев А.К. Военное дело казахов в XVII–XVIII вв. – С. 15. 387 388
146
3-ТАРАУ. Батырдың ер қорғаны ретіндегі жауынгерлік қызметі
Тарихшы Манаш Қозыбаев та Абылай ханның жиырма екі жа сынан жауға шауып, «Абылайша» деген шабуыл тактикасын тұң ғыш рет қолданып жеңіске жеткенін жазады 390. Сондай-ақ тарихшы Б. Берлібаев Райымбек батырдың соғыс кезеңінде «Тұлғама» әдісін пайдаланғанын, қажет болған шақ та жанын шүберекке түйіп, жаудың ішіне жасырын еніп кететін тәуекелшіл қасиетін жатық баяндап кетеді. Бұған қоса, Райым бек батыр он жеті жекпе-жекті басынан кешіргені туралы жазады 391 . Райымбек батыр өзіне тиесілі соғыстан түскен үлесті, олжаны мерт болғандардың бала-шағаларына, мүгедектерге, қарттарға, жетімдерге жөнелтіп отырған. Райымбек батыр қазақ қоғамында ғы ұстаханалық өнерді халық ішіндегі байлық көздерін пайдалану арқылы оны жауынгерлік дәстүрмен байланыстырған. Ол соғыс тан дамылдаған сәттерде қару-жарақ жасап, оны көбейтуге мән беріп отырған. Осыған қарағанда оның жасағында қару-жарақты ретке келтіретін қосын болған. Шикізатты «Темірлік», «Көмірші» деген жерлерден алып отырған болуы керек. ...Жауынгерлік жо рық кезінде арнайы қазақ қосыны көшпелі ұстахана көрігін алып жүрген. Оны «Желбуаз көрік» деп атаған. Мұндай ұстахана соғыс кезінде майысқан қару-жарақты түзеп, сөгілген сауыт-сайманды жамаумен айналысқан. Жауынгерлердің босаған қорамсағын дер кезінде жебемен толтырған. Аттың тағалануы, ер-тұрманның жөнделуі, ат әбзелдерінің ретке келтірілуі, қылыштар мен най заларды қайрау сияқты соғыз кезінде қауырт істелетін нәрсенің бәріне осы көрік ұсталары жауапберген 392. Осы жерде отты қару – мылтықтың қазақ жерінде пайда бола бастағаны туралы материалдарға көз жүгіртуге тура келеді. Мыл тықтың түрлері жауынгерлер арасында Орбұлақ шайқасына дейін XVІ ғасырдың ІІ-жартысында-ақ пайда болғаны жайлы деректер бар. Бұл туралы А.К. Кушкумбаевтың «Военное дело казахов в XVІІ-XVІІІ веках» еңбегінде Қазақстан аумағына отты қарудың Сәнік З., Садықанұлы Б. Қаракерей Қабанбай. – 71 б. Қозыбаев М. Жауды шаптым ту байлап. – 35 б. 392 Берлібаев Б. Райымбек батыр және тарихи танымдағы жауынгерлік дәстүр // Райымбек – қазақ халқының даңқты ұлы. – Алматы, 2005. – 62-63 б. 390 391
3.2. Соғыс жүргізу әдіс-тәсілдері
147
сатылуы екі бағыт бойынша жүргізілгенін айтады 393. Дала халқы білтелі мылтық түрлеріне Орталық Азия хандықтары мен Ресей мемлекеті арқылы сауда жолдары және әскери көмек ретінде қол жеткізіп тұрған. Бұдан жоғарыдағы дереккөзде «в те шанцы поса дил триста человек с вогненным боем» деп атап көрсетілгендей, алдын ала машықтанған Жәңгір сұлтанның 300 мергені тасада тұрып қоршауда қалған жауға оқ жаудырған деп те тұжырым жа сауға болатын сияқты. Атақты Орбұлақ шайқасына қатысқан батырлар мен олардың көрсеткен ерліктері туралы фактілер мен пікірлер біржақты емес. Бұл шайқас туралы дерек тек Г. Ильин мен сібірлік қызметші та тар Көшімберді Көшеевтің айтып келгені болмаса, жоқтың қасы. Біздің ойымызша, Орбұлақ шайқасына Жәңгір хан өзінің қара мағындағы жаугер, кәсіби маманданған жасағымен ғана шыққан болуы ықтимал. Жауды ойсырата жеңіп шығуға тау-тастың ың ғайына қарай ойластырылып, орайластырылған берік қорғаныс пен тасадан дүркірей атылған пілтелі мылтық оғы көп септігін тигізіп, жау-жарағы сайланып келген жоңғар әскерін күтпеген жерден есеңгіретіп тастаған. Бірте-бірте есін жиған жау әскері жаңа шабуылға көшкен тұста Жалаңтөс баһадүр көмекке жеткен. Бұл батырдың өзге елде «сұлтан» бола жүріп, өз еліне «ұлтан» болып қызмет еткендігінің бір көрінісі. Ақтамберді жыраудың мына бір толғауы қазақ халқының сол жаугершілік замандағы жортуыл іс-қимылынан нақ хабар береді: «Құлаты тауға қол салып, Садақтың оғын мол салып. Бетпақтың ен біл шөлінен, Төтелеп жүріп жол салып. Қолды бір бастар ма екенбіз!» 394.
Қаракесек тайпаларының жерімен жүріп өткен Я.П. Гавердовский «Бөгенбай шоқысы» деген атпен қалған тау жоталары туралы мағлұмат беріп кетеді. Осы таулардың бір беткейінде сүйір келген 393 394
Берлібаев Б. Райымбек батыр және тарихи танымдағы жауынгерлік дәстүр. – Б. 62-63. Кушкумбаев А.К. Военн ое дел о каз ахов в XVII–XVIII вв. – С. 70.
148
3-ТАРАУ. Батырдың ер қорғаны ретіндегі жауынгерлік қызметі
жартас «Бөгенбай шоқысы» деп аталып кеткен. Оның мәнісі жау гершілік заманда қалмақтар қазақ ауылдарының бытырап жатқан кезін пайдаланып, малдарын талан-таражға салып кетіп отырған. Осы кезде Бөгенбай биге қарасты рулар осы өңірге малдарын жа йып, қалмақтардың суыт жүрісінен сақтану үшін осы мұнараны орнатып, хабар беруші ретінде пайдаланған көрінеді 395. Шегініс тәсілі де – майдан даласында қолданылатын соғыс айласының бірі. Бұл соғыстан қашу емес, тиісінше жау әскерін соңынан ілестіре отырып, жасырынып жатқан тосқауылға ұрын дыруға қолайлы болды. Егер жау жасағы орасан көп болған жағ дайда шегіне отырып, қазақтың кең даласында титықтата оты рып, соңынан күш топтастыра соққы берген. Бұл туралы М. Қозыбаевтың мына сөздері сәтті бейнелейді: «Қазақтың панасы – сайын даласы еді. Жау бір шетіне тис е, ен даланың екінші шетіне кетті. Дала перзентін Дала анасы қорғады» 396. Жоңғарлар қазақ жеріне басып кіргенде қазақ ұлыстарының едеуір бөлігі өз мекендерінде мықты тауларға бекініп алып, беріл мей күрес жүргізе берген. Жоңғарлар басып алған жердегі қазақтар жаудың арт шебінде қарулы көтерілістер жасап отырған 397. «Есенкелді» дастанынд а да Қоң ырш әулі тауына келгенде қазақт ардың бат ыр ы Шөңкей өзін е таңдап жүйрік ат мініп алып, қалмақт арғ а көр ін е бер е қашқан бол ады. «Еліне хабар берер, ұст айм ыз» деп соң ын ан тұр а шапқан қалмақ қол ын қа зақ жас ақт ары торуылд ап тұр ып, қыр ып салғаны сәтті сурет телген 398. Бұған қоса, жорыққа аттанғанда көшпелілерде әскерді бірне ше топқа бөліп, әр жерден шығып, жау шегарасына жақын белгі ленген мерзімде, белгіленген жерге жете жиналатын әскери әдіс болған. Сондай-ақ майдан даласында өздерінің әскерін еселеп Алд аспан. – 112 б. История Каз ахс тана в русск их источниках ХVІ-ХХ веков. Первые истор ико-этн ог раф ич еские опис ан ие каз ахск их зем ель первая пол ов ина XIХ в. / сост ав ит ель, ком мент арии И.В. Ероф еевой, Б.Т. Жан аева. – Алматы: Дайк-Пресс, 2007. – Т. 5. – C. 92. 397 Қозыбаев М. Жауды шаптым ту байлап. – Алматы: Қазақстан, 1994. – 25 б. 398 Паллас П.С. Путешествие по разным провинциям Российской империи. – СПб.: При Императ. Акад. наук, 1773. – Т. І. – С. 276. 395 396
3.2. Соғыс жүргізу әдіс-тәсілдері
149
көрсету әдісі де кеңінен қолданылған. Бұл тәсілді Қабанбай ба тыр Шаған соғысында ұтымды пайдалана білген. Онда небары екі мыңдық қазақ жасағы түйелерді орталарына алып, жауына өз дерінің қарасын еселеп көрсеткен 399. Сонымен қатар, қазақ әскербасылары майдан даласында ғы ұрыстарға жас бозбалалардан тұратын жүздіктерді де қосып отырған. Бұл ұландардың соғыс өнеріне ерте жас кезінен бастапақ ысыла бастауы үшін қажет болған. Бұл туралы ақын Нұрмағанбет Қосжанұлының дастанын да көркем түрде баяндалады. Онда Байжан биден бат а алған 15 жаст ағы Сарт ай бала мың бозбаланы ертіп, жорыққа атт а нады. Жас батырдың асынғаны садақ, қорамс ақт ағысы қозы жауырын қу жебе, қасында Дула деген ағасы бар деп суретте леді 400. Сарт ай батырдың кейінгі жылдардағы қоғамдағы қыз меті туралы М. Тевкелевтің 1732 жылғы 6 наурыздағы жазба сында ұшырас ады 401. Осы тұст а қаз ақ жас ақт ар ын ың сан ы немес е әлеуеті ту ралы бірқат ар дер ект ерд і ұсын ам ыз. Мәс ел ен, П. Рычковтың дерегіне сүйенс ек, Орт а жүз бен Кіш і жүздің өздері кем де генде 40-50 мыңд ық әскер и күш бір ікт іре алады 402. Непл юев 1744 жылы 14 қаңт ард а өзін ің Сен атқа берген баяндамасын да, қазақт ардың таб иғ ат ын ан ұрысқа бейім екендігі, ержүрек екендігін баянд ап, Кіш і жүз бен Орт а жүздің қажет болған жағдайда 300 мың адамғ а дей ін әскер шығаруға қабіл етті екендігін және олард ың ден і отт ы қарумен қарул анған деген мағлұмат жетк із ед і. Тарихи құжаттарды зерттеп, өзіндік пайымдауларын жеткізген кәсіби мамандар да осы деректерді растайды: «Қазақтың үш жүзі 300-400 мың сарбаздан тұратын әскер жасақтауға қабілетті екен дігін көптеген тарихи материалдар растайды. Ал, жалпы алған Алмас қылыш: батырлар жыры / құраст. Дәуітұлы С. – Алматы: Жалын, 1993. – 36 б. Сәнік З., Садықанұлы Б. Қаракерей Қабанбай. – Алматы: Жазушы, 1991. – 134 б. Қосжанұлы Н. Сартай батыр. Дастан. – Алматы: Қазақстан, 1997. – 3 б. 402 История Казахстана в русских источниках ХVІ-ХХ веков. Журналы и служебные за писки дипломата А.И. Тевкелева по истории и этнографии Казахстана (1731-1759гг.) / сос тавление, транскрипция скорописи ХVІІІ в., историографический очерк и комментарии И.В. Ерофеевой.– С. 104. 399 400 401
150
3-ТАРАУ. Батырдың ер қорғаны ретіндегі жауынгерлік қызметі
да сыртқы жауларға қарсы күш шығарған қазақ әскері 30-50 мың адамнан тұратын әскер шығарып отырған» 403. Келтірілген фактілерде көрсетілгендей қазақ әскерінің қаружарақпен қамтылуы, артилериямен жабдықталған жоңғар жасақ тары мен бақайшағына дейінқаруланған орыс әскерлерінің арсе налына қарағанда кемшін түсіп жатты. Дегенмен, қазақ жауын герлерінің елі мен жерін азат ету жолындағы күресте жеңістер мен жетістіктерге жетулеріне ар-намысы жетеледі. Олар ішкі жан дүниесінде «Ер болу үшін, ел болу үшін» күресті. Өздерінің жеке қасиеттерімен, ерліктері арқасында қоғамдық істерге етене араласып дала аристократиясына айналған батыр лардың рөлі кейінгі ғасырларда өзгеріске ұшырады. Қазақстан ның шекараларындағы әскери-саяси жағдайдың салыстырмалы түрде тұрақтана бастауына байланысты XІX ғасырдың ортасын да бұл жүйе өзінің маңызын жоғалтып, бірте-бірте екінші қатарға ығысты. XIX ғасырдың екінші жартысынан бастап батырлар институты бірте-бірте өзінің маңызынан, өзіндік ерекшеліктерінен айыры лып, жойылды. Осылайша дәстүрлі қазақ қоғамына тән батырлар институтының жойылуымен қазақ халқының дәстүрлі қоғамына тән құндылықтары да бірге жойыла бастады. Бұған Б. Аспан дияровтың «в Букеевской орде, в условиях роста ханской власти и осуществления колонизаторской политики царизма, батырство потеряло всякое значение, и слово «батыр» стало употребляться в нарицательном значении, иногда даже с пренебрежительно-шу точным оттенком. Только в годы восстания в орде народные мас сы, употребляя это слово в первоначальном его значении, назвали Исатая Тайманова за его храбрость и отвагу батыром», 404 – де ген тұжырымы арқылы дәлелдер келтіруге болады. Бұл жағдай, патша үкіметінің отарлау саясатының дәстүрлі қазақ қоғамына тән барлық әлеуметтік институттармен қатар, оларға байланысты халықтың рухани таным-түсінігімен біте қайнасып кеткен ұғым дарды да күйреткендігін көрсетеді. 403 404
Рычков П.И. История Оренбургская (1730-1750). – С. 71. Кляшторный С.Г., Султанов Т.И. Казахстан: Летопись трех тысячелетий. – С. 340.
3.2. Соғыс жүргізу әдіс-тәсілдері
151
Осы орайда кезінде әлемді бағындырған, өзінің батырлық дәстүрі мен жауынгерлік рухының күштілігімен тамсандыр ған көшпелілер ұрпақтарының тарихи сабақтастығын жоғалтып алуының себептері неде деген заңды сұрақ туындайды. Тарихта отырықшы империялардың көшпелі халықтардың әскерін өзде ріне жалдамалы армия ретінде қызметке тартқаны белгілі. Бірақ, мұндай тәжірибе өзінің ешқандай нәтижесін берген емес. Олар түптің-түбінде империяға қарсы шығады. А. Тойнби империя әскері қатарында қызмет атқару (тұрақты жалақы, материалдық жағдайының жақсаруы және т.б.) тиімді болса да, олардың импе рияға қарсы шығуынварвардың экономикалық мүддесінің бөтен мәдениеттің құндылықтарымен бекітілмегендігімен, оның әле мінің басқа екендігімен байланыстырады. Өркениет олардың көз алдында өз артықшылығын жойған. Ал керісінше, көшпелілер империя тұрғындары үшін идеалға айналады 405. Дала жауынгерінің батырлық рухы, идеалы тек қазақ қоға мында ғана емес, моңғол, башқұрт, қалмақ және т.б. көшпеліле рінің кейінгі ұрпақтарының бойынан өше бастады. А.И. Перщиц Орталық Азия, Төменгі Еділ бойы, Орта Азия көшпелілері Қы тай, Ресей, Орта Азия хандықтары сияқты мемлекеттердің құра мында өтуімен басталған бейбіт өмірдің нәтижесінде өздерінің жауынгерлігі мен батырлық рухын жоғалта бастады. Сондықтан XIX ғасырдың екінші жартысынан бастап моңғолдар, Еділ қал мақтары, қарақалпақтар, түрікмендер және т.б. «бейбітсүйгіш» халықтар ретінде аталады. Мұның себебі бейбіт өмір қоғамның әскериле-нуінің қажеттілігін жойғандықтан бірте-бірте көшпелі лер психологиясы мен идеологиясы да өзгере бастады деп тұжы рым жасайды 406. Автордың негізгі тұжырымымен келісе отырып, дегенмен көшпелілердің жауынгерлік рухының жойылуы, дәс түрлі қазақ қоғамындағы батырлар институтының өз маңызынан айырылуы Ресей империясының ұзақ уақыт бойы жүргізген мақ сатты отарлау саясатының нәтижесі екендігін атап өтуіміз қажет. Тойнби А.Д. Постижение истории. – С. 33. Перщиц А.И. Война и мир на пароге цивилизаций. Кочевые скотоводы // А.И. Першиц, Ю.И. Семенов, В.А. Шнирельман Война и мир в ранней истории человечества. В двух томах. – С. 165. 405 406
152
3-ТАРАУ. Батырдың ер қорғаны ретіндегі жауынгерлік қызметі
Осы негізгі себепті ескермеген, көшпелілер тарихын зерттеген кейбір зерттеушілер «малшылық өмір жалқаулыққа тәрбиелей ді..., инерттілікті, жауынгерлік рух пен ептіліктің жоғалуына ық пал жасайды... Себебі көшпелілер өмір сүріп жатқан шексіз түзу дала біркелкі, өзгеріссіз және олардың өмірі де сұрықсыз, әскери құлшыныстан айырылған», – деген пайымдауларға келген407. Осылайша, батырлар институты XIX ғасырдың екінші жар тысынан бастап жойыла бастайды. Бұл туралы К. Есмағамбетов: «Патша өкіметі қазақ қоғамындағы дәстүрлі билік институтта рын жоюды ең алдымен батырлардың көзін құрту жолдарын із дестіруден бастады. Себебі, олар елдіктің, қазақ жерінің тәуел сіздігі мен бүтіндігінің жоқшысы еді. Батырлардан құтылу, сол арқылы қазақ халқын жуасытуға, рухсыздандыруға бағытталған әрекет отарлық саясаттың құрамдас бөлігі, басты бағыттарының бірі болғандығы патшалық Ресейдің ресми құжаттарынан да кө рінеді. 1806 ж. 31 мамырда император I Александрдың Бөкей ордасы үшін бекіткен «Хан кеңесі үшін ережелерде» «батырлар пайда болмасын және күшеймесін» деген нақты нұсқау жазыл ған», – деп атап көрсетеді 408. XIX ғасырдың екінші жартысынан бастап дәстүрлі қазақ қо ғамына тән институттардың бірте-бірте өз рөлдерінен айрыла бастауымен, ендігі тұста олар атқарған қоғамдық-саяси қызмет тің үлгісі мен мазмұны жаңа күштердің қолына өте бастайды. Басқаша айтқанда, XVII-XVIII ғасырлармен салыстырғанда XIX ғасырдағы қазақ қоғамына әсер еткен ішкі-сыртқы фактор лар бірте-бірте Ресей патшалығының отарлық саясатының кү шеюімен жаңа мазмұнға ие болды. Ендігі тұста қазақ қоғамының рухани-мәдени, қоғамдық-саяси дамуының жолындағы күресін жаңа күштер – рухани тұлғалар бастады. Басқаша айтқанда, би лер, шешендер, ақындар мен жыраулар, ишандар мен имамдар өздерінің рухани-шығармашылық, қоғамдық қызметтері арқылы қазақ қоғамының отаршылдыққа қарсы азаттық күресіне жаңаша мазмұн берді. Тутковский П.А. Географические причины нашествий варваров // Киевское уни верситетское известие. – 1915. – № 7. – С. 8-9. 408 Есмағамбетов К. Батырлар тарихы – рухани байлығымыз // Қазақ тарихы. – 65-66 бб. 407
3.2. Соғыс жүргізу әдіс-тәсілдері
153
Студенттердің өз білімін тексеруге арналған сұрақтар: 1. Қазақ жасағының ондық жүйе бойынша бөлінуінсипаттаңыз. 2. Соғыс құралдарын атқаратын қызметіне қарай топтаңыз. 3. Қазақ батырларының қорғаныс жарақтарын атаңыз. 4. Майдан даласындағы қолданылатын соғыс тактикаларына талдау жасаңыз. 5. Батырлық мектебі және оның негізгі ұстанымдарын көрсетіңіз.
4-тарау БАТЫР ӘЛЕУМЕТТІК-МӘДЕНИ КАТЕГОРИЯ РЕТІНДЕ
4.1. Батырдың әлеуметтік-рухани болмысы мен беделі Ғасырлар бойы үздіксіз толастамаған адамзат қоғамының да му үрдісі дәуірлерге ұласып, тарих көші барысында қазақ халқы қалыптасса, нәтижесінде оның өзіндік менталитеті мен бет-бей несін айқындайтын дәстүрлер жиынтығы түзілді. Сол кезеңдегі дәстүрлі қазақ қоғамының саяси-әлеуметтік құрылысы, оның тү зілісі де дала ғұрпы мен тұрмысына бейімделіп, демократиялық үрдіспен жүйеленіп, жалғасқаны айқын байқалып тұрды. Көш пелі қазақ қоғамындағы дәстүрлі демократиялық билік тетіктері де өзінің тамырын ерте кезеңдерден бастайды. Мұндай ұйымдар елдің елдігін сақтап, іргесін берік ету бағытында телегей қызмет тер атқарды. Дәстүрлі қазақ қоғамына ғана тән батырлар инсти тутының халқымыздың рухани құндылықтар жүйесінде алатын орнын, әлеуметтік рухани болмысы мен беделін зерттегенде ең алдымен басты назарды табиғи ортадағы экологиялық бейімде лу үрдісімен қоса, әлеуметтік-экономикалық даму деңгейі мен ұқсас табиғи-географиялық жағдайда өмір сүретін, бірақ тарихи әр түрлі халықтардың қалыптасқан шаруашылық пен мәдениет ерекшелігін көрсететін шаруашылық-мәдени типті басты назарда ұстаумыз қажет 409. Муканов М.С. Жилище в системе культуры жизнеобеспечения этноса // Известия НАН РК. – 1994. – № 1. – С. 4. 409
154
4.1. Батырдың әлеуметтік-рухани болмысы мен беделі
155
Сондықтан батырлардың әлеуметтік-рухани болмысы мен бе делін қарастыра отырып, қазақ халқының ұрпақтан ұрпаққа жет кен мәдени мұрасы – ауыз әдебиеті материалдарын басты назарда ұстаймыз. Қазақ фольклорының елеулі бір арнасы – эпос болса, оның ішінде батырлардың отаншылдық сезімі, туған халқының азаттық жолындағы күрестерін жырға қосқан батырлық эпоста рының мәні өте жоғары. Қазақ тарихын жазудағы басты ерекшеліктер ондағы саяси үр дістер мен сан қилы оқиғалардың кейінгі ұрпаққа ауызша тарих негізінде, жыр, дастандар, аңыз-әңгімелер арқылы да жетіп отыр ғанын басты назарда ұстауды талап етеді. Сондықтан қазақтың шежіреші қарттары мен көнекөз қариялары балалары мен неме релерін елін қорғар азамат болсын деген мақсатпен батырлар жы ры мен аңыз, дастандарды құлақтарына құйып өсірген. Балалық шақтан бойына батырлық қасиетті сіңіріп өскен ұрпақ өзінің атабабаларына ұқсап ерлік көрсетуге ұмтылуы сондай тағылымнан туған. Қазақстан жеріне аяқ басқан шетел саяхатшылары өз деректе рінде қазақтардың ән салып, батырлар жырын тыңдағанды ұна татындықтарын, ертегі айтып, балаларын батырлыққа тәрбиелеп отыратындықтарын баса көрсетеді Қазақ батырларының рухани жағынан жетілуінде бұл басты фактор болса керек. Енді, дәстүрлі қазақ қоғамындағы батырлардың рухани бол мысы мен беделін, атқарған істерінің орны мен рөлі туралы толы ғырақ тарихи тұрғыдан зерделеп көрелік. Батырлық, қаһармандық дәстүрлі қазақ қоғамындағы ерекше әлеуметтік топ – батырларға тән қасиеттер мен өмір салты. Ба тырлар сословиесінің ерекшелігі көшпелілер әскерилерінің, ба тырларының өздеріне тән қағидалары, жауынгерлік этикасы, мо ральдық кодексі, өзіндік діни ырым-жоралғылары, салттарының болуы. Қазақ батырларының әлеуметтік ерекше топ ретінде өзін дік мұраты, қоғамдық қызметіне сәйкес рухани бет-бейнесі қа лыптасқан. Олардың ең басты ерекшелігі – тек әскери кәсіппен айналысу. Батырлар елді басқыншылықтан құтқаруды, тұтқында
156
4-ТАРАУ. Батыр – әлеуметтік-мәдени категория
кеткен отандастарын азат етуді, жау қолынан қаза тапқан ата-ба ба кегін қайтаруды өмірлік мақсат тұтқан. Әскери кәсіптің басты мақсаты елді сыртқы жаудан қорғау және ішкі тәртіпті сақтау 410. Қазақ ұғымында батыр болып туу – тумысынан Құдайдың ар тық адам етіп жаратуының нақты көрінісі. Себебі, батыр әркімнің қолынан келе бермейтін қасиетті іс. Бұл туралы Шал ақынның «Құдай артық жаратқан Сары, Баянды» деп олардың батырлық қабілеті Тәңірден нәсіп болғанын еске салады 411. Зерттеуші Қ. Ахметжанов батырлардың тұлғалық қасиеттерін былай айқындап өтеді: соғыс ісін кәсіпке айналдырған, өмірі со ғыста өтетін, кәсібі әулетіне жалғасып отыратын, елдік, мемле кеттік, билікті қолдарына ұстаған, әр түрлі меншік иелері болған, хандық билікпен тығыз байланысты, өздерінің жеке идеологиясы, моралдық этикасы, жауынгерлік намыс кодексі, өзіндік салт-дәс түрі, діни нанымы, ырым жоралғылары бар көшпелілер қоғамы ның, қазақ қоғамының ерекше жігі 412. Батырлардың әлеуметтік – рухани бет-бейнесін ашатын басты қағида олардың өлімге деген көзқарасына байланысты. Батырлар ға соғыста өлу қасиетті саналып, үйде, төсекте өту өкініш болды. Түркі-моңғол халықтарының ұғымында хас батырдың шайқаста шейіт болуды армандағаны туралы Р.Г. Липец: «Его костям место в поле, как и костям его сотоварища – боевого коня. Лишняя го реть праха, несколько лишних капель крови на земле – так и дол жен кончать жизнь мужчина! Позор – умереть в юрте от старости и болезней»413, – деп тұжырым жасайды. Батырлардың мұндай қағидасы Доспамбет жыраудың: «Екі арыстан жау шапса, оқ қылқандай шаншылса, қан жусандай егіл се, аққан судай төгілсе, бетегелі сары арқаның бойында соғысып өлген өкінбес!» деген жыр жолдарынан айқын аңғарылады 414. Ахметжанов К.С. Жараған темір кигендер: Батырлардың қару-жарағы, әскери өнері, салт-дәстүрлері. – 15 б. 411 Алдаспан. – 191 б. 412 Ахметжанов К.С. Жараған темір кигендер: Батырлардың қару-жарағы, әскери өнері, салт-дәстүрлері. – 28 б. 413 Липец Р. Образы батыра и его коня в тюрко-монгольском эпосе. – М.: Наука, 1984. – С. 113. 414 Алдаспан. – 67 б. 410
4.1. Батырдың әлеуметтік-рухани болмысы мен беделі
157
Ғұмырын нағыз батырларша майдан даласында өткізгенімен «Қырық жыл қырғын болса да, ажалды өледі» демекші, Ақтам берді жырау тоқсан жасқа келгенде «Бар арманым, айтайын, ба тырларша жорықта, өлмедім оқтан, қайтейін!...» деп өкіне отып, батырлық принципін жоғары қояды 415. Қалнияз ақынның «Ер Қармыс» дастанындағы: «Жорықта ал деп жанымды, әуелден тілек салғанмын» деген сөздері де батыр лардың жауынгерлік дәстүрге деген қағидаларының берік екен діктерін нақтылай түседі416. Батырлар өлімді кез келген уақытта қабыл алуға тәрбиеленді. Олар үшін соғыста өлмеу – өкініш. Олар үшін жауынгерлік на мысы, әскери парызы жоғары тұрды. Елінің, өзінің намысы үшін, ханы үшін, әскери парызын өтеу үстінде жан қию – даңқ, нағыз батырлық өлшемі. Бұл олардың қанына тәрбие арқылы және үл кен батырлардың қасына еріп, нөкерлікте жүру арқылы сіңді 417. Елім деп туған ұлдың мұндай асыл мұратын халқы да қастерлей білген. Халық даналығы «Ерім дейтін ел болмаса, елім дейтін ер қайдан болсын» деген қасиетті ұстанымды берік ұстанған. Ота ны үшін от кешіп, қасық қаны қалғанша күресіп, бақилық болған батыр ұлдарын Жер-Ананың қойнауына берген тұста да қолдан келгенше ханмен тең бағалаған. Бұған ұлтының ұлылары жер ленген Қожа Ахмет Ясауи кесенесінде ел билеген хандармен, би лермен қатар батырлардың да жерленуі дәлел бола алады. XVІІXVІІІ ғасырларда осы кесенеде жерленген батырлардың тізімінен үзінді бере кетсек: Қанжығалы Бөгенбай батыр. – 1775 ж. Шақшақ Жәнібек батыр. – XVІІІ ғ. Матай Бөрібай батыр. – шамамен 1756-60 жж туылған. Қойкелді батыр 1795 ж. Тобықты Мамай батыр XVІІ ғ. – 1810 жж. Тобықты Көкенай батыр 1648-1728 жж. Тобықты Жандос батыр Олжайұлы 1715-52 жж. 415 Алд аспан. – 32 б. 416 Алд аспан. – 121 б. 417 Ақбер ен. XVIII-XIX ғас ырлард ағы қаз ақ ақын-жыр аулар ын ың жырл ар ы: оқу құ рал ы. – Алматы: Жазуш ы, 1972. – 53 б.
158
4-ТАРАУ. Батыр – әлеуметтік-мәдени категория
Қоралас Жауғаш батыр Қырбасұлы. – 1733-82 жж. Қаракесек Жарылғап батыр. – 1784-86 жж. Сейдалы Нияз батыр. – XVІІІ ғ. Қоңырат Сырғақ батыр Ниязұлы ... Қарпықұлы Текей батыр ... Мәнжіғұлбатыр ... Сіргелі Тілеуке батыр ... Атығай Қойлы Андықожабатыр. – 1752 ж. Тарақты Наймантай батыр. – 1745 ж. Есіркеп батыр ... Есей батыр ... Әжібай батыр ... Қаржас Мырзақұлбатыр ... Арғын Күлке батыр Тәңірбердіұлы Есенқұл. – 1750-60 жж. Шекті Тілеу батыр Айтұлы. – 1630-84 жж., Шекті Жолдыаяқ батыр Тілеуұлы. – 1665-84 жж. Қанжығалы Әлібек батыр Құдайбердіқұлы. – XVІІІ ғ. Есенбай батыр. – 1778-1844 жж. Найман Көшербайұлы Дулыға батыр. – 1836-90 жж.418
– тізімнен кесенеде жерленген игі жақсылардың қатарында қазақ қоғамындағы батыршылық институтының көрнекті өкілдерінің, есімі елге кеңінен таныс емес, зерттеуді қажет ететін есімдердің бар екендігіне көз жеткізугеболады. Әскери сословиенің екінші ерекшелігі батырлар үшін әскери кәсіп ата кәсіп саналған, яғни әкеден балаға мұра болып жал ғасқан. Батырлар әулетінде туған балалар жастайынан ел қорғау ісіне араласып, әскери кәсіппен айналысуға міндеттелді. Қазақ та мұны «шынжырлы тұқым» – деп атаған. Бұл туралы батырлар жырында: «Тақтаболат, Тасболат, Шынжырлы ердің бірі еді»,
– деп көрсетілген419. Рыскелдиев Т. Әзірет Сұлтан. Мемлекеттік тарихи-мәдени қорық музейі. Алматы: Нұр, 2003 – 17 б. 419 Ахметжанов К.С. Жараған темір кигендер: Батырлардың қару-жарағы, әскери өнері, салт-дәстүрлері. – 25 б. 418
4.1. Батырдың әлеуметтік-рухани болмысы мен беделі
159
Бұл сөзімізді батырлар эпосы «Нұрадын» жырындағы мына шумақтармен де қуаттауға болады: «Ноғайлының ішінде, Шын жырлы тұқым аз еді»420. Елдің сөзіне қарағанда, Исатайдың тегі Шынжырлы батыр. Бесінші буындағы бабасы Беріш деген рудың ұранына шыққан Ағатай421. Осы жерде Сүйінбай ақынның: «Ұрпағы Қарасайдың түгел батыр, Орнатқан дұшпанына заман ақыр»422,
– деген жолдарынан-ақ батырлық дәстүрінің сабақтасып, ұрпақ тан-ұрпаққа жалғасып отырғаны айқын көрінеді. Қазақ тарихында әкелі-балалы батырлар туралы мәліметтер өте көп. Қазақ батырлары жауына әкелі-балалы, аға-інілі болып шынжырлы тұқымымен шапқан. Батырлар әулеті үшін ата кәсібін жалғастырмау – масқаралық еді. Келесі бір ескерер ерекшелік – батырларды ұрыста қорғайтын, желеп-жебеп жүретін сиынатын пірлері, аруақтары болған. Мы салы, Жалаңтөс баһадүр әкесімен Даһбеттегі Махдуми Ағзамның немересі – сол дәуірдегі сопылардың жетекші пірі Қожа Хашими ға келіп қол беріп, мүридтікті қабылдап алады да оның тәрбиесі не кіреді423. Бұдан өзге: «Пірлеріне сиынып Енді атына мінеді»,
– деген жолдарды «Қарадөң» жырынан да кездестіреміз. Батырлық эпостарда Баба Түкті Шашты Әзиз сияқты пірле рі жиі айтылады. Н. Қосжанұлының «Сартай батыр» дастанында мынадай жыр жолдары берілген: Бұл Сасық деген бақсы еді Даусы елді шарлаған. Батырлар жыры. / ред. алқасы Асқаров Ә., Бердібаев Р., Қасқабасов С. – Алматы: Жа зушы, 2001. – Т. 5. – 98 б. 421 Досмұхамедұлы Х. Аламан. – 79 б. 422 Қазақтың Қарасай батыры / құраст.: Дәуітов С. – Алматы: Жалын, 2000. – 26 б. 423 Өткелбаев Н. Жалаңтөс баһадүр // Тамыры терең, тарихы кенен – Қазалы. – Алматы: Телеарна, 2008. – 39 б. 420
160
4-ТАРАУ. Батыр – әлеуметтік-мәдени категория
Құлымбеттің пірі еді, Қара аруақ орнаған424.
Тағы бір деректерде, 1680 жылы Күлтөбеде Тәукені хан ре тінде таққа отырғанда рухани тұлға ретінде Сұпы Әжінің пір сайланғаны да айтылады425. Сондай-ақ исламға дейінгі көне рух тардың бірі – Ғайып Ирен, қырық шілтен де батырлардың пірі ретінде белгілі. Ислам дінінің енгізілуімен бірге қазақтар Қыдыр атаны пір тұ тады. Дәуіт пайғамбар ең бірінші металл өңдеуді үйренген адам. Алла тағала оған темір соғып, сауыт жасауды үйреткен. Сондық тан ол қару-жарақ жасаушы ұсталардың пірі саналды. Сондықтан ұсталар соққан сауыттарға Дәуіт пайғамбардың балғасы тиген деп сенген. Сондай-ақ бүкіл мұсылмандардың атақты батыры, төртінші халиф – Ғали (Әлі, Хазрет Әлі) қазақ батырлары пір тұ тып, сыйынатын әулиелердің бірі. Батырлар қиналған шақта, соғысқа түскенде аруақтарын ша қыратын болған. Олар ұйықтағанда да киелері оларды қорып, қорған болып жүреді. Батырдың киесі болуы оның күштілігінің белгісі. Негізінен батырдың киесі жайшылықта көзге түсе бер мейтін, тек соғыс кезінде, қиналған шағында батырды қолдап жү ретін ерекше күш ретінде сипатталды. Батырлардың келесі ерекшелігі олар қару-жарақтарын соқ тырғанда да әр түрлі ырым-жоралғы жасатып отырған. Мысалы: қырық күн кептіру, қырық ұстаға соқтыру т.б. Олар қаруды жан ды санап, оған мадақ айтып, айқасқа кірер алдында қарулары мен серттесетін. Ер Сайынжырында «Қатарланған қамалды, Қақ жармасаң – саған серт, Оқ жеткізсем – маған серт» деген жолдар да дәлелдей түседі426. Батырлар, әскерилердің ұстаған қаруларын қарапайым адамға асынуға рұқсат етпеген, себебі ер қаруын асыну – батырлардың Қосжанұлы Н. Сартай батыр. Дастан. – Алматы: Қазақстан, 1997. – 31 б. Большая Советская Энциклопедия / гл. ред. В.Г. Панов. – М.: Сов. энциклопедия, 1990. – Вып. 34. – С. 46. 426 Ахметжанов К.С. Жараған темір кигендер: Батырлардың қару-жарағы, әскери өнері, салт-дәстүрлері. – 22 б. 424 425
4.1. Батырдың әлеуметтік-рухани болмысы мен беделі
161
сословиелік белгісі. Батырлар әулетінде қару-жарақ атадан бала ға мұра болып қалдырылды. Егер мұра жоқ болған жағдайда ба тыр өлгенде қаруынбірге көмген. Оны сындырып, бүлдіру ыры мы бар. Эпос қаһарманы үшін де, кейінгі қазақ батыры үшін де қаружарақ өте қасиетті бұйым болып саналған. Қару-жарақ түрлерін қасиетті деп санау халқымыздың күнделікті тұрмыс-тіршілігінде қалыптасқан салт-дәстүрлерінен айқын көрінеді. Мәселен, туыс тас түркі халықтарының бірі башқұрттар да қару-жарақ түрлерін үйлерінің төріне, көрнекті жерлеріне іліп қоятын дәстүр әлі күнге дейін сақталған427. Ал, түркмендер үйдегі қару-жарақ Қағбаға қа рап тұрған қабырғада ілулі тұруы тиіс деп санайды. Қарау-жарақ иесінің рұхсатынсыз оған ешкімнің қол тигізуге құқығы жоқ428. Жалпы қазақ батыры үшін жеке әскери қару жарағын асынып жүру ең басты талап болды. Қару-жарағынан айрылып қалу өзі нің ар-намысын жоғалтумен пара-пар деп саналды. Бұған атақты «Жеті жарғы» заңы бойынша қару-жарағы жоқ батырдың кеңеске қатысуға құқының болмауы дәлел бола алады. Бұл жағдай ауыз әдебиеті үлгілерінде айқын көрініс берген. Мәселен «Едіге» да станында хан жұмбақ жасыра отырып, Едігені қару-жарағынан айыруды басты мақсаты етіп қояды. Бұл ханның Едігені тез жеңу- ді көздеуі болса, екінші жағынан оның азаматтық ар-намысын тү сіруді мақсат тұтуы еді. Себебі Едігенің қылышы – ата-бабасынан қалған қасиетті қару. Бұл қаруды жоғалту Отан, ата-баба, бола шақ ұрпақ алдында бар беделінен айырылуды білдірді. Археолог ғалымдар көне замандардан бері түркілердің жерлеу ғұрыпта рында жауынгер-батырды барлық қару-жарағымен бірге жерлеу дәстүрі болғанымен, бірақ қылышты басқа қарулармен бірге қоса жерлемейтіндіктерін атап өтеді. Себебі қылыш атадан балаға мұ ра ретінде өтіп отырған 429. Батырлар жыры. / ред алқасы Асқаров Ә., Бердібаев Р., Қасқабасов С. – Алматы: Жазу шы, 2001. – Т. 5.– 125 б. 428 Башк ортост ан: Краткая энц икл оп ед ия. – Уфа: Научн ое изд ат ельс тво «Башкирская энц икл оп ед ия», 1996. – С. 301 429 Ботяков Ю.М., Янборисов В.Р. Холодное оружие туркмен. Памятники традиционно-бы товой культуры народов Средней Азии, Казахстана и Кавказа. – Л.: Наука, 1989. – С. 54. 427
162
4-ТАРАУ. Батыр – әлеуметтік-мәдени категория
Бұл мысал қару-жарақтың тағы бір қасиетін ашып көрседі. Яғ ни, атақты батырлардың қару-жарақтары ұрпақтан-ұрпаққа мұра болып қалған. Қару-жарақты мұраға қалдыру ата ерлігін балаға мұра ету, ата-баба қорғаған туған жерді қорғау сияқты қасиетті міндетті де табыс ету дегенді білдірді. Сондай-ақ батырлар бірбірімен достыққа серт еткенде де бір-бірімен қару-жарақтарын алмастырған. Қару-жарақтарға қатысты өзіндік магиялық дәстүр лер де қалыптасқан. Қару-жарақ тек қана жауыз күшті жеңетін құрал ғана емес, ол әділдіктің, қауіпсіздіктің де нышаны болды. Көптеген әлем халықтарының дәстүрінде кінәлі адамды анықтау үшін олардың садақ тарту арқылы сыннан өтуі сияқты мысал жиі кездеседі. Кінәсіз адам көзі жабық күйінде нысанаға дәл тигізсе, кінәлінің оғы айдалаға ұшып кетеді. Көптеген түркі халықтарында батырлар ант берген кезде өз қылышының жүзін сүйетін салт болғанын көрсетіп отыр. Бұл туралы Л.В. Гребнев: «В старое время человек, произнося сло ва клятвы, в подтверждение ее лизал острие стрелы, ножа и т.п. Понималось, что стрела, нож или другие предметы, которые даю щий клятву лизал, в случае нарушения клятвы поразят его», 430 – деп жазады. Мысалы, «Еспенбет» жырында Қабанбай батыр жар салып, қалмаққа атанбақ болып жатқанда жас Еспенбет батырдың ты ным таппай Ақбөрте атын баптағаны, сары ырғай садаққа адыр наны таққаны, терісінен бұғының алмас қылыш асынғаны, емен ге найза саптағаны суреттеледі431. Батырлардың өздеріне тән намыс кодексіне беріктігі де жиі көрініс береді. Ол – ең бірінші Отан, ел, халық мүддесін жеке бас мүддесінен жоғары қою. Мәселен, Мағжан Жұмабайұлының «Батыр Баян» дастанындағы Баян батырдың қалмақ қызымен жат елге қашып бара жатқан Ноян інісін атып өлтіруі де ар-намысты, батырлық, жауынгерлік дәстүрді туыстықтан жоғары қою әреке тінен туған 432. Гребнев Л.В. Сказания о богатырях: Тувинский героический эпос / предисл., пер. и ком мент. Гребнева Л.В. – Кызыл: Тувинкнигоиздат, 1960. – С. 179. 431 Алмас қылыш: батырлар жыры / құраст. Дәуітұлы С. – Алматы: Жалын, 1993. – 165 б. 432 Жумабаев М. Батыр Баян. – Петропавл: «Полиграфия» АҚ, 2008. – 36 б. 430
4.1. Батырдың әлеуметтік-рухани болмысы мен беделі
163
Ел аузында сақталған әңгімелерде Арғын мен Найман тайпа лары арасында үлкен дау-дамай туып, оның арты ушығып бара жатқанда Аралбай батыр өзінің он жеті жасар баласы Жандыр ды оққа қиғаны туралы оқиға баяндалады. Батырлар арасындағы бірлікті ру мүддесінен жоғары қойған Аралбай батыр мынадай шарт қояды. Құн даулап келген найман батырларының бірі көзін байлап, алдынан шауып өтуге келіскен Жандырды атуға тиіс бо латын. Бұл Аралбай батырдың екі тайпа арасындағы кісі өліміне соқтырар құн дауынбейбіт жолмен шешуге тырысып, өзінің жар дегенде жалғыз баласын құрбандыққа шалып, тәуекелге барған харекеті еді. Ал, Ақтамберді, Қабанбай батырлар өз кезегінде әке сінің сөзін екі етпей көзделген жерге барып қалшиып нысана бо лып тұра қалған Жандырдың бетінен сүйіп: «Адам бол, Жандыр балам! Жүрегің – жаудан, тілегің елден қайтпасын!» деп батасын беріп, екі ру бейбіт жолмен тарқасқан екен 433. Міне, ел бірлігі жо лындағы батырлардың биік принциптері осындай қасиеттерінен көрінсе керек. Батырлыққа тән қасиеттің бірі – шыдамдылық. Олар аптап ыс тыққа да, ызғарлы суыққа шыдамдылық танытып, денеге түскен жарақатын да елемей ұрысын жалғастыра береді. Олардың бұл қасиеті қазақ «Етігімен су кешіп» деген сөзінен көрінетін сияқты. Батырлардың шыдамдылығы туралы Базар жыраудың шығарма ларында көрініс тапқан. Ақынның толғауындағы: «Ерегіскен хандарды, Алтын тақтан тайдырған, Жетіде тағам бір татқан, Қысқа күнде қырық шапқан»434,
– деп келетін жыр жолдары айқын білдірсе керек. Батырлардың басты намыс кодекстерінің бірі – кек алу. Кек алу жауға кеткен есені қайтару, кек алу ерлік, кегін қайтара ал мағандарды ел-жұрт намыссыз деп таныған. Бұл кезде «қанға – қан, жанға – жан» заңын қолданады. Ата кегін, халық кегін алу 433 434
Алмас қылыш: батырлар жыры. – 170 б. Сматаев С. Елім-ай: Роман. – Алматы: Жазушы, 1978. – 158 б.
164
4-ТАРАУ. Батыр – әлеуметтік-мәдени категория
– батырлардың басты міндеті. Сондықтан өмір бойы елдің кегін кектеп, аттан түспеген батырлардың есімі халықтың есінде мәңгі сақталып, өмірлері жырға өзек болып, есімдері ел ұранына айна латын 435. Кек алу және дауға араласу батырлар институтының қалыптасуына және дамуына әсер еткен негізгі идеялардың бірі болды. Мысалы, «Қырымның қырық батыры» циклындағы «Аң шыбай батыр» жырында еліне келген Аңшыбай қолбасшы рөлін атқару үшін «Өштескен бар ма жауларың. Бітпей жатқан даула рың», – деп сұрайды 436. Ал Ақтамберді жырау: Ел шетіне жау келсе, Алдына сірә дау келсе, Батырсынған жігіттің Күшін сонда сынаса –
деп осы ойымызды дәлелдей түседі 437. «Жау» ұғымы әдетте сыртқы дұшпандарға байланысты қолда нылады және «өштескен жаудан» кек алу қажет. «Кек алу» ежелгі дәуірден келе жатқан әлеуметтік ережелердің бірі. «Қанға қан» ұстанымы орта ғасырларда да кеңінен тарады. Сондықтан да «кек алу» батырлар институтының басты қызметтерінің бір деп есеп теуге болады. Мысалы, Парпарияның әкесі Баба Түкті Шашты Әзиз жау шапты деген хабарды есітіп баласына былай дейді: Еліңді жау шапқанда Жедел жеткенің жөн деді. Шамаң келсе жан балам Жіберме кекті сен деді. Артынан қуыпжет деді, Ерлерше қайрат ет деді 438. Қазақ ақындарының поэзиясы. – 238 б. Батырлар жыры. Қырымның қырық батыры. (Мұрын жыраудан алынған мұралар). – 60 б. Бес ғасыр жырлайды ХV ғасырдан ХХ ғасырдың бас кезiне дейiнгi қазақ ақын-жы рауларының шығармалары. 2-томдық / құраст.: М. Мағауин, М. Байдiлдаев. – Алматы: Жазушы, 1989. – Т. 1. – 60 б. 438 Бес ғасыр жырлайды ХV ғасырдан ХХ ғасырдың бас кезiне дейiнгi қазақ ақын-жы рауларының шығармалары. – Т. 1. – 60 б. 435 436
437
4.1. Батырдың әлеуметтік-рухани болмысы мен беделі
165
Ал енді «кек алу» ұғымының мазмұнына келетін болсақ, онда осы жырда қалмақ ханымен кездескен Парпария былай дейді: Айдап алдың малымды Қырып кеттің жанымды. Бұрымын кесіп тұл еттің Сүйіпалған жарымды. Аяққа бастың, ит қалмақ. Намысымды, арымды Кегімді алмай кетпеймін, Төгемін сенің қаныңды 439.
«Дау» ұғымы әдетте ішкі жанжалға байланысты қолданыла тын ұғым. Бұл мәселеде де батырлардың өзіндік міндеті болған. Мысалы, руаралық жанжалдың нәтижесінде қайтыс болған ада мына құнын даулаған ақын: Құлназар келіп өлді ауылыңа Ішім оттай күйеді бауырыма Алты жақсы, жүз жылқы пұл бермесең, Есекем таңба басар сауырыңа,
– деп Есенбай, Еспенбет деген батырларымен қорқытады 440. Дауды шешу қызметі билерге тән болғанымен, олар уақытында шеше ал маған жанжалды қарулы жолмен батырлар шешіп отырған. Бірақ батырлардың ішкі дауды келісім арқылы емес қарулы жолмен шешуін көп жағдайда «кек алудан гөрі» «шауып алуға» жатқызуға болады. Қазақ қоғамындағы ішкі дауды шешу құралы ретінде «шауыпалу» адам өліміне жол бермей, малын немесе же рін тартып алу. Мысалы, ХІХ ғасырдың орта шенінде Бұхарбай батыр шекті руының батырларының қолынан қаза тапқан бауыры Байқадам үшін қоқандықтармен бірігіп шекті руыншауыпалады. Сол жорықта ол 555 түйе, 934 жылқы, 139 сиыр, 20 800 қойды алып кетеді 441. 439 Батырлар жыры. Қырымның қырық батыры. (Мұрын жыраудан жазылған мұралар). – 46 б. 440 Батырлар жыры. Қырымның қырық батыры. (Мұрын жыраудан жазылған мұралар). – 59 б. 441 Аницков И. Қазақ батыры Жанқожа Нұрмұхамедов. – 14 б.
166
4-ТАРАУ. Батыр – әлеуметтік-мәдени категория
«Ант беру» де батырлардың бұлжымай орындалуы тиіс коде кстерінің бірі. Ант беру дәстүрінің дәстүрлі қазақ қоғамында бір неше түрлері болған. Зерттеуші Ш.Е. Картаева ант беру дәстүрі нің түрлерін төмендегідей топтастырған: 1. «Ат құйрығын түйісу» – серттен қайтпаудың шартты белгісі. Ертеде қарулас қол жорыққа аттанарда аттың жал-құйрығын түю арқылы өзара анттан айнымасқа серттескен. Түркі тілінде «түй» сөзі ант, серт сөздерімен ауысады. 2. «Ат құйрығын кесісу» – айырылысып бітісу. Қазақ батыр лары жауынгерлік дәстүр бойынша әскери іске, басқа мәселеге болсын уағдаласса «ат тізесін қостым», ал келіспей қалса «ат құй рығын кестім», – деп кеткен. 3. «Ақ үйлі аманат» – екінші рет сол елге шапқыншылық жаса мауға берілген уәде442. Жоғарыда айтылған «ат құйрығын кесісу» принципінің басты мағынасын анықтауда қазақта ер адам қайтыс болғанда оның мінген атын құйрық-жалын кесіп, бір жылдан ке йіноны сол адамның асын бергенде соятын дәстүр болғанын атап өту керек деп есептейміз. Қазақ халқының ұлттық дәстүрінің бірі бата беру де батырлар дың салт-дәстүрлерімен ұштасып жатыр. Батырлар үйден атта нарда батагөй әулие ақсақалдардан, ата-анасынан, ұрысқа түсер алдында хандардан немесе үлкен батырлардан рұқсат сұрап, бата алғаны туралы жыраулардың шығармаларында да батырлар жы рында жиі айтылады. Мысалы, Әйтеке би Арал батырға мынадай бата береді: «Шеге тағаны сақтайды, Таға тұлпарды сақтайды, Тұлпар ерді сақтайды, Ер елді сақтайды»443.
Тағы бірде, Балта батырдың баласы Қармыс батыр Әжібай Картаева Ш.Е. Қазақ халқының әскери өнері және жауынгерлік дәстүрі (XV-XVI ғғ.). – 96 б. 443 Жорабаева Г., Дайрабай Т. Арал батыр // Қазақстан. Ұлттық энциклопедия. – Алматы. 1998. – Т. 1. – 47 б. 442
4.1. Батырдың әлеуметтік-рухани болмысы мен беделі
167
бидің батасын алып, Арал батырдың қара сауытын киіп жекпежекке шығады. Жекпе-жекте Қармыс қалмақ батырын өлтіреді. Мұнан кейін қазақ әскері бел алып, қалмақтарды шығынға ұшы ратады444. Адайдың Мұңалынан шыққан Шотан батыр – жасқану білмес, сескену таппас тастүйіндікпен күрескен елеулі тұлға. Ел аузын дағы жырлардағы: Жолдасы Есболай мен Есек мерген Өңшең батыр, қайыспас көпті көрген. Еліне қоныс іздеп шыққан ерге Би Әжібай Шотанға бата берген»
– деген жолдардан олардың Кете тайпасының атақты Әжібай биі нен бата алғанын білуге болады445. Енді батырлардың кескін-келбеті, түр-тұлғасы туралы мәселе ге де тоқтала кетсек. Қазақтың батырлық жырларында батырдың бейнесі өте әсіреленіп беріледі. Оларды тіпті аттары көтере ал май жатса, соққылары да жойқын, дауыстары жер жарады, ұйқы лары да ерекше. Ұрыстан соң немесе үлкен жорықтан оралған олар бірнеше тәулік бойы ұйықтап, соның салдарынан қиындық қа, алдауға, тұтқынға түсіп те қалып жатады. Батырлықтың келбетін Шалкиіз жырау: «Дулығамның төбесі, туған айдай болмаса, батыршылық сүрмен-ді!» деп толғайды446. Қайыпханның елшісі, батыры Арыстанбай Айбасұлының бір де Әбілқайыр ханға айтқаны мынау екен: «Жорыққа кісі көп нәр се алып шыға алмайды ғой, алдияр. Мен де бір тоқты қойда жүр генше, бойда жүрсінші деп мына алдаспанды алғанмын, бір тай саяқта жүргенше, аяқта жүрсінші деп мына үзеңгіні алғанмын. Бар күшім өзімнің бойымда жүргенше, жұрттың ойында жүрсін ші деп не істесем де еркін істейтін тәуекелді алғанмын. Содан қалған жеріне сабырды жүктегем!»447. Сейдімбек А. Қазақтың ауызша тарихы: шежірелік деректерді пайымдау. – Астана: Фо лиант, 2008. – 304 б. 445 Келімбердиев А.М. Ел қорғаны – батырлар // Ақтөбе. – 1993. – 16 қаңтар. 446 Алдаспан. – 75 б. 447 Дайрабай Т. Сырдың сырлы сыры. – Алматы: Арыс, 2005. – 83 б. 444
168
4-ТАРАУ. Батыр – әлеуметтік-мәдени категория
Батырлар жырында батырлардың тұлғасы ерекше болады. Ол тіп ті күн сайын, сағат сайынөседі. Дегенмен шынайы өмірдегі батыр лардың түр-тұлғасы да келісті болғаны туралы қазақтың жыраула рының шығармаларынан айқын аңғаруға болады. Базар Өтемісов: «Қас батырдың белгісі, қайтпайды салсаң араннан» десе, енді бірде: «Батырлар жауға шапқанда, Қолына жасыл ту алар, Найзасын қарға асынып, Алмасын қанға суарар», –
дейді448. Парпария жырындағы Аңшыбайдың мына даналы сөздері ба тырлардың жалпы қағидаларын тізіп берген десе де болады: «Орныңа тауыпжұмсай біл, Бойыңа біткен күш-қайрат, Ақыл-ой мен сананың. Дүниенің сыры көп, Әккі жаудың қыры көп, Жан-жағыңды шолып қарағын. Өз бойыңа сай болсын Сауыт-сайман жарағың. Тұлпар болсын мінгенің Сұңқар болсын ілгенің Сұлу болсын сүйгенің, Асыл болсын кигенің» 449.
Батырлар жауынгерлік этикасын қатаң ұстанатын. Осындай тәрбиелік мәні бар дала кодексінің бірі – батырларға қойылатын талаптар жүйесі болды. Бұл талаптарды екіге бөліп қарастыруға болады. Біріншісі, соғыс барысында қолданылатын жазылмаған заңдар – жекпе-жекке шыққанда кезекті бұзбау, жеңілген дұшпа нына достарымен қоштасуға рұқсат беру, қаруды дұрыс пайдала ну. Үлкен айқастарда жекпе-жекке қатысу – батырлардың басты міндеті. Жауынгерлердің шын мәнінде батыр атануы осы жекпежекте жеңуден басталатын. 448 449
Қазақ ақындарының поэзиясы. – 233 б. Батырлар жыры. – Т. 5. – С. 169.
4.1. Батырдың әлеуметтік-рухани болмысы мен беделі
169
И.В. Ерофеева жекпе-жекте жеңіп батыр атанудың өзіндік шарттары болғанын атап өтеді. Мәселен, зерттеуші XVIII ғасыр дың аяғы – XIX ғасырдың басындағы қазақ қоғамына қатысты мәліметтерді жинаушылардың еңбектерінен нағыз батыр атағын иелену үшін соғыс кезінде жау жағына үш рет өтіп, қылыш неме се найзамен жау батырын түйреп өлтіргенде ғана батыр атануға болатыны туралы мәліметтер кездестіргенін алға тартады 450. Бір-біріне жақын келген екі жақтың әскері ең алдымен хас ба тырларын шығарып жекпе-жек өткізеді. Жекпе-жек алдында ба тырлар бір-біріне айбар көрсетіп, сөз қағыстырып, бір-біріне ай бат шегіп алады. Қазақ, қырғыз, қарақалпақ, якут, башқұрт, алтай, өзбек т.б. эпостарындағы батырлар бейнесін ашуды мақсат тұтқан Р.С. Ли пец өзінің еңбегінде батырлардың жекпе-жегі кезең-кезеңмен өтетінін жазады. Алдымен садақтан атысады, одан кейін алыс тан шауып келіп найза түйреп, аттан жұлып түсіруге тырысады, соңынан қылыш сермеседі. Бойларындағы барлық қару-жарақта ры күйреп, сынып іске жарамсыз болып қалған соң қоян-қолтық ұрысқа кіріседі451. Ұрыстың жекпе-жек саласы да бірқатар зерт теушілердің қаламына арқау болған. Олар жекпе-жектің маңыз дылығын былай түсіндіреді: – білекті, жүректі сарбаздары мен сардарларын танытып, жап пай шайқас алдында қарсыластарының меселін қайтарып, басып, ықтырарлық дөңайбат көрсету; – уақыт ұту, арт жақтағы жасақтардың келуін күту, тактика лық әдістерді ойластыру; – ұзақ жыл соғысқан екі жақ батырларының өшігуінің салда рынан кек алу мақсаты. Жекпе-жектің екі түрі: 1. Екі жақ жұптасып күш сынасуы. 2. Жеңімпаз батырға қарсы жақтың бірнеше батыры шығады. Жекпе-жек кезінде мәрттік танытқан батырлар аз болмаған. Егер қарсыласының найзасы сынса, аты мертіксе ауыстырып ал уына мүмкіндік берген. Ондай сәтті пайдаланып кетуге құнық Ерофеева И. Батыры как феномен истории казахского народа // Казахстанская правда. – 1992. – 25 сентября. 451 Липец Р. Образы батыра и его коня в тюрко-монгольском эпосе. – С. 94. 450
170
4-ТАРАУ. Батыр – әлеуметтік-мәдени категория
паған. Тағы бір ескере кететін жайт, жекпе- жек заңдылықтары на сәйкес, ханға хан немесе хан ұрпағы шығып отырған. Хан не төре тұқымын қарадан шыққан батырлар жекпе-жекке шақырма ған. Зерттеушілер жекпе-жек түрін төмендегідей топтастырады: 1. Батырлардың өзара күш сынасуы. 2. Соғыс тағдырын батырлар жекпе-жегімен шешіп, қантөгісті азайту. 3. Жаудың батырын құр ту. Жекпе-жек алдында батырлар бір-бірінің аты-жөнін сұрасады. Бұл кімді жеңгенін немесе жеңілгенін білу үшін керек еді», – деп берілген 452. Жекпе-жек алдында батырлар бір-бірінен «атыспақ керек пе, шабыспақ керек пе» сұрайтын дәстүр қалыптасқан. Бұл олардың бес қаруынтүгел еркін меңгеріп, қарсыласына таңдау бергені. Бұ ған қоса, батырлар жасы үлкен, жолы үлкендеріне де жол ретінде бірінші кезек беретін. Қазақтың ауызша тарихындағы кейбір деректерде «алғадай» деген ырым кездеседі. Бұл ырым батырлар жырымен сусындап, елі мен жерін қорғауға бала кезінен ынталанып өскен бозбала ның ең алғаш болып жекпе-жекке шығуы. Жекпе-жекке шыққан жас батыр «алғадай» деп аталады. Олар үлкен батырлардан бата алып, жаудың батырымен шайқасқа түскенде өзінің жеңіске жете тінін немесе жеңіліске ұшырайтынын білмейді. Сондықтан олар өздерінің жаназасын алдын ала шығарып қоятын да дәстүр қа лыптасқан. Екінші талап жауды жеңгеннен кейін орындалатын талаптар. Бұл талаптарды – батырлар кодексі деп айтуға болады. Мысалы, Парпария батыр елге танымал қарт батыр Аңшыбайдан бата алу ға барғанда ол былай дейді: Жауыңды жеңіп ел алсаң, Қатын балаға тимегін. Жазықсыз жанды жылатпа, Тарихи тамды құлатпа. Қайратыңа мастанып Кем адамды кемітіп, Ахметжанов Қ.С. Жараған темір кигендер: Батырлардың қару-жарағы, әскери өнері, салт-дәстүрлері. – 26-27 бб. 452
4.1. Батырдың әлеуметтік-рухани болмысы мен беделі
171
Қағып-соғып құлатпа. Қартты көрсең қайрылып Барың болса беріп кет. Үй-үйден қайыр сұратпа. Жауыңды жеңіп ел алсаң, Ел сенгенше өзіңе Сол жерде жылдап тұрақта 453.
Осы жыр жолдарында батырдың әлеуметтік қызметтерімен қа тар ерекше мән беретін екі міндетіне – тарихи ескерткіштерді қи ратпау және басып алынған жерді басқару – бұл батырлар институ тының саяси қызметі деп есептеуге болады. Тарихи ескерткіштерді қиратпау бұл басып алған елдің дәстүрін, тарихын, наным-сенімін сыйлау деген сөз. Ал енді басып алған елде тұрақтаудың басты мақ саты – болашақта дұшпан жинамау, мемлекеттіліктің негізін қалау. Қазақ батырларының бір ерекшелігі – олардың жыраулық дәстүрді жалғастырушылр ретінде көрініс беруінде. Жалпы жы раулық дәстүрдің өзі батырлар идеологиясымен тығыз байланыс ты. Қазақ әдебиетінің тарихында белгілі жыраулардың басым бө лігі батырлар әулетінен шыққан немесе өзі атақты батыр ретінде белгілі болған тұлғалар. Батыр-жыраулар – батырлық идеоло гияны, батырлық рухты дәріптеушілер 454. Дәстүрлі қазақ қоғамындағы батырлардың беделінің артуына, олардың намыс отын жани түсіп, біріккен ортақ күшке топтасуына, ұрыстан кейінгі олардың ерлігін қырық рулы елге тарату жолында жыраулардың еңбегі елеулі болды. Кіші жүзден шыққан Жиембет жырау туындыларының мазмұнында көрсетілгендей, қажет болған кезде ол Есім ханмен терезесі тең сөйлесіп, өз пі кірін ашық айта алатын, оның өркөкірек өзімшілдігін, іс-әреке тіндегі қателіктерін көрсете алатын өте ықпалды адам болған. Ол 1620 жылғы ойраттармен болған ірі соғыста Кіші жүз қолын басқарып, қазақтардың жеңіске жетуіне мұрындық болған455. Батырлар жыры. – Т. 5. – 49 б. Тұрсынов Е.Д. Қазақ ауыз әдебиетін жасаушылардың байырғы өкілдері. – Алматы: Ғы лым, 1976. – 158 б. 455 Байболұлы Қ. Есім хан туралы жыр // Байболұлы Қ. Төле би: Дастандар. – Алматы: Жазушы, 1991. – 54 б. 453 454
172
4-ТАРАУ. Батыр – әлеуметтік-мәдени категория
Жиембет жырау туралы Қазанғап Байболұлының «Еңсегей бой лы Ер Есім» туралы дастанында көркем түрде баяндалады456. Тағы бір көңіл аударарлық жайт, қазақ жас ақт арының ұрыс алдындағы Мұхаммед /с.ғ.с./ Расулға салауат айтып, дұға жа сап, Аллаға мінажат етуі еді. Бұдан кейін екі жақтың атақты батырлары жекпе-жекке шығып, оның арты бес күнге созыл ған алапат майданға ұлас ады. Нәтижесінде қазақт ар жағының мерейі үстем болып, қалмақт ар ұрыс даласын таст ап қашады. Даст анның негізгі бөлімі Есім хан мен Тұрсын хан арасындағы алапат соғыс алдындағы қол жинау, әскерлерге рух беру, ұран салу, үндеу таст ау сияқты іс-қимыл әрекеттерге көп орын бе рілген. Дегенмен, Есім ханның негізгі қолбасылары Ер Алат ау мен Жиембет батыр, Ер Сиқымбай екендігін ақын жиі еске са лып отырады. Еңсегей бойлы ер Есім қазақ тарихындағы билігі тұрақты, ау зын айға білеген атақты хандардың қатарынан орын алады. Оның есімі тіпті көршілес халықтарға да жетіп жатты. Ел аузындағы әңгімелерге қарағанда Есім ханды ақ киізге салып хан көтеруші лердің бірі де осы – Жиембет батыр. Толғауда жыраудың сөзде рінен оның қаншалықты қайратты, батыр болғандығы тілге тиек етіледі: Менің ерлігімді сұрасаң, Жолбарыс пен аюдай, Өрлігімді сұрасаң, Жылқыдағы асау тайыңдай.
Әрине, өзінің бағасын білген, сыртқы жауға қаймықпай ша уып, ерлік көрсеткен тұлғалар ғана осындай сөздер айта алса ке рек-ті. Енді бірде: «Әуелден бірге сапарлас, жорықтас болдық, сынақты жылдары менің ер екенімді көргенсің, оған көзің жет кен, есесіне менің де сөзім жүріп, дегенімді қылғансың, қайра тымды білгенсің» деп ханның өзін мойындата батыл сөйлейді 457. Мұхтар Мағауин де Шалкиіз жыраудың шығармашылығын 456 457
Байболұлы Қ. Еңсеген бойлы Ер Есім // Қазақ үні. –2010. – 17 наурыз. Байболұлы Қ. Есім хан туралы жыр. –54 б.
4.1. Батырдың әлеуметтік-рухани болмысы мен беделі
173
талдай отырып, оның батыр, әскербасы, жауынгер, жорықшы болғандығын айта келе: «Шалкиіз поэзиясының рухы – ерлік. Жыраудың кей шығармалары майдан даласының өзінде туғанға ұқсайды» деп тұжырым жасайды458. Ақтамберді жырау да – ойраттармен күрес дәуірінде қазақ қо лының басында жүрген аруақты ерлердің бірі. Ол атақты Қара керей Қабанбаймен бірге Найманның рубасы көсемі, әскербасы батыры. Сонымен қатар, Ақтамберді жортуыл жыршысы, әлеует ті жырау болған. ...Ол ойраттарға қарсы күресті ұйымдастыру шылардың алдыңғы сапында жүреді, елге ұйытқы болады. Басы нан таяқ өтіп, қаннан қаймыққан, бет-бетімен бас сауғалап кетуге айналған жұртқа жанқияр ісімен де, жалынды жырымен де дем береді459. Дәстүрлі қазақ қоғамына тән құндылықтар жүйесіндегі батыр лар институтының орнын қарастырғанда батырлар атының бей несіне де тоқталмай өтуге болмайды. Белгілі зерттеуші А. Вебер: «Орталық Азиядан шыққан көшпелі халықтардың Қытай, Үн дістан және Батыс елдеріне баса-көктеп жетуі (ежелгі дүниенің осынау ұлы мәдениеттері көшпелілерден жылқыны пайдалануды үйренді) дүниенің үш атырабына да бірдей ықпал етті, ат үстін дегі көшпелі халықтар дүниенің кеңдігін таныды. Олар ежелгі дүниенің ұлы мәдениеті бар мемлекеттерін жаулап алды. Қиынқыстау тіршілік пен қауіп-қатері мол жорықтар арқылы дүниенің жалғандығын түсінді, үстем нәсіл ретінде олар дүниеге ерлік пен трагедиялық сананы орнықтырып, оны эпос түрінде паш етті», – дей келе көшпелі халықтарды эпос тудырушы халық ретінде даралап көрсеткен460. Сондықтан батырлардың қазақ қоғамында ғы құндылықтар жүйесіндегі алатын орнын қазақ эпостарындағы батыр тұлпарының бейнесімен бірге қарастыру қажет. Себебі, батырлардың басты өзгешеліктерінің бірі – өздеріне сай арғымақтарының болуы. «Ер қанаты – ат» демекші батырлар өзінің жеңістеріне астындағы қазанаттарының көмегімен де қол 458 459 460
Мағауин М. Ғасырлар бедері. – Алматы: Жазушы, 1991. – 51 б. Мағауин М. Ғасырлар бедері. – 67 б. Карл Ясперс. Смысл и назначение истории / пер. с нем. – М.: Политиздат, 1991. – С. 46.
174
4-ТАРАУ. Батыр – әлеуметтік-мәдени категория
жеткізе алады. Сондықтан олардың аттары да өздеріне сай ақыл ды, сүйекті, ірі, тұрақты болып келген. Р.С. Липец эпостағы арғы мақтардың батырларға берер көмегі мен олардың күтімі туралы барынша толық баяндап жазып кеткен461. Ал, қазақ эпосындағы ат образы жеке бейне емес, эпостың бас кейіпкерімен біртұтас бір бейне ретінде көрінеді. Сондықтан батырларды ат бейнесінен бөліп алып қарастыру мәселені толықтай зерттеуге мүмкіндік бермейді. Қ. Ахметжанов батырлардың арғымақтары туралы, қолданыс тағы «Қазанат», «Пырақ», «Дүлдүл» сөздеріне түсінік беріп ке теді. Сондай-ақ зерттеуші арғымақ жергілікті жерге бейімделген, қазақтың өзіндік сұрыпталып өсірілген асыл жылқы тұқымы деу ге болады. Сондықтан бұл жылқы тұқымы батырлар сословиесі мен тікелей байланысты, – деп тұжырым жасайды 462. Көбінесе батырлар жырында батырдың аты өзіне серік, жебеуші, құтқару шы, қасиетті жануар ретінде суреттеледі. Батырлар жырындағы Алпамыстың Байшұбары, Ер Тарғынның Тарланы, Қобыланды ның Тайбурылы өте әсіреленіп берілсе де, жоңғарлар мен өзге де сыртқы жауларға атойлап қарсы шапқан қазақ батырларының ар ғымақтары жауды жеңіп шығу жолында елеулі үлес қосып, иелерін қауіпті сәттерден аман алып қалып отырған. Ғалым М. Мағауин өзінің қазақ эпостарындағы батырлар жырына арнаған «Тозбас мұра» зерттеуінде Тарғынның Тарлан атты арғымағының да дене бітімі бөлек болып суреттелгеніне арнайы тоқталады 463. Ел аузында сақталған әңгімелерге қарағанда Қарасай батыр дың аламан айқасқа мінетін аты басқа да, жол сапарға мінері бас қа болған. Бірде сапарға мінетін аты – Саңлақкерді қалмақтар қуыпкеткеніне қарамастан батыр ебін тауыпалып қайтқан 464. Ал, Қаракерей Қабанбай батырдың Қубасымен талай қиын дықтар мен ауыр кезеңдерді бірге өткізгені, батыр өзінің Қуба сымен серттесіп, тілдескені екеуінің алапат соғыстарда бір-біріне Липец Р. Образы батыра и его коня в тюрко-монгольском эпосе. – С. 120. Ахметжанов К.С. Жараған темір кигендер: Батырлардың қару-жарағы, әскери өнері, салт-дәстүрлері. – 34 б. 463 Мағауин М. Ғасырлар бедері. – 174 б. 464 Аманұлы Ж. Қарасай // Егемен Қазақстан. – 1998. – 4 қыркүйек. 461 462
4.1. Батырдың әлеуметтік-рухани болмысы мен беделі
175
серік болғаны, талай қиындықтар мен ауыр кезеңдерді бірге өт кізгені жырға арқау болып, сондай-ақ жорықтардағы арғымақтың да елеулі үлесі ашыла түскен 465. XІX ғасырдың орта шенінде қазақ халқының әдет-ғұрпын, салт-дәстүрі мен фольклорын зерттеуге үлес қосқан Бронислав Залесскийдің еңбегінен: «Қазақ даласының тіршілік-тынысы» еңбегінде «Қазақты ат үстінде тану қажет. Жер түбіне дейіншар шамай-шалдықпай ат үстінде жүре берер төзімділігін, ептілігін көргенде қазақтар осы ер үстінде жаралғандай көрінеді» деген жолдарды кездестіреміз466. Зерттеуші Р.Г. Липец эпостардан келтірген бір мысалда «елші лікке жіберілген бір салт атты иттердің абалап қаумалағанынан аты үркіп құлап қалады. Ол ханның алдына жаяу келгенде, оны уәзірлер мойындамай кіргізбей қояды» деп жазады467. Бұл оқиға көшпелілер қоғамында жаяу адамның ешқандай орны мен сал мағы жоқ екенін ашық көрсетеді. Сондықтан жауынгер үнемі ат үстінде болуы қилы кезеңдегі заман талабынан туған шарт болып қалған. Қазақ халқының жылқы малына деген көзқарасы мен құрметі де ерекше. Қазақ сонымен қатар, ат немесе жылқыны «қанатты тұлпар», «дүлдүл» «пырақ» сияқты теңеулер арқылы дәріптеген. «Пырақ», «дүлдүл» ислам дінімен енген. «Пырақ» (арабша «Бу рақ»/ Мұхаммед /с.ғ.с.) пайғамбардың Мирадж түні жеті қат ас панға көтеріліп, Алланың тағының алдына барғанда мінген аты. «Дүлдүл» – Хазірет Әлінің талай шайқасқа мінген атының есі мі468. Осыған орай қазақ батырларында «ат сүйек беру» деген дәс түр болғанын атап өту қажет. Бұл дәстүр бойынша майданда аты оққа ұшқан батырды жау қолында қалдырмай басқа атқа ауысып мінуін қамтамасыз ету керек болған. Ал, енді батырлар атының бейнесін қазақ эпостарындағы, соның ішінде батырлар жыры мен тарихи жырлардағы көрінісімен салыстыра отырып талдайық. Сәнік З., Садықанұлы Б. Қаракерей Қабанбай. – Алматы: Жазушы, 1991. – 141 б. Залесский Б. Қазақ даласының тіршілік-тынысы // Әлем альманах. – Алматы, 1990. – 145 б. 467 Липец Р. Образы батыра и его коня в тюрко-монгольском эпосе. – С. 241-243. 468 Ахметжанов К.С. Жараған темір кигендер: Батырлардың қару-жарағы, әскери өнері, салт-дәстүрлері. – 40 б. 465 466
176
4-ТАРАУ. Батыр – әлеуметтік-мәдени категория
Батырлық жырлардағы батырлардың аттары өздерінің архаикалық эпостан қалған ерекше қабілеттерінің кейбірін сақтап қа луымен қатар, үлкен ақыл-естің, адалдық, сенімділік сияқты мо ральдық қасиеттердің иесі болған аса қадірлі жануарлар, орасан зор эпикалық тұлғалар дәрежесіне беріледі. Қазақ эпосының пайда болуына, әсіресе, инициация үрдісімен шамандық мифтер үлкен әсерін тигізген. Бірқатар зерттеушілер көшпелі халықтардың инициация салтының атпен, соның ішінде атты үйрету, бас білдіру әрекетімен өзара байланыстылығын атап көрсетеді. Батырға «өзіне арналған» аттың бас білдіруіне қарап есім берілетіні кездейсоқтық емес. Бұл жасөспірімнің жауынгер ретінде пісіп-жетілгенін дәлелдейтін инициацияның өзіндік бір түрі. Эпоста көбіне атқа бас білдіруден соң батырға есім беру сал танаты болады», – деп жазады Р.С. Липец 469. Қазақ халқында да өткен дәуірлерде батырға, оның атына есім беру рәсімі иници ация салтының бір бөлігі болған деп болжамдауға негіз бар және бұл рәсім фольклорда кең көрініс тапқан (мысалы, Керқұла атты Кендебай, Қара қасқа атты Қамбар бек). Г.Н. Потанин: «Моңғол және шығыс түркі ертегілерінде (автор бұл сөзді «эпос» мағы насында қолданып отыр – авт.) батырдың жасөсіпірім шағынан ересек жасқа өтуі атап өтілетін салт жиі баяндалады. Бұл жағ дайда батырға жаңа есім беріледі» деп жазады470. С.А. Плетне ва «оғыздарда 15 жастағы жасөсіпірім өзіне есім және мінетін ат алып, ересек жауынгер деп есептелетінін» атап өтеді. Оның айтуына қарағанда бұл салт қоғамдық дамудың белгілі бір сатысын да әлемнің барлық халықтарында болатын инициация салтының қалдығы болып табылады екен. С.А. Плетнева «Көшпелі халық тардың көптеген ертегілері қаһарманның әкесінен өзіне есім бе руді, қару-жарақ пен мінетін ат беруді сұраған жауапты сәтінен басталады», – деп жазады471. Сондай-ақ ол ежелгі түркілердің қо Липец Р. Образы батыра и его коня в тюрко-монгольском эпосе. – С. 103. Аносский сборник. Никифоров Н. Собрание сказок алтайцев с примечаниями Г. Пота нина // Зап. Западно-Сибирского отдела РГО.– Омск, 1915. – Т. XXXVII. – С. 28. 471 Плетнева С. Печенеги, торки и половцы в южнорусских степях // Материалы и исследо вания по археологии. – 1958. – № 62. – С. 78. 469 470
4.1. Батырдың әлеуметтік-рухани болмысы мен беделі
177
рымдарынан қаруымен және атымен бірге жерленген балалардың табылуында осы ғұрыппен байланыстырады472. Зерттеушілер эпостың әрбір жанры ат образын жасауда өз көркемдік құралдарын, дәстүрлі бейнелеу үлгілерін қалыптасты ратындығын атап өтеді. Мәселен, синкреттік, мифтік-ертегілік шығармалардан енді ғана еншісін бөліп ала бастаған архаикалық эпоста аттар қиял-ғажайыпқасиеттерге ие бейнелердің қатарында, әрқилы ерекше қабілеттері, магиялық күш-қуаты, құдіреті бар жан иесі түрінде сипатталады. Ал, халықтық, этникалық ұғым-түсінік терді бойына молынан жинақтаған қаһармандық эпостарда аттар өздерінің архаикалық эпостан қалған ерекше қабілеттерінің кейбі рін сақтап қалуымен қатар, үлкен ақыл-естің, адалдық, сенімділік сияқты моральдық қасиеттердің иесі болған аса қадірлі жануарлар, орасан зор эпикалық тұлғалар дәрежесіне көтеріледі 473. Мәселен, эпоста батырдың ат таңдауы, тұлпарын табуы; оны құлынынан баптап бағып, жетілдіру, аттың сыны, сырт көрінісі, ер-тұрманы, әбзелі, жасы, тұлпардың кеңістіктегі қозғалысы, ат тың жүретін кеңістігінің көріністері, жүріп өткен жолының ұзақ тығы, жүру уақыты, шабысы, шабыс кезіндегі сипаты, динамика лық қозғалыс үстіндегі сырт көрінісі, соғыс майданындағы әре кеттері, аттың батырмен және эпостың басқа да кейіпкерлерімен тілдесуі, сөйлесулері, басқа да белгілері кеңінен сипатталды. Зерттеуші А. Көшекова: «эпостардың көне нұсқаларында ат батырдың бағынышты көмекшісі, көлігі, айтқанынан, еркінен шықпайтын жануар ғана емес, толыққанды жеке дара кейіпкер ретінде батырды өзіне бағындырып, алға бастап, бағыттап оты рады, ал бас қаһарман өз атының айтқанын екі етпей орындайды. Бірақ уақыт өте келе батырлар жырында бейнеленетін аттардың кейбір қызметтері, мәселен, сиқырлы, көмекшілік, тіпті, қолдапжебеушілік, жөн-жоба көрсетушілік қасиеттері сақталып қал ған», – дей келе бұлардың өзіндік төмендегідей ерекшеліктерін бөліп көрсетеді: Плетнева С. Печенеги, тюрки и половцы в южнорусских степях. – С. 78. Көшекова А.А. Қазақ эпосындағы ат образы: филология ғыл. канд. дисс... автореф. – Алматы, 2009. – Б.8. 472 473
178
4-ТАРАУ. Батыр – әлеуметтік-мәдени категория
– бұл топтағы эпостар – соңғы дәуірдің туындылары, сондық тан оларға қаһармандық эпостардағы ат бейнесін сомдаудың элементтері көптеп енген; – архаикалық мотивтердің көптеп сақталуына қарамастан, олардағы ат бейнесі ежелгі эпостардағыдай өз бетінше әре кет ететін, жеке-дара тұлға, тәуелсіз кейіпкер дәрежесіне кө терілмейді; – бұл топтағы эпостарда қиял-ғажайыптық, архаикалық-ми фологиялық мотивтер соңғы дәуірдің ұғым-түсініктері тұр ғысынан қайта қаралып, өңделген; – бұл эпост ардағы ат бейнесі барынша бейнелі, жетілген, дамыған тілмен суреттеліп, ең үздік классикалық қаһар мандық эпост армен теңдестіретіндей көркемдік дәрежеге жеткен 474. Батырлық жырларын жалпы эпос жанрының шыңы, қаһарман дық, батырлық туралы, адамгершілікті қоғамдық-әлеуметтік қа рым-қатынастар туралы идеалдарын бойына жинақтаған ең құнды бөлігі деуге болады. Батырлық жырлардағы ат бейнесін шығарма ның бас кейіпкері батырдың тұлғасынан тыс қарау мүмкін емес екені анық. Ат ешуақытта да қазақ эпосының дербес қаһарманы болған емес, ол тек батырдың тұлғасы бар жерде ғана пайда болып, оның сенімді «жан серігі», күнделікті өмірдегі, шайқас майданын дағы көлігі, көмекшісі ретінде сипатталады Сонымен, жоғарыда жауынгерлік дәстүрді жалғастырушы ретінде батырлардың өзіндік салт-санасы мен принциптерінің дәстүрлі қазақ қоғамына тән ру хани құндылықтар жүйесіндегі орны мен маңызы қарастырылды. Осы тарауда айтылған ойларымызды тұжырымдай келе төмен дегідей қорытындыларға келеміз: – Дәстүрлі қазақ қоғамындағы қазақ батырларының өзіндік ұстанымдары, дәстүрлері, қасиеттері мен тұрмысы, салт-са насы, ар-намыс кодекстері, принциптері, портреті мен бей нелік тұлғалары, өзіндік мұраты, қоғамдық қызметі, этика лық ерекшеліктері, ырым-жоралғылары санадағы құнды лықтар жиынтығымен тоғысқан. 474
Көшекова А.А. Қазақ эпосындағы ат образы. – Алматы, 2009. – 15 б.
4.2. Дәстүрлі қазақы ортадағы батыршылыққа тәрбиелеу мен баулу ісі
179
– Батырлардың ар-намыс кодекстері мен бет-бейнесі қазақ қо ғамындағы дәстүрлі тәрбие мектебі болып табылды. Батыр лар отаншылдық пен азаматтылықтың ең жоғарғы бейнесін құрады. – Дала ақсүйектерінің өкілдерін құрған билер мен батырлар дың, жыраулардың аузынан шыққан асыл сөздері мен жыр жолдары, дастандары тарихи және мәдени мұра ретінде ұр пақтан ұрпаққа жалғасып дәстүрлі қазақ қоғамындағы құн дылықтар жүйесін толықтырды. Студенттердің өз білімін тексеруге арналған сұрақтар: 1. Қазақ батырларының әлеуметтік топ ретіндегі мақсатын сипаттаңыз. 2. Батырлардың тұлғалық қасиеттерін талдаңыз. 3. Батырлардың әскери қару-жараққа көзқарасын сипаттаңыз. 4. Батырлардың басты намыс кодекстерін атаңыз. 5. Батырлардың жауынгерлік этикасы. 6. «Ер қанаты – ат» деген аталы сөздің қазақ батырларының өмірін дегі мәні.
4.2. Дәстүрлі қазақы ортадағы батыршылыққа тәрбиелеу мен баулу ісі Дәстүрлі қазақ қоғамында батырлық ежелден өмір салты ре тінде қарастырылған. Біз бұл бөлімде дәстүрлі қазақы ортада ғы батыршылыққа тәрбиелеу мен баулу ісін, батырлықтың өмір салты ретінде қалыптасуына ықпал жасаған дәстүрлі қоғамның тәрбие мектебіне, оның әдіс-тәсілдеріне тоқталамыз. Дәстүрлі қа зақ қоғамында батыр атағын иелену үшін жас адам белгілі бір әлеуметтік ортаның талаптарына сай болуы қажет еді. Батырлар жырында осы бір далалық салттың мәдени идеалы жасалған. Бі ріншіден, болашақ батыр дүниеге келмей тұрып, ерекшеленеді. Кейбір жырларда оның дүниеге келуінің өзі күрделі бір сюжеттен тұрады. Болашақ батырдың дүниеге келуін аруақтар мен пірлері демеп, ата-аналарына алдын-ала аян береді. Кей кезде тіпті оның атын қоюға дейін олар араласады. Екіншіден, болашақ батыр
180
4-ТАРАУ. Батыр – әлеуметтік-мәдени категория
он жасқа толар толмастан, қару асынып, ел қорғау ісіне араласа бастайды. Батырлар жырында әсіреленген он жастан асқан бала лардың ерлік көрсетуінің астарында көне дәуірден келе жатқан инициация дәстүрі бар. Мысалы, якуттарда жас баланы әскери өнерге үйрету үш жастан басталған. Бастапқыда оған шоқ лақты рып, тез қимылдауға үйреткен. Сонан соң қару ұстауды және са дақ оғынан жалтаруды үйреткен475. Айрықша Сібір корпусының аудармашысы, 1813-1814 жылдары Қоқанға жіберілген Филипп Назаровтың жазбаларында да «...қазақтар әсіресе атқа мықты, өйткені балалары төрт жасқа келер-келместен оларды атқа мінгі зіп үйретеді», – деп жазды 476. Қазақтарда ер балаларды жастайынан ат үстінде еркін жүруге бейімдеген. Балаға белі қатайған кезінде «ат мінгізер» дәстүрін атқарған. Сондай-ақ, 12-15 жасар ер балаға қынды пышақпен бір ге белбеу тағу дәстүрі қалыптасқан. Бұл дәстүр жас баланың ер жігітке айналуынбекіту рәсімі ретінде қабылданған, яғни енді ол үлкендер тобына қосылып, бұдан былай ер адамдармен отырып тамақ жеуге, олармен бірге бір бөлмеде жатуға құқылы болды 477. Тарихи қалыптасқан жағдай көшпелінің барлық өмірін әске рилендіруге әкеліп соқты. Мәселен, Шыңғыс ханның ұлы Ясса сының бір тармағы бектерге «ұл балаларды садақ ату мен атқа отыру шеберлігіне жақсылап үйрету мен жаттықтыруды және оларды ержүрек және батыр ретінде тәрбиелеуді» міндеттегені айтылған478. Белгілі зерттеуші С.М. Абрамзон қырғыздарда 6-7 жастағы ұл балалардың алдымен қойға, содан кейін арнайы ер-тұрманмен тайға мініп, сондай-ақ олар арнайы садақтармен құс атып, ауыл дан жырақта түнеуге үйренетіндіктерін атап өтеді. Сонымен бірге ұл балаларды тәрбиелеуде олардың қару қолдану біліктілігін ар Ксенофонтов Г. В. Эллэйада. Материалы по мифологии и легендарной истории якутов. – М.: Наука, 1977. – С. 115. 476 Казахско-русские отношения в ХVІ-ХVІІІ веках (Сборник документов и материалов). – Алма-Ата: АН Каз ССР, 1961. – С.97. 477 Курылев В.П. Памятники традиционно-бытовой культуры народов Средней Азии, Ка захстана и Кавказа. – Л.: Наука, 1989. – С. 97. 478 Гурлянд Я. Степное законодательство с древнейших времен по XVII столет // Изв. общва археол., ист. и этногр. при Имп. Казан, универ. – 1904. – Т. 20. – Вып. 4-5. – С. 68. 475
4.2. Дәстүрлі қазақы ортадағы батыршылыққа тәрбиелеу мен баулу ісі
181
тыру мен әскери өнерге баулуға ерекше назар аударылатындығын атап өтеді479. Көшпелі тайпаларға тән осындай тәрбие жүйесінің айқын кө рінісін қазақ қоғамында кездестіре аламыз. Мысалы, Райымбек батыр жеті жасқа толғанда нағашы атасы көк тай мен қару жарақ тың бүкіл түрлерін алып келіп, Қангелді батырға әскери өнерге баулуды табыстайды480. Батырлар жырында болашақ батыр мал соңында жүрмеуі ке рек. «Нұрадын» батыр жырында жас бала Мал бақпайынмен деді Мал соңында жалпылдап Атқа мініп жүрмеймін
– деп өзінің батырлық өнерге дайындалатынын білдіреді 481. Халық жадында сақт алған образдар бойынша батыр атағын ер жігіт шын мәнінде өзінің жауынгерлік атымен қауышып, өзінің алғашқы ерлік ісін атқарғаннан кейін ғана алады. Бі рақ, ол бұған дейін әр түрлі жолдардан өтуі тиіс. Мәс елен, ол өз құрдаст арынан ерекше күшті болуы керек, күн санап өсіп жетілуі тиіс т.с.с. Сондықт ан жас батырдың атымен қауышуы түркі-моңғол халықт арында кең тараған жасөспірім жігіттің жауынгерге өтуі дәстүрімен, осы сәттегі ең құнды сыйлық өз атына ие болуымен тікелей байланысты туындаған эпизод деп қарас ақ, мұндай ерекшелікті Күлтегін жырынан да кездестіре міз. Күлтегін бұл дәстүрден он жасында өтеді. Жырда «он жа сында Умай тәрізді анам хатунның қуанышына менің кіші інім Күлтегін батырға лайық есімін иеленіп, батыр атанды» деген жолдар бар. Батырлыққа тәрбиелеудің үлкен мектебі хандар мен хас ба тырлардың қасына еріп, нөкер болып жүру салт-дәстүрімен тығыз байланысты. Бұл мектеп жас талапкерлердің ғұмырын Бердібаев Б. Райымбек батыр және тарихи танымдағы жауынгерлік дәстүр. – 56 б. Батырлар жыры. Қырымның қырық батыры. (Мұрын жыраудан жазылған мұралар). – 96-117 бб. 481 Батырлар жыры. Қырымның қырық батыры. – 96-117 бб. 479 480
182
4-ТАРАУ. Батыр – әлеуметтік-мәдени категория
қаһармандық жолмен жалғастыруына, оларды өздеріне тән қа ғидалар мен ар-намыс кодекстеріне тәрбиелеуде үлкен баст ама болды. Көшпелілер эпостарында хандар мен бектерге қызмет еткен нөкерлер туралы да жиі ұшырасады. Олар ханның жақын серік тері немесе әскери қызметшісі болды. «Нөкер» сөзі көне моң ғол термині «жасақ» /друженник/, «әкери қызметші» мағынасын береді. Нөкердің басты қасиеті басшысына деген адалдық жә не сенімділік болды. Зерттеуші Р.Г. Липецтің пікірінше, нөкер лік – батырлықтың алғашқы әскери мектебі болды: «Нукеры как постоянное военное содружество, сожительствующее вместо со своим вождем, были эмброармией и эмбриогвардией; в то же вре мя нукерство «своеобразная военная школа»482. М.П. Вяткин «егер ежелгі германдықтарда әскери көсем өзінің айналасына адал берілген жастарды жинаса, қазақтарда да батыр лар ерекшеленіп, оның айналасына да адал берілген жігіттертоп тасады», – деп атап өтеді483. Мәселен, тарихи деректерде атақты батыр, тархан Жәнібек Қошқарұлының И. Неплюевпен келіссөз жүргізуге 1742 жылы 14 маусымда Ор бекінісіне келгенде қасы на 513 жігіт ертіп келгені айтылады. Мұндағы бір назар аударар лық жағдай барлық жігіттер бір түсті ат мініп, біркелкі киінген. П.И. Рычков мұндай сән-салтанаттың көне құрлықтың ешбір мемлекетінде кездеспейтінін айтып, тамсана жазған 484. Дала батырының негізгі өмірлік жолының қалыптасуы «Ер Тарғын» жырындағы қарт батыр Қартқожақ өмірінің мысалы ар қылы анық көрсетілген. Мәселен Қартқожақ батыр: 1) бес жасында жебе жасап, садақ тартуды үйренген; 2) он жасында қылыш асынып, күрестен жарысқа түседі; 3) он бес жасында атқа міну, қылыштасу мен найзаласу ше берлігін шыңдайды; 4) жиырма жасында түрлі ат және т.б. жарыстарға қатысып шеберлігін арттыра түседі; Липец Р. Образы батыра и его коня в тюрко-монгольском эпосе. – С. 24. Вяткин М.П. Батыр Сырым. – М.–Л.: АНСССР, 1947. – С. 38. 484 Топография Оренбургской губернии. Сочинение П.И. Рычкова 1762 года. – Оренбург: Тип. Б. Бресмена, 1887. – С. 53. 482 483
4.2. Дәстүрлі қазақы ортадағы батыршылыққа тәрбиелеу мен баулу ісі
183
5) жиырма бес жасында сауыт-сайман асынып, әскери жорық қа қатысып, жекпе-жекте жауынжеңіп нағыз батырға айна лады. Елінің, жерінің қорғаны болады; 6) отыз бес жасында үкілі найза қолына алып, жауға қарсы әскерді бастаған қолбасшыға айналады; 7) қырық жасында елінің сенімді тірегі, қорғанына айналады; 8) елу жасында ақылы мен парасатының арқасында ел ішінде гі қилы даулар батырдың алдында шешімін табады 485. Қазақ халқының ұлттық-спорттық ойындарының өзіндік тари хи даму жолдары, қалыптасу кезеңдері, тәрбиелік маңызы халық тың саяси әлеуметтік дамуының негізі болды. «Жамбы ату», «ауда рыспақ», «аламан бәйге», «қыз қуу», «көкпар», «күрес» сынды сайыс және т.б. ұлттық ойындардың әскери тәрбиеге бейімдеу мен тәрбиелеуде маңызы зор болған. Бұл ойындар негізінен шыдамды лықты, мергендік, мақсаткерлік, қысылған сәтте тез шешім қабыл дай алу, ептілік қасиетін талап етті. Сондықтан бұл ойындарды кез келген бала ойнай алмайтын. Осындай ойындардың бүгінгі баланың ертеңгі жауынгер ре тінде қазақ әскерлерінің соғыста мықты да төзімді, найза лақ тырған кезде мерген де кесек, батыр, тұлғалы болып келуі мен жекпе-жек келген жауларын жеңуге дайын болуының басты ке пілі болған. Аңшылық, саятшылық құру дәстүрі де – жауынгер-батырдың қасиеттерін шыңдайтын өзіндік мектеп болды. Қазақ қоғамындағы ұйым болып аң аулау дәстүрі халқымыз дың тарихи-мәдени кешенінің ажырамас бөлігі. Қаумалай аң аулау көшпенділер өмірінде айқын экономикалық маңызға ие болды және сондықтан әлеуметтік қатынастар жүйесіне тән «қо ғамдық институт» 486 іспеттес болды. Әр ер адам ұйым болып аң аулауға міндетті. Әскери өнердің өзіндік қалыптасқан мектебі бола отырып, көшпелілерде қаумалай аң аулау әскер ұйымдастыру жүйесімен өз сәйкестілігін де тапқан. Ер Тарғын: Батырлық эпос / Қара сөзбен жырлаған М. Мағауин. – Алматы: Жазушы, 1985. – 23-25 бб. 486 Жамбалова С.Т. Традиционная охота бурят: автореф. дисс. ... канд. ист. наук. – Л., 1986. – С. 11. 485
184
4-ТАРАУ. Батыр – әлеуметтік-мәдени категория
Аңшылық – көшпелілер өмірінде дала дәстүрлерінің бірі бо лып саналады. Аңшылықтың адамды соғыс ісіне бейімдейтін не гізгі әрекеті – жабайы аңды топ болып «қаумалау» дәстүрі. Аңшылық жауынгерді және ұйымдарды «қулық», «қоршау», «қолға түсіру», «барлау», «ізін кесу», «көзін құрту» секілді әске ри іс-қимылдарына үйретудегі мектеп болды. Аңшылық әскерді тактикалық ойлар мен шеберлікке шыңдады487. Зерттеушілер аңшылықтың әскери мектеп ретіндегі рөлін ерекше атап өтеді. Мәселен, К.И. Бочаров жауынгерлер аңшы лыққа шықпас бұрын іс-қимылды қалай жүргізу керек екендігін алдын-ала келісіп алды. Аңшылар үш тактикалық бірлікке бөлін ді: орта, оң және сол қанат, – дей келе, бұл өз кезегінде көшпелі лердің негізгі соғыс тактикасы болғанына назар аударады488. Аң ға шыққанда олжалы болу іс-қимылдың тезділігіне, сап құруға бейімділігіне, ұйымшылдығына байланысты болды. Аңшылық қазақтарда тек халықтың шаруашылығы ғана емес, сонымен қа тар үлкен әскери маңызға ие болды. Аңшылық кез келген жорық тың, соғыстың, шапқыншылықтың серіктесі болды. Аңшылық әскерді әрі тамақпен қамтамасыз етсе, әрі айла-тәсіл жүргізудің дайындығы болды. Әскери өнер мектептері ертеңгі және бүгінгі жауынгерлерді соғыс кезінде жасқаншақтылықтан, қорқақтықтан, босаңдықтан, жан сауғалаушылықтан бой тартуға, кейін шегінушіліктен жат, қоршауға түсіп қалған жағдайда тез шешімділікпен күресуге, ұрыстың түрлі тәсілдерін қолдануға, жауынан құтылуға, жаудың күшін көп жұмсатқызуға, бет-алды қан төкпеуге, қажетті жерде қан төгуден бас тартпауға, өзінің және ат күшін сақтай ықтияр лықпен күресуге жақ болуға баулып, тәрбиеледі. Көшпелі қоғамдағы жауынгер әскери өнерді игеру үшін бар лық қару түрлерін меңгеру, соғыс амал-айлаларын меңгеруі қа жет болды. Олар: садақпен атысу, қылышпен шабысу, алысу және найзаласу. Мысалы, «Аңшыбай батыр» жырының бас кейіпкері Ахметжанов К.С. Жараған темір кигендер: Батырлардың қару-жарағы, әскери өнері, салт-дәстүрлері. – 246 б. 488 Бочаров К.И. Очерки истории военного искусства. Древний мир. – М.: Соцэгиз, 1936. – Т. 1. – С. 9. 487
4.2. Дәстүрлі қазақы ортадағы батыршылыққа тәрбиелеу мен баулу ісі
185
Атысам десең – атысам, Шабысам десең – шабысам. Алысам десең – алысам. Ақ найзаны салысам, 489
– деп өзінің әскери өнерді жан-жақты игергенін көрсетеді. Жас кезінен осындай әскери өнерге тәрбиеленген жігіттің ба тыр атануы да үлкен сынақтан басталады. Батыр атану үшін бі ріншіден, ту ұстап жауға шабуы керек, екіншіден айқайлап шепті бұзуы керек және ең бастысы жекпе-жекте жаудың батырын же ңуі керек. Мысалы, Ақтамберді жыраудың толғауында Жауға шаптым ту байлап Шепті бұздым айқайлап,
– деп батырлыққа тән талаптарды орындағанын айтады490. Сонымен бірге батырлық өмір салтын насихаттау және дәріп теу – бұл дала педагогикасының маңызды бір бөлігі, паториоттық тәрбиенің негізі болды. Мысалы, Жалғызбын деп жабықпа. Батыр жалғыз болмайды Жақсылығы тисе халыққа. «Батыр – халық ұлы» деп Айтпаған бекер тарихта. Жалғыздық жоқ батырға, Салып қара ақылға. Сенің осы жеңісің Жыр болады халыққа 491
– деп батыр ерлігін халқы еш уақытта ұмытпайтындығына ерек ше мән беріледі. Қазақ батырларының шыңдалып өту мектебінің бірі – барым таға қатысу. Жалпы дәстүрлі қазақ қоғамындағы барымтаның ор 489 Батырлар жыры. Қырымның қырық батыры. (Мұрын жыраудан жазылған мұралар). – 34 б. 490 Бес ғасыр жырлайды ХV ғасырдан ХХ ғасырдың бас кезiне дейiнгi қазақ ақын-жы рауларының шығармалары. 2-томдық. – 61 б. 491 Батырлар жыры. Қырымның қырық батыры. (Мұрын жыраудан жазылған мұралар). – 62-63 бб.
186
4-ТАРАУ. Батыр – әлеуметтік-мәдени категория
ны туралы зерттеулерге көз салсақ, оны ұрлық-қарлық, тонау, тек жылқы ұрлау сияқты түсініктермен байланыстыру басым болға нын көреміз. Дегенмен барымта дәстүрлі құқық ережесі ретінде қарастырылады492. Біз барымтаның негізгі ұғымы ұрлық емес, оны дәстүрлі қо ғамдағы құықтық ереже ретінде қарастыра отырып, батырлардың тәрбие мектебіндегі орны туралы ғана сөз қозғамақпыз. П. Александров күнделікті жай заттардың өзін ұрлау үлкен айып, ал «барымта» деп аталатын жылқы ұрлап әкелу мықтылық пен ерлік саналады, 493 – деп жазады. Сондықтан барымтаға қаты су қазақ батырларының шыңдалуының негізі болған. Осы орайда ХІХ ғасырдағы орыс зерттеушісі П.Е. Маковецкий «барымтада көзге түскендер батырлар қатарын көбейтіп, оларға барыс, қабан деген атақтар берілуде»,494 – деп жазады. Зерттеуші А.У. Тоқтабай: «барымта көшпенділер қоғамын дағы батырлар институтының бейбіт уақыттағы әскери дайын дығы, қазіргі тілмен айтсақ, «военное ученье» сияқты болған. Себебі, ХІХ ғасырдың өн бойында қазақ жерінің сыртқы жауы жоқ, орыс әскерімен қорланған. Ертедегі әскери демократия жаугершілік заманды аңсаған көшпелі рух – барын барымтадан, жылқы ұрлаудан алады», – дей келе, қазақ батырларының ба рымта дәстүрін, мәселен, өз туын, ел, тайпа туын алып шық пағанын, өзіндік ырым-жоралғыларын қатаң сақтағаны туралы мәліметтер келтіреді 495. Егер батыр атанудың басты талаптары айқайлап шепті бұзу мен ту ұстап жауға шабу және жекпе-жекте жау батырын өлтіру десек, дәстүрлі қазақ қоғамындағы батырлықтың ең жоғарғы өл шемі оның есімінің ұранға айналуымен және ірі соғыстар кезінде ту ұстау құрметіне ие болуымен тікелей байланысты болды. Фукс С.Л. Барымта // Фукс С.Л. Очерки истории государства и права казахов в ХVІІІ и первой половине ХІХ в. – Астана-СПб.: ТОО Юридическая книга Республики Казахстан, 2008. – С. 420-465. 493 Александров П. Конокрадство среди киргизов // Туркестанские ведомости. – 1886. – № 10. – С. 10. 494 Маковецкий П.Е. Материалы для юридических обычаев киргизов. / Семипалат. област ной стат. комитет. – Вып. 1. Материальное право. – Омск, 1886.– С. 61. 495 Тоқтабай А.У. Барымта – батырлық мектебі – Б. 192-193. 492
4.2. Дәстүрлі қазақы ортадағы батыршылыққа тәрбиелеу мен баулу ісі
187
Энциклопедиялық жинақтарда «Ұран – халықты, кейде жеке адамдарды да жеңіске, ерлікке шақыратын сөз» 496 деген анықта ма берілген. Жауға қарсы аттанғанда руластарды жігерлендіріп, олардың рухын көтеру үшін ұран шақыру қазақ халқының ерте ден келе жатқан салты. Мысалы кейбір рулардың бірнеше ұран дары болған. Бұған Кіші жүздегі Қаракесек тайпасының ұраны «Ақпан», Шекті тайпасының ұраны «Бақтыбай», «Жаңқожа», Кете тайпасының ұраны «Майлыбай» болғанын, ал осы ұранға шыққан атаулардың сол рулардан шыққан батырлардың атымен аталғаны айтпаса да белгілі, – деп жазады 497. Батырларды жігерлендірудің басты құралына айналған ұран туралы Н.И. Гродеков те зерттеулерін арнап, жазып қалдырған: «Боевой кличъ состоитъ въ названіи предка въ 7-10-мъ колене. Беруть кличемъ также имя какого нибудь аксакала новейшаго времени...» 498. Ш.Ш. Уәлиханов өзінің «Следы шаманства у киргизов» мақаласында «Они в трудные минуты жизни призывают имя своих предков, как мусулмане своих святых», – деп атап көр сетеді 499. Ру-тайпалардың ұрандары туралы профессор А. Сейдімбек өзінің «Қазақтың ауызша тарихы» еңбегінде тоқталып өтеді. Жа ңадан ұранға шыққан тұлға тек қандай да бір рудың ұран деңге йінде ғана қалып қоймай, көрсеткен ерлік-істеріне қарай тайпа ның тіпті, жүздің ұранына айналған 500. Сондықтан ұранға айна лу кез келген адамның қолынан келе бермейтін іс. Бұл мәртебе ге жаугершілік соғыста елі мен жері үшін жанын қиюға тәуекел етіп, ерліктің ерен үлгісін көрсету сияқты сынақтан өткен, оның барысында руластары мен тайпаның белді батырлары мен биле рі мойындаған, құптаған батырлар мен тұлғалар ғана ие болған. Қазақ совет энциклопедиясы / бас ред. М.Қ. Қаратаев – Алматы: Қазақ Энциклопе диясы, 1977. – Т. 11. – 389 б. 497 Тынышпаев М. История казахского народа: – С. 30. 498 Гродеков Н.И. Киргизы и каракиргизы Сыр-Дарьинской области. Юридический быть. – Ташкент: Типо-литография С.И. Лахтина, 1889. – Т. 1. – С. 1. 499 Валиханов Ч.Ч. Избранные произведения. – М.: Наука, 1986. – С. 301. 500 Сейдімбек А. Қазақтың ауызша тарихы: шежірелік деректерді пайымдау. – Астана: Фолиант, 2008. – 41 б. 496
188
4-ТАРАУ. Батыр – әлеуметтік-мәдени категория
Нәтижесінде ұранға айналған адам руы мен тайпасының атын ас қақтатып, соның барысында өзі де оларға арқа сүйеп отырған. Ұрандатып жауға шабу салтының қаншалықты маңызға ие екенін Ақтан Керейұлының «Батырлықтың белгісі жауға шапқан ұрандап» немесе «Ер жігіт шауып шеп бұзбас, Айқайлап ұран шаппаса»501 – деген сөздерінен де ұғынуға болады. Дәстүрлі қазақ қоғамындағы ұранның мән-мағынасы мен рө лі туралы «Қазақ ру-тайпаларының тарихы» көптомдығында жан-жақты талданған. Зерттеу авторлары кейбір ру-тайпалардың ұрандары қаншама ғасырлар өтсе де, өзгермей келе жатқанына назар аударады. Мысалы, Арғындардағы – Ақжол, Тамалардағы – Қарабура ғасырлар сынынан өткен ұрандар. Ақжол – XІV ға сырдың соңындағы – XV ғасырдың бірінші жартысындағы Ар ғын тайпаларының атақты, аузы дуалы, аруақты тұлғасы болса, Қарабура – ХІІ ғасырда өмір сүрген, Қожа Ахмет Яссауидің шә кірті, әрі серігі болған киелі тарихи тұлға. Мұндай адамдар есім дерінің қаншама ғасырлар өтсе де ұран ретінде руға қызмет етуі – олардың ең алдымен әулие ретінде бағалануында. Арғын мен Тама тайпалары өз орталарынан қаншама ру басылар, көсемдер, батырлар шығарса да, олардың биік беделі Ақжол би мен Қара бура әулиенің қасиетті рухынан аса алмай тұр. Кеңестік дәуірдегі әдебиеттерде ұрандарға анықтама бергенде, жоғарыда айтқаны мыздай осы жағы айтылмай қалған еді. Біздің ойымызша, тарихи тұлға есімінің ұранға айналуы үшін ең алдымен, оның әулиелігі, киелілігі басым түсіп, халық сеніміне ие болады. Ал оның батыр лығы, көсемдігі мен шешендігі айтылған қасиеттерден соңғы ке зекте тұрады», – деген тұжырым жасайды 502. С.Г. Кляшторный мен Т.И. Султановтың «Казахстан – лето пись трех тысячелетий» зерттеуінде де ұранның дәстүрлі қазақ қоғамындағы мәні мен мағынасына орын берген. Онда «Родоп леменной отряд представлял собой самостоятельную войсковую Ақберен. XVIII-XIX ғасырлардағы қазақ ақын-жырауларының жырлары: Оқу құралы. – Алматы: Жазушы, 1972. – 161-163 бб. 502 Қазақ ру-тайпаларының ұрандары жөнінде // Қазақ ру-тайпаларының тарихы. Найман. – Ал маты, «Алаш» тарихи-зерттеулер орталығы, 2008. – Т.10. – 1-кітап. – 124-125 бб. 501
189
4.2. Дәстүрлі қазақы ортадағы батыршылыққа тәрбиелеу мен баулу ісі
единицу: во главе его стоял предводитель рода, каждое ополчение имело свой боевой стяг и свой уран – боевой призывной клич»503. Бұл туралы «Қазақтың көне тарихы» кітабында «Қазақтар ер те кезде қайтыс болған ата-бабаларының аруақтарына сыйынған, ол аруақтар өзінің ұрпақтарын, руластарын қолдайды деп сенген. Сондықтан соғыс, шайқасқа кіргенде, ат бәйгеден келе жатқанда, палуан күресінің жұлқыстарында қазақ ру-тайпалары ата-бабала рының атын ұран етіп шақырып, олардың аруағынан медет күт кен», – деп жазылған 504. Қазақ руларын жете зерттеген Л. Мейер де ұрандарының өз геруіне қатысты мынадай пікірін білдіреді: «Эти слова однако не так строго сохраняются как тамги и изменяются от времени, вследствие разных причин; иногда ураном становится имя из вестного человека, управлявшего долго родом или отделением, иногда он изменяется вследствие вражды с родом, имеющим тот же уран. Наконец, по мере замирения степи, значение этого от личительного знака само собою должно было уменьшиться» 505. Ұранды қолдану, пайдалану – жауға шапқанда әскерді рухтан дыру, жігерлендіру, намыс отын жани түсу үшін аса қажет болды. Төмендегі кестеде Кіші жүз құрамындағы он екі ата Байұлы бір лестігіне кіретін ру-тайпалардың ұрандары берілген: Он екі ата Байұлы тайпалық бірлестігіне кіретін ру-тайпаларының ұрандары Тайпа 1 Адай Беріш Алтын Жаппас Таз 503 504 505
1-кесте
Ұраны 2 Бекет, Адай Ағатай Баймұрат Баймұрат Бақай, Төремұрат
Кляшторный С.Г., Султанов Т.И. Казахстан: Летопись трех тысячелетий. – С. 340. Қазақтың көне тарихы. – Алматы: Жалын, 1994. – Б. 373. Мейер Л. Киргизская степь Оренбургского ведомства. – С. 94.
190
4-ТАРАУ. Батыр – әлеуметтік-мәдени категория
1 Есентемір Тана Байбақты Масқар Алаша Қызылқұрт Шеркеш Ысық
2 Алдоңғар Тана, Жиембет Дәуқара Қаратай Байбарақ Жиембай, Жиембет Шағырай Бәйтерек
Мұндайда мынаны да ескерген жөн: кез келген бір рудың ұра ны болған батырдан соң уақыт өте келе әлдеқайда беделді тағы бір атақты батыр шықса, жаңа батырдың есімі бірте-бірте ұранға айналады да, бұрынғы ұран-есім ұмытыла бастайды. Көптеген деректерде қазақ ру-тайпалары ұрандарының бірнеше болып кез десуінескі рулық ұрандардың әлі де ұмытылмағандығымен және де жаңа ұрандардың қатар қолданылуымен түсіндіреміз. М. Ты нышпаевтың еңбегіндегі 506. Дулат тайпасындағы Сиқым, Жаныс, Ботбай, Шымыр руларында, Жалайыр, Арғын, Найман тайпала рында бірнеше ұрандардың көрсетілуі біздің осы айтқан ойлары мызға дәлел бола алады. Батырлықтың тағы бір белгісі, оның батырлығының мойын далуының бір көрінісі – ту ұстау құрметі. Қазақ әскері күш бірік тіргенде негізінен рулық-тайпалық принциптер бойынша жасақ талып отырғаны белгілі. Осыдан келіп ұлыстық әскер бөлімдері құрылды. Сондықтан көшпелілердің рулық негізде құрылған бө лімшелерінің көрсеткен ерліктері мен майдан даласындағы істе рінің бағасын алуы және оларды айыру үшін жеке-жеке тулары мен таңбалары айшықталды. Жалаулардың түстері әр түрлі жа сыл, ашықкөк, күлгін т.б. болып келді. Ханның туы тек көрінер көзге алып шығар биліктің рәмізі ғана емес, бүкіл әскердің, тіп ті әскербасының ары мен намысы болып есептелді. Бұл елдіктің рәмізі болып табылатын ту бейбіт кезде аса сақтауда болып, тек соғыс кезінде ғана алып шығарылды. Оны алып жүру, ұстау, сақ 506
Тынышпаев М. История казахского народа. – С. 106 – 108.
4.2. Дәстүрлі қазақы ортадағы батыршылыққа тәрбиелеу мен баулу ісі
191
тау мәртебесіне көбінесе беделді сұлтандар, билер, батырлар ие болып, бас қолбасшыдан кейінгі екінші тұлға ретінде бағалана тын. Екі жақтың қоян-қолтық ұрысы кезінде туды жығу мақса тында арнайы тосын әрекеттер ұйымдастырылатын. Ал, ту ұс таушы сарбаздың мерт болуы немесе тудың жығылуы сарбаздар арасында бей-берекетсіздікке соқтырып, тіпті әскердің жеңілуіне әкеп соқтыратын 507. Соғыс тулары – қазақтардың әскери қарулануының бас бел гісі. Тулар кем дегенде екі қызметті орындайды: олар қасиетті белгі және ұрыс кезінде әскер басқаратын бірден-бір пайдалы жағы болды»508. Жалпы түркі-моңғол халықтары ежелден туды ру-тайпалық одақтың дәнекері, жорықтарда рух беруші санаған. Зерттеушілер қазақ даласындағы ортағасырлар кезеңіне жататын петроглифтерде байрақтың көп кездесуінжоғарыда аталған ерек шелікпен байланыстырады. Ә.Т. Қайдаров қазақ эпосындағы ба тыр жауынгерлердің қару жарағы мен рәміздерін зерттей отырып, халық шығармаларында ақ, жасыл, сары, қызыл, қара тулармен қатар, көп түсті, яғни, ақ жасыл, ақ сары, ақ қара тәрізді тулардың да кездесетіндігін айтады 509. Қазақтар ел есінде қалған атақты батырлардың туларын атадан балаға мұра ретінде қалдырып отырған. Мәселен, халқымыздың этногенетикалық толғауы болып табылатын шежіреде Абақ-Керей тайпасының көрнекті тұлғаларының бірі – Шақшақұлы Жәнібек батырдың туы туралы айтылады. Жәнібек туы Абақ-Керей тайпа сының қасиетті туы ретінде саналған әрі бейбіт өмір кезінде ар найы сандықта сақталып, оның үстіне отыруға тыйым салынған. Ту халықтың немесе белгілі-бір тайпаның желеп-жебеп жү рушісі, рухтандырушысы болып табылады. Ту – халық бірлігінің символы. Бұл ру-тайпалық құрылым мен мемлекет құрлысында ғы тудың негізгі маңыздарының бірі. Бұл жөнінде А.П. Окладников: «Ту – жалпы тайпалық немесе рулық бірлестіктердің зат Кляшторный С.Г., Султанов Т.И. Казахстан: Летопись трех тысячелетий. – С. 342. Қазақтың көне тарихы. – 179 б. 509 Кайдаров А.Т. Доспехи и вооружение воина-батыра в казахском эпосе и их этно-линг вистическое объяснение // Известия АН КазССР. Серия общественных наук. – 1973. – № 6. – С. 25. 507 508
192
4-ТАРАУ. Батыр – әлеуметтік-мәдени категория
тық рәмізі, әрі қасиетті бас ұратындары. Екінші қырын алып қа расақ, ту көсемнің титулы мен дәреже-беделін көрсететін болған. Бұл екі қасиетбір-бірімен өте тығыз байланыста. Тусыз көсем, не хан болмаған», – деп жазады 510. Жорық кезінде ту көтеріп жүру үлкен мәртебе болып саналған. Туды, басқа да биліктің маңызды атрибутын жоғалту жауынгер үшін, ол мүше болып есептелетін әскер үшін үлкен масқарашылық болды 511. Ә. Диваев: «Қазақтар дың этнографиялық материалдары ту қызметіне жерлеу рәсімдері кезінде мынадай формула жататынын куәлік етеді: ту – адам жа нының сыйымдылығы. Қазақтар егер өлген кісі тірі кезінде оны иемденген болса, оның туынүстіне қойған, немесе найзаға шүбе рек тағып қойған. Ал егер ол қатардағы адам, жәй қоғам мүшесі, жауынгер болса, жерлеуден кейіншаңырақ төбесінен ту шығарып қойған, егер өлген кісі қоғамының алдыңғы әлеуметтік табының өкілі болса, болатын шабыстарда және басқа ойындарда, дене бастамасын кейіптеу дәстүрінде, ту ағашын не найзаны қаралы күнге арналған тамақ дайындалып жатқан отқа, ошаққа сынды рып лақтырды. Қолбасшының жеке туы ұрпақтары арқылы сол ру-тайпаның қастерлі белгісі ретінде сақталды, ал қоғамның мү шелерін жерлеуде қолданған қаралы тулар оған, найза сынықта рымен бірге өртелді, 512 – деп тұжырым жасайды. Осы тараушада айтылған ойларымызды қорыта келе, дәстүр лі қазақ қоғамындағы батырлыққа тәрбиелеу мектебінің өзіндік ерекшеліктері туралы төмендегідей тұжырымдар жасаймыз: – қазақ қоғамында батырлық өмір салты ретінде қарастырылған дықтан болашақ батыр осы әлеуметтік ортаның талаптарына сай болуы қажет, сондықтан ол белгілі бір талаптарды орын дауға міндетті болған. Батырлық өмір-салтының ережелері не гізінен халық ауыз әдебиеті үлгілерінен айқын көрінген; – дәстүрлі қоғамның мәдени-шаруашылық типінің ерекше ліктері өзіндік әскери өнер мектептерін қалыптастырып, 510 Окладников А.П. Конь и знамя на Ленских писанинах // Тюркологический сборник. – М. – Л., 1951. – Вып. 1. – С. 151. 511 Левшин А. Описание киргиз-кайсацких или киргиз-казачьих орд и степей. – С. 53. 512 Диваев А. Обычай киргизов Семипалатинской облости // Русский вестник. – СПб., 1878. – Т. 137. – С. 57.
4.2. Дәстүрлі қазақы ортадағы батыршылыққа тәрбиелеу мен баулу ісі
193
бұл мектептер болашақ жауынгер-батырларды тәрбиелеуде өзіндік рөл атқарған; – аң аулау, түрлі спорттық-ұлттық ойындармен қатар барым та сияқты дәстүрлі құқықтық ереже өлшемдері де батырлар дың шыңдалуы мен қалыптасуының өзіндік мектебі болып табылған; – қазақ батырларының батырлық өлшемдері олардың есімде рінің ұранға айналуы мен ту ұстау сияқты құрметті қызметі не ие болуымен де анықталды. Ұранға шығу – батырлықтың биік өлшемі болып табылады. Себебі, батыр ұранға айнал ғанда оның ерлігін өзге үзеңгілес серіктері мен басқа да тұл ғалардың мойындауының нақты көрінісіне айналған; – батырлар ұранға айналуы үшін оның бойында әулиелік, ба тырлық, көсемдік, шешендік, ұйымдастарушылық қасиетте рі болуы керек; – ұран – батырлардың даңққа бөленуіне басты стимул беретін рухани құрал әрі батырлардың қай руға жататындығын біл діретін ауызша дерек болып табылды. Студенттердің өз білімін тексеруге арналған сұрақтар: 1. «Ат мінгізер» дәстүрін – батырлық мектебінің алғашқы сатысы ре тінде сипаттаңыз. 2. Қазақ халқының ұлттық спорт ойындарының батырлыққа тәрбие леудегі орнын талдаңыз. 3. Қазақ ру тайпаларының таңбалары мен ұрандарын атаңыз. 4. Ту – халық бірлігінің рәмізі. 5. Ұранға айналған қазақ батырларын атаңыз.
ҚОРЫТЫНДЫ
Қ
азақ қоғамындағы батыршылық институты ның қалыптасуы мен оның қоғамдық-саяси қызметін, орнын зерттей келе, төмендегідей қорытындылар жасаймыз. Кеңестік тарихнамада батырлардың XVIII-XIX ға сырлардағы қоғамдық-саяси өмірдегі ықпалына назар аударылғанымен, олар жеке әлеуметтік топ ретінде қа растырылған жоқ. Кеңестік зерттеушілердің таптық идеологияға негізделген методологиялық ұстанымда ры батырлардың қоғамдық сипатын анықтауда тығы рыққа тірелді. Себебі қазақ қоғамында батыр атағына өзінің әлеуметтік шығу тегіне қарамастан кез келген адам қол жеткізе алатын. Отандық тарих ғылымында қазақ қоғамына тән әлеуметтік институттардың өзіндік ерекшеліктерін зерттеу соңғы жылдары қолға алына бастады. Елдің қауіпсіздігін, мемлекеттің тәуелсіздігін, ел ішіндегі қо ғамдық тәртіпті сақтау қажеттілігі көшпелі қоғамда да әскери іспен кәсіби тұрғыда айналысатын адамдар то бының пайда болуына әкелді. Олар өзіндік қоғамдық қызметтерді атқаруды өз міндетіне алу барысында же ке әлеуметтік жік ретінде қалыптасты. Көшпелі халық тардың тарихи-мәдени дамуының өзіндік ерекшелік теріне байланысты бірте-бірте әлеуметтік институт ре тінде қалыптасты. Батырлардың қазақ қоғамында ғана жетекші күшке айналып, институциялануының басты 194
Қорытынды
195
себебі – көшпелі қоғам қарым-қатынастарының басты жиынты ғын құрайтын ру-тайпалық жүйенің ерекшелігімен тікелей бай ланысты болды. Бірақ ұзақ уақыт бойы тарих ғылымында әлеуметтік ұйым ның жұмыс істеуін және оның көшпелі ортадағы билігін тануда еуропоцентристік ұстанымдар үстемдік етті. Көшпелілер қоға мының мәселелеріне қатысты көзқарастардың эволюциясына та рихнамалық талдау жасау тарих ғылымында соңғы кезеңдерге дейін көшпелі қоғамның саяси-әлеуметтік ұйымдасуындағы ба тырлардың жеке әлеуметтік институт ретіндегі қарастырылмауы ның себептерін көрсетеді. XVIII ғасырдың басында қалыптасқан ішкі-сыртқы саяси жағ дайларға байланысты қазақ қоғамында әскери-саяси мүдделер алдыңғы орынға шығып, әлеуметтік-экономикалық ұстанымдар ға негізделген салалар кейінге шегерілді. Қоғамның әскери-по тестарлық ұйымдасу ерекшелігіне байланысты батырлардың қо ғамдық рөлі артты. Әлеуметтік құбылыс оған қоғам тарапынан қажеттілік туған кезде ғана пайда болады. Қоғамдық сұраныс қана белгілі әлеу меттік құбылыстың пайда болуының негізі болып табылады. Ал, дәстүрлі қазақ қоғамындағы батырлардың институциялануы қо ғамның рухани-мәдени даму ерекшелігімен де тығыз байланысты болды. Қазақ қоғамның шаруашылық-экономикалық құрылымы ның сипаты мен мәдени-рухани тұрмыс-тіршілігінің өзіндік ерек шеліктері батырлар институтының қалыптасуында шешуші рөл атқарды. ХVІІІ-ХІХ ғасырлардың ортасындағы қазақ қоғамының әлеу меттік стратификациясында сыртқы экономикалық қатынастар соншалықты маңызды болмады. Қазақ қоғамының дамуындағы спецификалық көріністер көптеген категориялардың дамыма ғандығын, әлеуметтік, әскери-саяси және сот қызметтерін жүзе ге асыруда кәсібиліктің жоқтығын көрсетеді. Бұл ерекшеліктер әлеуметтік институттар мен белгілі топтардың қалыптасуына әкелді. Қазақ қоғамының саяси-әлеуметтік құрылымындағы ба тырлардың орны мен рөлінің өсуіне бірнеше жағдай әсер етті.
196
Қазақ халқындағы батырлық дәстүрлер
ХVІІІ ғасырдағы қалыптасқан жағдай саяси билік институтта рын өте қиын жағдайға қойды. Дәстүрлі көшпелі қоғамға тән, көшпелілер қоғамындағы қалыпты мемлекеттік тәртіптің қайнар көзі жаугершілік тұрмыспен тікелей байланысты болғанына көз жеткіземіз. Сондықтан жұмыстың хронологиялық шеңберін құрайтын мер зім аралығында батырлар дәстүрлі қазақ қоғамындағы жауынгер лік дәстүрді жалғастырушылар ретінде өзіндік ерекшелігі айқын әлеуметтік топ ретінде өзіндік ұғымдық бет-бейнесі мен ерекшелі гі қалыптасқан әлеуметтік категорияның жиынтығын құрады. Дәстүрлі қазақ қоғамында сипаты мен қызметі жағынан әлеу меттік топ ретінде жетілген батыршылық институты белгілі бір қоғамдық құбылыс ретінде туындау, пайда болу және даму мен қа лыптасу үрдісін басынан өткерді. Батырлардың әлеуметтік, саяси күш ретінде институтқа айналу үдерісі бірте-бірте жүзеге асты. Батырлардың пайда болуы мен жауынгерлер тобының жетекші лері ретінде ерекшеленуі қоғам дамуының «әскери демократия» кезеңімен тығыз байланысты болды. Осы кезеңде көшпелі қоғам ның қозғалысқа түсуімен батырлардың қоғамдық-саяси өмірдегі рөлі ерекшеленіп, «батырлар культі» пайда болады. Батырлардың қоғамдық-саяси өмірдегі ықпалы тарих ғылымындағы «көсем дік» («вождество») ұғымымен тығыз байланысты. Бірақ, моңғол шапқыншылығының нәтижесінде батырлардың жеке көсемдік қызметтері шектеліп, батырлық тек жеке тұлғалық қасиет ретін де қарастырылып, олардың қоғамдық-саяси өмірдегі белсенділігі бәсеңдейді. Батырлардың қоғамдық өмірдегі белсенді әлеуметтік топ ретінде көрініс беруі XIV-XV ғасырлардан кейін қайта көрі ніс береді. Бірақ, бұл кезеңдегі батырлар институтын өзінше дер бес, ара-жігі басқалай әлеуметтік топтардан ажыратылған құры лым ретінде қарастыруға келмейді. Дәл осы кезеңдегі батырлар мен билер институтының қызметтері бір-бірімен астасып жатты. Батыршылық институтының қалыптасуында көшпелі қоғамның өзіндік ерекшеліктері маңызды рөл атқарды, ол көшпелі қоғам ның шаруашылықтық-мәдени кешенінің қалыптасуы нәтижесін де туындаған сұраныстың қажеттілігі ретінде пайда болды.
Қорытынды
197
Батыршылық институтының қалыптасуының аяқталуын негі зінен XVIII ғасырмен байланыстырамыз. Осы кезеңде батыршы лық институтының күрделі қалыптасу үдерісі аяқталып, ол өзінің дәл осы уақыттағы дәстүрлі қазақ қоғамына тән ерекшелігіне сай қызметтерін атқарды. XVII-XVIII ғасырлардағы ішкі және сыртқы факторлар қа зақ қоғамындағы батырлардың саяси, әлеуметтік сататусқа ие болуына қолайлы жағдай туғызды. Сондықтан ел басына күн туған сәтте саяси басымдылық батырлар қолына өтті. Ең алды мен сыртқы саясаттағы жоңғар факторы, одан кейінпатша үкіме тінің отарлау саясаты нәтижесінде отаршылдыққа қарсы күресте батырлар рөлінің артуына себеп болды. Сондықтан осы кезеңдегі қазақ халқын отарлауды басты мақсат етіп, оның болмыс-бітімін зерттеп, жағалай қоршау бекіністерін сала бастаған Ресей ше неуніктері де қазақ жігіттерінің алғырлығы мен батылдығы тура лы жиі жазып қалдырған. XVIII ғасырда батыршылық институты қазақ қоғамының ішкі саяси кеңістігінде барлық белгілері бойынша жетекші орынға ие болды. Батырлардың ішкі саяси жүйедегі әлеуметтік-экономика лық қызметін «барымта», «олжа», «сауға» тәрізді ұғымдарды тал дау арқылы сипаттауға болады. Батырлар тобының институт ретіндегі әлеуметтік-экономика лық қызметі ең алдымен жоғарыда аталған ұғымдармен сабақта сып жатыр. Өйткені батыр жай ғана қол бастаған жауынгер емес, қалыптасқан жағдайға байланысты ірі мал және жер иеленуші, барымташы, аңшы т.б. болатын. Батырлардың ішкі саяси қызметінің ерекшелігі де қазақ қоға мының осы кезеңдегі саяси дамуының сипатынан келіп туында ды. Әскери өнерді кәсіп етіп, ел қорғау арқылы даңқ пен абырой ға бөленген батырлар ендігі жерде жәй ғана қару асынған сарбаз емес, халыққа сөзін өткізіп, билік айтатын саяси тұлғаға айнал ды. Олардың атап өтерліктей маңызды ішкі саяси қызметтері азаматтық басқару істеріне тартыла бастауынан көрінді. Бұл ке зеңде көп жағдайда хан мен сұлтандардың өзі батырлармен сана сып отыруға мәжбүр болды. Өйткені, ханның немесе сұлтанның
198
Қазақ халқындағы батырлық дәстүрлер
қоғамдағы орны оған қолдау білдірген батырлардың беделі мен санына қарай анықталды. Оның үстіне батырдың шыққан руы үлкен болып, өзі ауқатты болса, оның ықпалы соншалықты зор болды. Сондай-ақ хандық биліктің әлсіздігі де халық арасынан шыққан батырлар мен билер рөлінің өсуіне де өзіндік ықпалын жасады. Жекелеген дуалы билердің билігі хандардың жарлығы нан кем қабылданбады. Батырлардың сыртқы саяси өмірдегі рөлі елшілік қызметі ар қылы көрінді. Батыршылық институтының сыртқы саяси қызме ті негізінен олардың отан қорғау ұстанымдарымен нақтыланды. ХVІІІ ғасырдың алғашқы ширегінде жоңғар факторының белең алуы, оған қарсы азаттық күресті ұйымдастырушы жетекші күш батырлар қауымының қоғамдық қатынастарда алдыңғы орынға шығуына түрткі болды. Қарақұм жиыны батыршылық институ тының пісіп-жетілгендігінің нақты көрінісі бола отырып, олар дың алдағы екі ғасырлық уақытта қоғамдық қатынастардың бас ты реттеуші күштері болатындығын бекітіп берді. Батырлар Отан қорғаумен ғана шектелмей, халықаралық саяси қатынастарға да белсене араласты. Отарлық езгіге қарсы күресте батырлар өзде рінің әскери ұйымдастырушылық және басқарушылық қасиетте рі арқылы жақсы танылады және өздерінің талаптарын батыл әрі нақты қоя білді. Батырлардың елшілік қызметтерін талдай оты рып, олардың кез келген саяси-қоғамдық қатынастарды шешуге қабілетті болғандығына көз жеткіздік. Қазақ қоғамындағы қазақ батырларының өзіндік ұстанымда ры, дәстүрлері, қасиеттері мен тұрмысы, салт-санасы, ар-намыс кодекстері, принциптері, портреті мен бейнелік тұлғалары, өзін дік мұраты, қоғамдық қызметі, этикалық ерекшеліктері, ырымжоралғылары ұлттық құндылықтар жүйесін құрады. Дәстүрлі қазақ қоғамында батырлық ежелден өмір салты ретінде қарасты рылды. Дәстүрлі қазақ қоғамындағы батыршылық институтына тән ұғымдық өлшемдер, мысалы, «кек алу», «ант беру», «олжа», «сау ға» және т.б. өзіндік ерекшеліктері қалыптасты. Батырлардың рухани бет-бейнесі мен қызметінің халқымыздың рухани құнды
Қорытынды
199
лықтар жүйесіндегі орнын қарастыруда ауыз әдебиеті деректе рінің маңызы өте зор. Себебі, халықтың өзімен бірге жасасқан, оның ішкі болмысымен біте-қайнасып кеткен ауызша тарих айту дәстүрі ұлттық болмыс пен оның ерекшеліктерін ашып көрсете алады. Ауызша дерек мәліметтері қоғамдық даму барысындағы құбылыстардың кең тарихи панорамасын көрсете алуымен құн ды. Сондықтан қазақ қоғамындағы батырлар институтының тағы бір қызметі оның рухани қызметіне тікелей байланысты болға нын көреміз. Ол әрбір ұлттың өзіндік ұлттық сипатын көрсететін айрықша белгілерінің бірі ретінде қазақ халқының да «батырлар елі», «батыр халық», яғни батырлықты халқымыздың ұлттық бол мысының ажырамас бір қыры ретінде көрсете отырып, келешек жас ұрпақты шынайы ұлтжандылыққа тәрбиелеудің таптырмас құралы болып табылады. XVII ғасырдың соңы мен XVIII ғасырдың алғашқы жартысында ғы және XVIII ғасырдың екінші жартысы мен XIX ғасырдың бірінші жартысындағы батыршылық институтының қазақ қоғамының ішкі саяси жүйесіндегі қызметтерінде айрықша үндестік болмады. Мә селен, алғашқы кезеңде батырлардың ішкі саяси қызметі анағұрлым кең болып, батырлардың іс-әрекеттері ұлттық жауапкершілікке не гізделсе, одан кейінгі кезеңде батырлардың қызығушылықтары көп жағдайда ру-тайпалық принциптен аспай қалды. Оның басты себе бі, Ресейдің жүргізген отарлау саясатымен тікелей ұштасып жатты. Патша үкіметінің мақсатты түрде жүргізген отарлау саясатының нә тижесінде қазақ қоғамына тән әлеуметтік институттар бірте-бірте өз маңызынан айырылып, жойыла бастады. XIX ғасырдың екінші жартысынан бастап, дәстүрлі қазақ қо ғамына тән батырлар институтының жойылуымен қазақ халқы ның дәстүрлі қоғамына тән құндылықтар бірге жойыла бастады. Бұл жағдай, патша үкіметінің отарлау саясатының дәстүрлі қазақ қоғамына тән барлық әлеуметтік институттармен қатар, оларға байланысты халықтың рухани таным-түсінігімен біте қайнасып кеткен ұғымдарды да күйреткендігін көрсетеді. Батыршылық институтының жойылуымен жалпы әлемді өзі нің батырлық дәстүрі мен жауынгерлік рухының күштілігімен
200
Қазақ халқындағы батырлық дәстүрлер
тамсандырған көшпелілер ұрпақтары өздерінің тарихи сабақтас тығын да жоғалтты. Дала жауынгерінің батырлық рухы, идеалы тек қазақ қоғамында ғана емес, моңғол, башқұрт, қалмақ және т.б. көшпелілерінің кейінгі ұрпақтарының бойынан өше бастады. Дәстүрлі қазақ қоғамындағы батыршылық институтының өз ма ңызынан айырылуымен халқымыздың рухани-мәдени тарихи та мырларының үзілгендігін де атап өтуіміз қажет. Еліміздің тәуелсіздік алуымен бірге, қоғамның қайта түлеуі, ұлттық рух пен тарихи сананың жандануы орын алды. Осыған орай есімдері ел есінен ұмытыла бастаған батыр бабаларымыз дың тәуелсіздік жолындағы ерен еңбектері мен тағылымды өмір баяндары халқымызбен қайта қауышуда. Қазіргі қазақ қоғамында ХVІІІ-ХІХ ғасырдың бірінші жартысында ерлік көрсеткен білек ті де жүректі батырлардың өмірбаяны мен ерлік істері кеңінен дәріптеліп отыр. Бірақ, бұл бағытта мәселені ғылыми тұрғыдан жүйелі түрде зерттеу қажеттілігі әлі де болса күн тәртібінде тұр. Тарихтың терең қойнауына сіңіп бара жатқан батырларымыз ды, ел аузындағы ауызша тарихымыз арқылы, ерте кезеңдерде жазылып кеткен деректер мен материалдар арқылы сүзіп алып, болашақ ұрпақ санасына сіңіру – тарих саласының ең өзекті мін деттерінің бірі. Сондықтан бұл еңбек төл тарихымыздың өзіндік ерекшелігін айшықтап көрсететін батыршылық институтының тарихи рөлі мен қызметін ғылыми тұрғыдан талдауға арналды.
ҚОРЫТЫНДЫ БАҚЫЛАУҒА АРНАЛҒАН СҰРАҚТАР
1. «Қазақ халқының потестарлық-саяси институттары» пәнінің мақсаты мен міндеттері. 2. «Қазақ халқының потестарлық-саяси институттары» пəнінің Қа зақстан тарихы, этнология жəне т.б. пəндермен байланысы. 3. «Қазақ халқының потестарлық-саяси институттары» пəнінің зерттелуі. 4. Сақтар одағы. Билік жүйесі, әлеуметтік құрылымы. 5. Үйсіндер. Күнби және сайлаулы әскер. 6. Қаңлылар одақтары. 7. Ғұндар одағы. Тәңірқұтының міндеттері мен қызметі. 8. Ерте орта ғасырлардағы саяси-потестарлық билік құрылымы. 9. Кейінгі орта ғасырлардағы саяси-потестарлық билік құрылымы. 10. Қазақтардың потестарлық жүйесіндегі жүз. 11. Ру, тайпа, жүз өкілдерінің институты. 12. Қазақ ру-тайпаларының таңбалары мен ұрандары. 13. Орта ғасырлық түркі мемлекеттерінің басқару жүйесіндегі тари хи тұлғалар. 14. Орта ғасырлық мемлекеттердегі билік құрылымы. 15. Ру, тайпа, жүз құрылымындағы билік тармақтары. 16. Қазақ қоғамындағы ақсақалдар алқасы. 17. Қазақ қоғамындағы аталықтар тарихы. 18. Билер институты, қызметі, тарихи маңызы. 19. Билер институты – қоғамдық қатынастар жүйесінде. 20. ХVІІІ ғ. қазақ қоғамындағы билер институтының ішкі-саясиәлеуметтік қызметі. 21. Қазақ қоғамындағы батырлар институтының пайда болуы. 22. Қазақ қоғамындағы батырлар институтының жойылуы. 23. «Батыр» сөзінің этимологиясы. 202
203
Дәстүрлі қазақ қоғамындағы батыршылық институты
24. «Батыр» сөзінің этнонимі. 25. Хандық жүйедегі дала демократиясы. 26. Хан билігі: құқық және қызметі. Хан кеңесі. 27. Қазақ жерлерінде патшалық билік жүйесінің енуі. 28. Кіші және Орта жүздегі хандық биліктің жойылуы. 29. Қазақ халқының саяси-потестарлық институттары жүйесінің жойылуы. 30. Басқарудың отарлық органдары. 31. Патриархальды-рулық идеология – потестарлық биліктің негізі. 32. Билердің төтенше съезі. 33. Хан кеңесі. 34. Халық кеңесі. 35. Хандар мен сұлтандар айналасына батырлардың топталу қағи даттары. 36. Түркі қоғамының потестарлық-саяси құрылымындағы батыр бейнесі. 37. Қазақ қоғамындағы батырлар институтының қалыптасу тарихы мен оның қоғамдық-саяси қызметі. 38. Батырлар институтының ХVIIІ ғасырда патшалық Ресейдің қа зақ даласына енуімен түбегейлі өзгеріске ұшырауы. 39. Патшалық Ресейдің шығыстық саясаты. Қазақ жерін басқару ережелері.
ТЕСТ СҰРАҚТАРЫ
1. Әскери демократия пайда бола бастады: А) алғашқы қауымдық құрылыста Б) қола дәуірінде В) темір дәуірінде Д) ғұндарда Е) түркі кезеңінде 2. Сақ жауынгерлерінің киім түсі: А) қызыл және сары қызыл Б) сары В) қара Д) әр түрлі Е) ақ 3. Сақ қоғамындағы адамдар тобы аталды: А) патша, малшылар, қолөнершілер Б) жауынгерлер, абыздар, қолөнершілер В) көсемдер, жауынгерлер, егіншілер Д) көсемдер, абыздар, малшылар Е) жауынгерлер, абыздар, малшылар мен егіншілер 4. Сақ жауынгерінің қару-жарағы мен сауыт-сайманы табылған жер: А) Шілікті Б) Берел В) Шірік-Рабат Д) Есік Е) Тасмола
203
204
Дәстүрлі қазақ қоғамындағы батыршылық институты
5. Ғұндардың негізгі әскерлерін құрады: А) жаяу әскерлер Б) садақшылар В) атты әскерлер Д) арбакештер Е) жалдамалылар 6. Ғұн мемлекетінің түменбасы әскерінің саны: А) 1000 жауынгер Б) 3000 жауынгер В) 5000 жауынгер Д) 10000 жауынгер Е) 100000 жауынгер 7. Түрік қағанатының көшбасшысы: А) Мұқан Б) Бумын В) Иштеми Д) Сұлық Е) Үш Елік 8. «Күлтегін» ескерткішінің кіші жазуында кездес етін әскери шендер: А) ер, елтебер, иамтар Б) сюбашы В) сардарбек Д) беклербек Е) тудун 9. Оғыз әскерінің қолбашысы иеленген лауазым: А) күл-еркін Б) сюбашы В) сардарбек Д) беклербек Е) тудун 10. Қыпшақ хандығында әскери билік бөлінді: А) оң қанат, сол қанат, орталық Б) оң қанат, сол қанат
Тест сұрақтары
205
В) оң қанат, сол қанат, басшылық Д) хандар, байлар, тархандар Е) оң қанат, сол қанат, гол 11. Сойырғал – бұл: А) діни ағым Б) салық В) жерге иеліктің түрі Д) әскери қызметі үшін мұраға берілетін жер Е) жер иесі 12. Атабектер – бұл: А) молда Б) салық жинаушы В) жерге иеліктің түрі Д) ханның баласының арнайы тәрбиелеушілері Е) жер иесі 13. Қазақ – Бұқар соғысында Есім хан қолданған ұтымды соғыс тәсілі: А) шабуыл жасау Б) қорғанысты шайқас В) партизандық әдіс Д) барлау әдісі Е) окоптық тәсіл 14. Ғажайып ерліктері үшін Жәңгір ханға халықтың берген атауы: А) Еңсегей ер Жәңгір Б) Салқам Жәңгір В) Батыр Жәңгір Д) Алып Жәңгір Е) Зор денелі батыр 15. Жәңгір хан 600 жауынгерімен жоңғардың 50 мың жауынгері не қарсы тұрған шайқас: А) Аңырақай Б) Аягөз В) Қалмақ қырылған
206
Қазақ халқындағы батырлық дәстүрлер
Д) Орбұлақ Е) Бұланты 16. Орбұлақ шайқасы болған жыл: А) 1628 жыл Б) 1630 жыл В) 1640 жыл Д) 1642 жыл Е) 1643 жыл 17. Қазақ хандығы XVI ғасырдың бірінші ширегінде қай хан тұ сында үлкен күшке айналды? А) Бұрындық Б) Қасым В) Керей Д) Жəнібек Е) Хақназар 18. Қазақ халқының көп ғасырлық этникалық территориясы ның анықталуы қашан аяқталды? А) XIII ғасыр Б) XIV ғасыр В) XII ғасыр Д) XV-XVI ғғ. Е) XV ғасыр 19.Тəуке хан қазақ хандығын қай жылдарда биледі? А) 1680-1718 жж. Б) 1645-1675 жж. В) 1578-1618 жж. Д) 1688-1705 жж. Е) 1633-1701 жж. 20. Тəуке хан тұсындағы Қазақ хандығының астанасы? А) Түркістан Б) Сайрам В) Сығанақ Д) Отырар Е) Суяб
Тест сұрақтары
207
21. 1710 ж. Тəуке ханның ордасында үш жүздің өкілдері қандай мəселені талқылады? А) жаңа салықтар Б) ханды сайлау В) жоңғарларға тойтарыс беру үшін əскери күшті ұйымдастыру Д) бейбіт келісім жасау Е) сауданың дамуы 22. Тəуке ханның “Жеті жарғы” заңы қашан дүниеге келді? А) XVII ғасыр Б) XV ғасыр В) XIV ғасыр Д) XII ғасыр Е) XIII ғасыр 23. Жоңғариядағы жоғары билеушінің титулы: А) қоңтайшы Б) қаған В) хан Д) патша Е) шад 24. XVII ғ. Қазақ хандығының астанасы қай қала болды? А) Ташкент Б) Сығанақ В) Сайрам Д) Түркістан Е) Суяб 25. XVII ғ. Қазақ хандығына қауіптөндірген көрші ел: А) Сібір хандығы Б) Ноғай Ордасы В) Хиуа хандығы Д) Жоңғар мемлекеті Е) Қытай мемлекет 26. Бейбітшілік жағдайда ханның рұқсатынсыз жол берілмейді А) көшіп – қонуға Б) соғысты бастауға
208
Қазақ халқындағы батырлық дәстүрлер
В) салықты көбейтуге Д) егінді жинауға Е) жайылымдық белгілеуге 27. Қазақтардың 1718 жылы Аягөз бойындағы соғыста жеңілу себебі: А) қазақтардың нашар қарулануы Б) қазақ қолының аздығы В) ауа-райының қолайсыздығы Д) Әбілқайыр мен Қайыптың соғыс қимылдарындағы келіспеушілігі Е) қазақтардың соғысқа жеткіліксіз дайындығы 28. «Ақтабан – шұбырынды» жылдары: А) 1718-1720 жж. Б) 1720-1723 жж. В) 1720-1729 жж. Д) 1723-1727 жж. Е) 1735-1739 жж. 29. «Елім-ай» әнінің авторы: А) Доспамбет Б) Бұқар В) Тәттіқара Д) Қожаберген Е) Үмбетей 30. 1726 жылы қазақ жасағының басына сайланды: А) Қабанбай Б) Райымбек В) Бөгенбай Д) Әбілқайыр Е) Саурық 31. 1726 жылы өзеннің жағасында шайқас болды: А) Жайық Б) Есіл В) Ертіс Д) Бұланты Е) Обь
Тест сұрақтары
209
32. Әбілқайыр ханның өмір сүрген жылдары: А) 1650-1723 жж. Б) 1670-1731 жж. В) 1680-1748 жж. Д) 1690-1750 жж. Е) 1695-1748 жж. 33. Өз шығармаларының басым бөлігін Қабанбай мен Бөгенбай батырларға арнаған ХVІІІ ғасырда өмір сүрген жырау: А) Шалкиіз Б) Бұқар В) Жанақ Д) Ақтамберді Е) Үмбетей 34. Абылайдың кеңесшісі болған жырау: А) Доспамбет Б) Бұқар В) Тәттіқара Д) Ақтамберді Е) Үмбетей 35. Қазақтардың азаттық күресінің бастауын: А) Сырым Датұлы Б) Исатай Тайманұлы мен Махамбет Өтемісұлы В) Кенесары Қасымұлы Д) Есет Көтібарұлы Е) Жанқожа Нұрмұхамедұлы көтерілісінен 36. Орта жүздегі хандық билік жойылды: А) 1822 жыл Б) 1824 жыл В) 1834 жыл Д) 1841 жыл Е) 1867 жыл 37. «Жараған темір кигендер» еңбегінің авторы: А) М. Қозыбаев. Б) Е. Бекмаханов.
210
Қазақ халқындағы батырлық дәстүрлер
В) Қ. Ахметжанов Д) А. Левшин. Е) М. Тевкелев. 38. «Жеті жарғы» қазақ халқының дәстүрлі әдеп-ғұрып заңдары жинағының авторы: А) Қасым хан Б) Есім хан В) Тұрсын хан Д) Тәуке хан Е) Жәнібек хан 39. «Богатырь» сөзі ең алғаш қандай еңбекте қолданылған: А) М. Дулати – «Тарихи Рашиди». Б) А. Құнанбайұлы – «Қара сөздер». В) Серницкий – «Ескі және жаңа Польшаның сипаттамасы». Д) Қадырғали Жалайыр – «Жылнамалар жинағы» Е) М. Фасмер – «Орыс тілінің этимологиялық сөздігі» 40.Тәуке хан тұсында үш жүздің басы қосылып, жиын өткен та рихи орын А) Ақтөбе Б) Күлтөбе В) Ақтау Д) Ақмешіт Е) Арал теңізі маңында 41. Ең алғаш болып қазақ батырлары туралы аңыз-әңгімелерді хатқа түсіріп, батырлардың тек қазақ қоғамына тән өзіндік орны мен рөлі туралы құнды тұжырымдар жасаған: А) А. Левшин Б) Ә. Марғұлан В) Ш. Уәлиханов Д) А. Янушкевич Е) Маркополло 42. Батырлар институтының гүлдену дәуірі: А) XVIII ғасыр Б) XVII ғасыр
Тест сұрақтары
211
В) XVI ғасыр Д) XV ғасыр Е) XIV ғасыр 43. Көмекей әулие атанған жырау: А) Бұқар Б) Ақтамберді В) Доспамбет Д) Малайсары Е) Қазтуған 44. Түркі халықтарында «батыр» сөзі қолданыла бастады: А) VІ ғасырда Б) VІІ ғасырда В) VІІІ ғасырда Д) ІХ ғасырда Е) Х ғасырда 45. Батыр сөзі қазақ және түркі тілдерінде де «күресуші», «күш ті», «батыр», «ержүрек» дегенді білдіреді деген жолдардың авторы: А) Ш. Уәлиханов Б) Е. Бекмаханов В) М. Қозыбаев Д) С. Асфендияров Е) Ж. Қасымбаев 46. 1732 ж. Ералы сұлтан басқарған елшіліктің құрамында Ре сей астанасы Петерборға барған Ұлы жүз батырлары: А) Ақшора мен Төлеубай Б) Аралбай мен Аразкелді В) Байбек пен Қайыпхан Д) Наурызбай мен Бөгенбай Е) Айдар мен Қара 47. Қазақ қоғамындағы саяси – потестарлы билік құрылымы ның негізі: А) билер, батырлар, ақсақалдар Б) жыраулар, ақындар
212
Қазақ халқындағы батырлық дәстүрлер
В) саяхатшылар, тарихшылар Д) дін қызметкерлері Е) елшілер 48. Батырлар институтының қалыптасуы бастауыналады: А) ежелгі кезеңнен Б) орта ғасырлар кезеңінен В) моңғол шапқыншылығынан кейінгі кезеңнен Д) Жаңа заманнан Е) кейінгі ортағасырлардан 49. Жоңғар хандығының өмір сүрген уақыты: А) 1625-1735 жж. Б) 1635-1758 жж. В) 1645-1765 жж. Д) 1650-1735 жж. Е) 1625-1723 жж. 50. Тәуке ханның билік еткен уақыты: А) 1652-1723 жж. Б) 1626-1718 жж. С) 1680-1718 жж. Д) 1643-1719 жж. Е) 1682-1720 жж. 51. Қазақ әскерінің алдыңғы қатарындағы жасақтың қару түрі: А) садақ, найза Б) айбалта, семсер В) қылыш, садақ Д) пышақ, сүңгі Е)шоқпар, балта 52. Әскер сапының азиялық бөлініс түрі: А) мыңдық, екі жүздік, жүздік Б) ондық, жүздік, мыңдық, түмен В) тайпа, жүз, ру Д)оң қанат, сол қанат, жасақ Е) кезуілші топ, тосқауылшы топ, қарауылшы топ.
Тест сұрақтары
213
53. Әскери дәреже атаулары: А) онбасы, жүз басы, мың басы Б) ауылнай, болыс, уезд басы В) хан, би, әмір Д) шежіреші, жыршы, термеші Е) ақын, әкім, ру басы. 54. А.И. Левшиннің қай еңбегінде қазақтардың қару-жарақтары туралы жазылған: А) «Казахстан – летопись трех тысячи лети» Б) «Кочевники» В) «Описание киргиз-казачьих, или кригиз-кайсацских орд и степей» Д) «Орал қазақтарының тарихы және статистикалық сипаттамасы» Е) «Ыстықкөл сапарының күнделігі» 55. Ату қарулары: А) тапанша, найза Б) сүңгі, жыда В) садақ, мылтық Д) пышақ, сүңгі Е) шоқпар, балта 56. Түйрейтін қарулар: А) найза, сүңгі, жыда Б) қылыш, семсер, сүңгі В) жақ, шоқпар, сүңгі Д) тапанша, мылтық, айбалта Е) алмас, сапы, алдаспан 57. Кесу қарулары: А) қылыш, семсер, сапы Б) айбалта, садақ, найза В) семсер, мылтық, гүрзі Д) адырна, жебе, сарсадақ Е) тапанша, шоқпар, сүңгі 58. Шабу қарулары: А) найза Б) айбалта
214
Қазақ халқындағы батырлық дәстүрлер
В) семсер Д) алмас Е) тапанша 59. Соғу қарулары: А) шоқпар, гүрзі Б) қанжар, пышақ В) арқан, семсер Д) дулыға, кежім Е) сауыт, найза 60. Қорғаныс жарақтары: А) қанжар, ауыздық Б) қалқан, семсер В) қалқан, сауыт Д) шекпен, тұмақ Е)биялай, шарық 61. Орбұлақ шайқасы болған жыл: А) 1635 жыл Б) 1643 жыл В) 1652 жыл Д) 1660 жыл Е) 1662 жыл 62. Батырлар институтының тарих сахнасынан жойыла баста ған кезеңі: А) ХVIІ ғасыр Б) ХІХ ғ. І жартысы В) ХІХ ғ. ІІ жартысы Д) ХVІІІ ғасыр Е) ХХ ғ. алғашқы жартысы. 63. Атабектер – бұл: А) хандар Б) хан кеңесшілері В) хан ордасында тақ мұрагеріне әскери тәрбие беретін және оқытатын жоғары мәртебелі адам. Д) жекпе-жекті бастаушылар Е) хан ордасына келген қонақты қарсы алушы топ басшысы
Тест сұрақтары
215
64. Жамбы ату – бұл: А) ұлттық ойын Б) әскери тактика В) әскери мектеп Д) аламан бәйге Е) көкпар 65. Барымта – бұл: А) соғыс тәсілі Б) ұлттық ойынтүрі В) дәстүрлі ойын Д) қазақ халқының дәстүрлі құқықтық мәдениетінде ерте заман дарда қалыптасқан ұғым. Е) екі ел арасындағы алыс-беріс 66. Ұран – бұл: А) батырлықтың биік өлшемі Б) ұрыста болатын әдіс В) батырлардың даңққа бөленуіне басты талпыныс беретін рухани құрал Д) бекер айқай Е) елшілік белгісі 67. Ту – бұл: А) халық бірлігінің символы Б) көсемнің титулы мен дәреже беделі В) рулық бірлестіктердің заттық рәмізі Д) мемлекеттік рәміз Е) екі ел арасындағы келіссөз 68. Соғыс – бұл: А) екі ел арасындағы жай ғана келіспеушілік Б) қарулы күштеу арқылы мемлекеттердің, белгілі бір топтардың саяси күресін қамтитын күрделі қоғамдық құбылыс В) кек алу мақсатындағы шабуыл Д) напақа табу құралы Е) екі ел арасындағы келісімге келу
216
Қазақ халқындағы батырлық дәстүрлер
69. Батыр үшін қасиетті өлім: А) туған жерде өлу Б) соғыста өлу В) өзге елде өлу Д) елге белгісіз жағдайда өлу Е) жас шағында өмірден өту 70. Батырлық өлшемі: А) дене бітімінің келісті болуы Б) қару-жарақтарды жақсы пайдалана білу В) елі үшін басын қатерге тіге білуі Д) қарудың барлық түрімен қарулану Е) билік басында болу 71. Батырлар үшін ата кәсіп: А) аң аулау Б) барымтаға қатысу В) әскери іс Д) ұлттық ойындарға үнемі қатысу Е) қару жасай білу 72. Шынжырлы тұқым: А) батырлар әулетіндегі жаңа туған баланың жастайынан әскери кәсіппен айналысуы Б) ақсүйек тұқымы В) жастайынан ел қорғауға араласқан батырлар Д) ұрпақтар жалғасында бірнеше батырдың болуы Е) үнемі дулыға киіп жүретін адам 73. Ант беру – бұл: А) батырлардың өз қылышының жүзін сүю салты Б) ырым – жоралғыларға сеніп серттесу В) дәстүрге сай уәде ету Д) ағайынарасындағы сыйласу дәстүрі Е) ақыл – кеңес 74. «Жау» ұғымы: А) көрші ел Б) өзге ел В) дұшпан
Тест сұрақтары
Д) басын байгеге тігу Е) елі үшін жан беру 75. «Бата» беру: А) ақыл – кеңес беру Б) ризашылық беру В) ақсақалдар, ата – анасы мен хандардың ақ тілегі Д) ырым – жоралғыларға сену Е) дәстүрге сай уәде ету 76. Дулыға – бұл: А) қалпақ Б) қорғаныс жарағы В) сауыт Д) әшекей бұйым Е) шабу құралы 77. Шалкиіз жыраудың өмір сүрген уақыты: А)1564-1605 жж. Б) 1465-1560 жж. В)1645-1750 жж. Д) 1428-1468 жж. Е) 1635-1665 жж. 78. Жекпе-жек – бұл: А) жүректі сардарлардың өзара жеке шайқасы Б) төрт батырдың шайқасы В) кек алу шайқасы Д) мал ұрлығы Е) тосыннан шабуыл жасау 79. «Алғадай» ырымы – бұл: А) Жамбылдың баласының қаза болған күні Б) шайқастағы ырым В) өскелең бозбаланың алғаш рет жекпе-жекке шығуы Д) алғаш аң аулауға шығу Е) асық ату тәсілі
217
218
Қазақ халқындағы батырлық дәстүрлер
80. Қарасай батырдың шын есімі: А) Әбілмансұр Б) Абылай В) Ерасыл Д) Әбу-Саид Е) Қасым 81. Инициация үрдісі – бұл: А) бозбала мен бойжеткеннің есейіп балиғатқа толуына байла нысты болатын дәстүр Б) қоғамдық және өндірістік өмірге дайындау В) Құдайға сену Д) Садақа беру Е) елден жырақ болу 82. Ресей тарапынан хандық билік жоюдың алғашқы әрекеті жүргізілді: А) 1786 ж. Кіші жүзде Б) 1824 ж. Кіші жүзде В) 1822 ж. Орта жүзде D) Бөкей ордасында Е) 1867-1868 жж. реформа барысында 83. Тәуке ханның үш жүздің басын біріктіріп мәжіліс өткізген орны: А) Күлтөбе Б) Қозыбасы В) Орбұлақ Д) Шығыс Түркістан жері Е) Самарқан 84. Ақтамберді жыраудың өмір сүрген уақыты: А) 1567-1678 жж. Б) 1657-1785 жж. В) 1675-1768 жж. Д) 1680-1723 жж. Е) 1710-1758 жж. 85. Қазақ хандығының әкімшілік орталығы: А) Түркістан Б) Сығанақ
Тест сұрақтары
219
В) Отырар D) Тараз Е) Суяб 86. Исатай Тайманұлының өмір сүрген кезеңі: А) 1791-1838 жж. Б) 1763-1824 жж. В) 1793-1845 жж. Д) 1801-1845 жж. Е) 1799-1867 жж. 87. Шаған соғысында ерекше ұтымды әдіс пайдалана білген батыр: А) Наурызбай Б) Қабанбай В) Бөгенбай Д) Малайсары Е) Райымбек 88. Райымбек батырдың соғыс кезінде «Тұлғама» әдісін пайда ланғанын айтқан тарихшы: А) Кушкунбаев А.К. Б) Берлібаев Б. В) Сәнік З. Д) Левшин А. Е) Уәлиханов Ш. 89. Ж. Тұрлыбайұлының айтуынша «Жарақ » дегеніміз не? А) соғыстағы ұрыс құралы Б) соғыс кезіндегі еңбек құралы В) емдеу, жараны жазу құралы Д) батырлардың ант беру рәсімі Е) садақ оқтарын сақтау құралы 90. Эпос – бұл: А) әдебиеттің бір саласы. Б) көркем фильм В) монография Д) ғылыми туынды Е) адамның жеке өмірін баяндауға арналған еңбек
220
Қазақ халқындағы батырлық дәстүрлер
91. Кенесары Қасымұлы бастаған көтерілістің қазақтардың басқа отарлауға қарсы қозғалыстарынан айырмашылығы: А) қазақ мемлекеттігін қалпына келтіруге ұмтылыс Б) әскери бекіністерді салуға қарсылық В) жерді қайтаруға әрекет D) жер және су мәселелерін шешуге әрекет Е) Ресейдің пайдасына шешілетін салықтардың өсуін тоқтатуға әрекет 92. Сырым Датұлының өмір сүрген кезеңдері: А) 1723-1835жж. Б) 1712-1809 жж. В) 1712-1802 жж. Д) 1753-1835 жж. Е) 1765-1825 жж. 93. Жекпе-жек – бұл: А) жеке батырлар шайқасы. Б) топпен шайқас В) тұтқиылдан лап беру Д) қарусыз шайқас түрі Е) негізгі қолға көмек беруге келген топ атауы 94. «Ат құйрығын түйісу» – бұл: А) Серттен қайтпаудың шартты белгісі Б) айырылысып бітісу В) екінші рет сол елге шапқыншылық жасамауға берілген уәде Д) жас баланы атқа отырғызу ісіне баулу Е) ұлттық ойынтүрі 95. «Ат құйрығын кесісу» – бұл: А) серттен қайтпаудың шартты белгісі Б) айырылысып бітісу В) екінші рет сол елге шапқыншылық жасамауға берілген уәде Д) жас баланы атқа отырғызу ісіне баулу Е) ұлттық ойынтүрі 96. «Ақ үйлі аманат» – бұл: А) серттен қайтпаудың шартты белгісі Б) айырылысып бітісу
Тест сұрақтары
221
В) екінші рет сол елге шапқыншылық жасамауға берілген уәде Д) елшілікке аттану Е) әскери тактика 97. Халық арасында «Әлім Қарасақал әулие » атанған батыр: А) Батыр сұлтан Б) Бақтыбай батыр В) Есет батыр Д) Қабанбай батыр Е) Бөгенбай батыр 98. «Сауға» – бұл: А) соғыста қаза тапқан батырлардың, жауынгерлердің отбасыла рына көмектесудің түрі Б) кінәлінің бас сауғалауы В) атадан балаға мирас болып қалатын нәрсе Д) жерге иеліктің түрі Е) соғыс жариялау түрі 99. Батырлар институтының алтын ғасыры: А) XVII ғасыр Б) XVIII ғасыр В) XIX ғасыр Д) ХІХ ғасырдың ІІ жартысы Е) XХ ғасырдың басы.
ӘДЕБИЕТТЕР
1. Абдиров М.Ж. История казачества Казахстана. – Алматы: Казахстан, 1994. – 160 с. 2. Абдиров М.Ж. Завоевание Казахстана царской Россией и борь ба казахского народа за независимость. – Астана: Елорда, 2000. – 302 с. 3. Абдоллаев Н.А., Сатыпалды Е.С. Дәстүрлі қазақ қоғамының ба тырлар институты: әлеуметтік сипаты мен қоғамдық қызметінде гі ерекшелік // Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті нің Хабаршысы. Тарих сериясы. – 2002. – № 4. – 12-17 бб. 4. Абрамзон С.М. Киргизы и их этногенетические и историко-куль турные связи. – Л.: Наука, 1971. – 403 с. 5. Аманұлы Ж. Қарасай // Егемен Қазақстан. – 1998. – 4 қыркүйек. 6. Акишев А. К. Костюм «золотого человека» и проблема катафрак тария // Военное дело древних племен Сибири и Центральной Азии. – Новосибирск: Наука, 1981. – C. 123–131. 7. Ақберен. XVIII-XIX ғасырлардағы қазақ ақын-жырауларының жырлары. – Алматы: Жазушы, 1972. – 221 б. 8. Ақжолтай Ағыбай батыр. жинақ / құраст. М. Ә. Ағыбайтегі; ред. Қ. Сәдуақасов. – Жезқазған: Жезказганская облтипография, 1992. – 180 б. 9. Алдаспан. – Алматы: Жазушы, 1971. – 241 б. 10. Алимбаев Н. Вопросы типологии традиционной кочевой культу ры казахов // Культура кочевников на рубеже веков (XIX-XX вв.). Проблемы генезиса и трансформации: тезисы докладов межд. конф. – Алматы, 1995. – С. 300. 11. Алланиязов Т.К. Очерки военного дела кочевников Казахстана. – Алматы: Фонд «XXI век», 1997. – 94 с. 12. Алмас қылыш: батырлар жыры / құраст. Дәуітұлы С. – Алматы: Жалын, 1993. – 224 б. 222
Әдебиеттер
223
13. Александров П. Конокрадство среди киргизов // Туркестанские ведомости. – 1886. – № 10. – 120 с. 14. Никифоров Н. Аносский сборник. Собрание сказок алтайцев с примечаниями Г. Потанина // Западно-Сибирского отдела РГО. – Омск, 1915. – Т. XXXVII. – 40 с. 15. Андреев И.Г. Описание Средней Орды киргиз-кайсаков. – Алма ты: Ғылым, 1998. – 280 с. 16. Андрианов Б.В. Неоседлое население мира. – М.: Наука, 1985. – 278 с. 17. Аничков И. Қазақ батыры Жанқожа Нұрмұхамедов. – Алматы: Терме бірлесігі, 1991. – 31 б. 18. Апполова Н.Г. Присоединение Казахстана к России в 30-х годах ХVІІІ в. – Алма-Ата: АН ССР, 1948. – 254 с. 19. Аполлова Н. Г. Рукоприкладство как источник для изучения социальных отношении в Казахстане во второй половине XVIII века // Вопросы социально-экономической истории и ис точниковедения периода феодализма в России. – М.: АН СССР, 1961. – 366 с. 20. Артықбаев Ж. XVIII ғасырдағы қазақ қоғамының этноәлеумет тік құрылымы: тарих ғыл. докт. ... дисс. – Алматы, 1997. – 501 б. 21. Аристов Н.А. Заметки об этническом составе тюркских племен и народностей и сведения об их численности // Живая старина. – СПб., 1896. – Вып. ІІІ-ІV. – C. 277-456. 22. Артамонов М.И. История хазар. – Л.: Изд-во Гос. Эрмитажа, 1962. – 523 с. 23. Аспандияров Б. Образование Букеевской орды и ее ликвидация // Нива. – 2002. – №2. – С. 101-118. 24. Асфендияров С.Д. История Казахстана (с древнейших времен) / под ред. А.Такенова. - 3-е изд. – Алматы: Санат, 1998. – 304 с. 25. Атырау. Энциклопедия. – Алматы: Атамұра, 2000. – 383 б. 26. Ахметжанов Қ.С. Жараған темір кигендер: батырлардың қаружарағы, әскери өнері, салт-дәстүрлері. – Алматы: Дәуір, 1996. – 256 б. 27. Ахметжан К.С. История ручного огнестрельного оружия казахов // «Шоқан тағлымы – 6». ҚР Тәуелсіздігінің 10 жылдығына ар налған халықаралық ғылыми-практикалық конференция матери алдары. – Көкшетау, 2001. – Т. 1. – 230 б. 28. Ахметзянов М. Татарские шеджере. – Казань: Таткнигоиздат, 1991. – 156 с.
224
Қазақ халқындағы батырлық дәстүрлер
29. Әбілғазы. Түрік шежіресі. – Алматы: Ана тілі, 1992. – 208 б. 30. Әуезов М., Соболев Л. Қазақ халқының эпосы мен фольклолры / ауд., А. Нұрқатов // Әуезов М. Жиырма томдық шығармалар жи нағы. – Т. 17. – Алматы: Жалын, 1985. – 156-205 бб. 31. Байболұлы Қ. Есім хан туралы жыр // Байболұлы Қ. Төле би: Дастандар. – Алматы: Жазушы, 1991. – 57-172 бб. 32. Байтұрсынов А.Б. Шығармалары. Өлеңдер, аудармалар, зерттеу лер. – Алматы: Жазушы, 1989. – 320 б. 33. Басин В.Я. Россия и казахские ханства в XVІ-XVІІІ вв. – АлмаАта: Наука,1971. – 273 с. 34. Батырлар жыры. Қырымның қырық батыры. (Мұрын жыраудан жазылған мұралар). – Алматы: Жазушы, 1989. – Т. 5. – 380 б. 35. Батырлар жыры. – Т. 5. / ред. алқасы Асқаров Ә., Бердібаев Р., Қасқабасов С. – Алматы: Жазушы, 2001. – 296 б. 36. Башкортостан: Краткая энциклопедия. – Уфа: Изд-во «Башкирская энциклопедия», 1996. – 560 с. 37. Бекмаханов Е.Б. Қазақстан ХІХ ғасырдың 20-40 жылдарында: оқу құралы. – Алматы: Санат, 1994. – 416 б. 38. Бекмаханов Е.Б. К вопросу о социальной природе батыров (XIX в.) // Известия АН КазССР. – 1947. – № 8 (29). – С. 62-64. 39. Бекмаханов Е. Семенюк Г. Казахи в крестьянской войне 17731775 гг. // Ученые записки. Т.LІV. Серия историческая. – АлмаАта, 1963. – Вып. 12. – С. 68-71. 40. Бекмаханова Е. Легенда о невидимке: (участие казахов в крес тьянской войне под руководством Пугачева в 1773-1775 годах) / Н.Е. Бекмаханова; ред. Г. Карпенков. – Алма-Ата: Казахстан, 1968. – 190 с. 41. Бердібай Р. Эпос мұраты. – Алматы: Білім, 1997. – 320 б. 42. Бес ғасыр жырлайды ХV ғасырдан ХХ ғасырдың бас кезiне дейiнгi қазақ ақын-жырауларының шығармалары. 2-томдық / құраст.: М. Мағауин, М. Байдiлдаев. – Алматы: Жазушы, 1989. – Т. 1. – 384 б. 43. Бернштам А.Н. Социально-экономический строй орхоно-ени сейских тюрок VI-VIII веков. – М.-Л.: Изд-во АН СССР, 1946. – 207 с. 44. Бердібаев Б. Райымбек батыр және тарихи танымдағы жауын герлік дәстүр // Райымбек – қазақ халқының даңқты ұлы: Түке ұлы Райымбектің 300 жылдығына байланысты өткізілген респуб. ғыл.-теор. конф. матер. – Алматы: «Жедел басу баспаханасы», 2005. – 156 б.
Әдебиеттер
225
45. Бердібаев Б. Райымбек батыр және тарихи танымдағы жауынгер лік дәстүр // Райымбек – қазақ халқының даңқты ұлы. – Алматы, 2005. – 46-53 бб. 46. Бижанов М. Социальные категории казахского общества XVIII века в трудах русских ученых // Казахстан в XV – XVIII веках (вопросы социально-политической истории. – Алма-Ата: Наука 1969. – 203 с. 47. Бларамберг И.Ф. Военно-статическое обозрение земли киргизкайсаков Внутренней (Букеевский) и Зауральской (Малой) Орды Оренбургского ведомства // Военно-статическое обозрение Рос сийскии империи. – СПб., 1848. –Т. 16. – Ч. 1. – 322 с. 48. Большая Советская Энциклопедия / гл. ред. В.Г. Панов. – М.: Сов. энциклопедия, 1990. – Вып. 34. – 556 с. 49. Ботяков Ю.М., Янборисов В.Р. Холодное оружие туркмен. Па мятники традиционно-бытовой культуры народов Средней Азии, Казахстана и Кавказа. – Л.: Наука, 1989. – 206 с. 50. Бочаров К.И. Очерки истории военного искусства. – Т.1. Древ ний мир. – М.: Соцэгиз, 1936.– 104 с. 51. Валиханов Ч.Ч. Избранные произведения. – М.: Наука, 1986. – 413 с. 52. Валиханов Ч.Ч. Собрание сочинений в пяти томах. – Алма-Ата: Наука, 1985. – Т. 4. – 461 с. 53. Веселовский А.Н. Историческая поэтика. – М.: Высшая школа, 1989. – 406 с. 54. Витевский В.Н. И.И. Неплюев и Оренбургский край в прежнем его составе до 1758 г. – Казань: Типолитогр., 1897. – Т. 1. – 292 с. 55. Владимирцев Б.Я. Общественный строй монголов. Монгольский кочевой феодализм. – Л.: Издательство АН СССР, 1934. – 223 с. 56. Владимирцов Б.Я. Чингис-Хан. – Берлин-Петроград-М., 1922. – 182 с. 57. Вяткин М.П. Батыр Сырым. – М. – Л.: Изд-во АН СССР, 1947. – 390 с. 58. Вяткин М. П. Сұлтаны и бии // Қазақтың ата заңдары. Құжаттар, деректер және зерттеулер. – 10 томдық / бас ред.: Зиманов С.З. – Алматы: Жеті жарғы, 2004. – Т. 2. – 213-217 бб. 59. Гейер И.М. Голод и колонизация в Сырдаринской области // Сборник материалов для статистики Сыр-Дарьинской области. – Ташкент: изд: Сыр-Дарьинск. Обл. Стат. Комитета, 1892. – Т. 2. – 547 с.
226
Қазақ халқындағы батырлық дәстүрлер
60. Гребнев Л.В. Сказания о богатырях: Тувинский героический эпос. – Кызыл: Тувинкнигоиздат, 1960. – 321 с. 61. Георги И. Описание всех обитающих в Российском государстве народов.– СПб.: при Имп. Акад. наук, 1799. – Ч. 2. – 135 с. 62. Гродеков Н.И. Киргизы и каракиргизы Сыр-Дарьинской области. Юридический быть. – Ташкент: Типо-литография С.И. Лахтина, 1889. – Т. 1. – 298 с. 63. Гродеков Н.И. Война в Туркмении. Поход Скобелева в 18801881 гг. – СПб.: Тип-я В. С. Балашева, 1883. – Т. 1. – 158 с. 64. Гумилёв Л.Н. История народа хунну. В 2-х книгах. – М.: Инсти тут Ди-Дик, 1998. – 448 с. 65. Гуревич Б.П. Международные отношения в Центральной Азии в ХVІІ – первой половине ХІХ в. – М.: Наука, 1983. – 309 с. 66. Гуревич А.Л. Проблемы генезиса феодализма в Западной Евро пе. – М.: Высшая школа, 1970. – 224 с. 67. Гурлянд Я. Степное законодательство с древнейших времен до XVIII столетия // Известия Общества архелогии, истории и эт нографии при Казанском университете. – Казань, 1904. – Т. 20. – Вып. 4-5. – С. 49-158. 68. Ғабдуллин М., Сыдықов Т. Қазақ халқының батырлық жыры. – Алматы: Ғылым, 1972. – 340 б. 69. Дайрабай Т. Сырдың сырлы сыры. – Алматы: Арыс, 2005. – 496 б. 70. Даль В. Толковый словарь живого великорусского языка. В четы рех томах. – М.: Русский язык, 1978. – Т. 1. – 700 с. 71. Дауленова С. Барымта и ее ликвидация в первые годы Советс кой власти в Казахстане. Проблемы казахского обычного права. – Алма-Ата, 1984. 72. Дж. Кэстль. 1736 жылы Кіші жүз ханы Әбілқайырға барып қайт қан сапары туралы. – Астана: «Аударма баспасы», 2002. – 138 б. 73. Диваев А. Обычай киргизов Семипалатинской области // Русский вестник. – СПб., 1878. – Т. 137. – 96 с. 74. Древнетюркский словарь. – Л.: Наука, 1969. – 676 с. 75. Добросмыслов А.И. Тургайская область. Исторический очерк. – Оренбург, 1900. – 524 с. 76. Добросмыслов А.И. Суд у киргиз Тургайской области въ XVІІІ и XІX веках.– Казань: Типо-литография Казанского университета, 1904. – 105 с. 77. Досмұхамедұлы Х. Аламан. – Алматы: Өлке, 1991. – 256 б. 78. Едіге батыр. – Алматы: Ғылым, 1995. – 152 б.
Әдебиеттер
227
79. Еламанов Қ. Қазақтың бұрынғы ел басқару құрылымы және би лер қызметі // Қазақтың ата заңдары. Құжаттар, деректер және зерттеулер. – 10 томдық / бас ред.: С.З. Зиманов. – Алматы: Жеті жарғы, 2004. – Т. 2. – 240-249 бб. 80. Елеусізұлы Қ. Адамның сұңқары. Тарихи-танымдық жинақ. – Алматы: Жалын, 2001. – 201 б. 81. Ер Тарғын: Батырлық эпос / Қара сөзбен жырлаған М. Мағауин. – Алматы: Жазушы, 1985. – 88 б. 82. Ерофеева И.В. Батыры как феномен истории казахского народа // Казахстанская правда. – 1992. – 25 сентября. 83. Ерофеева И.В. Хан Абулхаир: полководец, правитель и политик. – Алматы: Санат, 1999. – 336 с. 84. Есім Ғ. Әулие Райымбек жолы елдікке бастайды: Райымбек ба тырдың туғанына 300 жыл // Жетісу. – 2005. – 30 шілде. 85. Есмагамбетов К.Л. Что писали о нас на Западе. – Алматы: Қазақ университеті, 1992. – 52 с. 86. Есмағамбетов К. Батырлар тарихы – рухани байлығымыз // Қазақ тарихы. – 2007. – № 4. – 15-19 бб. 87. Жамбалова С.Т. Традиционная охота бурят: автореф. дисс. ... канд. ист. наук. – Л., 1986. – 20 с. 88. Жирмунский В.М. Тюркский героический эпос. Избранные тру ды. – Л.: Наука, 1974. – 728 с. 89. Жорабаева Г., Дайрабай Т. Арал батыр // Қазақстан. Ұлттық эн циклопедия. – Алматы. 1998. – Т. 1. – 47 б. 90. Жумадил А.Е. Военное дело кочевников Евразии: историографи ческий анализ. – Алматы: Қазақ университеті, 2014. – 270 с. 91. Жумагамбетов Т.С. Древнетюркский каганат: становление и разви тие государственности. VI-VIII вв. – Алматы: ААЭС, 2006. – 291 с. 92. Жумабаев М. Батыр Баян. – Петропавл: «Полиграфия» АҚ, 2008. – 36 б. 93. Залесский Б. Қазақ даласының тіршілік-тынысы // Әлем альма нах. – Алматы, 1990. – 23-28 бб. 94. Зеланд Н. Қырғыздар. Батыс Сібір бөлімінің жазбалары // Қазақ тар. Қазақстан һәм қазақтар хақында. – Алматы, 1998. – 432 б. 95. Зиманов С.З. Общественный строй казахов первой половины ХІХ века. – Алма-Ата: Изд-во АН КазССР, 1958. – 296 с. 96. Златкин И.Я. К вопросу о сущности патриархально-феодаль ных отношений у кочевых народов // Вопросы истории. – 1955. – № 4. – C. 14-17.
228
Қазақ халқындағы батырлық дәстүрлер
97. Иванов М.С. Племена Фарса. Кашкайские, хамсе, кухгилуйе, мамсани. – М.: Изд-во АН СССР, 1961. – 172 с. 98. Игнатьев Р. Карасакал, Лже-хан Башкирии // Труды научного об щества по изучению быта, истории и культуры башкир при нар компроссе БАССР. – Стерлитамак, 1922. – Вып.2. – С. 112-116. 99. Ильясов С.М. Земельные отношение в Киргизии в конце XIX – начале ХХ в. – Фрунзе: Киргизгосиздат, 1963. – 106 с. 100. Исенов Ө.И. Қазақ қоғамындағы тархандар институты тарихы (ХVІІІ-ХІХ ғғ.): тарих ғыл. канд. дисс. ... автореф. – Алматы, 2009. – 24 б. 101. История Казахстана в русских источниках в ХVІ-ХХ веков. Русские летописи и официальные ХVІ – первой трети ХVІІІ в. О народах Казахстана / Сост., транскрипция, комментарии, всту пителная статья И.В. Ерофеевой. – Алматы: Дайк-Пресс, 2005. – Т. 2 – 448 с. 102. История Казахстана в русских источниках ХVІ-ХХ веков. Журна лы и служебные записки дипломата А.И. Тевкелева по истории и этнографии Казахстана (1731-1759гг.) / составление, транскрип ция скорописи ХVІІІ в., историографический очерк и коммента рии И.В. Ерофеевой. – Алматы: Дайк-Пресс, 2005. – Т. 3. – 484 с. 103. История Казахстана в русских источниках ХVІ-ХХ веков. Пер вые историко-этнографические описание казахских земель XVIII в. / сост., транскрипция скорописи XVIII века И.В. Ерофеевой, А.А. Альмухамбета. – Алматы: Дайк-Пресс, 2007. – Т. 4. – 368 с. 104. История Казахстана в русских источниках ХVІ-ХХ веков. Первые историко-этнографические описание казахских земель первая половина XIХ в. / сост., комментарии И.В. Ерофеевой, Б.Т. Жа наева. – Алматы: Дайк-Пресс, 2007. – Т. 5. – 620 с. 105. История Букеевского ханства. 1801 – 1852 гг. // Сборник доку ментов и материалов / сост.: Жанаев Б.М., Иночкин В.А., Саг наева С.Х. – Алматы: Дайк – Пресс, 2002 – 1120 с. 106. Исхаков Д.М. Родословные и эпические произведения как источ ник истории сословий Улуса Джучи и татарских ханств // Источ никоведение Улуса Джучи (Золотой Орды): от Калки ло Астраха ни. 1223-1556. – Казань, 2002. – С. 316-347. 107. Иоллығтегін. Күлтегін. Көне жазба ескерткіштері. – Алматы: Жалын, 1986. – 78 б. 108. Казахско-русские отношения в ХVІ-ХVІІІ веках (Сборник доку ментов и материалов). – Алма-Ата: АН Каз ССР, 1961. – 744 с.
Әдебиеттер
229
109. 105 Казахско-русские отношения в ХVІІІ-ХІХ веках (1771-1867 годы). Сборник документов и материалов. – Алма-Ата: Наука, 1964. – 575 с. 110. Кайдаров А.Т. Доспехи и вооружение воина-батыра в казахском эпосе и их этно-лингвистическое объяснение // Известия АН КазССР. Серия общественных наук. – 1973. – № 6. – С. 25-40. 111. Карл Ясперс. Смысл и назначение истории / пер. с нем. – М.: По литиздат, 1991. – 527 с. 112. Келімбердиев А.М. Ел қорғаны – батырлар // Ақтөбе. – 1993. – 16 қаңтар. 113. Кенжебаев Б. Әдебиет белестері. – Алматы: Жалын, 1986. – 400 б. 114. Кляшторный С.Г., Султанов Т.И. Государства и народы евразийс ких степей: Древность и средневековье. – СПб.: Петербургское Востоковедение, 2004. 2-е изд., исправл. и доп. – 368 с. 115. Кляшторный С.Г., Султанов Т.И. Казахстан: Летопись трех тыся челетий. – Алма-Ата: Рауан, 1992. – 384 с. 116. Кляшторный С.Г. Древнетюркские рунические памятники как источник по истории Средней Азии / отв. ред. А.Н. Кононов. – М.: Наука, 1964. – 214 с. 117. Курылев Оружие казахов // СМАЭ. Материальная культура и хо зяйство народов Кавказа, Средней Азии и Казахстана. – Л., 1978. – Т. 34. – С. 4-22. 118. Коников Б.А. Некоторые вопросы раннесредневековой археоло гии таежного Прииртышья (в связи с исследованиями поселения и курганной группы у д. Ки-по-Кулары Омской области) // Проб лемы этнической истории тюркских народов Сибири и сопре дельных территорий. – Омск: Омск. ун-т, 1984. – C. 36-49. 119. Козин С.К. Сокровенное сказание. Монгольская хроника 1240 г. под названием Mongrol-un Niruca tobciyan. Юань Чао Би Ши. Монгольский обыденный изборник. Введение в изучения памят ника, перевод, тексты, глоссарий. – М. – Л., 1941. – Т. 1. – 619 с. 120. Котенко В.Д. Основные закономерности возникновения госуда рства у восточных славян.: дисс. ... канд. юр. наук. – Харьков, 1986. – 153 с. 121. Костенко Л.Ф. Средняя Азия и водворение в ней русской граж данственности. – СПб.: Изд-во А.Ф. Базунова, 1871. – 358 c. 122. Кочеев В.А. Воины пазырыкского общества // Проблемы изуче ния древней и средневековой истории Горного Алтая. – ГорноАлтайск, 1990. – С. 105-118.
230
Қазақ халқындағы батырлық дәстүрлер
123. Крадин Н.Н. Кочевые общества: Проблема формационной харак теристики. – Владивосток, 1992. – 240 с. 124. Крадин Н.Н. Кочевники, мир-империи и социальная эволюция // Аль тернативные пути к цивилизации. – М.: ЦЦРИ РАН, 2000. – 201 с. 125. Крафт И.И. Сборник узаконений о киргизах степных областей. – Оренбург: Типо-литография П.Н. Жаринова, 1898. – 532 с. 126. Крживицкий Л. Антропология / пер. с пол. С.Д. РомановскогоРоманько; под ред. Р.И. Сементковского. – СПб., 1896. – 352 с. 127. Ксенофонтов Г. В. Эллэйада. Материалы по мифологии и леген дарной истории якутов. – М.: Наука, 1977. – 248 с. 128. Кубарев В.Д. Курганы Уландрыка. – Новосибирск: Наука, 1987. – 302 с. 129. Кузнецов В.С. Цинская империя и Казахские ханства. Вторая по ловина ХVІІІ – первая треть ХІХ в. – Новосибирск: Наука, 1983. – 126 с. 130. Кузнецов В.С. Цинская империя на рубежах Центральной Азии. – Новосибирск: Наука, 1983. – 120 с. 131. Кульпин Э.С. Золотая Орда: Проблема генезиса Российского го сударства. – М.: Комкнига, 2006. – 176 с. 132. Кушнер П.И. (Кнышев). Горная Киргизия (Социологическая раз ведка). – М., 1929. – 288 с. 133. Курылев В.П. Памятники традиционно-бытовой культуры наро дов Средней Азии, Казахстана и Кавказа. – Л.: Наука, 1989. – 97 с. 134. Кушкумбаев А.К. Военное дело казахов в XVII–XVIII вв. – Ал маты: Дайк-Пресс, 2001. – 184 с. 135. Кычанов Е.И. Кочевые государства от гуннов до маньчжуров. – М.: Восточная литература, 1997. – 130 с. 136. Қадырғали Жалайыр. Шежірелер жинағы / шағатай-қазақ ті лінен аударып, алғы сөзін жазғандар Н. Мингулов, Б. Көмеков, С. Өтениязов. – Алматы: Қазақстан, 1997. – 128 б. 137. Қайырғалиева Г. Батырлар институты және оның дәстүрлі қазақ қоғамындағы орны (Бөкенбай батыр әулетінің негізінде): тарих ғыл. канд. дисс. ... автореф. – Орал, 2010. – 24 б. 138. Қазақ совет энциклопедиясы / бас ред. М.Қ. Қаратаев – Алматы: Қазақ Энциклопедиясы, 1977. – Т. 11. – 632 б. 139. Қазақ әдебиетінің тарихы. Фольклор. – Алматы: Қазақ ССР Ғы лым Академиясы, 1948. – Т. І. – 440 б. 140. Қазақ ру-тайпаларының тарихы. Арғын. – Алматы.: «Алаш» та рихи-зерттеулер орталығы, 2007. – Т. ІХ. – 2-кітап. – 500 б.
Әдебиеттер
231
141. Қазақ Совет энциклопедиясы. – Алматы: Қазақ энциклопедиясы, 1973. – Т. 2. – 640 б. 142. Қазақ халық әдебиеті. Көп томдық. Батырлар жыры. – Алматы: Жазушы, 1989. – Т. 4. – 400 б. 143. Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі. – Алматы: Ғылым, 1976. – Т. 2. – 695 б. 144. Қазақ хандығы дәуіріндегі әдебиет. – Алматы: Ана тілі, 1993. – 17 б. 145. Қазақтың көне тарихы. – Алматы: Жалын, 1994. – 400 б. 146. Қазақ ру-тайпаларының ұрандары жөнінде // Қазақ ру-тайпала рының тарихы. Найман. – Алматы, «Алаш» тарихи-зерттеулер орталығы, 2008. – Т.10. – 1-кітап. – 122-134 бб. 147. Қазақ ақындарының поэзиясы: оқу кұралы / Сүйіншәлиев Х.Ж. – Алматы: КазМУ, 1982. – 173 б. 148. Қазақстан тарихы көне замандардан бүгінге дейін. Бес томдық. – Алматы: Атамұра, 2002. – Т. 3. – 768 б. 149. Қазақстан тарихы туралы түркі деректемелері. ІІ том. Көне түрік бітік тастары мен ескерткіштері (Орхон, Енисей, Талас). – Алма ты: Дайк-Пресс, 2005. – 252 б. 150. Қазақстан Ұлттық энциклопедиясы / бас. ред. Нысанбаев Ә.А. – Алматы: Қазақ энциклопедиясы, 1999. – Т. 2. – 720 б. 151. Қазақтың Қарасай батыры / құраст.: Дәуітов С. – Алматы: Жа лын, 2000. – 127 б. 152. Қазженұлы Ұ. Әнестен бергі тарих // Адай-ата. – Алматы, 2005. – 2 кітап. – 504 б. 153. Қаназов М. Жанқожа батыр // Жұлдыз. – 1991. – №12. – 139-148 бб. 154. Қаражан Қ.С. XVIII ғасырдағы қазақ халқының жоңғар басқын шыларымен күресіндегі қазақ батырларының рөлі // Шапыраш ты Наурызбай: Шапырашты Наурызбай батырдың 300 жылдық мерейтойы қарсаңында өткізілген ғыл.-теор. конф. матер. – Ал маты: Қазақ университеті, 2003. – 79-82 бб. 155. Қартаева Ш.Е. Қазақ халқының әскери өнері және жауынгерлік дәстүрі (XV-XVI ғғ.): тарих ғыл. канд. ... дисс. – Алматы, 1999. – 157 б. 156. Қасымбаев Ж.К. Государственные деятели казахских ханств в ХVІІІ первой четверти ХІХ вв.: Хан Жантөре (1789-1809). – Ал маты: Білім, 2001. – Т. 3. – 301 с. 157. Қозыбаев М. Жауды шаптым ту байлап. – Алматы: Қазақстан, 1994. – 192 б.
232
Қазақ халқындағы батырлық дәстүрлер
158. Қоңыратбаев Ә. Қазақ эпосы және түркология. – Алматы: Ғы лым, 1987. – 368 б. 159. Қоңыратбай Т. Эпос және этнос. Қазақ эпосы және оның этника лық сипаты. – Алматы: Ғылым, 2000. – 268 б 160. Қорқыт ата кітабы. – Алматы: Жазушы, 1986. – 32 б. 161. Қосжанұлы Н. Сартай батыр. Дастан. – Алматы: Қазақстан, 1997. – 72 б. 162. Көшекова А.А. Қазақ эпосындағы ат образы: филология ғыл. канд. дисс. ... автореф. – Алматы, 2009. – 24 б. 163. Қазақтың этнографиялық категориялар, ұғымдар мен атаулары ның дәстүрлі жүйесі. (Ғылыми редактор және жоба жетекшісі Н. Әлімбай) Энциклопедия. Алматы, 2012. – Т. ІІІ. – 484 б. 164. Құнанбаев А. Қарасөз. – Алматы: Международный клуб Абая, 2009. – 340 б. 165. Құнтөлеуұлы А. Әбілқайыр хан. – Алматы: Дәуір, 2008. – 600 б. 166. Латышев В.В. Известия древних писателей греческих и латинс ких о Скифии и Кавказа. – Вып. I. Греческие писатели. – СПб., 1893. – 946 с. 167. Левшин А.И. Описание киргиз-кайсацких или киргиз-казачьих орд и степей.– СПб: Тип. Карла Крайя, 1832. – Ч. ІІІ. – 304 с. 168. Левшин А.И. Описание киргиз-казачьих или киргиз-кайсацких Орд и степей. – Алматы: Санат, 1996. – 656 с. 169. Липец Р. Образы батыра и его коня в тюрко-монгольском эпосе. – М.: Наука, 1984. – 264 с. 170. Мағауин М. Ғасырлар бедері. – Алматы: Жазушы, 1991. – 432 б. 171. Мажитов С.Ф. Проблемы истории, теории и историографии на родно-освободительного движения ХVІІІ-начала ХХ вв. в Каза хстане. – Алматы: Мектеп, 2007. – 350 с. 172. Маковецкий П.Е. Материалы для юридических обычаев кир гизов. / Семипалат. областной стат. комитет. – Вып. 1. Матери альное право. – Омск, 1886.– 88 с. 173. Малов С.Е. Памятники древнетюркской письменности. Тексты и исследования. – М. – Л.: Изд-во АН СССР, 1951. – 451 с. 174. Марков Г.Е. Кочевники Азии. Структура хозяйства и обществен ной организации. – М.: Изд-во Московского университета, 1976. – 321 с. 175. Марғұлан Ә. Олжабай // Жұлдыз. – 1984. – № 2. – 170-175 бб. 176. Марғұлан Ә. Ежелгі жыр-аңыздар: ғылыми зерттеулер / құраст.: Р. Бердібаев. – Алматы: Жалын, 1985. – 367 б.
Әдебиеттер
233
177. Масанов Н.Э. Кочевая цивилизация казахов: (Основы жизне деятельности номадного общества). – Алматы – М.: СоцинвестГоризонт, 1995. – 325 с. 178. Материалы по истории Сюнну / предисл., пер. и примеч. В.С. Таскина. – М.: Наука, 1968. – 176 с. 179. Материалы по истории Казахской ССР (1785-1828 гг.). – М. – Л.: Изд. АН СССР, 1940. – Т. ІV. – 543 с. 180. Материалы по истории России. Сборник указов и других докумен тов, касающихся управления и устройства Оренбургского края: По архивным документам Тургайского областного правления / сост.: А.И. Добросмыслов. – Оренбург, 1900. – Т. 1. – 303 с. 181. Материалы по истории Казахских ханств XV-XVIII веков (Изв лечения из персидских и тюркских сочинений) / сост.: С.К. Иб рагимов, Н.Н. Мингулов, В.П. Юдин. – Алма-Ата: Наука, 1969. – 652 с. 182. Материалы по истории каракалпаков // Труды Института восто коведения Академии наук СССР: сб. – М. – Л.: АН СССР, 1935. – Т. VII. – 289 с. 183. Материалы по истории Башкирской АССР. – М. – Л.: Изд-во АН СССР, 1949. – Т. ІІІ. – 524 с. 184. Мейер Л. Киргизская степь Оренбургского ведомства. – СПб.: Тип. Э. Веймара и Ф. Персона, 1865. – 288 с. 185. Мейендорф Е.К. Путешествие из Оренбурга в Бухару. – М.: Наука, 1975. – 180 с. 186. Мелетинский Е.М. Происхождение героического эпоса: ранние формы и архаические памятники. – М.: Восточная литература, 2004. – 462 с. 187. Миллер В.Ф. Древнеосетинский памятник из Кубанской области // Материалы по археологии Кавказа. – M., 1893. – Вып. III. – С. 183-230. 188. Миллер О.Ф. Славянство в Европе. Статьи и речи // Сочинение. – СПб., 1847. – С. 52-67. 189. Минорский В. Ф. История Ширвана и Дербенда X-XI веков. – М.: Издательство восточной литературы, 1963. – 265 с. 190. Муканов М.С. Жилище в системе культуры жизнеобеспечения этноса // Известия НАН РК. – 1994. – №1. – С. 3-11. 191. Мұқаметқанұлы Н. Тарихи зерттеулер / Аударған А. Қожабеков. – Алматы: Жалын, 1994. – 144 б. 192. Нұралыұлы О. Сабалақ-Абылай хан: Тарихи дастан / дайындаған Қ. Нұралин // Жұлдыз. – 1992. – №7. – 145-156 бб.
234
Қазақ халқындағы батырлық дәстүрлер
193. Окладников А.П. Конь и знамя на Ленских писанинах // Тюрко логический сборник.. – М. – Л., 1951. – Вып. 1. – С. 143-154. 194. Омарбеков Т. «Алаш» атауы туралы не білеміз? // Қазақ ру-тай паларының тарихы. Найман. – Алматы: «Алаш» тарихи-зерттеу лер орталығы, 2008. – Т. 10. – 1-кітап. – 33-53 бб. 195. Оразбаева А. Қазақ қоғамындағы билер институты: тарихи бас таулары, орны және рөлі (ХVІІІ ғасыр): тарих ғыл. канд. ... дисс. – Алматы, 1998. – 151 б. 196. Оразбаева А. Дәстүрлі қазақ қоғамына тән билер институты. – Алматы: Дайк-Пресс, 2004. – 206 б. 197. Орлов А.С. Казахский героический эпос. – М. – Л: Изд. АН СССР, 1945. – 148 с. 198. Өткелбаев Н. Жалаңтөс баһадүр // Тамыры терең, тарихы кенен – Қазалы. – Алматы: Телеарна, 2008. – 34-58 бб. 199. Паллас П.С. Путешествие по разным провинциям Российской империи. – СПб.: При Императ. Акад. наук, 1773. – Т. І. – 472 с. 200. Перщиц А.И. Война и мир на пароге цивилизаций. Кочевые ско товоды // Першиц А.И., Семенов Ю.И., Шнирельман В.А. Вой на и мир в ранней истории человечества. В двух томах. – М.: Институт этнологии и антропологии РАН, 1994. – Т. II. – Ч.III. – С. 131-245. 201. Перщиц А.И. Некоторые особенности классообразования и ран неклассовых отношений у кочевников скотоводов // С тановление классов и государства. – М.: Наука, 1976. – 350 с. 202. Плетнева С.А. Кочевники средневековья: поиски исторических закономерностей. – М.: Наука, 1982. –190 с. 203. Плетнева С. Печенеги, тюрки и половцы в южнорусских сте пях // Материалы и исследования по археологии. – 1958. – № 62. – С. 151-226. 204. Посольство къ зюнгарскому хунъ-тайчжи Цэванъ Рабтану капи тана отъ артилеріи Ивана Унковскаго и путевой журналъ его за 1722-1724 годы. – СПб., 1887. – 320 с. 205. Потапов Л.П. О сущности патриархально-феодальных отноше ний у кочевых народов Средней Азии и Казахстана // Вопросы истории. – 1954. – № 6. – C. 21-23. 206. Прошлое Казахстана в источниках и материалах. Сборник (V в. н.э. – XVIII в. н.э.). – М. – Алма-Ата, 1935. – Ч.1. – 300 с. 207. Пфаф В.Б. Материалы для истории осетин // Сборник сведений о кавказских горцах. – Тифлис, 1871. – Вып. V. – 150 c.
Әдебиеттер
235
208. Радлов В.В. Опыт словаря тюркских наречий. – СПб.: Имп. АН, 1911. – Т. 4. – Ч. 2. – 1118 с. 209. Ратцель Ф. Народоведение: в 2 т-х. / пер. Д.А. Коропчевского. – 4-е изд. – СПб.: Типография товарищества «Просвещение», 1902. – Т. 1. – 764 с. 210. Рашид ад-Дин. Сборник летописей / пер. с персидского Л.А. Хе тагурова, ред. и примеч. А.А. Семенова. – М. – Л.: Изд-во АН СССР, 1952. – Т. I. – Кн. 1. – 222 с. 211. Рашид ад-Дин. Сборник летописей / пер. с персидского О.И. Смирновой, ред. А.А. Семенова. – М. – Л.: Изд-во АН СССР, 1952. – Т. I. – Кн. 2. – 316 с. 212. Рашид ад-Дин. Сборник летописей / пер. с персидского Ю.П. Верховского, примеч. И. П. Петрушевского. – М. – Л.: Изд-во АН СССР, 1960. – Т. 2. – 248 с. 213. Росляков А.Л. Аламаны // Советская этнография. – 1955. – № 2. – С. 41-53. 214. Русский филологический вестник. – СПб., 1913. – Т. 70. – 120 с. 215. Рычков П.И. История Оренбургская (1730-1750). – Оренбург, 1896. – 95 с. 216. Рычков Н. Дневные записки путешествия в киргиз-кайсацкой степи в 1771 году. – СПб.: Акад. Наук, 1772. – 104 с. 217. Рязанов А.Ф. Сорок лет борьбы за национальную независи мость казахского народа (1737-1838 гг) // Очерки по истории национального движения Казахстана в 2-частях. – Кзыл-Орда, 1926. – С. 5-24. 218. Самашев З., Жетібаев Ж. Қазақ петроглифтері: көне тамыры мен сабақтастығы. – Алматы: «Иль-Тех-Кітап», 2005. – 132 б. 219. Саурық батыр. – Алматы: Қазақ университеті, 1993. – 109 б. 220. Сәдуақасұлы Ә. Қаракерей Қабанбай // Қазақ батырлары. – 2000. – №4. 221. Сәнік З., Садықанұлы Б. Қаракерей Қабанбай. – Алматы: Жазу шы, 1991. – 176 б. 222. Сафаргалиев М.Г. Распад Золотой Орды // На стыке континентов и цивилизации. Из опыта образования и распада империй Х-ХVІ вв. – М.: Российская политическая энциклопедия, 1996. – С. 277-526. 223. Сборник материалов, относящихся к истории Золотой Орды. Извлечение из сочинений персидскиих. – М. – Л.: Изд-во АН ССР, 1994. – Том II. – 308 с.
236
Қазақ халқындағы батырлық дәстүрлер
224. Седельников Т. Борьба за землю в киргизской степи: Киргизский земельный вопрос и колонизационная политика правительства. – СПб., 1907. – 79 с. 225. Сейдімбек А. Қазақтың ауызша тарихы: шежірелік деректерді пайымдау. – Астана: Фолиант, 2008. – 728 б. 226. Скрынникова Т.Д. Харизма и власть в эпоху Чингисхана – М.: Логос, 1997. – 120 c. 227. Сматаев С. Елім-ай: Роман. – Алматы: Жазушы, 1978. – 158 б. 228. Смирнова Н.С. Казахская народная поэзия: научно-популярный очерк. – Алма-Ата: Наука, 1967. – 134 с. 229. Смит А. Исследование о природе и причинах богатства народов: в 4-х томах. – М. – Л.: Соцэкгиз, 1935. – Т. 1-2. – 123 с. 230. Соколовский В.Г. Казакский аул. Микроафиша. – Ташкент, 1926. – 49 с. 231. Суразаков С.С. Алтайский героический эпос. – М.: Наука, 1985. – 256 с. 232. Сулейменов Р.Б. Моисеев В.А. Из истории Казахстана ХVІІІ ве ка. – Алма-Ата: Наука, 1988. – 144 с. 233. Сүлейменов О. АЗ и Я. – Алма-Ата: Жазушы, 1975. – 288 с. 234. Сыздықова Р., Қойгелдиев М. Қадырғали би Қосымұлы және оның жылнамалар жинағы. – Алматы: Қазақ университеті, 1991. – 271 б. 235. Тизенгаузена В. Сборник материалов, относящихся к истории Золотой Орды. Извлечения из сочинений арабских. – СПб.: Ти пография Императорской Академии нау, 1884. – Т. 1. – 563 с. 236. Тойнби А.Д. Постижение истории. – М.: Прогресс-Культура, 1996. – 608 с. 237. Тоқтабай А.У. Барымта – батырлық мектебі // Отан тарихы. – 2007. – № 3. – 186-194 бб. 238. Толстов С.П. Генезис феодализма в кочевых скотоводческих об ществах // Проблемы истории докапиталистических обществ. – Л.: ГАИМК, 1934. – Вып. 103. – С.12-15. 239. Толыбеков С.Е. Кочевое общество казахов в XVІІ – начале XX века: Политико-экономический анализ. – Алма-Ата: Наука, 1971. – 634 с. 240. Толыбеков С.Е. Общественно-экономический строй казахов в ХVІ-ХІХ веках. – Алма-Ата, 1959. – 448 с. 241. Топография Оренбургской губернии. Сочинение П.И. Рычкова 1762 года. – Оренбург: Тип. Б. Бресмена, 1887. – 405 с.
Әдебиеттер
237
242. Трепавлов В.В. Государственный строй Монгольской империи в XIII веке. – М.: Наука, 1993. – 165 с. 243. Төреқұлов Н. Қазақтың би-шешендері. – Алматы: Жалын, 1993. – 400 б. 244. Тутковский П.А. Географические причины нашествий варваров // Киевское универс. изв. – 1915. – № 7. – С.54-55. 245. Тұрлыбайұлы Ж. Тарихи деректер және көркем шығарма // Райымбек – қазақ халқының даңқты ұлы: Түкеұлы Райымбектің 300 жылдығына байланысты өткізілген республ. ғыл.-теор. конф. материалдары. – Алматы: «Жедел басу» баспаханасы, 2005. – 3145 бб. 246. Тұрсынов Е.Д. Қазақ ауыз әдебиетін жасаушылардың байырғы өкілдері. – Алматы: Ғылым, 1976. – 200 с. 247. Тынышпаев М. История казахского народа: учебное пособие. – Алматы: Санат, 1998. – 221 с. 248. Тынышпаев М. Таңдамалы. Избранное. – Алматы, 2001. – 163 б. 249. Уәлиханов Ш. Таңдамалы. 2 бас.– Алматы: Жазушы, 1985. – 258 б. 250. Үш Пайғамбар. – Алматы: Дәуір, 1992. – 184 б. 251. Фасмер М. Этимологический словарь русского языка: в 4-х то мах. – М.: Наука, 1986. – Т. 1. – 135 с. 252. Федоров-Давыдов Г.А. Общественный строй Золотой Орды. – М.: Издательство Московского университета, 1973. – 180 с. 253. Федоров-Давыдов Г.А. Искусство кочевников и Золотой Орды. – М.: Искусство, 1976. – 227 с. 254. Фукс С.Л. Барымта // Фукс С.Л. Очерки истории государства и права казахов в ХVІІІ и первой половине ХІХ в. – Астана – СПб.: ТОО Юридическая книга Республики Казахстан, 2008. – 500 с. 255. Хазанов A.M. Социальная история скифов. Основные проблемы развития древних кочевников евразийских степей. – М.: Наука, 1975. – 343 с. 256. Хазанов А.М. Кочевники и внешний мир. – Алматы: Дайк-Пресс, 2000. – 604 с. 257. Чулошников А.П. Очерки по истории казак-киргизского народа в связи с общими историческими судьбами других тюркских пле мен. – Оренбург: 1924. – Ч. 1. – 291 с. 258. Шахматов В.Ф. К вопросу о сложении и специфике патриархаль но-феодальных отношений Казахстана // Вестник АН КазССР. – 1951. – № 7. – С. 18-36. 259. Шемякин Я.Г. Проблема цивилизации в советской научной лите ратуре 60-80 годов // История СССР. – 1991. – № 5. – С. 86-103.
238
Қазақ халқындағы батырлық дәстүрлер
260. Шнитников А.В. Изменчивость общей увлажненности матери ков северного полушария. – М. – Л.: АН СССР, 1957. – 337 с. 261. Шойынбаев Т. Восстание Сыр-Дарьинских казахов. – Алма-Ата: Изд-во АН КазССР, 1949. – 200 с. 262. Энгельс Ф. Происхождение семьи, частной собственности и го сударства. – М.: Политиздат, 1985. – 366 с. 263. Энциклопедический словарь / под. ред. проф. И.Е. Андреевского. – СПб.: Типо-лит И.А. Ефрона, 1891. – Т. 4. – 950 с. 264. Якубовский А.Ю. Из истории изучения монголов периода XI-XII вв. // Очерки по истории русского востоковедения. – М.: АН СССР, 1953. – 232 с. 265. 100 құжат: қазақ хандығы мен Чин империясы арасындағы қа рым-қатынастарға байланысты құжаттар. – Алматы: Санат, 1998. – 176 б. 266. XVІІІ-XІX ғасырлардағы қазақ ақындарының шығармалары / ред. Дүйсенбаев Ы.Т. – Алмаыты: ҚазССР ҒА баспасы, 1962. – 421 б. 267. Fletcher J. The Mongols: Ecological and Soscial Perspectives // Harvard Journal of Asiatic Studies. – 19 р.
239
Қосымшалар
Қосымшалар
1-сурет. Көне сақ жауынгерлері. Б.д.д. V-ІІІ ғғ. (Ахметжанов Қ.С. Жараған темір кигендер. – Алматы, 1996).
240
Қазақ халқындағы батырлық дәстүрлер
2-сурет. Сармат жауынгерлері. Б.д.д. ІV-І ғғ. (Ахметжанов Қ.С. Жараған темір кигендер. – Алматы, 1996).
Қосымшалар
3-сурет. Қимақ-қыпшақ жауынгерлері. VІІІ-Х ғғ. (Ахметжанов Қ.С. Жараған темір кигендер. – Алматы, 1996).
241
242
Қазақ халқындағы батырлық дәстүрлер
4-сурет. Қобыланды батыр (Ахметжанов Қ.С. Жараған темір кигендер. – Алматы, 1996).
Қосымшалар
5-сурет. Қазақ жауынгерлері. Б.д.д. ХV-ХVІІІ ғғ. (Ахметжанов Қ.С. Жараған темір кигендер. – Алматы, 1996).
243
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ................................................................................................3 1-тарау. ҚАЗАҚ ҚОҒАМЫНДАҒЫ БАТЫРЛЫҚ ДӘСТҮРЛЕРДІҢ ТАРИХИ БАСТАУЫ ЖӘНЕ ДАМУ ЭВОЛЮЦИЯСЫ...................................27 1.1. «Батыр» сөзінің этимологиясы..................................27 1.2. Батыршылық дәстүрлердің қалыптасуы және дамуы..................................................................34 1.3. Батырлардың әлеуметтік құрамы және статусы.........................................................................57 2-тарау. ХVІІІ – ХІХ ҒАСЫРДЫҢ АЛҒАШҚЫ ЖАРТЫСЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҚОҒАМЫНДА БАТЫРЛЫҚ ДӘСТҮРІ......................76 2.1. Қазақ қоғамының саяси және әлеуметтік жүйесіндегі батырлық дәстүрдің қызметі.........................................................................76 1.2. Батырлық дәстүр сыртқы саяси қарым-қатынастағы орны мен ролі........................110 3-тарау. БАТЫРДЫҢ ЕР ҚОРҒАНЫ РЕТІНДЕГІ ЖАУЫНГЕРЛІК ҚЫЗМЕТІ........................................133 3.1. Қару түрлері және олардың қолданыс ерекшеліктері.............................................................133 3.2. Соғыс жүргізу әдіс-тәсілдері...................................142
244
Мазмұны
245
4-тарау. БАТЫР – ӘЛЕУМЕТТІК-МӘДЕНИ КАТЕГОРИЯ...................................................................154 4.1. Батырдың әлеуметтік-рухани болмысы мен беделі..................................................154 4.2. Дәстүрлі қазақы ортадағы батыршылыққа тәрбиелеу мен баулу ісі............................................179 ҚОРЫТЫНДЫ................................................................................194 ҚОРЫТЫНДЫ БАҚЫЛАУҒА АРНАЛҒАН СҰРАҚТАР.......201 ТЕСТ СҰРАҚТАРЫ........................................................................203 ӘДЕБИЕТТЕР..................................................................................222 ҚОСЫМШАЛАР.............................................................................239
Оқу басылымы
Дауытбекова Маржан Қанатбекқызы Исаева Алия Исақызы ҚАЗАҚ ХАЛҚЫНДАҒЫ БАТЫРЛЫҚ ДӘСТҮРЛЕР Оқу құралы Редакторы К. Мұхадиева Компьютерде терген М.-А. А. Боранбай Компьютерде беттеген Ғ. Қалиева Мұқабасын көркемдеген Р. Сқақов ИБ №9190
Басуға 26.02.2016 жылы қол қойылды. Пішімі 60х84 1/16. Көлемі 15,37 б.т. Офсетті қағаз. Сандық басылыс. Тапсырыс №239. Таралымы 500 дана. Бағасы келісімді. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің «Қазақ университеті» баспа үйі. 050040, Алматы қаласы, әл-Фараби даңғылы, 71. «Қазақ университеті» баспа үйі баспаханасында басылды