364 85 5MB
Kazakh Pages [188] Year 2016
ӘЛ-ФАРАБИ атындағы ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
Б. Бөрібаев М. Абдрахманова
WEB-ТЕХНОЛОГИЯЛАР: JAVASCRIPT ЖӘНЕ PHP ТІЛДЕРІ 2-бөлім Оқу құралы
Алматы «Қазақ университеті» 2016
1
ӘОЖ 004 (075.8) КБЖ 32.973 я 73 Б 79 Баспаға әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті механика-математика факультетінің Ғылыми кеңесі және Редакциялық-баспа кеңесі шешімімен ұсынылған (№1 хаттама 6 қараша 2015 жыл)
Пікір жазған Техника ғылымдарының докторы, профессор Ш.А. Джомартова
Б 79
Бөрібаев Б. Web-технологиялар: JavaScript және PHP тілдері: оқу құралы. 2-бөлім / Б. Бөрібаев, М. Абдрахманова. – Алматы: Қазақ университеті, 2016. – 188 б. ISBN 978-601-04-1700-7 Оқу құралы техникалық мамандықтар бойынша оқылатын «Web-технологиялар», «Интернет-технологиялар» пәндерінің бағдарламасына сәйкес жазылған. Мұнда дербес компьютерлерде сайт жасау тәсілдері қарастырылып, интернет желісіндегі мәліметтер орналастыру, оларды басқару істерін атқаратын HTML, РНР тілдері арқылы баяндалған. Кітапта осы программалау тілінен көптеген мысал келтіріліп, оларды орындау жолдары талқыланады. Әрбір жұмыс бақылау сұрақтары және тапсырмалармен толықтырылған. Оқу құралында келтірілген мысалдар мен зертханалық жұмыстарды «Web-программалау», «Интернет ортасында программалау» пәндерінде де қолдануға болады. Бұл құралды жоғары оқу орындары студенттерімен қатар колледждерде оқитындар және өз бетімен компьютерде сайт жасауды үйренушілер де пайдалана алады.
ӘОЖ 004 (075.8) КБЖ 32.973 я 73 © Бөрібаев Б., Абдрахманова М., 2016 © Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, 2016
ISBN 978-601-04-1700-7
2
КІРІСПЕ
Қазіргі кезде ғаламтор ортасындағы web-сайттарды программалаудың жаңа технологиясын игерген мамандар күннен-күнге көптеп қажет етілуде. Сондықтан өскелең ұрпақ интернеттегі мәліметтермен, оларды құру, жетілдіру саласында жаңа web-технологиялармен танысып, сайттар жасау принциптерін игеріп, оларды өздерінің болашақ мамандықтарында пайдалануды үйренулері тиіс. Күннен-күнге интернет желісінің кең өріс алуына байланысты web-сайттар жасау жұмыстары өзекті іске айналды. Әрбір мекеме немесе жеке тұлға өзі және бизнесі жайлы жарнамалық мәліметтерді жылдам құрастыратын, өзгертетін деңгейде болуы тиіс. Ғаламторда мәлімет өңдеудің жаңа түрлері, буындары пайда болғандықтан, олардың жұмыс істеу принципін игеріп, бар мүмкіндіктерін өз мамандықтарына байланысты мәселелерді шешуде тиімді қолдана білу – бүгінгі халық шаруашылығының барлық саласындағы мамандардың басты міндеттерінің бірі. Қазіргі жаһандық желіге қойылатын ең негізгі талап байланыс арналары өзгеріске ұшырағанымен, кез келген мәліметті бір орыннан екінші орынға сенімді түрде жеткізу қажеттілігі болып табылады. Біз желілерді пайдалана отырып, көптеген қалаларды, елдерді аралап, кітапханаларды, мұражайларды көріп, дүниежүзілік ғылыми және мәдени жетістіктермен танысып, мүмкіндігіміз болса, оларға өз үлесімізді қоса аламыз. Назарларыңызға ұсынылып отырған бұл оқу құралының мақсаты студенттерді қарапайым динамикалық мүмкіндіктері бар сайттар жасауға үйрету болып табылады. Ол мұнан бұрын жарық көрген құралдың екінші бөлігі болып саналады. Бұл пәнді оқытуға қойылатын талап – www (world wide web) жаһандық кеңейтілген өрмек түріндегі ақпараттарды құрудың әдіс-тәсілдерімен таныстыру. Мұнда web-сайттар жасау құралдарының құрамы мен құрылымын игеру (CSS стильдер кестелері, JavaScript, PHP тілдері), оларды студенттердің болашақ мамандықтарында пайдалана білуге үйрету; компьютер желілерінің және ақпараттық web-технологиялар құрудың практикалық негіздерін меңгеру; осы аймақтағы мәселелерді жүзеге асыру үшін керекті практикалық дағдыларды қалыптастыру; желідегі web-парақтар жұмысы мен олардың құрылымын білу әрі іс жүзінде пайдалану; web-парақтар жасау істерінің мақсаты мен міндетін анықтай білу; интернет ортасында программалауды үйрену; белгілі компьютер желілері мен web-технологияларының артықшылықтары мен кемшіліктерін анықтай алу және оларды дамыту істерін білу; қазіргі ақпараттық технологияларды білу мен мекемені (ұйымды) басқаруда оларды тиімді пайдалану істері қарастырылған. Барлық материал практикалық есептер мен мысалдар арқылы түсіндіріледі. Мысалдарды РНР енгізілген Internet Explorer программасы арқылы немесе басқа браузерлер көмегімен орындап тексеруге болады. Студенттердің тақырыпты тереңірек түсінуі мақсатында әрбір бөлім тақырыбына байланысты бақылау сұрақтары, жаттығулар және тест тапсырмалары берілген. 3
1-бөлім
JAVASCRIPT ПРОГРАММАЛАУ ТІЛІ
Жалпы мағлұматтар JavaScript программалау тілін Netscape пен Sun Microsystems фирмалары бірлесе отырып жасаған, ол интерактивті HTML құжаттар құру үшін қолданылады. Тілдің алғашқы нұсқасын 1995 жылы Брендан Эйч (Brendan Eich) сценарийлер тілі ретінде Netscape Navigator 2.0 браузері үшін ұсынған болатын. Кейіннен ол Netscape және Microsoft фирмаларының барлық браузерлерінде (Internet Explorer 3.0-ден бастап) пайдаланыла бастады. Microsoft фирмасы бұл тілді өзінше дамыта отырып, оны қысқаша Jscript деп атады. JavaScript – браузерге түсінікті программалау тілі. Браузер бұл тілдегі командалар үшін жеке трансляторды керек етпейді, олар браузердің ішкі интерпретаторы арқылы өңделе береді. Скриптер тілі тұтынушыларды өзінің қарапайымдылығымен, шағын сценарийлер арқылы динамикалық парақтар – қозғалатын суреттер жасау, түрлі түстерді жеңіл іске қосу, суырылып шығатын жаңа терезелерді пайдалану мүмкіндіктерімен қызықтырды. Мұндай әрекеттерді HTML тілінде жасауға болмайтын еді. JavaScript – HTML тәгтерімен қатар пайдаланылуға арналған тіл. Web-программалаумен тығыз байланысты тағы да Java тілі бар. JavaScript және Java тілдері атаулары ұқсас болғанымен, екі түрлі технология мен концепцияға жатады. Олардың ортақ қасиеті жазылу синтаксистерінің ұқсастығымен ғана шектеледі. Java – нақты компьютер мен нақты операциялық жүйеге тәуелді болып саналмайтын, өзіндік компиляторы бар жалпы мақсаттағы әмбебап программалау тілі. Браузерлерде тікелей орындала алатын Java-программалар апплеттер деп аталады. Гипермәтіндік құжаттағы жұмыс істеу ерекшеліктеріне қарай апплеттер мен скриптердің айырмашылығы орасан зор. Апплеттің парақта орналасуы оларға суреттердің қойылуына ұқсас болып келеді. Ол экранда жеке терезеге орналасып, ішіндегі парақтың басқа элементтерімен тікелей байланыссыз жеке жұмыс істейді, анимациялық қозғалыстар енгізеді, графикалық ақпараттарды енгізу/шығарудың күрделі формаларын құрастыра алады. Ал JavaScript тілі болса, HTML-парақтарда программалық жолмен қарапайым сұхбаттасу терезелерін жасап, солардың сыртқы түрлерін, өзара орналасуларын, деңгейлерін өзгертетін дәрежеде жұмыс істейді. JavaScript программасы скрипт немесе сценарий деп аталады, ол HTMLпрограммасы ішінде орналаса береді немесе жеке файлға да жазылады. Ондай файлды да браузер оқып орындай алады. Скриптердегі динамика мен интерактивтілік қасиеттердің пайда болуы браузердің құжатты тек көрсетіп қана қоймай, оның объектілік моделін жасап, кейін4
нен сол модельдің экрандағы бейнеге сәйкес орналасуын қадағалайтындығынан деп түсіну керек. Сондықтан егер модельде бір нәрсе өзгерсе, ол бірден экранда да өзгеріп бейнеленеді. Браузер терезесін екі түрлі тәсілмен: 1) HTML тәгтерін жазып, олардың файлын браузерге жүктеу; 2) құжаттың объектілік моделіне әсер ету арқылы өзгерте аламыз. Мұндағы алғашқы тәсіл статикалық түрдегі гипермәтіндік құжат тұрғызады. Ал екіншісі тұрғызылған бейнені өзгерту мүмкіндігін береді. Міне, осындай қасиеті бар, ең көп таралған тілдердің бірі болып табылатын JavaScript тілін ақпараттық технологияларды оқып үйренуге тырысатын әрбір маман игеруі тиіс. JavaScript тіліндегі жазылған программа немесе сценарий операторлар тізбегінен тұрады, бір жолға бірнеше оператор жазылса, олардың арасына нүктелі үтір (;) қойылады. Егер бір жолға бір оператор ғана жеке жазылса, оның соңына ешнәрсе қоймауға да рұқсат етілген. Бір операторды бірнеше жолға жазуға да болады. Құрылымдық программалауға сәйкес программаны жеке-жеке бөліктерден тұратындай түрде жазу ұсынылады. Бұл программаны зерттеу мен қателерді іздеуді жеңілдетеді. JavaScript программаларында да Си тіліндегі секілді түсініктемелерді қолдануға болады. Жол соңына жалғаса орналасатын түсініктеме беру үшін оны екі қиғаш сызықтан (//) кейін жазуға болады. Егер түсініктеме мәтіні бірнеше жолға жазылатын болса, оларды /* және */ символдарының ортасына жазу керек. JavaScript тілінде бас әріптер мен кіші әріптер әр түрлі символдар болып саналады.
5
№1-1 зертханалық жұмыс
HTML ТІЛІНДЕ СКРИПТЕРДІ ПАЙДАЛАНУ
Зертханалық жұмыстың мақсаты: HTML-құжат құрамына JavaScript тілінде жазылған скрипттерді енгізуді үйрену.
1.1. Программаға скриптер енгізу Кейбір JavaScript тілін сүйемелдемейтін браузерлердің бұрынғы нұсқалары оларды орындамайды. Ондай браузерлер скриптерді түсінбейтін болғандықтан, JavaScript тілінің операторларын комментарий тәгтерінің
Скриптері бар парақтың соңы
Негізгі мәтінге оралу үшін браузердің саймандар тақтасында орналасқан Артқа қарай (Назад) батырмасын басыңыз.
Осы программа нәтижесі 1.50-суретте келтірілген. Мұнан кейін терезенің әр түрлі параметрлерін өзгертіп көруге болады. Терезеде көрсетілетін файл ретінде мыналарды көрсете аламыз: HTML-файл, мысалы, file1.htm; сурет файлы, мысалы, ./pic/fish.gif; мәтіндік файл, мысалы, 010401.txt. Мұнан кейін әр түрлі параметрлерді өзгертіп көруге болады. Сlose тәсілі ашық терезені жабады. Мұндағы close() немесе window.close() ағымдағы терезені жабады. Ал win.close() немесе window, win.close() осы терезеден Open тәсілі арқылы ашылған win нұсқауышы бар терезені жабады: var win = window.open(...);
6.3. Document объектісі Document объектісі ... блоктарында орналасқан тәгтерді модельдейтін объектілер үшін қажет. Document объектісінің кең тараған тәсілі – write тәсілі. Бұл тәсіл құжат терезесіне мәлімет жазу үшін керек. Write тәсілін қолдану алдында жазба ашу 61
қажет (Open тәсілі), ал оны ашқан соң кейіннен жабу керек (close тәсілі) болады. Open тәсілі форматы: айнымалы.Document.open(); Мұндағы: айнымалы – бұл мәлімет жазылатын терезеге нұсқауыш. Write тәсілі форматы: Document.write(жазба); немесе айнымалы.Document.write(жазба); Мұндағы айнымалы – бұл шығарылатын мәлімет көрсетілетін терезеге нұсқауыш. Егер айнымалы берілмесе, онда мәлімет ағымдағы терезеге жіберіледі; жазба – шығарылатын мәлімет көрсетілетін сөз тіркесі. Close тәсілі форматы: Document.close(); немесе айнымалы.Document.close(); Мұндағы айнымалы – жазба шығарылмай жабылатын терезеге нұсқауыш. Document.open тәсілін қолдану міндетті емес, өйткені Document.write тәсілі жабылған құжатқа мәлімет жазу кезінде оның ішіндегі ескі мәліметті өшіріп, оны жаңа жазба үшін ашады. 1.17-мысал. Document.write тәсілін пайдалану арқылы терезе құру: var win = open("","","width=300,height=100"); win.Document.write("Мысалы: Бұл парақ "); win.Document.write("программалық тәсілмен құрылған."); win.Document.close(); Терезеге мәтін шығару кезінде write функциясы бірнеше рет қолданылғанымен, оның нәтижесі бір тұтас абзац ретінде шығарылады.
1.52-сурет. Бірнеше write функциясын қатар пайдалану нәтижесі
62
Write тәсілі арқылы терезеге жай мәтіннен басқа тәгтермен белгіленген мәтінді де шығаруға болады ( 1.53-сурет). 1.18-мысал. Тәгтермен белгіленген мәтінді write тәсілі арқылы шығару var win = open("","","width=300,height=100"); win.document.write(" Мысал " + "" + "
" + "Бұл парақ " + " программалық тәсілмен құрылған. "); win.document.close();
1.53-сурет. write тәсілі арқылы тәгтермен белгіленген мәтінді шығару
6.4. Оқиғалар Браузер тұтынушы әрекеттерін қадағалап, соларға сәйкес әрекет ете алады. Егер терезеде тышқанды шерту сілтемеге сәйкес келсе, браузер жаңа құжат жүктейді. “Alt + ” пернелерін қатар басу терезені бұрынғы қалпына қайтарады. Егер тұтынушы тышқан курсорын суретке алып барса, браузер шағын терезеге сол тәгіне, яғни суретке сәйкес alt-мәтінді шығарады. Тұтынушы бағыттауыш пернелерді басса, браузер сәйкесінше терезедегі мәтінді жылжытады. Бұлардың бәрі тышқан мен пернетақтаның браузерге тұтынушының не істеп жатқаны жайлы «хабар беріп» отыратынын білдіреді. Оған қоса браузер құжаттың жүктелуі жайлы да толық хабардар болып отырады. Егер сурет жүктелмесе (дискіде жоқ, сервермен байланыс үзілді), браузер оның орнына тіктөртбұрыш қояды. Осындай ақпараттық хабарламалар оқиғалар деп аталады. Кейбір оқиғаларға браузер бірден жауап береді, ал басқаларына жайбарақат қарап тұра беруі де мүмкін. Мұндайда браузерге не істеуі керек екендігі айтылмаған деп ұққан жөн. HTML коды арқылы браузер салған батырма 1.54-суреттегідей болады:
63
Батырма ... тәгінің ішкі тәгі арқылы берілген. Value атрибуты батырма бетіндегі жазуды береді, ал type атрибуты енгізу өрісінің типін сипаттайды. Браузер батырманы шерткенде, оған жауап бере ме? Әрине, ол экранда батырманы басқанды көрсетеді, бірақ басқа еш нәрсе істемейді. Ал енді басқа батырмаларды қарастырайық.
1.54-сурет. Қарапайым батырманы экранға шығару
Экранға «Сәлем!» сөзі бар alert терезесі шығады (1.55-сурет), өйткені мұндағы тәгінің onСlick атрибуты бар. Оның мәні ретінде "alert('Сәлем!')" сөзі жазылған.
1.55-сурет. Құпиялы батырманы пайдалану нәтижесі
64
OnСlick атрибуты браузерге батырма басылғанда не істеу керек екендігін білдіріп тұр. Атрибут мәні ретінде ұзын сөз жазу қажет емес, сондықтан көбінесе төмендегідей программаланады. 1.19-мысал. Батырманы басу кезінде оқиғаны өңдеуші функцияны шақыру
OnСlick оқиғасы туғанда батырманы шерткенде жұмыс істейтін Fun() функциясы сол оқиғаның өңдеуіші, яғни күн-ай мерзімі мен уақытты экранға шығарушы болып табылады (1.56-сурет).
1.56-сурет. Оқиға өңдеуіші ретінде функцияны пайдалану нәтижесі
Осы программаны браузерге жүктеп, бірнеше тәжірибе жүргізіңіздер. 1. Батырмадағы сөзді өзгертіп, «Күнтізбе» орнына басқа мәтін жазыңыздар. 2. Fun функциясы кодын басқаға, мысалы, мынаған өзгертіңіздер: var sum = 0; for (var i = 100; i; i --) sum += i; alert("Қосынды 1 + 2 + ... + 100 = " + sum); 65
3. Өз функцияларыңызды жазып шығыңыздар. Мысалы, бір сан енгізіп, оның квадратын немесе кубын табыңыздар. Сонымен, JavaScript HTML кодтарында оқиғаларды өңдейтін программалар жазуға мүмкіндік береді де, оны интерактивті парақ ретіндегі, яғни тұтынушы әрекетіне жауап беретіндей күйге келтіре алады. Тәгтегі onСlick түйінді сөзі – «оқиғалық» атрибуттың аты, оның алдына «on» сөзі қойылып жазылады. Мұндай атрибут мәні скриптік код болып табылады. Егер оқиға орындалса, атрибут аты арқылы кодталған скрипт іске қосылады. OnСlick атрибуты «экрандағы белгілі нүктені тышқанмен шерткенде» орындалатын оқиғаны өңдеуді жүзеге асырады. Мысалы: қабырғасының ұзындығы берілген жағдайда квадраттың ауданын анықтау программасын жазайық. Ауданның мәні қабырғаның мәні өзгерген сәтте есептелуі тиіс. Екі мәтіндік өріс енгізілген форма құрайық: оның бірі квадрат қабырғасының мәнін енгізу, ал екіншісі ауданның есептелген мәнін шығару үшін қажет. Жаңарту батырмасы форма өрістерін тазалайды. Квадрат ауданы change оқиғасы туындаған мезетте, формадағы numl деген элемент мәні өзгергенде және элемент фокусын жоғалтқанда есептеледі. 1.20-мысал. Квадрат ауданын есептеу
Change - элемент мәнін өзгерту оқиғасы
Квадрат ауданын 1.57-сурет. Элемент мәнін өзгерту есептеу оқиғасын өңдеу
Қабырғасының ұзындығы:
Аудан:
66
6.5. Интерактивті құжат мысалы Экранда бір енгізу өрісі және төмендегідей сипаттамалары бар төрт батырма болсын, олар: – ағымдағы күн-ай мерзімі мен уақытты береді; Уақыт Сәлем 2*2 Жауап Жабу
– жаңа терезе ашып, оған сәлемдесу мәтінін шығарады да, терезені жабады; – есептелетін өрнекті енгізу өрісі; – енгізу өрісіндегі арифметикалық өрнектің мәнін көрсету өрісі; – терезе жабу батырмасы.
Енді осы әрекеттерді программалайық. 1.21-мысал. Бірнеше элементі бар интерактивті парақ құру
Интерактивті парақ
Интерактивті парақ
67
Мұндағы: CurTime функциясы Уақыт батырмасын шертуді өңдейді. Hallo функциясы Сәлем батырмасын шертуді өңдейді. alert функциясы Жауап батырмасын шертуді өңдейді. alert функциясы өзінің аргументі болып келетін eval функциясының мәнін есептеп шығарады eval(Document. forma.calc.value). Еval функциясының аргументі болып берілген енгізу өрісінің мәні саналады. Мұндағы: forma – бұл объект, ол мынадай блок бейнесі: ...; calc - бұл объект, ол мынадай тәг бейнесі ; value – бұл calc объектісінің қасиеті. Window.close (...) функциясы Жабу батырмасын өңдейді. CurTime және Hallo функциялары сипатталған блогы HTML коды тақырыбында келтірілген. Себебі браузер функция сипатталуын оларды пайдаланғанға дейін оқуы тиіс, өйткені құжат тақырыбы, ең алдымен, орындалады. Программа жұмысының нәтижесі (1.58- және 1.59-суреттер):
1.58-сурет. Интерактивті парақ және оның Уақыт пен Жауап батырмаларын шерту нәтижелері
68
1.59-сурет. Интерактивті парақтың Сәлем батырмасын шерту нәтижесі
6.6. Window объектісінің тәсілдері 1. Тәсіл түрі – open(файл, терезе_параметрі). Терезе ашып, оның параметрлерін тағайындайды. Мысалы: var okno = window.open("./pic/dog01.jpg","", "width=250, height=300,left=50,top=100" + "scrollbars=1,resizable=no,menubar=no"+ "location=no,status=no,toolbar=no"+"fullscreen=no"); 2. Тәсіл түрі – alert(хабарлама). Мәліметі бар ақпараттық терезе шығарады (1.60сурет). Мысалы: window.alert("Палуанның жаманы – \n"+ "Шалдырған соң өкінер,\n"+ "Күзетшінің жаманы,\n"+ "Алдырған соң өкінер\n"+ "Мақал"); 1.60-сурет. alert тәсілін пайдалану нәтижесі 3. Тәсіл түрі – confirm(хабарлама). Екі батырмасы бар (ОК және Отмена) сұрақ мәліметі көрсетілетін терезе шығарады. Функция нәтижесі: егер ОК басылса, функция нәтижесі – true, ал егер Отмена басылса, false болады.
69
6.7. Document объектісінің тәсілдері 1. open() тәсілі браузер терезесіне жазу жазады. Бұрынғы терезе мәліметі өшіріледі. 2. close()тәсілі браузер терезесіндегі жазбаны жабады. 3. clear() тәсілі браузер терезесін тазалайды. 4. write(str) тәсілі құжаттың str мәні ретінде берілген сөз тіркесін – мәтінді және HTML кодын жазады. 5. writeln(str) тәсілі жаңа жолға көшумен аяқталатын мәтінді және HTML кодын жазады. Жаңа жолға көшу браузер экранында тек тәгі ішінде орналасса ғана көрінеді. Write және writeln тәсілдерін пайдалану келесі жағдайларда: ұзын HTML кодты қысқа скрипт алмастыра алса; құжат браузер ерекшелігін – экран мүмкіндігі және т.б. есепке алынып тұрғызылса; құжат толық программалық жолмен жасалса ғана тиімді болып табылады.
6.8. Программалық басқару принципі Браузер гипермәтіндік парақ ішіндегі әрбір тәг үшін объект жасай алады. Ал сол объектімен программалаушы name атрибутында көрсетілетін оның аты арқылы қатынас құра алады. Сонымен, тәгтерді программалық басқару мүмкіндігі пайда болады. Мысалы, HTML кодында экранға сурет шығаратын мынадай тәг берілген болсын делік:
Осы тәг арқылы pic атты стандартты image объектісінің бір данасын мынадай эквивалентті конструкциялар арқылы пайдалануға болады: window.document.images["pic"] window.document.images.pic немесе ағымдағы терезе ішінде болса: document.images["pic"] document.images.pic Мысалы, image объектісінің суреті бар файлға нұсқайтын src қасиеті бар екені белгілі. Программада осы қасиетті төмендегі жолды жазып оқуға болады: document.images.pic.src
70
Тек оқып қана қоймай, бұл қасиеттің мәнін де өзгерте аламыз: document.images.pic.src = "./pic/ris2.gif" сонда сурет сәйкесінше басқа суретке ауысады.
6.9. блогы Гипермәтіндік құжаттармен жұмыс істей отырып, мәтіндерді енгізу өрісіне жазып, меню пунктері және жалауша арқылы бір жолды таңдап, батырмаларды шертуге болатынын көргенбіз. Мұндайда әрекетке байланысты құжаттың соған жауап беретінін байқаймыз. Осы интерфейстік элементтердің бәрі браузер экранына контейнер-команда ... арқылы шығарылады, ал батырмалар, енгізу өрісі, жалаушалар және меню осы блок ішіндегі әр түрлі тәгтер арқылы беріледі. ... блогы форма деп аталады. Оның ашылу тәгінде мынадай атрибуттар жазылады. action форманы желі бойынша жөнелту адресін береді. Форманы оны өңдейтін программасы (CGI-скрипт) бар серверге жіберуге болады немесе оның мәні ретінде электрондық пошта адресі көрсетілсе, форма e-mail арқылы жөнелтіледі. Мысалы, былай жазуға болады:
Егер ол көрсетілмесе форма сайттағы адресі бойынша жөнелтіледі, enctype – желі арқылы берілетін мәліметтерді кодтауды береді. Мұнда біз формадан алынған мәліметтерді өңдейтін программаларды қарастырмаймыз. Бірақ браузер тұтынушы толтырған форманы сіздің электрондық адресіңізге жібереді. Сол мәліметтерді қарап шығуға немесе басқа программа арқылы оны өңдеуге болады. Көбінесе төмендегідей толтырылған мәндер дұрыс жұмыс істейді:
мұндағы method - форманы тасымалдау тәсілін береді. Атрибуттың екі мәні бар: get және post. post тәсілі әмбебап болып саналады (форма URL-ден бөлек жіберіледі). Get мәні форманың URL-мен бірге жіберілетінін көрсетеді. e-mail арқылы былай жіберуге болады:
name - форма атын береді. Мұны скриптерде форма өрістерін пайдалану үшін береді. Егер форманы ешқайда жібермеу керек болса, тек name көрсетіледі: 71
Енді JavaScript кодтарында осы форманы былай пайдалануға болады: document.anketa. Егер форманың work атты жолдық өрісі болса, сол жолды айнымалыға меншіктеуге болады: var str = document.anketa.work.value; Осы өріс мәнін өзгерте де аламыз: document.anketa.work.value = "веб-мастер"; Бұдан кейін бұл өріс мәні өзгереді. 1.22-мысал. Форманы электрондық пошта арқылы жіберудің үлгісі. Басыңыз Тазалау Тапсырысты толтырыңыз.
Сіздің атыңыз: | |
Сіздің адресіңіз: | |
Жөнелту: |
Формада мәндері енгізілетін сценарий мысалы
Тік бұрышты үшбұрыштың ауданын есептеу
Үшбұрыш ауданын есептеу
Үшбұрыштың ауданын есептеу
Берілген қабырғасы мен биіктігі арқылы үшбұрыштың ауданын есептеу