Mapinfo геоақпараттық жүйесі: оқу-əдістемелік құралы 9786010427815

Оқу құралы 5В071100 «Геодезия жəне картография», 5В060900 «Геогра- фия» мамандықтарының бағдарламасына сəйкес жасалды жə

166 47 4MB

Kazakh Pages [62] Year 2013

Report DMCA / Copyright

DOWNLOAD PDF FILE

Recommend Papers

Mapinfo геоақпараттық жүйесі: оқу-əдістемелік құралы
 9786010427815

  • 0 0 0
  • Like this paper and download? You can publish your own PDF file online for free in a few minutes! Sign Up
File loading please wait...
Citation preview

ƏЛ-ФАРАБИ атындағы ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

А. А. Асылбекова

MAPINFO ГЕОАҚПАРАТТЫҚ ЖҮЙЕСІ Оқу-əдістемелік құралы

Алматы «Қазақ университеті» 2013

 

 

ƏОЖ 681.518 КБЖ 32.973.2 А 89 Баспаға əл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті география жəне табиғатты пайдалану факультетінің Ғылыми кеңесі жəне Редакциялық-баспа кеңесі шешімімен ұсынылған

Пікір жазғандар: техника ғылымдарының докторы Д.Ш. Ахмедов география ғылымдарының докторы, доцент Р.Т. Бексеитова техника ғылымдарының кандидаты, доцент Қ.Б. Рысбеков география ғылымдарының кандидаты, доцент Н.Н. Керімбай

Асылбекова А.А. А 89 Mapinfo геоақпараттық жүйесі: оқу-əдістемелік құралы. – Алматы: Қазақ университеті, 2013. – 62 бет. ISBN 978-601-04-2781-5 Оқу құралы 5В071100 «Геодезия жəне картография», 5В060900 «География» мамандықтарының бағдарламасына сəйкес жасалды жəне Картография жəне геоинформатика кафедрасы ұсынысымен шығарылды. MapInfo Professional командаларының, батырмаларының, режимдері мен диалогтарының алфавиттік тізімі бар. MapInfo процедуралары кезеңімен сипатталған. Безендіру мен сипаттама беру Windows ортасында жұмыс жасайтын версияларға құрастырылған. Құжаттардың əр компоненттері басқа компоненттермен өзара байланысын ескере отырып жасалған.

ƏОЖ 681.518 КБЖ 32.973.2 ISBN 978-601-04-2781-5

© Асылбекова А. А., 2013 © Əл-Фараби атындағы ҚазҰУ, 2013

МАЗМҰНЫ Кіріспе ........................................................................................................... 4 1. Растрды дайындау жəне кеңістікте байлау 1.1. Картаны сканерлеу ............................................................................... 6 1.2. Сканерленген картаны географиялық координаттарға байлау ................................................................................ 6 1.3. Дайын картаға байлау .......................................................................... 9 1.4. Шектеріндегі кестені көрсету.............................................................. 10 №1 Зертханалық жұмыс. Растрлық бейнені байлау ................................ 11 2. Жаңа кестені (қабатты) құру, кесте құрылымдарының қалыптасуы 2.1. MapInfo векторлық картасының қабаттары ..................................... 12 2.2.Кестемен жұмыс жасау ......................................................................... 14 3. Векторизация 3.1. Нысан стилін таңдау ............................................................................. 17 3.2. Нысанды бөліп алу ............................................................................... 19 3.3. Векторлық ақпаратты енгізу, векторлық қабаттармен жұмыс жасау .......................................................................... 19 3.4. Нысанды кішірейту жəне үлкейту ...................................................... 20 3.5. Түйінге бөлу, түйін енгізу ................................................................... 21 3.6. Нысандарды жылжыту жəне жою ...................................................... 21 3.7. Нысандармен жасалатын операциялар ............................................. 21 3.8. Сызықтың ұзындығын, полигонның ауданы мен периметрін, символ координатын өлшеу ................................................. 22 3.9. Карта режимдері ................................................................................... 23 №2 Зертханалық жұмыс. Карта векторизациясы ................................... 23 4. Атрибутивтік мəліметтер базасын құру 4.1. Нысанға ақпаратты енгізу.................................................................... 25 4.2. Сұраулар ................................................................................................ 26 №3 Зерханалық жұмыс. Векторлық қабаттың мəліметтер базасын жасау ............................................................................................... 27 5. SQL сұрауы 5.1. Сұраулар ................................................................................................ 28 5.2. SQL сұрауы ........................................................................................... 29 №4 Зертханалық жұмыс. Сұраулар. SQL сұрауы. ................................... 31 6. Тақырыптық карталар жасау 6.1. Карта жасау............................................................................................ 32 3 

 

6.2. MapInfo-да тақырыптық карталардың Типін (Type) жасау əдістері ........................................................................ 36 №5 Зертханалық жұмыс. Тақырыптық карталар жасау ......................... 38 7. Баспаға енгізу 1-қосымша. Құралдар панеліндегі пиктограмма тізімі........................... 41 2-қосымша. MapInfo терминдерінің ағылшынша-қазақша сөздігі ........ .............................................................. 43 3-қосымша. MapInfo ГАЖ түсініктері мен терминдерінің сөздігі .................................................................................. 46 Əдебиеттер ................................................................................................... 60

 

 

КІРІСПЕ MapInfo пакеті мүмкіндік/баға қатынасы бойынша геоақпараттық бағдарламалардың ішіндегі үздіктердің бірі болып табылады. MapInfo геоақпараттық жүйесі 90-жылдардың басында жасалған болатын. Бүгінгі күнде бұл пакет ГАЖ нарығындағы бестселлер жəне еліміздегі компьютерлік картография арасында лидер болып табылады. MapInfo жүйесі кəсіби деңгейде жұмыс жасайтын қуатты SQL сұрау енгізілген картографиялық интерфейстері бар мəліметтер базасы болып табылады. MapInfo OLE2 жəне ODBC жұмыс жасайды жəне Visual Basic, Power Builder, Delphi жəне т.б. басқаруымен функционалдығын жоғалтпай жұмыс жасай алады. MapInfo-ны Map Basic өнімдерімен бірге пайдалану əр адамға нақты қолданбалы мəселелерді шешу үшін өзінің мəселелікбағдарлау ГАЖ-ын құрастыруға мүмкіндік береді. Бұл оқу құралы адрестік жəне кеңістіктікте байланған ақпараттарды өңдеу мен талдаудың негізгі жағдайларын қамтыған. Mapinfo столдық картографияның дамыған жүйесі ретінде қарастырылады, аудан жасау, жойылып кеткен мəліметтер базасымен байланыс жасау, басқа қосымшаларға графикалық нысандарды қосу, тақырыптық карта жасау, мəліметтердегі тенденциялар мен заңдылықтарды анықтау сияқты географиялық талдаудың күрделі мəселелерін шешеді.

 

 

1. РАСТРДЫ ДАЙЫНДАУ ЖӘНЕ КЕҢІСТІКТЕ БАЙЛАУ

1.1. Картаны сканерлеу Сандық картаның растрлық форматын жасау сканер – графикалық ақпараттарды оқуға арналған құрал (сандық формаға айналдыру) көмегімен іске асырылады. Сканерлеу алдында міндетті түрде картаның физикалық кемшіліктерін жою қажет: қатпарларын тегістеу, ұқыпты жабыстыру (егер карта жыртылса). Картада кемшіліктер неғұрлым аз болған сайын карта дəлірек байланады жəне векторизацияланады. Бейнені қанағаттанарлықтай дəрежеде алу үшін дюйміне 300 нүктеден кем емес дəлдігін қойған дұрыс. Сапалы бейне алу үшін жəне растрлық бейне алу үшін аэро жəне ғарыштық суреттерді 600-800 dpi дəлдігімен сканерлеген дұрыс. Растрды сақтау үшін GIF жəне Jpeg (минимальды компрессиямен) форматын қолданған дұрыс, ал векторизациялау үшін оларды TIFF немесе BMP форматына ауыстырған дұрыс, себебі олар компьютермен тезірек өңделеді. Егер сіз 24 - немесе 32 – биттік режимде (түрлі түсті) сканерлеп, TIFF форматында сақтасаңыз, онда GIF форматында сақтай отырып растр көлемін 3 есе кішірейтіп, (8 – битке айналдырып) сонан соң қайтадан TIFF форматына ауыстыра аласыз. 1.2. Сканерленген картаны географиялық координаттарға байлау /Файл (File) /Кестені ашу (Open/Table)/ командаларын орындау арқылы MapInfo-ны қосыңыз. Пайда болған терезеде /Растр (Raster Image)/ файл типін таңдаңыз, керекті файлды тауып ашыңыз. Пайда болған диалогты терезеде /Тіркеу (Register)/ таңдаңыз. Бейнелерді тіркеу терезесі пайда болады. (1.1 сурет). 6 

 

1.1.-сурет

Байламас бұрын /Проекция (Projection…)/ батырмасын басыңыз, карта проекциясының категориясын (Category) жəне түрін (Category Members), сондай-ақ координатын (Units) таңдаңыз. (Масштабы 1:500000 жəне кіші Ставрополь өлкесінің немесе Солтүстік Кавказдың басқа да аймақтарының картасын байлау үшін градус бойынша (Degress),Азия мен Еуропаның теңаралық прекциясын (Regional Equal_Area Projections Asia / Europe) пайдаланылады (ол 1.1 суретте көрсетілген), ал 1:500000-нан ірі масштабта Гаусс-Крюгер проекциясы (Пулково 1942 7 немесе 8 зона метр көрсеткіші (Meters) қолданылады. Байлау нүктесін (Control Point) меридиан мен параллель нүктелерінің қиылысқан жеріне немесе километрлік тор сызықтарына салыңыз. Пайда болған терезеге басында X осі (бойлық), сонан соң Y осі бойымен (ендік) нүкте координатын енгізіңіз. (1.2 сурет). Гаусс-Крюгер проекциясы бойынша байлағанда 0˚ меридиан мен экватордан қашықтықты километрмен көрсететін төрт таңбалы саннан соң 3 нөл қосу керек, мысалы: x- 8380000 y- 4924000 7 

 

1.2.-сурет

2) Егер картада градустар координаттар ретінде қолданылса, онда минутты градустың оннан бір бөлігіне ауыстыру қажет. Мысалы: 45˚ 30΄ - 45,5 45˚ 20΄ - 45, 3333333 45˚ 40΄ - 45, 6666666 Қажетті шамадағы нүктелерді (4 нүктеден кем емес) енгізгеннен соң растрды үлкейту қажет / + /, жəне тізімдегі əр нүктені кезекпен белгілеп отырып /көрсету(Goto)/ батырмасын басыңыз жəне жағдайды түзеңіз. Батырмалардың мəні: /түзеу (Edit)/ - белгіленген нүктенің мəнін түзеуге мүмкіндік береді (яғни, нүкте нөмірі бар қатар мен оның атрибуттарын). /жою (Remove)/ - белгіленген нүктені жояды. /көрсету (Goto)/ - белгіленген нүктені көрсетеді. /жаңа New)/ - нүктенің белгіленгенін алып тастайды жəне жаңа нүкте қоюға мүмкіндік береді.  Ескерту: 1) картаны байлау маңызды сəт болып табылады, сондықтан оны өте ұқыпты орындаған жөн. 2) MapInfo-ның растрды тасымалдайтын функциясы жоқ. Растр байланғаннан соң мүмкін болатын қателіктерге қатысты орталық орынды алады. 3) байлау терезесінде координаттардан оңға қарай нүктелер қателіктерді 8 

 

(Error) пиксель түрінде көрсетеді. Олар бастапқыда 0-ге тең болады, бірақ карта күшті деформацияға ұшыраған сайын қателіктер көбейді: 1,2,3… пиксель. Қателіктерді нүктелерді тор қиылысқан жерлерге дейін тарту жолымен жасанды жолмен қателіктерді нөлге айналдыруға тыйым салынады, əйтпесе картаның векторлық нұсқасы күшті бұрмаланады. 4) егер қателіктер тым үлкен болса, онда сіз не координаттарды дұрыс енгізбедіңіз, не нүктені дұрыс қоймадыңыз. 5) егер растр проекциясы белгісіз болса бойлық/ендік (Longitude/

Latitude) проекциясы таңдалады. 1.3. Дайын картаға байлау MapInfo растрды дайын векторлық картаға байлауға мүмкіндік береді. Ол үшін байланатын векторлық картаны (төменнен қараңыз) ашасыз жəне тіркеу режимінде растрды ашасыз (жоғарыдан қараңыз). Проекция мен координатты таңдау. /Кесте/растр /картамен біріктіру (Table /Raster/ Select Control Point from Map)/ командасын орындау. Ағылшын регистрінде (терезенің төменгі жағында (SNAP) пайда болады) S пернесін басып СНЭППИНГ функциясын қою. Курсорды керекті нүктеге қоя отырып (шекара бұрышы, жолдардың қиылысқан жерлері, өзен сағалары, елді-мекен пунсондары жəне т.б.нүктемен белгіленген карта нысандары) тышқанның сол батырмасын басу. Нүкте координаттары бар терезе шығады, ОК батырмасын басу. Растрды байлау терезесінде нүктенің нөмірі мен координатасы пайда болады. Нүкте растр нүктесінің идентикалық векторлық картасына бекітіледі. /Жаңа (New)/ пернесін басыңыз жəне операцияны қайталаңыз.  Ескерту: 1) құралын қолданғанда картаны қозғалту үшін кесте /растр/ картамен біріктіру командасын қайталау қажет. 2) карта бетіне 4-5 нүктеден кем емес салу қажет. 3) Кесте/ Растр/ Бейнені тіркеу/ (Table/ Raster/ Modify Image Registration) баса отырып байлау терезесін шақырып растрды қайта байлауға болады.

Растр бейнесін құру Кесте/ Растр/ Бейнені құру (Table/ Raster/ Adjust Image Style)/ командасын орындаңыз. Пайда болған терезеде өзіңізге 9 

 

тиімді бейненің ашықтығы мен қарама-қайшылығын таңдап алыңыз (1.3 сурет). Растрдың бір түсін /Мөлдірлік (Transparent)/ опциясына белгі қоя отырып, /Түсті таңдау (Select Color)/ батырмасын басып, картаның керекті жерінен курсормен түсін көрсетіп мөлдір етіп қоюға болады.

1.3 сурет

1.4. Шектеріндегі кестені көрсету Жұмыс столының ортасын тышқанның оң жағымен шертіңіз. Пайда болған контексті менюде /Қабаттарды басқару (Layer Control..)/ таңдаңыз. Растр қабатын таңдап, /Көрсету (Display)/ батырмасын басыңыз жəне /Шектерінде көрсету (Display within Zoom Range)/ функциясынан белгіні алып тастаңыз. Бұл жағдайда растр кез келген масштабта көрсетіле береді (1.4 сурет). №1 зертханалық жұмыс. Растрлық бейнені байлау Жұмыстың мақсаты: түрлі масштабтағы растрлық бейнені тіркеу дағдыларын практикада бекіту. 1-тапсырма. 1 : 1000000 масштабтағы Қазақстан аумағының бірінің картасы бөлігінің растрлық бейнесін тіркеу. 10 

 

2-тапсырма. Ресей Федерациясы субъектілері бірінің картасының растрлық бейнесін тіркеу. 3-тасырма. Материктердің бірінің растрлық бейнесін тіркеу. 4-тапсырма. Векторлық карта координаты бойынша Алматы облысының векторлық картографиясы негізінде Алматы облысы аудандарының бірінің растрлық бейнесін байлау (дайын картаға байлау).

1.4. сурет Бақылау сұрақтары: 1. Растрлық жəне векторлық форматтардың ерекшеліктері. 2. Mapinfo проекцияларының негізгі категориялары. 3. Растрлық форматтардың типтері. 4. tab түрінде кеңейтілген файлдарды редакциялау ерекшеліктері мен мүмкіндіктері.

 

 

2. ЖАҢА КЕСТЕ (ҚАБАТ) ҚҰРУ, КЕСТЕ ҚҰРЫЛЫМДАРЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУ

2.1. MapInfo векторлық картаның қабаттары немесе оны кесте деп атайды. Векторлық графикалық ақпарат енгізілетін жаңа қабат жасау үшін: 1) /Файл/Жаңа кесте/ (File/ New Table) командасын орындау. 2) Ашылған диалогты терезеде /Дайын картаға енгізу/ (Add to Current Mapper)/ опциясына белгі қою (2.1 сурет). 3) Пайда болған жаңа кесте құрылымына (қабатқа) кестенің бірінші өрісінің атауын (Name:) енгізу; өріс (колонка) типін (Type:) енгізу арқылы кестенің мəліметтер базасын қалыптастыру; /Мөлшер (Width)/ қатарына кестенің өрістер қатарына енгізуге болатын символдар мөлшерін, өрістер (колонка) мөлшерін /Өріс енгізу/ (Add Field) немесе /Өрісті жою/ (Remove Field) 2.1. сурет батырмаларын қолдана отырып қойыңыз жəне де карта проекциясын /Projection/ енгізуге болады (2.2. сурет). /Құру (Create…)/ батырмасын басыңыз. Пайда болған терезеге қабат атауын енгізіп, /Сақтау (Save)/ басыңыз.  Ескерту: 1. Mapinfo бос орынды, пунктуация белгілерін, қабат атауының басындағы санды түсінбейді. Оның орнына төменгі дефисті қолданыңыз. Қабат атауынан басқа карта масштабын қойыңыз. 2. Векторланған растрға байланған проекция қойылады. 12 

 

2.2. сурет

Мысалы: Relief_L_500. Өрістер типтері: Character Integer, small integer Float

Decimal Logical

Нысан атауын енгізу Бүтін санды енгізу Санды енгізу, үшөлшемді беттер құрастырылатын горизонтальдар атрибуттары немесе басқа да мəндерді енгізу үшін қолданылады Ондық сандарды енгізу Нысан атауымен қабаттарды енгізу

Құрылымдарды қайта атау беру, қайта құру, кестені жинақтау жəне жою. Егер кестені (қабатты) өзгерту керек болса келесі функцияларды орындаңыз: / Кесте/ Өзгерту/ (Table/ Maintenance/) жəне пайда болған менюден керекті операцияны таңдаңыз (2.3. сурет). 1) Құрылымдарды қайта құру (Table/ Structure) – қабат тізімінен керектісін таңдап алып, қайта құру. Қайта құру операциясы жаңа кесте құру операциясына ұқсас (жоғарыдан қараңыз). 2) Жою (Delete Table…) – керек емес қабатты таңдап жою. 3) Қайта атау беру (Rename Table…) – қабат тізімінен керегін таңдап алып қайта атау беру. 13 

 

2.3. сурет  Ескерту: қабат атауларын Windows қайта атау беру жүйесі көмегімен өзгертуге болмайды.

4) Жинақтау (Pack Table…) – қабаттар тізімінен керектісін таңдап алып, жинақтың 3 функциясының бірін қою: графиканы жинақтау; атрибутивтік ақпарат; барлығы. Нысанды жойғаннан кейін қалған тізімдегі артық қатарларды (сұр түспен белгіленген) алып тастауға жəне файл көлемін кішірейтуге мүмкіндік береді.  Ескерту: қабаттар корзинаға түспей қайтарымсыз жойылады. Егер сақтанғыңыз келсе Windows корзина жою жүйесі көмегімен файлдарды өшіріңіз.

2.2. Кестемен жұмыс жасау Кестені (қабатты) ашу. /Файл/Кестені ашу/ (File/ Open Table) командасын орындаңыз. Пайда болған терезеде керек кестені тауып алып ашу.  Ескерту : егер бірнеше қабаттар ашылса немесе сіз бірнеше кестені ашсаңыз онда /Түр (View)/ опциясы арқылы /Ағымдағы карта (Current Mapper)/ таңдаңыз.

Жұмыс жинағын ашу /Файл/Жұмыс жинағын ашу/ командасын орындау. 14 

 

 Ескерту: жұмыс жинағының файлында қабат жинағы мен оның электрондық картада орналасуы жазылған. Жұмыс жинағын тікелей жолсерік көмегімен ашуға болады. Бұл жағдайда Mapinfo іске қосылады жəне карта ашылады.

Кесте жəне жұмыс жинағын сақтау Кестені сақтау үшін келесі команданы орындау қажет /Файл/Кестені сақтау/ (File/ Save Table) немесе сəйкес пиктограмманы шерту қажет. Пайда болған диалогты терезеде /Сақтау (Save)/ шертесіз. Жұмыс жинағын сақтау үшін /Файл/Жұмыс жинағын сақтау (File/ Save Workspace)/ орындайсыз. Пайда болған терезеге жұмыс жинағының атауын бересіз жəне сақтайтын папканы таңдайсыз. Карта қабаттарын басқару Карта қабаттарын басқару үшін келесі əрекеттерді орындау қажет: тышқанның оң жақ пернесімен жұмыс үстелінің ортасын шертесіз, контекстік меню пайда болады, /Қабаттарды басқару (Layer Control)/ таңдайсыз (2.4. сурет). Карта қабаттарының тізімі бар терезе пайда болады. Əр қабатқа қарама-қарсы горизонталь бойымен ұяшықтар орналасқан, егер керекті қатарға қарсы жатқан ұяшыққа белгі қойсақ, онда: 1) Қабатты көрсету/жасыру (қабатты экраннан көрсетеді/алып тастайды); 2) Қабатты өзгермелі ету (нысандарды енгізуге/редакциялауға мүмкіндік береді); 3) Қабатты көрінетін ету (өзгермелі емес) (қабаттың нысандарын белгілеуге рұқсат ету/рұқсат 2.4-сурет етпеу); 4) Қабат нысандарына жазу құру (егер жазу атрибутты мəліметтер базасына енгізілсе онда бұл опцияның орнатылуы нысанның автоматты түрде жазылуын тудырады). 15 

 

Төменде келесі батырмалар орналасқан: /Енгізу (Add)/ жəне /Жою (Remove)/, олардың көмегімен қабатты қабаттар тізіміне енгізуге не одан алып тастауға болады. /Жоғары (Up)/ жəне /Төмен (Down)/ - олардың көмегімен қабаттар орнын вертикаль бойынша өзгертуге болады, /Көрсету (Display…)/ - белгілі бір терезе шегінде қабаттарды шақыруға болады, мысалы: min- 50 км, max-500 км. Егер терезе көлемі 50 кіші жəне 500 км артық болса, онда қабат көрінбей қалады. /Көрсету/ терезесі функциясында сəйкес ұяшыққа белгі қойып, нысан сызықтарының бағытын, 2.5-сурет центроидты көрсетуге болады /Жазу (Label…)/- функциясының терезесі пайда болады, онда шрифт типін, көлемін, жазу түсін жəне оның нысанға қатысты орнын жасауға болады.

 

 

3. ВЕКТОРИЗАЦИЯ

3.1. Нысанның стилін таңдау Аймақтың стилін таңдау (3.1-сурет) /Аймақ стилі/ пиктограммасын шертіңіз, пайда болған терезеден келесілерді таңдаңыз: 1) Аймақтың түсін, штрихын немесе мөлдірлігін 2) Шекара сызығының стилін немесе стилінің жоқтығын 3) Шекараның түсін жəне қалыңдығын Сызық стилін таңдау Сызық стилі пиктограммасын шертіңіз, пайда болған терезеде аймақ шекарасы стиліне ұқсас етіп сызық стилін таңдаңыз (3.2 сурет). Символ стилін таңдау /Символ стилі/ пиктограммасын шертіңіз, пайда болған терезеде керекті символ жинағын (Font), түсін, жиынтығын жəне символдың басқа да атрибуттарын таңдаңыз, бұл жерде керекті символ (Simbol) (3.3-сурет).

3.1-сурет

3.2-сурет 17 

 

3.3-сурет

Текстің стилін таңдау /Текст стилі/ пиктограммасын шертіңіз, пайда болған терезеде шрифт типін (Font) (Arial Cyr), мөлшерін, түсін жəне шрифттің басқа да атрибуттарын таңдаңыз (3.4-сурет).

3.4-сурет 18 

 

3.2. Нысанды белгілеу Нысанды белгілеудің негізгі құралы «Бағыттауыш»

,

«рамканы таңдау» құралының көмегімен бірнеше нысандарды белгілеуге болады. Белгілеуді алып тастау үшін: не нысаннан тыс жерді шерту не «Shift» басып тұрып нысанды тышқанмен шертіңіз. Егер картада бір орын бірнеше нысанды қамтыса (бірінің үстінде бірі тұрса), онда төменде жатқан нысанды белгілеу үшін «Ctrl» басып тұрып, «Бағыттауышпен» мен шертіңіз («Бағыттауыш» қозғалмай тұруы тиіс). 3.3. Векторлық ақпаратты енгізу, векторлық қабаттармен жұмыс жасау Векторизация дегеніміз графикалық мəліметтердің растрлық форматын векторға айналдыру Mapinfo-да векторизациялау қолмен жасалады. Растрлық нысанның үстіне дəл сондай вектор енгізуіңіз керек. Сызықтардың векторизациясы үзік сызықпен (полисызықпен /poliline), аудандық нысандар (көл, орман, батпақ, т.б.) көпбұрышпен (полигонмен / poligon), символдық нысандар (символмен / simbol), текст – шрифтіне, көлеміне жəне т.б. ұқсас растрлық текст үстіне вектор жүргізумен іске асады. Векторизация масштабы Дəл векторизация жасау үшін растрды нақты карта масштабынан 15-20 есеге үлкейту керек. Мысалы, карта масштабы 1см – 5 км болса, онда растр 1см - 0,2-0,4 км болуы керек. Снэппинг Снэппинг – бір нысанның түйінін келесіге байлау нүктесі функциясы. Сызық түйінін, сызық пен символды, сызық пен аймақты, сызық қиылыстарын байлау үшін қолданылады. Снэппингті қолданбаса, нысандар дəл жалғаспауы мүмкін, нысандар комбинациясының дəлдігі жоғалады. Нысан бөлігін қиғанда не жойғанда қателік болуы мүмкін. Функцияны орнату үшін «En» ағылшын регистрінде «S» пернесін басу қажет. Экранның астында «SNEP» сөзі пайда болады. Курсорды түйінге алып келген жағдайда үлкен пунктирлі крест пайда болады. 19 

 

Автотрассировка Автортрассировка – векторланған полисызықтар мен полигондарды қолдана отырып, нысандардың векторизациялануын күшейтуге көмектесетін функция. Автотрассировка жасау үшін «S» пернесін басып снэппингті шақырып, курсорды полигон немесе полисызықтың кесілген шекарасының бастапқы түйініне алып келіңіз жəне «SHIFT» немесе «CTRL» баса отырып, курсорды белгілеген кесілген жердің соңғы түйініне алып келіңіз. Жүргізілген сызық жарықтанады.  Ескерту: векторизациялауды жеңілдету үшін векторлық нысанға ұқсас растрлық нысанның түсінен қатты ерекшеленетін түс таңдау қажет. Мысалы, өзеннің векторлық сызығындағы қара көк түс жəне растрдағы өзеннің қара көк түсі түстері бойынша бірігіп кетеді. Қателеспеу үшін басқа түс таңдау қажет (мысалы, қызыл, сары, күлгін). Сонан соң нысанның стилі мен түсін карта безендіру ережесіне сай өзгерту қажет.

3.4. Нысанды кішірейту жəне үлкейту Нысанды кішірейту мен үлкейту үшін масы қолданылады.

пиктограм-

пиктограммасы терезенің дəл көлемін (Zoom), карта масштабын (Map Scale) жəне терезе орталығын (Center of Window) жөндеуге болатын терезені (3.5-сурет) шақырады.

3.5-сурет 20 

 

3.5. Түйіндерге бөлу, түйіндер енгізу Түйіндерге бөлу үшін нысанды белгілеп басыңыз. Түйін енгізу үшін керекті жеріне түйін қойыңыз ( жанады).

пиктограммасын

пиктограммасын басыңыз жəне басқаннан кейін

белгісі

 Ескерту: Shift немесе Ctr пернесін пайдалана отырып, өзіңізге керекті аралықта түйіндер тобын белгілеуге болады. Ол үшін түйін аралығындағы біріншісі жəне Shift баса отырып соңғысы белгіленеді.

3.6.

Нысандарды жылжыту жəне жою.

құралы көмегімен нысанды белгілейміз, бағыттауыш крест формасына енгенше тышқанның сол пернесін басып ұстап отырамыз, ұстап отырған күйі ары-бері тартамыз. Экрандағы нысандар

құралы көмегімен жылжиды.

құралы көмегімен белгілеп, Delete Нысанды жою. Оны басу арқылы жоямыз. Түйіндерді өшіру үшін нысанды түйінге бөліңіз,

көмегімен белгілеп, Delete басу арқылы өшіріңіз. 3.7. Нысандармен орындалатын операциялар

Нысанның сыртқы жəне ішкі бөліктері келесі жолмен өшіріледі (3.6 сурет): 1. Өзгертетін нысанды белгілеңіз 2. Нысандар / Өзгертетін нысанды таңдау (Object/ Set Target) операциясын орындаңыз. 3. Өзгерген нысанның бөлігін өшіретін нысанды белгілеңіз. 4. Нысандар /Жою (Сыртқы бөлігін жою) (Object/ Set Target/ Erase (Erase Outside)) операциясын орындаңыз.

21 

 

Нысанды қию келесі жолмен іске асырылады: 1. Қиятын нысанды белгілеу. 2. Нысандар / Өзгеретін нысанды таңдау операциясын орындаңыз. 3. Өзгеретін нысандағы қиятын нысанды белгілеңіз. 4. Нысандар / Қию (Object/ Set Target/ Split) операциясын орындаңыз. Нысандарды араластыру келесі жолмен іске асады: 1. Араласатын нысанды белгілеңіз 2. Нысандар / Араластыру(Object/ Set Target/ Combine) операциясын орындаңыз (бір типті нысандар ғана араласады: полигон полигонмен, сызық сызықпен). 3.6-сурет

3.8. Сызық ұзындығын, полигон ауданы мен периметрін, символ координатын өлшеу. Ол үшін нысанды екі рет шертіңіз. Осы параметрлер көрсетілген терезе пайда болады (3.7-сурет).

3.7-сурет 22 

 

3.9. Карта режимі. Векторлық картаның проекциясын өзгерту үшін растрды көрінбейтін етіп алып тастаңыз жəне Карта/ Режимдер (Map/ Options) басыңыз. Карта режимінің терезесі пайда болады (3.8сурет) жəне қажетті функцияларды орындаңыз.

3.8-сурет

№2 зертханалық жұмыс. Карта векторизациясы Жұмыстың мақсаты: Қазақстанның бір аймағының картасын векторизациялау. Автотранссировка мен снэппинг мүмкіндіктерін зерттеу. Векторизация бойынша үйренген дағдыларын тəжірибеде бекіту. 23 

 

1-тапсырма. Мəліметтер базасы құрылымының талаптарына сай векторлық картаға жаңа қабат құрып, аймақтың əкімшілік аудандарының шекараларын салу. 2-тапсырма. Мəліметтер базасының құрылымына сай 3 қабат құрып, оған келесілерді салыңыз: əкімшілік орталықтар; жолдар; əкімшілік орталықтардың атауы. 3-тапсырма. Полигон, сызық, символ жəне текст ауыстыру ерекшеліктерін қарастыру. Бақылау сұрақтары: 1. Полигон мен полисызық векторизациясының ерекшеліктері, векторлық картаның дəлдігіне қойылатын талаптар. 2. Автотрассировка жəне снэппинг. 3. «Жетпей түсу», «асып түсу» жəне «аспалы түйіндер» дегеніміз не?

 

 

4. АТРИБУТИВТІК МӘЛІМЕТТЕР БАЗАСЫН ҚҰРУ

4.1. Нысанға ақпарат енгізу Нысан жайлы ақпарат тізімге (кестеге) жазылады. Егер кесте жаңа қабат құрылғанда қалыптаспаса, онда кесте құрылымын қайта құру келесі жолмен іске асады: Кесте/ Өзгерту/ Қайта құру/ (ары қарай Жаңа кесте құруды қараңыз). Ақпарат құралы көмегімен ашылады. Курсорды нысанға əкеліңіз, тышқанның сол батырмасын басыңыз, пайда болған терезеге нысан жайлы сəйкес ақпаратты енгізіңіз (4.1-сурет).

4.1-сурет

Тізімді Ашу (атрибутивтік МБ) арқылы: Терезе/ Жаңа Тізім пиктограммасын басыңыз. (Window/ New Browser) немесе Пайда болған терезеден (Browse Table) керекті кестені таңдап ОК басыңыз. Тізім терезесінде нысан атрибуттарын енгізу көмегіне қарағанда оңай, бірақ нысандарды шатастырып алмау үшін 25 

 

нысандарға индекс немесе атау беруді ұмытпаңыз. Картада немесе тізімде нысанды белгілеу барысында нысанға сəйкес келетін қара квадрат немесе нысан пайда болады (4.2-сурет).

4.2-сурет

4.2. Сұраулар Сұрау белгілі бір қабатты барлық нысандарды таңдауға мүмкіндік береді. Ол үшін Сұрау/Таңдау (Query/ Select) орындаңыз. Пайда болған терезеде (4.3-сурет) шыққан менюде (Select Records from Table) керекті қабатты таңдап ОК басыңыз. Таңдалған қабаттағы барлық нысандар белгіленеді.

4.3-сурет 26 

 

 Ескерту: егер сіз Browse Results опциясында белгі қалдырсаңыз, онда «Тізім» терезесі (Browser) пайда болады да картаны жауып тастайды. Қажет болған жағдайда сізге оны жабуға немесе қайырып қоюға болады.

№3 зертханалық жұмыс. Векторлық қабатты мəліметтер базасын құру Жұмыстың мақсаты: векторлық картаның қабатына (кестеге) мəліметтер базасын құрып үйрену. 1-тапсырма. Əкімшілік аудандар шекараларымен қабат кестесінің құрылымын қайта құру, оған 10-12 колонка (өріс) салу. Бірінші колонка аудан атауымен, қалғандары халықтың ұлттық немесе жыныстық-жастық құрамымен аталады. 2-тапсырма. кестені жинақтау, қайта атау жəне өшіру. 3-тапсырма. жұмысты кесте колонкасымен жəне кесте қатары мен картаның графикалық нысандары арасындаға байланысты қарастыру. «i» пиктограммасымен жұмысты зерттеу. Бақылау сұрақтары: 1. Реляциондық мəліметтер базасы. 2. Өрістер, өріс типтері. 3. Кестені өшіру. 4. Кестедегі колонкалар орналасуын өзгерту.

 

 

5. СҰРАУЛАР, SQL-СҰРАУЛАР

5.1. Сұраулар Сұраулар көмегімен графикалық нысандарға тікелей шығуға болады немесе атрибутивтік мəліметтер базасына, олардың көмегімен белгілі бір көрсеткіштер бойынша таңдау жасауға болады, кестеде мəліметтерді пайдалана отырып, есептеулер жүргізу (нысанның центроиды координаты, шеткі нүктелер координаты, ұзындығы, ауданы). Сұрау терезесі шақырылады: Сұрау/Таңдау (Query/Select) (5.1-сурет)

5.1-сурет

Пайда болған терезеде Таңдау/(Select) Select Records from Table қатарынан таңдалған кестені көрсетіңіз: (бұл жағдайда KAZ_adm1), таңдау шарты that Satisfy қатарында: (бұл жағдайда krs жəне loshadi колонкасында немесе 500 тең атрибуттар жиынтығы бойынша нысандар құрастырылған), Store Results in 28 

 

Table қатарында нəтижелі кестенің атауы енгізіледі (бұл жағдайда Selection); Sort Results by Column қатарында нысандардың орнын өсу ретіне қарай реттеу (бұл жағдайда ID_1); таңдаған нəтижелер кесте түрінде көрінсін десеңіз Browse Results опциясын орнатыңыз, егер картада болса алып тастаңыз. Сұрау құрылымын /Save Template/ батырмасын басу арқылы сақтауға болады, ал бұрын сақталғанды /Load Template/ батырмасын басу арқылы шығаруға болады. 5.2. SQL – сұраулар SQL – берілген шартқа сəйкес мəліметтер базасында таңдау жүргізуге, мəліметтер базасы колонкасында есептеулер жүргізуге мүмкіндік беретін сұрау тілі. Аталған оқулық SQL тілін толықтай қарастырмайды, себебі бұл ұзақ процесс. Тек қана оның құрылымы жəне таңдау мен есептеудің қарапайым мысалдары қарастырылады. SQL процедурасы – Сұрау/ SQL сұрау… (Query/ SQL Select…) опциясын шертуден басталады (5.2-сурет ).

5.2-сурет 29 

 

From Tables қатарында: есептеулер жүргізілетін кесте таңда.лады (KAZ_adm1), Select Columns терезесінде: қалқымалы қатарларды қолдану арқылы формула құрастырылады (Columns – берілген кестеден колонка таңдалады, Operators – операторлар таңдалады (+, -, /, *, , немесе = бойынша белгілеу. 3-тапсырма. Сұрау шаблондарын сақтау жəне шақыру мүмкіндіктерін қарастыру. Бақылау сұрақтары: 1. Реляциондық мəліметтер базасы. 2. SQL сұрау тілі. 3. SQL тілі операторын тағайындау. 4. SQL тілі функциясын тағайындау.

 

 

6. ТАҚЫРЫПТЫҚ КАРТА ЖАСАУ

Нысанды векторлағаннан кейін (яғни графикалық МБ) жəне нысан жайлы атрибутивтік ақпаратты Тізімге енгізгеннен кейін (тақырыптық МБ) сіз Mapinfo талдау модулі көмегімен тақырып.тық карталар жасауға кірісе аласыз. Mapinfo-да тақырыптық карта құрастыру алгоритмі көп жағынан Excel электронды кестесінде графика құрастырумен ұқсас, яғни кезең кезеңімен орындалады. 6.1. Карта жасау Карта жасауды басқару үшін Карта/Тақырыптық Карта Жасау (Map/Create Thematic Map…) басыңыз. Тақырыптық Карта Жасау – 3 Қадам (Create Thematic Map - Step 1 of 3) терезесі пайда болады (6.1 сурет).

6.1. сурет 32 

 

Терезеде картаның Типін (Type) жəне Түрін (Template) таңдаңыз. Келесі > (Next>) басыңыз. Тақырыптық Карта Жасау – 3 қадамның 2-қадамы (Create Thematic Map - Step 2 of 3) (6.2сурет) терезесі пайда болады, онда Кесте (Table) жəне Өріс (Field) таңдалады да карта жасалады. Бағаналы жəне шеңберлік диаграмма жасау кезінде Field from TABLE тізіміндегі /Енгізіңіз>>/ (Add>>) өрісі арқылы жұмыс жасайсыз: өрісті белгілеп, терезедегі /Енгізу>>/ (Add>>) батырмасын басасыз. Қателікпен енгізген өрісті Field for Pie/Bar Chat тізімінен алып тастауға болады: өрісті белгілеп, /